Тағылымды толғаныс
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Киелі мекеніміз, қасиет қонған жеріміз Ұлытаудағы Елбасының ұлт туралы, дін, тіл жайлы ұлағатты сұхбатынан дін өкілдері де, имам-молдалар да мол тағылым алды. Жанға – жігер, көңілге – демеу сыйлаған салиқалы әңгімеде елдегі және әлемдегі діни ахуал туралы парасатты пікір айтылды. Президентіміздің Ұлытау төріндегі толғанысы жамағатты ізгілікке, бірлікке, игілікке үндеді.
Елбасы айтқандай, талай нәубетті кезеңдерді бастан кешкен халқымыз бір кездері дінінен де, тілінен де айырыла жаздаған еді. Алайда, ұлтымыздың жүрек түбінде жысырылып келген Құдайға құл, адамға ұл болу адамгершілік ұстанымы Тәуелсіздік алған жылдары қайта жалғасты. Дін мен дәстүріміздегі мәңгілік өшпес асыл құндылықтарымызбен қайта қауыштық. Ешкімге жалтақтамай, Жаратушыға емін-еркін құлшылығымызды жасап, діни рәсімдерді атқарып келеміз. Еліміздің тарихында бұрын-соңды болмаған еңселі мешіттер елордамыздан, облыс орталықтарынан салынды. Мұнарасы биік, сәулеті жарасымды зәулім мешіттерде білімді, білікті имамдар ел игілігі үшін қызмет етуде. Шетелдік діни оқу орындарынан кем түспейтін өзімізде имамдарды дайындайтын университет аштық. Медреселеріміз шәкірт тәрбиелеуде. Мешіттердің есігі жамағат үшін айқара ашық. Кейбір көрші елдердегідей «мешітке барма» деп тыйым салып жатқан ешкім жоқ. Осындай үлкен нығметке, жетістікке жетуіміз Алланың қалауымен, Елбасының берекелі бастамасының арқасы. Бұл – тәуелсіздігіміздің жемісі, бірлігіміздің нәтижесі.
Көнекөз қарияларымыз, ақ жаулықты аналарымыз куә ғой, кезінде емін-еркін намаз оқи алмаған жағдайлар да болды. Дінге қысым жасалып, жасырын құлшылық еткендер жазаланып отырды. Ал қазіргі жағдайымызға шексіз шүкіршілік айтуымыз мұсылмандығымыз емес пе? Қазыналы қарияларымыз: «Бұдан да жаман күнімізде тойға барғанбыз», – деп ұрпақты Құдайға шүкір етуге, қанағатшылдыққа тәрбиелеп отыратын.
Президентіміз сұхбаттағы бір сөзінде: «Қандай мінбеден қазақша сөйлесең де, ешкім «тәйт, былай тұр» деп айтпайды», – деді. Сол секілді, бүгінде қай мешітке барып, құлшылық етем десек те, ешкім бізге «мешітке кірме» деген емес. Осындай уақыттың, бейбіт заманның қадіріне жете білуіміз керек. Мұндайда қазақ: «Бағаламасаң бақ кетеді» демей ме?
«Адам әр нәрсені өз ниетінен табады»
Исламды тек құлшылықпен, мешітпен, Құранмен байланыстыру – бұрыс түсінік. Дініміздің жанашыры Нұрсұлтан Әбішұлы Құранның қасиетті ғақлияларын орындау үшін кемтарларға көмектесу, бір-бірімізге жанымыз ашу, бауырмал болу, үлкенді сыйлау, баланы тәрбиелеп өсіру, Отанды, елді қорғау, бірлікке шақыру арқылы дінді өркендету жөн екенін айтты. Осындай игі амалдар адамдарды ортақ мақсатқа біріктіреді.
Ислам – қайырымдылық діні. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жыл басынан бері қайырымдылық іс-шараларға ұйытқы болып келеді. Мешіттерімізде тұрмысы төмен отбасыларына жан-жақты көмек көрсету, жетім балалар мен қарттарға көмектесу – имамдардың абыройлы міндеті.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір өсиетінде: «Адамдардың жақсысы – елге пайдасы тигендері», – деген. Жабыққанды жарылқау, қамыққанға қамқор болу, Аллаға ұнамды істердің бәрі – құлшылық. Мұсылманға кедергі келтірген жолдағы тасты алып тастау да – садақа. Көршімен тату тұру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – исламның асыл құндылықтары. Біз діннің осындай ұлы құндылықтарын қоғамды ізгілендіру, имандылыққа шақыру, кешірімді болу, бірлік пен ынтымаққа ұйыту, қанағатшыл болу, бүлікке жол бермеу сынды игі істерге пайдалануымыз керек. Елбасы сұхбатынан осыны аңғардық.
Нұрсұлтан Әбішұлы исламның негізгі қайнар көзі хадиске, яғни Алла елшісінің (с.ғ.с.) өсиетімен үндесетін, дініміздің қағидасымен қабысатын ұлағатты сөз айтты: «Бақытсызбын» деген адам бақытсыз болады. «Бақыттымын» деп жүрсе, бақытты болады». Ал хадис тәлімі мынадай:«Адам қандай ниет қылса, соған жетеді, пенде әр нәрсені өз ниетінен табады». Халқымыз: «Жақсы сөз – жарым ырыс», – деп босқа дөп баспаған.
Осы Отанда нәпақамызды тауып, бала-шағамызды асырап, тыныш тіршілік етіп отырған соң, мемлекеттің іргесі бекем болуына баршамыз жанашырлық танытуымыз – адамгершіліктен. Жақсы ниеттің өзі үлкен мәнге ие. Елбасы айтқандай, Отан дегеніміз – ол біздің бала-шағамыз, туған-туыстарымыз, өскен ортамыз, т.б. Мемлекетке пайдамыздың тигені – өз отбасымызға пайдамыздың тигені деп сезінгеніміз абзал.
Дін атын жамылу дұрыс емес
Елбасы бір діннің ішінде өзара ұғыспай, ағымдармен келіспей, соғысып, қоғамға қауіп төндіріп жатқан діни ағымдар жайлы толғанысын білдірді. Дін атын жамылып, қан төгіп, соғыспен, мемлекеттік дін жасаймыз, халифат құрамыз деп жүргендер туралы да сөз етті.
Жастар арасында «менікі ғана дұрыс, менің жолым адастырмайды» деген пікірге байланып қалғандар бар. Асыл дініміз ислам өзге дін өкілдерінің ұстанымына құрметпен қарауға шақырады. Тарихта ислам осылайша басқа діндегі адамдардың үлкен құрметіне ие болғанын білеміз.
Елбасы сұхбатында тек біздің дініміз ғана дұрыс екен деп жүрген басқа елдердің жағдайы мүшкіл болғанын баяндады. Кейбір елдердегі бей-берекетсіздік жағдай бізге сабақ болуы тиіс. Тыныштық орнаған қоғамда ғана даму, өркендеу көрініс табады.
Елбасының ұстанған салиқалы саясаты да ұлттар мен ұлыстарды, дін өкілдерінің басын біріктіруге бағытталған. Бірлігіне бекем болған елдің мерейі әрқашан үстем болмақ.
Алла тағала бүгінгідей берекелі де бейбіт заманымызды мәңгілік етсін. Мәңгілік елге мәңгілік татулық тұрақтасын деп тілеймін!
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти.
Сұрақ: Намаз кезінде тәкбиратуль-ихрамды (намазды бастайтын тәкбірді) қалай орындаған дұрыс (ер мен әйелдер үшін)? Кейбір тура жолдан адасқан топ өкілдері, ер мен әйелдің намазында еш айырмашылық жоқ деген пікірде. Ер адамның намазының әйел адамның намазынан қандай айырмашылығы бар?
Жауап: Ассәләму ғәләйкүм уа рахматуЛлаһи уа баракатуһу!
Ер кісілер намазды бастап тәкбір айтқан кезде, қолдарын құлақтарының тұсына әкеліп, бас бармақ құлақтың жұмсағына тиіп, алақандар қыбылаға қаратылу керек, ал саусақтар кәдімгі қалпымен (бір-біріне қатты жабыспай, не қатты ажыратылмай) болу керек. Осылай хәнәфи мәзһабының фиқхы («әл-Маусуъа әл-Фиқхия» 20 том, 85 бет) еңбегінде жазылған.
فذهب الحنفية إلى أنه يرفع يديه حذاء أذنيه حتى يحاذي بإبهاميه شحمتي أذنيه، وبرءوس الأصابع فروع أذنيه، ويستقبل ببطون كفيه القبلة، وينشر أصابعه ويرفعهما، فإذا استقرتا في موضع محاذاة الإبهامين شحمتي الأذنين يكبر؛ فالرفع يكون قبل التكبير... ولو رفع المصلي يديه فإنه لا يضم أصابعه كل الضم، ولا يفرج كل التفريج بل يتركها على ما كانت عليه بين الضم والتفريج
Әйелдерге келетін болсақ, намазды бастап тәкбір айтқан кезде қолдарын ерлер сияқты құлақтарына емес, иықтарының тұсына алып келу керек. Бұл төрт мәзһаб өкілдерінің бірауыздан айтқан пікірі («әл-Маусуъа әл-Фиқхия» 20 том, 85 бет) болып табылады.
أما المرأة فإنها ترفع يديها حذاء المنكبين
Ер мен әйелдің намазының бір-бірінен айырмашылығы жоқ деген пікір қате болып табылады, және бұндай көзқарас хадистерді жетік білмегеннен болып жатады.
Құран оқып, зікір етіп немесе дұға жасауда (сөзбен айтылатын әрекеттерде) ер мен әйелдің еш айырмашылығы жоқ. Алайда намаздың қимылдарына қатысты жағдайға келетін болсақ айырмашылықтар бар. Ақыл-ойға салатын болсақ, қоғамда өзін-өзі сыйлайтын әйел адамның жүрісі, тұрысы, қимыл-қозғалысы ерекшеленеді, бұл ер адамдарға да қатысты, сол сияқты намазда да бұлардың арасында ерекшеліктер болады.
Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары, ер кісі мен әйел адамның намаздары жайында айтып, әйел адамның намаздағы қимыл-қозғалысы ұстамды және жинақы болуы керек деген пікірде болған, бұл жайында Имам Байхақы былай деп жазады:
وجماع ما يفارق المرأة فيه الرجل من أحكام الصلاة راجع إلى الستر، وهو أنها مأمورة بكل ما كان أستر لها
«Намазда әйел адамның ер адамнан айырмашылығы «сәтр» (көзден таса жасырыну) қағидасына сәйкес болуы керек. Демек, әйел адам намаз қимылдарын орындаған кезде өзгелерге неғұрлым көрінбей, білдіртпей намаз оқуы керек» (Сунән әл-Кубра имам Байхақы).
Хәнафилық фиқх еңбектеріндегі намаздағы ер мен әйелдің кейбір айырмашылықтары төменде көрсетілген:
1. Намаздың барлық қимыл-қозғалыстарында, соның ішінде қыйәм, рукуғ, сәжде және тәшәхұдта отырғанда әйел адам ұстамды және жинақы болуы керек.
2.Намазды бастаған кезде әйел адам қолдарын құлақтарына дейін емес, тек иықтарының тұсына дейін алып келеді. Имам Ахмед ибн Ханбал да әйел адам қолдарын сәл ғана көтеру керек деген, ал кейбір деректер бойынша тіпті қолдарын көтермеу керек деп айтқан.
3. Қыйәмда тұрған кезде әйел адам қолдарын кеудесіне қоюы керек. Бұл іс-әрекетті бірнеше әдіспен орындауға болады – оң қолмен сол білезікті ұстап немесе оң қолды сол қолдың үстіне қою арқылы.
4. Ер кісілерден қарағанда, рукуғта әйел адам қолдарын сыртына емес, ішіне қарай қою керек. Сонымен қатар, қолдарын тізесіне қойған кезде, саусақтарының арасы ашылмай, жиналып тұру керек. Кейбір хәнафилық фиқх еңбектерінде, әйел адам тізесі мен арқасын сәл бүгу керек делінеді.
5. Сәждеде әйел адамның кеудесі санына және,шынтақтарденесіне тығыз орналасады (жерге тиіп тұрады), ер адамдар болса, сандарын ішіне тигізбей ұстайды, және шынтақтар денесінен біршама алшақ орналасып, жерге тимеуі керек.
6. Тәшәхұдта ерлер сол аяқтарын бүгіп, оң аяқтарының саусақтарының ұшына сүйенеді. Әйел адамдар болса, сол жанбасқа отырып, аяқтарын оң жаққа жинақтайды.
Алла тағала жақсырақ біледі

Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Хабар" арнасына берген эксклюзивті сұхбатында халықты ата-бабадан жалғасқан имандылыққа шақырып, жат топтар туындатып жүрген "халифат" мәселесінен Қазақстан азаматтарының бойын аулақ салуын тапсырды. "Біз тәуелсіздік жылдарында дінімізді қайтарып келе жатырмыз. Қазір қарап отырсаң, қазақтың еш уақытта дінінен айырылмағандығын көруге болады», - деген Елбасы "бүгінде біздің ғана дініміз жақсы деп жүрген басқа елдердің жағдайы мүшкіл болуда. Дін үшін бір мұсылман діні ішінде сүннит пен шиитке бөлініп, қан төгіп жатқан халықтар да бар. Бір діннің ішінде соғысып жатқан католиктер де жеткілікті. Сондықтан да дін мәселесінде барынша абай болуымыз керек. Дінге бас ұрып жүрген кезде біз діннің жаман жағына түсіп кетпеуіміз керек. Бізге зиян келтіретін дін ағымдары бар. Қан төгіп, соғыспен дін орнатып, мемлекеттік дін жасаймыз дегендер бар. Мұхаммед пайғамбардың сахабалары Омар, Осман, Әлидің кезіндегі халифатты қайта орнатамыз деген бұл жаулап алу мәселесі болатын», - деп нақтылады.
Діннің негізгі үндейтіні - имандылыққа баулу, Отанды қорғау, Құранның қасиеттерін орындау, және қайырымдылық мәселелері - кемтарларға көмектесу, бауырмалшыл болу, үлкенді сыйлау, елді бірлікке шақыру деген сияқты қасиеттер болса, осы қасиеттер мемлекеттің тұтастығы мен өркендеуіне арналса, онда діннің мемлекетке үлкен пайдасы, қамқорлығы болады. Елбасы осылайша діннің мемлекетті нығайтудағы пайдасына тоқталды. Өз сөзінде ол: "Міне, осындай өзіміздің мұсылман дінін, ислам дінін құрметтеуіміз керек", - деп түйді.
Иә, ислам қашан да адам баласын ізгілікке үндеген. Мұсылмандыққа берілген жан ешқашан да ешкімнің қанын төкпесе керек-ті. Ислам - барлық ғылымның қайнар көзі. Оны дұрыс меңгерген жан ғана тура жолдан айнымайды.
E-islam.kz
Қайырымдылық адам бойындағы ең асыл қасиет. Мұны облыстық «Марал ишан» мешітінің бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы «Зекет» қорының Қостанай облысындағы өкілі Жақсылық Ғайсин жете түсінеді және сол бағытта қыруар жұмыстар атқарып жатыр. Осы биылғы жылдың өзінде Наурыз мейрамы кезінде Қостанай қаласының қажылары мен аз қамтылған отбасы балаларының басын қосып үлкен кездесу өткізілсе, Ұлы Жеңіс күніне арнап, соғыс ардагерлері мен жетім балаларға «Думан» мейрамханасында дастархан жайылғаны көпшілікке белгілі.
Айта кететін бір жағдай, бұл кездесуде православие, католик шіркеулерінің өкілдерінің поптары шақырылып, концерттік бағдарлама мен қойылымдар көрсетілді және басқа дін өкілдеріне ескерткіш сыйлықтар табыс етілді. Бұл біздің Президентіміздің ұстанып отырған дінаралық татулықтың белгісі екенінің көрінісі.
Өткен айда жаңа мешіт ашылу салтанатына келген Бас мүфти Ержан қажы Маямеровтың «Дін және дәстүр» кітабының тұсау кесері балалар шығармашылық сарайында үлкен концертпен жалғасқанына біздің Қостанайлықтар куә. Бұл жиынды Республикамызға белгілі өнер қайраткері Ақжол Мейірбековтың жүргізгенінің өзі және жиынға Қазақстан Қажылар қауымдастығының өкілдері қатысып жамағатқа айтқан тілектері, оның үлкен деңгейде өткенінің дәлелі.
Марал ишан мешітімен облыстық «Зекет қорының» және Қостанай Қажылар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген Торғай, Қостанай өңіріне белгілі ақын-жорналшы Еренғайып Әбдіхалық атындағы жүлде мен мүшәйраның жоғары деңгейде өткені белгілі. Осы кешті ұйымдастырушылардың бірі, Республикаға танымал дін насихатшысы 65 рет Мекке, Мединеге қажылық сапарға мұсылмандарды бастап апарған Амангелді Еренғайыптың сонау Израил-Палестинадағы мұсылманның 3-інші қасиетті Әл-Ақса мешітінің директоры шейх Наджиһті Қостанайға әкелуі үлкен оқиға болды. Шейхтың, кездесулерде Қостанай облысының, бүкіл Қазақстанның халқына айтқан тілектері жүрек тебірентеді.
Сонымен қатар, мешіттер жамағаты, жылда, елімізде дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясына қолдау көрсетіп, өңірдегі көнкөрісі төмен отбасыларының ұл-қыздары мен көмекке мұқтаж жетім балаларға қайырымдылық танытып келеді.
Осының жарқын көрінісі ретінде жуырда облыстық Марал Ишан мешітінде аталған азаматтар қамқорлыққа алған 52 бала бас қосты. Олардың жанында ата-аналарымен бірге жанашыр кісілер де болды.
Облыстық мешіттің наиб имамы Бақытжан қажы Икрам арнайы шақырылған бүлдіршіндердің алдында тебірене сөз сөйледі. Олардың тәуелсіз еліміздің ертеңгі нағыз тіректері екендіктерін айтты. Көпшіліктің алдында барлық балаларға жаңа оқу жылына қажетті оқу-құрал жабдықтарын салтанатты түрде табыс етті.
Мына тіршілікте жанарлары қуанышқа толы балалардың бақытты сәтін көрудің өзі бір ғанибет екен. Наиб имам мен «Зекет» қорының өкілі бүлдіршіндердің жүзіндегі ерекше шаттықты көріп, өздері де қатты толқыды.
- «Біз мұндай қайырымдылықты жылда көрсетіп келеміз, биыл да мешіттің бас имамымен, облыстық «Зекет қоры» және Қажылар қауымдастығымен келісе отырып, қаладағы көмекке мұқтаж балдырғандарға қол ұшын беруге ұйғарым жасадық. Мұнымыздың өте орынды болғандығын балаларға сыйлықты тапсыру кезінде айқын сезіндік, - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қорының Қостанай облысындағы өкілі, абыз ақсақал Жақсылық қажы.
Осындай қайырымдылық шаралар аудан, қала мешіттерінде де өткізілді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
Баспасөз қызметі
Намаз – діннің тірегі, құлшылықтың ең абзалы,
Исламның негізгі бес парызының бірі. Намаз – өзін
мұсылман санайтын кісіні Жаратушысына мойын-
сұндырып, қанағат пен өзге де қайырлы қадамдарға бастай-
тын ғибраты мол ғибадат. Сондай-ақ, ол – жат әдеттер мен
арсыздықтан тыятын, азғындықтан сақтайтын құлшылық
һәм рухани азық. Қысқасы, намаз – жұмақтың кілті.
Сондықтан да, намазды дұрыс орындау – мұсылмандар
үшін ең маңызды міндет. Ардақты Пайғамбарымыз
(с.а.у): «Мен намазды қалай оқыған болсам, сендер де
солай оқыңдар!», – деп, бекер өсиет етпеген. Тағы бір
хадисінде Алла елшісі (с.ғ.с.) намазға былайша анықтама
берген: «Уа, үмбетім һәм сахабаларым!
Мәзһабпен жүрмейтіндер өзгелерді мәзһаб ұстаудан тайдыру үшін дәлел ретінде төрт имамның бірінің сөзі болып табылатын, олардың пікірлері сенімді хадиске қайшы келер болса, ол пікірден бас тарту керек деген сөзін пайдаланады.
Өкінішке орай, ешбір қарапайым мұсылман да, тіпті бүлік шығарушылардың өздері де имамдардың бұл сөзінің астарын әрі бұл сөздердің кімге қаратылып айтылғанын түсінбейді. Сонда кез келген адам Шариғат негіздерінен еш хабары болмастан, кез келген хадис жинағын ашып, кез келген хадиске амал етіп кете беруіне болады деген нәрсе шығады. Әрі ол хадистің күші жойылған ба, жоқ па, жалпы сипатқа ма, әлде жалқы сипатқа ие ме, осы мәселеде басқа да хадистер келген бе деп қарап, ізденбейді де. Олай болса ижтихад жасаушы имамдар мен қарапайым мұсылманның не айырмашылығы бар? Исламның әт- Тахауи, Ибн Сурейж, әл- Қудури, әс- Сархаси, әл- Жуәйни, әл- Ғазали, ән- Науауи және басқа да ғалымдар өздерін осы төрт мәзһабтың бірін ұстанушылардан санаған. Алайда оларда ұшан- теңіз ілім бар еді. Ал олардың еңбектерін бүкіл Ислам әлемі әлі күнге дейін оқып келеді. Оларда хадис жинақтары болмады дейсіздер ме? Әлде олардың ілімі біздің заманауи ғалымдарымыздан таяздау болғаны ма?
Бұған жауап ретінде имам Науауидің сөзін келтіруге болады: «Бұл сөздің мағынасы- әр хадисті тура мағынасында түсіну Шафиғи мәзһабында бар дегенді білдірмейді. Олай болатын болса, уақытша некеге Шафиғи мәзһабы рұқсат береді дейді, себебі бұл жайлы хадис Бұхарида келген. Уақытша неке жайлы хадис расымен де сенімді, алайда күшін жойған (мансух). Бұл мәселе, яғни сөздер «мәзһаб мужтахиды» (мәзһаб мужтахиды – қайнар көзге қарап, усулға негіздей отырып, яғни өзі ұстанатын мәзһабтың имамының шешім шығару тәсіліне сүйене отырып өз бетінше шешім шығара алатын ғалым) дәрежесіне жеткен адамға арналған. Бұл жердегі шарт- әлгі ғалым имам Шафиғи бұл хадисті білмеген я болмаса сенімділігі жайлы хабары болмаған деп есептеуі қажет. Ал оны нақтылау үшін шафиғилік кітаптардың барлығын дәлелімен меңгергеннен соң ғана білуге болады. Бұл өте қиын және оны анықтайтын дәрежеге ешкім жете қойған жоқ. Егер имам Шафиғи кейбір сенімді хадистерді қалдырған болса және оған амал етпеген болса, оған себеп болған нәрсенің бары белгілі. Мысалы, бір хадистің күші жойылған, я болмаса тур мағынасын алуға болмауы мүмкін. Ибн Саләх былай деген: «Шафиғи әрбір сенімді хадиске тікелей амал етпеу керектігін айтқан. Және де кез келген фақиһ өздігінше шешім шығара алатын дәрежеге жетпеген». («Әл-Маджмуу ли Имами ан-Нәуәуи», 1/104–105 қараңыз).
Осы сөздерден біздің түсінетініміз, Имам Науауи хадисті өз бетінше түсініп, амал етуі үшін ол адамға екі түрлі шарт қояды:
1. Ол мәзһаб мужтахиды болуы керек. Егер адам ижтихад жасай алатын дәрежеге жетпеген болса, шешім шығаруда хадистерге өз бетінше сүйенетін болады. Яғни оның шығарған кез келген шешімі қате деген сөз. Бұл күнә, себебі ол шамасы келмейтін істі атқарып отыр. Ал «мужтахид дұрыс айтса – екі, қателессе – бір сауап алады» деген хадистің оған қатысы жоқ.
2. Ол мәзһабтың имамы бұл хадисті білмегендігіне я болмаса оның сенімділігін білмегендігіне сенімді болуы тиіс. Ал оны тек сол мәзһабтың еңбектерін толықтай қарап шыққаннан соң ғана, әсіресе мәзһабтың дәлелдерін қарап шыққаннан соң ғана барып біле алады. Ал біздің күнімізде өзге мәзһаб тұрмақ, өзіміздің бастама еңбектерді меңгере алмай жатырмыз! Ондай болса, өзге мәзһаб еңбектері жайлы сөз қозғаудың қажеті шамалы.
Сонымен, мәзһабтарды жоққа шығару – сәләф- солихтардың жолын терістеу және де дінге надани жаңалық енгізу екендігін білдік. Сириялық заманауи ғалым Мұхаммад Саийд Рамазан әл- Бути былай деген: «Мәзһабсыздық – Шариғатқа қауіп төндіретін надандық». Алла Тағала бізді және жақындарымызды бүліктен сақтасын.
Абу Али аль-Ашари
___________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz
Дарульфикр.ру