Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы шәкірт тәрбиелеуге баса назар аударып отыр. Осыған орай Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт Темірбекұлының ұйытқы болуымен адамзатты екі дүние бақытына жетелейтін Құран Кәрімнен шәкірттер арасында жарыс ұйымдастырды.

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде сауат ашу курсының шәкірттері мен Рудный қалалық «Нұр» мешітінің шәкірттері өзара Құран Кәрімді жатқа оқу және мәнерлеп оқудан шәкірттер сайысқа түсті.

Бұл игі шараны өткізудегі мақсатымыз - шәкірттерді Құранды көбірек жаттауға дағдыландыру, Алланың қасиетті кітабына деген ынта-ықыласын арттыру. Өйткені, Құранды жаттап, оны көкейіне тоқып өскен ұрпақ жамандыққа бой алдырмайды.

Құран жарысына облыстық «Марал ишан» мешітінің ұстазы Нух Темиржи мен Таран аудандық «Айет» мешітінің Бас имамы Дайыр Дүйсен төрешілік жасады. Құран жарысында 30 парадан жүлделі І орынды Рудный қалалық «Нұр» мешітінің шәкірті Наурызбек Сабыров екінші орынды Арқалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің шәкірті Сыздық Баубек, үшінші орынды Арқалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің шәкірті Ербол Мұқанов иеленді.

Жақсы нәтиже көрсеткендер алғыс хаттарымен марапатталды.

Жүлделі орынға ие болғандарға бағалы сыйлықтар, кітаптар табыс етілді.

Бұл кездесуде екі қаланың шәкірттері тек сайысқа түсіп қана қойған жоқ. Өзара сұхбаттасып, бір-бірімен етене жақын араласып, бауырмалдық сезімдерін де нығайтты десек артық айтқандық болмас.

Жарыс арасында шәкірттерге тәлім-тәрбиелік мазмұнда әдептілік, көркем мінезділік уағыздары айтылды.

Сайыс аяқталған соң шәкірттер бойларын сергіту мақсатында қалалық «Олимп» және «Горняк» спорт залдарында, спорттық ойындарға қатысты. Сондай-ақ кенді қаламыздың карьеріне саяхат жасалды. Екі қаланың шәкірттері көп жайды көңілге түйді. Ал, ұстаздары болса, өзара тәжірибе алмасты.

Рудный мешіт ұжымының қонақжайлылығына дән риза болған Арқалық мешітінің шәкірттері өз алғыстарын білдірді.

Мұндай білім сайысын өткізу тек қана білім жарыстыру емес, екі жақтағы шәкірттер арасында ынтымақ-бірлікті нығайту, теріс ағымдардан барынша сақтану.

Кеншілер қаласындағы Құран жарысы

Кеншілер қаласындағы Құран жарысы

Кеншілер қаласындағы Құран жарысы

Кеншілер қаласындағы Құран жарысы

ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
1. Фатиха сүресі
 
2. Бақара сүресі
 
3. Әли Имран сүресі
 
4. Ниса сүресі
 
5. Мәида сүресі
 
6. Ән'ам сүресі
 
7. А'раф сүресі
 
8. Әнфал сүресі
 
9. Тәубә сүресі
 
10. Юнус сүресі
 
11. Һуд сүресі
 
12. Юсуф сүресі
 
13. Ра'д сүресі
 
14. Ибраһим сүресі
 
15. Хижр сүресі
 
16. Нахл сүресі
 
17. Исра сүресі
 
18. Кәһф сүресі
 
19. Мәриәм сүресі
 
20. Таһа сүресі
 
21. Әнбия сүресі
 
22. Хаж сүресі
 
23. Му'минун сүресі
 
24. Нур сүресі
 
25. Фурқан сүресі
 
26. Шу'ара сүресі
 
27. Нәмл сүресі
 
28. Қасас сүресі
 
29. 'Анкәбут сүресі
 
30. Рум сүресі
 
31. Луқман сүресі
 
32. Сәждә сүресі
 
33. Ахзаб сүресі
 
34. Сәбә' сүресі
 
35. Фатыр сүресі
 
36. Иасин сүресі
 
37. Саффат сүресі
 
38. Сад сүресі
 
39. Зумәр сүресі
 
40. Му'мин сүресі
 
41. Фуссиләт сүресі
 
42. Шура сүресі
 
43. Зухруф сүресі
 
44. Духан сүресі
 
45. Жәсия сүресі
 
46. Ахқаф сүресі
 
47. Мухаммәд сүресі
 
48. Фәтих сүресі
 
49. Хужурат сүресіі
 
50. Қаф сүресі
 
51. Зарият сүресі
 
52. Тур сүресі
 
53. Нәжм сүресі
 
54. Қамар сүресі
 
55. Рахман сүресі
 
56. Уақи'а сүресі
 
57. Хадид сүресі
 
58. Мужәдәлә сүресі
 
59. Хашр сүресі
 
60. Мумтәхинә сүресі
 
61. Сафф сүресі
 
62. Жум'а сүресі
 
63. Мунафиқун сүресі
 
64. Тәғабун сүресі
 
65. Таләқ сүресі
 
66. Тахрим сүресі
 
67. Мүлк сүресі
 
68. Қалам сүресі
 
69. Хаққа сүресі
 
70. Мә'ариж сүресі
 
71. Нух сүресі
 
72. Жин сүресі
 
73. Муззәммил сүресі
 
74. Муддәссир сүресі
 
75. Қиямә сүресі
 
76. Инсан сүресі
 
77. Мурсәләт сүресі
 
78. Нәбә' сүресі
 
79. Нази'ат сүресі
 
80. 'Абәсә сүресі
 
81. Тәкуир сүресі
 
82. Инфитар сүресі
 
83. Мутаффифин сүресі
 
84. Иншиқақ сүресі
 
85. Буруж сүресі
 
86. Тариқ сүресі
 
87. А'лә сүресі
 
88. Ғашия сүресі
 
89. Фәжр сүресі
 
90. Бәләд сүресі
 
91. Шәмс сүресі
 
92. Ләил сүресі
 
93. Духа сүресі
 
94. Инширах сүресі
 
95. Тин сүресі
 
96. 'Аләқ сүресі
 
97. Қадр сүресі
 
98. Бәйинә сүресі
 
99. Зилзал сүресі
 
100. 'Адият сүресі
 
101. Қари'а сүресі
 
102. Тәкәсур сүресі
 
103. 'Аср сүресі
 
104. Һумәзә сүресі
 
105. Фил сүресі
 
106. Қурәиш сүресі
 
107. Мә'ун сүресі
 
108. Кәусәр сүресі
 
109. Кафирун сүресі
 
110. Наср сүресі
 
111. Тәббәт сүресі
 
112. Ихлас сүресі
 
113. Фәләқ сүресі
 
114. Нас сүресі
 
Published in Аудио
Четверг, 22 Май 2014 00:00

Өзара жәрдем

خُطْبَةُ الْجُمُعَةِ

اَلْحَمْدُ للهِ اَلْحَمْدُ للهِ اَلْحَمْدُ للهِ الَّذِي هَدَانَا لِلْإِيمَانِ وَالْإِسْلاَمِ. وَجَعَلَنَا مِنْ أُمَّةِ مُحَمَّدٍ عَلَيْهِ الصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ. وَفَضَّلَ الْجُمُعَة عَلَى سَائِرِ الْأَيَّامِ. كَمَا جَاءَ فِى الْأَخْبَارِ أَنَّ الْجُمُعَةَ حَجُّ الْمَسَاكِينِ وَسَيِّدُ الْأَيَّامِ. نَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلَهَ إلاَّ اللهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ شَهَادَةً مُوصِلَةً إِلَى دَارِ السَّلاَمِ. وَنَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ سَيِّدُ الْأَنَامِ. صَلَّى اللهُ تَعَالَى عَلَيْهِ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ الْبَرَرَةِ الْكِرَامِ. خُصُوصًا مِنْهُمْ عَلَى أَبِي بَكْرٍ الصِّدِّيقِ وَعُمَرَ الْفَارُوقِ وَعُثْمَانَ ذِى النُّورَيْنِ وَعَلِىٍّ الْمُرْتَضَىۤ أَئِمَّة. رِضْوَانُ اللهِ تَعَالَى عَلَيْهِمْ أَجْمَعِينَ. أمَّا بَعْدُ. أَيُّهَا النَّاسُ أُوصِيكُمْ عِبَادَ اللهِ وَنَفْسِيَ أَوَّلاً بِتَقْوَى اللهِ

Сосын Құраннан аят немесе қысқа бір сүре оқиды:

أَعُوذُ بِاللهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ. بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ. وَالْعَصْرِ إِنَّ الْإِنْسَانَ لَفِي خُسْرٍ. إِلاَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ. وَتَوَاصَوْا بِالْحَقِّ وَتَوَاصَوْا بِالصَّبْرِ صَدَقَ اللهُ الْعَظِيمُ

بَارَكَ اللهُ لَنَا وَلَكُمْ فِى الْقُرْآنِ الْعَظِيمِ. وَنَفَعَنَا وَإِيَّاكُمْ بِالْآيَاتِ وَالذِّكْر الْحَكِيمِ. إِنَّهُ هُوَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ. اَلْجَوَادُ الْكَرِيمُ الْعَلِىُّ الْعَظِيمُ السَّمِيعُ الدُّعَاءِ.

Қысқа отырыстан кейін:

اَلْحَمْدُ للهِ نَحْمَدُهُ وَنَسْتَعِينُهُ وَنُؤْمِنُ بِهِ وَنَتَوَكَّلُ عَلَيْهِ. وَنَعُوذُ بِاللهِ مِنْ شُرُورِ أَنْفُسِنَا وَمِنْ سَيِّئَاتِ أَعْمَالِنَا مَنْ يَهْدِ اللهُ فَلاَ مُضِلَّ لَهُ. وَمَنْ يُضْلِلْ فَلاَ هَادِيَ لَهُ. نَشْهَدُ أَنْ لاَ إلَهَ إِلاَّ اللهُ وَنَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ صَلَّى اللهُ تَعَالَى عَلَيْهِ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ. وَارْحَمْنَا مَعَهُمْ وَاحْشُرْنَا مِنْهُمْ بِرَحْمَتِكَ يَا أَرْحَمَ الرَّاحِمِينَ

Вторник, 20 Май 2014 00:00

Ұрпақтар тағзым етеді

Міне, жуырда Қостанай облыстық Марал ишан мешіті мен Қазақстан қажылар қауымдастығының облыстық филиалының ұйымдастыруымен шаһардағы «Думан» мейрамханасында өткен ғибратты кеш дәл осылай аталады.

Басқосудың аты айтып тұрғандай, ол үстіміздегі жылғы Ұлы Жеңіс күніне арналды. Оған кешегі отты күндерді бастан кешкен соғыс ардагерлері,Қостанай қаласының қажылары, мешітке демеушілік жасап жүрген меценаттар, күнкөрісі төмен отбасы балалары, облыстық неврологиялық интернат үйінің тәрбиеленушілері, дін қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Бұл есте қаларлықтай кешті республикамызға есімі белгілі, көрнекті қоғам қайраткері, Қазақстан қажылар қауымдастығы облыстық филиалының төрағасы Жақсылық қажы Ғайсин шеберлікпен жүргізді.

Ұрпақтар тағзым етеді

Ұрпақтар тағзым етеді

Ұрпақтар тағзым етеді

Осынау басқосуда алғашқы болып Қостанай қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Михаил Подоляков сөз алып, ол бұл жиынның ерекше орын алатындығын, өзі секілді қанды майданды бастан кешкен аға буын өкілдеріне көрсетіліп жатқан құрмет үшін шын жүректен шыққан алғысын білдірді.

Сондай-ақ, сол сұм соғыста ерлік пен батылдықтың жарқын үлгісін көрсеткен облыстағы абыз ақсақалдарымыздың бірі-Хажи Маманов та ұлы Жеңістің жалпы онайлықпен келмегендігін, онда қаншама ұлт өкілдерінің ауыз бірлігі мен ынтымағы айтарлықтай ықпалын тигізгендіне тоқталды.

Аталмыш жүздесуде өзінің қарамағындағы неврологиялық интернат үйінің бір топ тәрбиеленушілерін алып келген мекеме басшысы, іскер жан Назима Асанова өз сөзінде осындай тағылымдық-тәрбиелік мәні жоғары кешті ұйымдастырған азаматтарға шынайы алғысын жеткізді.

Аймақта қаламгерлігімен де кеңінен таныс майдангер Қасымхан Алдабергеновтің шынайы пікірлері де көпшіліктің көңілінен шықты. Оның домбырамен орындаған ғибратты туындысы да терең ойда қалдырды.

Қостанай облысының құрметті азаматы, елімізге белгілі көрнекті тұлға, ұзақ жылдар бойы темір жол саласында басшылық қызмет атқарған Бертран Рубинштейн де жұршылық алдында Қазақстанның өзінің екінші Отанына айналғанына тоқтала келіп, Елбасына және барша жұртшылыққа мемлекетіміздің жарқын болашағы жолында игі табыстар тіледі.

Республикамызда Кәмшат қажы Дөненбаеваны кім білмейді? Қазақтың аяулы қызы да осы жарқын өмір үшін Ұлы Отан соғысында қаһармандық көрсеткен барша майдангерлерге алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбасында бақыт тіледі.

Сондай-ақ ардақты әже, беделді ана жер бетінде жетім бала болмасын деген жүрек жарды сөзі де жиналған қауымға ерекше әсер етті. Осындай кештердің үлкенді-кішілі қауымға қай жағынан болсын берері мол екенін тілге тиек етті.

Кезінде бірқатар облыстарды басқарған,мемлекет және қоғам қайраткері, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин өзінің жуырда ғана Ленинград облысынан оралғандығын баяндады. Ол көршілес Ресейдегі бауырлас азаматтардың ұзақ жылдар бойы іздестіру жұмыстарының нәтижесінде туған әкесінің хабарсыз кеткен інісі жерленген жері табылды. Стелланың жанына туған жердің топырағы салынды.

Кенжекең елімізде ынтымақ пен бірліктің нығаюы үшін бүкіл Қазақстан халқы ұйымшылдық пен ауызбірлікті барынша нығайта беру қажеттігіне ерекше тоқталды.

Мейрамханада басқосқан балалар үйіндегі ұл мен қыздар болашақта елі мақтан тұтар намысты тұлғалар болуына игі тілегін білдірді. Көпті көрген азаматтың сөзін жерлестеріміз ұйып тыңдады.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. аса танымал ақын, дін жаңашыры Ақылбек Шаяхметте өзінің ой-пікірін ортаға салып, көпшілікке өзінің өленің оқып берді.

Дәл осы кеш өтер кезде ҚМДБ-дан Республикалық ақпараттық-насихат тобын басқарып келген Нұрмухаммед Иминов арнайы шақырылған ардагерлерге шынайы лебізін жеткізді. Ислам дінінің мұсылман бауырларымыздың өмірінде алар орнына тоқталды.

Аталмыш басқосуда Ұлы Отан соғысының ардагері, өңірдегі ұзақ жасаушылардың бірі яғни, 96 жастағы Молдағали Жүнісбеков өзінің қанды шайқаста бастан өткерген ауыр күндерін еске алды. Жиналғандарға елімізді әлемге танытқан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп жатқан кемеңгер саясатын қолдап, республикамыздың экономикасын өркендетуге күллі жұртшылықтың лайықты үлес қосулары қажеттігіне тоқталды.

Тағылымдық кешті жүргізген ардақты азамат Жақсылық Ғайсиннің барлық әкелерді, оның ішінде майдангерлерге ерекше құрметпен қарайтындығы жөніндегі тебіреніске толы сөздері де көпшілікті толқытты. Өйткені, ол кешегі атын өшкір сұм соғыста топырақ жат жерден бұйырған боздақтың тұяғы еді.

Кештің соныңда облыстың бас имамы Асылхан қажы Мұханбетжанұлы бұл жиынды өткізудегі негізгі мақсаттарына тоқталып, кәзіргі жастар аға-ұрпақ өкілдерінің алдында мәңгілік қарыздар екендігін ұмытпау керектігін сөз етті. Сондай-ақ осы кездесуге арнайы шақырылған өзге дін өкілеріне және майдангерлерге сыйлықтар тапсырды.

Мешітте ұстаздық қызмет атқаратын Түркиялық бауырымыз Нух Темиржидің 50 жасқа толуына байланысты оған да ұлтымызға тән ырыммен сегіз өрім қамшы табыс етілді.

Мұндай кештер ән-күйсіз болмайтындығы белгілі. Онда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, әнші-композитор Қалибек Деріпсалдин музыкалық шашу шашты. Сондай-ақ қаланың шетінде орналасқан әйелдер мен балаларға арналған бейімделу орталығындағы 11 жасар Әуезхан Нұрымның салған әндері де жиналғандарды толқытып, жүректерді тербеді.

Облыстық балалар үйінің тәрбиеленушісі Серік Кәкеновті әңгімеге тартқанымызда ол өздерін мұндай кешке арнайы шақырған ұйымдастырушыларға шын жүректен шыққан алғысын білдірді.

Басқосуда ел арасында үлкен құрметке бөленген Төлеубай Бірмағамбетов ақсақал өздеріне дастарқан жайып, ілтипат көрсеткен барша азаматтарға ақ батасын берді.

Ұлы Жеңістің 69 жылдығына арналған тәрбиелік мәні зор кештің жоғары деңгейде өтуіне Қостанай қаласының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов демеушілік етті. Асыл азаматқа тек Алланың нұры жауа берсін дейміз.

Оразалы Жақсанов

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 19 Май 2014 00:00

Арқалықта зираттар тазаланды

Жақында Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұйымдастыруымен қалаға қарасты зираттар тәртіпке келтіріліп, тазалық жұмыстарын жүргізілді. Оған шаһар тұрғындары белсене ат салысты.

Осы жұмыс барысында аталған мешіттің бас имамы Бектұсын Торғайбайұлы зиратқа жиналған жамағатқа ислам дінінде тазалыққа ерекше назар аударылатындығын айтты. Мархұм ата-бабаларымыздың қорымдарын тәртіпке келтіру кәзіргілердің борышы екендігіне де тоқтала өтті.

Аталған мешіт ұжымының бұл игі ісін қала басшылығы да қолдады. Көпшіліктің зиратқа бару үшін арнайы автобустар бөлді. Қоқыс шығаратын көліктермен қамтамасыз етті.

Осынау игі істе қала басшылығы әкімінің орынбасарларының барлығы ортақ іске өз үлестерін қосты.

Ал аға буын өкілдері сауапты жұмысқа дән риза болып ұйымдастырушылар мен қатысушыларға шынайы алғыстарын білдірді.

Арқалықта зираттар тазаланды

Арқалықта зираттар тазаланды

Арқалықта зираттар тазаланды

ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником