Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты жоғары білімді дін мамандарын даярлайтын Алматы қаласындағы «Нұр» Қазақ-Египет университетіне бөлек, орта білімді дін мамандарын даярлайтын 9 медресе және имамдардың білімін жетілдіру ислам институты бар.

Сонымен қатар 2 қарилар орталығы да жұмыс жасауда. Шәкірттер қасиетті Құран Кәрімді толық жаттап, оқу соңына дейін «Ижаза», яғни Құранды жаттағаны жайында анықтама алып шығады. «Нұр» Қазақ-Египет университетіне мемлекет тарапынан 150 грант бөлінген. Осы жылы университеттің 1 курсына жалпы 210 шәкірт қабылданыпты. Олардың 162-сі ер, 48-і қыз бала. Ал өткен жылы университетті 48 түлек бітіріп шықты. Жалпы алғанда 2001 жылдан бері аталған оқу орнын 357 түлек тәмамдады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 9 медресеге 2013-2014 жаңа оқу жылына І курсқа 398 шәкірт қабылдаған. Оның 303-і ер, 95-сі қыз бала. Ал жазғы сауат ашу курстары мен лагерьлерде республика аумағынан 9880 шәкірт білім алған. Еліміздегі уағыз-насихат жұмыстарын оңтайландыру мақсатында арнайы стратегиялық даму бағдарламасы әзірленіп, сол бойынша ауқымды шаралар атқарылуда дейді ҚМБД мамандары. Діни басқарманың алға қойған бағыттарының бірі жаһандық сипат алып отырған жат ағымдар мен деструктивті топтардың алдын алып, халықты соңынан жетелей алатын заманауи дін қызметкерінің тұлғасын қалыптастыру. Осы тұрғыда арнайы жұмыс жоспары түзіліп, құрамында білікті дін ғалымдары, психолог, заңгер, әлеуметтанушы, дінтанушы мамандары бар ҚМДБ-ның біліктілік арттыру тобы, өңірлердегі имам-молдалардың уағыз айту біліктілігін көтеріп, білімін жетілдіруге бағытталған 7-10 күндік, 1айлық семинарлар ұйымдастырылған.

Published in Жаңалықтар

Қазақстан және Египет Араб Республикасы Қамқорлар Кеңесінің шешімімен Алматыдағы «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам Мәдениеті университетіне жаңа ректор тағайындалды. Әйгілі Әл-Азһар университетінде лауазымды қызмет атқарған доктор, профессор Жуда Әбулғани Басюни жаңа жұмысына кіріскен күні Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қабылдауында болды. Дін қайраткерлері діни оқу-ағарту саласын жетілдіру туралы әңгіме өрбітті. Қабылдаудағы шағын сұхбатты жариялап отырмыз.

Бас мүфти: Қазақстанға қош келдіңіз. Жаңа жұмысыңызға береке тілеймін. Елімізде 2 мыңнан астам мешіт бар. 9 медресемізде болашақ имамдар діни  ілім алуда. Халқымыздың дархан мінез, қонақжай пейілінің, татулығымыздың арқасында еңселі ел болып қалыптастық. Тәуелсіздік алған жылдары дінімізбен қайта қауыштық. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен өзіңіз ректорлық қызмет атқаратын «Нұр Мүбәрак» университетін аштық. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдында тұрған негізгі міндет – халықтың бірлігін нығайту, имандылығын арттыру, діни кадрлардың сапасын көтеру.

Ректор: Әл-Азһар шейхы атынан, кезінде өзіңіз ілім алған еңселі оқу ордасы докторлары атынан сәлем жолдаймын. Болашақта «Нұр Мүбәрак» университетінің дипломын Әл-Азһардың деңгейіне жеткізуді жоспарлап отырмын.

Бас мүфти: «Нұр Мүбәрак» университетін Орталық Азияда жетекші діни оқу орнына айналдыру қажет. Болашақ имам-молдалардың білімі мен тәжірибесі молайса, онда елімізде діни ахуал жақсарған үстіне жақсара береді. Біз үшін әрбір діни маманның орны өте үлкен. Сондықтан, шәкірттерді тек діни іліммен ғана сусындатып қоймай, заманауи біліммен де жан-жақты жетілдіруіміз керек. Оларды Отансүйгіштікке, көпшіл болуға, бейбіт өмірді уағыздаушы тұлға етіп даярлауымыз тиіс. Қазір заман талабы бізге, баршамызға көптеген игі істерді жедел атқаруды жүктеп отыр.

Көрші елдердегі қандастарымыз Қазақстанда діни білім алуға өтініш білдіріп жатыр. Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан елдерінен келетін шәкірттер де бар.

Ректор: Білім саласындағы бар тәжірибемді, қабілетімді тиімді пайдалануға сенім білдіремін. Өзіңіз жақсы білесіз, Әл-Азһарда шариғат, дін негіздері, насихат факультеттері терең оқытылады. «Нұр Мүбәрак» университетін де осы деңгейге жеткізуге тырысамын. Өйткені, Мысыр елінен келетін 11 ұстазбен жеке пікірлесіп, оларды ұзақ уақыт таңдадым. Бәрі білікті, діни білім саласының майталмандары. Бәрі доктор, профессор ғылыми атағын иеленген.

Бас мүфти: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбу Ханифа мәзһабын ұстанады. Еліміздегі мұсылмандар да дәстүрімізбен сабақтасып кеткен осы жол – ханафи мәзһабымен құлшылық етеді. Бір мәзһабты ұстану – ауызбіршілігіміздің кепілі.

Ректор: Жаңа сөзімде айтқан Қазақстанға келетін 11 доктор мен профессор ҚМДБ ұстанымына сай, Әбу Ханифа мәзһабы бойынша дәріс жүргізеді. Құран тәпсірі, хадис түсіндірмесі, фиқһ пәндері ханафи бағытында беріледі. Өйткені, олар да осы мәзһабты ұстанатын ұстаздар. Сондықтан, бұл мәселеде түсінбеушілік болмайды деген сенімдемін. Өзіңіз айтқандай, бір мәзһабты ұстануда береке мен бірлік бар.

Бас мүфти: Алла Тағала әлемдегі мұсылмандардың ауызбіршілігін арттырғай! Тәуелсіздігіміз бен татулығымыз әрқашан баянды болсын! Әмин!

Жазып алған

Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ,

ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі

img05092014 01

img05092014 02

img05092014 03

Published in Жаңалықтар

Ислам дінінде адамның ешкімге қолмен ұрып соғу арқылы, не тілмен балағаттап жаман сөз айту арқылы зиян тигізуіне болмайды. Мүмін – ол өз сөзінде тұратын адам, одан ешкімге зиян тимейді және өзгелер оның жанында тек тыныштық пен қауіпсіздік сезінеді.

Өзге иман келтіргендерге зиян тигізудің күнә екені жайында көп әңгіме айтылған болар,  сондықтан біз Алланың сүйіктілеріне зиян келтірудің күнәсі жайында сөз қозғамақпыз. Өкінішке орай көптеген мұсылмандар Аллаға жақын болғандарға жала жабуда.

Алланың сүйіктілері – Аллаға жақын болып, Оны танып, өзгелерден қарағанда  Алланы жиі зікір етіп, барлық істерінде Оған ғана тәуекел еткен адамдар. Алла Тағала Өзінің сүйіктілері жайында былай деген:

أَلا إِنَّ أَوْلِيَاء اللَّهِ لاَ خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلاَ هُمْ يَحْزَنُونَ

Мағынасы: «Расында Алланың достарына қауіп-қатер жоқ, әрі олар қайғырмайды» (Жүніс 62 аят). Сондай-ақ Алла Тағала Құран Кәрімде:

وَاصْبِرْ نَفْسَكَ مَعَ الَّذِينَ يَدْعُونَ رَبَّهُم بِالْغَدَاةِ وَالْعَشِيِّ يُرِيدُونَ وَجْهَهُ

Мағынасы: «Таңертең, кешке Раббыларына, Оның дидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет»(әл-Кәхф, 28 аят). Бұл аят асхабу-суффа деген кедей сахабалар жайында түскен, олар үнемі мешітте болып, ғибадатпен айналысқан адамдар.

Имам Ғазалидің «Ихъя»  кітабында, Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)  мына сөздері жазылған:

أولياء أمتي أنبياء من دونهم

Мағынасы: «Алла Тағаланың менің үмметімдегі сүйіктілері, басқа үметтердегі пайғамбарлар (әлейһим сәләм) іспетті». Әрине бұл тура мағынада болмаса да, Алла Тағаланың сүйіктілерінің дәрежесін көрсетеді.

Алланың сүйіктілеріне зиян келтірудің  күнәсі

Әбу Хурәйра (оған Алла разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Алла Тағаланың мына сөздерін айтқан:

من آذى لي وليا فقد آذنته بالحرب

Мағынасы: «Менің сүйіктіме зиян келтіру арқылы Маған зиян келтіргенге, Мен  соғыс жариялаймын» (имам әл-Бухари).

Бұл хадистің екі негізгі кезеңі бар:

1) Алла Өз сүйіктілеріне жасалған зиянды Өзіне жасалған зиян деп айтады, әрине Аллаға ешкім зиян тигізе алмайды, Ол барлық кемшіліктен пәк. Алайда, Алла осындай теңеу арқылы Өзінің сүйіктілерінің дәрежесін өсіріп, Өзінің оларға деген махаббатын көрсетті.

2) Алла тағала Оның сүйіктілеріне зиян келтіргендерге жеке Өзі соғыс жариялады, әр мұсылман адам тәубе етпеген жағдайда, Алла Тағаланың қаһары мен жазасынан ешкім құтыла алмайды.

Бұл Оның сүйіктілеріне қандай да бір зиян тигізуге болмайтындығының дәлелі. Сахих хадиске құлақ аспаған адам, үлкен қайғы мен шығынға душар болмақ.

Алланың сүйіктілеріне өшпенділік

Біз Алланың сүйіктілеріне бір ғана зиян тигізгендерді не күтіп тұрғаны жайлы сөз қозғап  хадис келтірдік. Ал оларға әрдайым өшігіп, үнемі зиян тигізіп, жала жауып, оларға қарсы жаман пиғылда болатындармен не болмақ?!

Анас ибн Мәлік (оған Алла разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Алла Тағаланың мына сөздерін айтқан:

من عادى لي وليا فقد بارزني بالحرب

Мағынасы: «Менің сүйіктіме зиян келтіру арқылы Маған зиян келтіргенге, Мен соғыс жариялаймын» (имам әл-Бухари).  Бұл хадисте де барлығы өте  түсінікті жазылған. Осыдан кейін тақуаларға өшігіп, зиян тигізуге бола ма екен? Сонда Алла Тағаланың жазасынан және Оның қаһарынан ешкімде қорқыныш сезімінің болмағаны ма?

Бұл хадистің басқа нұсқасында былай делінген:

من أهان لي وليا فقد بارزني بالمحاربة

Мағынасы: «Менің сүйіктімді балағаттау арқылы Мені балағаттағанға, Мен соғыс жариялаймын» (имам әл-Бухари).

Бұл үш хадис ескерту ретінде айтылған, демек,  бір адам Алланың сүйіктісін балағаттаса, Алла ол адамға өштенеді,  егер оны жарақаттаса, Алланың ашуы артады, ал егер онымен соғысса, Алланың сол адамға қаһары шексіз болады.

Кейбір мұсылман топтары өздерінің сауатсыздықтары себебінен тақуаларға жала жауып, олардың абыройын төккісі келеді, олар бұл адасқан жолды тастап тәубеге келу керек. Адам бұл өмірде тірі кезінде тәубе етуге мүмкіндігі бар, ал өлім келе қалса, артқа шегінер жолы болмай, істеген істеріне жауап беруіне тура келеді.

Ибн Хаджар әл-Хайтами (Алла оны рахым етсін) былай деп жазады: «Бұл  ауыр күнә болып табылады, өйткені Алла ауыр деп танылмаған  күнәға соғыс жарияламас еді. Алла күнәнің екі түріне: ысырапшылық пен Алланың сүйіктілеріне өшпенділік үшін соғыс жариялады» (аз-Зәуәджир, 1 том, 161б.).

Алла Тағала баршамызды Алланың сүйіктілерімен өштескен мұсылман топтарына қосылудан сақтасын!

Шамиль Зурпуканов

____________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

Ислам.ру

Published in Ғибратнама

Published in Ақида
Четверг, 04 Сентябрь 2014 12:20

Бағыңыз байланбасын

Published in Ақида
Четверг, 04 Сентябрь 2014 00:00

islam.kz

Четверг, 04 Сентябрь 2014 00:00

Бағыңыз байланбасын

Published in Видео
Среда, 03 Сентябрь 2014 00:00

Арқалық мешітінің қайырымдылығы

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті «Мекетпке жол» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Қалалық білім бөлімінен арнайы тізім алып, мектеп жасындағы көмекке зәру 27 балаға қайырымдылық жасалды. Атап айтар болсақ №6 мектепте оқитын 10 балаға және №12 жатақханада тұратын мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған 17 бүлдіршінге 15000 (он бес) мың теңге көлемінде мектепке қажетті оқу құралдарын алып берді. Мұндай ізгі шара аясында мешіт найб имамы А.Б.Нұғыманов қайырымдылық жайында насихат айтып, аталмыш сауапты істің өз жалғасын таба беретіндігін әңгімеледі. Жиынға жиналған мұғалімдер мен ата-аналар қалалық мешіт ұжымының қайырымдылығына дән риза болып, шынайы алғыстарын жеткізді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша

Баспасөз қызметі

img03092014 01

img03092014 02

img03092014 03

img03092014 04

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником