Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар
Пятница, 30 Май 2014 00:00

Әйелдердің намаз үлгісі

Таң намазы. Сүннет. Әйелдер

Таң намазы. 2-ракағат фарз. Әйелдер.

Бесін намазы. 4-ракағат Сүннет. Әйелдер

Бесін намазы. Фарз. Әйелдер

Бесін намазы. 2-ракағат сүннет. Әйелдер

Екінті намазы. Фарз. Әйел

Ақшам намазы - Фарз. Әйелдер

Ақшам намазы. 2-ракағат Сүннет. Әйелдер

Құптан намазы. Фарзы. Әйел

Құптан намазы. 2-ракағат Сүннет. Әйел

Үтір уажіп намазы. Әйел

Айт намазы қалай оқылады

Әйелдердің намаз оқу ерекшеліктері

Әйел баласы мен ер кісілердің намаздарының арасында бірнеше өзгешеліктер бар. Атап айтсақ, әйелдер ер кісілер сияқты азан шақырып, қамат түсірмейді. Бет-жүзі мен білезігіне дейінгі денесінің қолынан өзге жері жабық болады. Әйел адам үшін мешіттен гөрі үйде отырып, намаз оқығанның сауабы мол. Әйелдердің намаздағы өзге қимылдары да олардың жаратылысы мен табиғатына сай діннің үкімдерімен үйлесім табатынын айта кету керек.

Әйелдердің киімі ашылып қалмасы үшін әрі дене мүшелерінің киім сыртынан сыртқа теуіп, көзге оттай басылып, өзгелердің назарын аудармауы үшін намаздағы іс-әрекеттерінің барынша жинақы болуы басты назарға алынған. Мысалы, тәкбірде қолды құлақ тұсына дейін көтергенде жеңі сырғып төмен түсетіндіктен білектерінің ашылып қалу қаупі бар. Сондықтан, олар қолдарын көкірек тұсына көтереді. Сонымен қатар, қолдарын көкіректеріне байлау арқылы да омырауларын қосымша көлегейлеген болады. Ендеше, ардақты Алла елшісінің (с.а.у.) «Менің намаз оқығанымдай намаз оқыңдар» деген хадисін негізге алып, әйелдер де дәл еркектер тәрізді намаз оқуы керек, деп, үстірт ұқпауымыз керек.

Исламдағы төрт мәзхаб ғалымдарының басым көпшілігінің берген пәтуасы бойынша әйел баласының намаздағы қимылдарының еркектер сияқты еркін емес, жинақы болуы маңызды. Мәселен, Мәліки мәзһабында әйелдің намаздағы қимылдарының бәрі жинақы болуға тиіс.[1]

Ханбалидағы мәзхабында да дәл солай. Ибн Құдама «әл-Муғни» атты еңбегінде әйелдің намазындағы ерекшелігі жайында былай дейді: «Намаздағы ер кісілерге қатысты үкімдер, негізінде, әйелдерге де қатысты. Бірақ, әйел баласы рукуғта, сәждеде өзін жинақы ұстайды. Ал, отырыста малдас құрып (мүтәраббиға) немесе сол жағына қарай жамбастай отырады».[2]

Шафиғи мәзһабында әйелдің намаз қимылдарында төрт жерде өзгешелігі бар:

1. Рукуғта бір тізесін екінші тізесіне, бір аяғын екінші аяғына тигізе тақайды. Сәждеде де екі тізесі мен екі аяғының арасын ажыратпайды, қарны санына тиіп тұрғаны жөн.

2. Еркектер жария оқитын намазды жария, іштен оқитын намаздарды іштей оқиды. Әйелдер бөгде еркектердің жанында намаз оқитын болса, дауыстары естіл-мейтіндей етіп бәсең оқиды.

3. Намаздарына кедергі келтіретін қандай да бір жағдай туса, ер кісілер «Субханналлаһ» десе, әйел адам оң қолының алақанымен сол қолының сыртынан шапалақ ұрады.

4. Намазда ерлердің әурет жері саналатын кіндік пен екі бұттың арасы, ал, әйелдердің қолы мен бет-жүзінен өзге жері бүркеулі болуы тиіс.[3]

«Әссунәнуль Кубра» атты хадис жинағының авторы хадисші әл-Байһақи әйелдің қимылы жайында: «Әйелдің намаздағы қимылдарындағы өзгешілік жинақылыққа негізделген. Әйел кісі намазда жинақылыққа ең лайық қимылды орындауға бұйырылды», – дейді[4].

Ендеше, Ханафи мәзһабымен қоса өзге үш мәзһабтың үшеуінде де әйел кісінің намаздағы қимылдары жинақылыққа негізделгендігі бірауыздан мақұлданған.

Ханафи мәзһабы бойынша әйелдердің намаз қимыларындағы ерекшеліктер төмендегідей:

ӘЙЕЛДЕРДІҢ ИФТИТАХ ТӘКБІРІ

Әйел адам ифтитах тәкбірін алғанда екі алақанын құбылаға қаратып, саусақтарының ұшын иықтың тұсына дейін көтеріп, «Аллаһу әкбар», дейді.

Имам Бұхари өзінің «Қурратуль ғайнайн» атты еңбегінде Сүләймән ибн Умайрдың мына сөзін риуаят етеді:

» عن عبد ربه بن سليمان بن عمير قال: رَأَيْتُ أُمَّ الدَّرْدَاءِ تَرْفَعُ يَدَيْهَا فِي الصَّلاةِ حَذْوَ مَنْكِبَيْهَا«

Ол: «Мен (сахаба Әбу Дарданың зайыбы) Уммуд Дарданың намазда екі қолын иық тұсына көтергенін көрдім», – дейді.[5]

Ардақты пайғамбарымыз (с.а.у.) Уәйл ибн Хужр есімді сахабасына былай деген: «Уа, Хужрұлы! Намаз бастағанда екі қолыңды құлаққа дейін көтер. Ал, әйелдер кеуде тұсына көтерсін»[6].

Бұл хадис жоғарыдағы Ұмму Дарданың хадисіне қайшы емес. Себебі, әйел кісі қолын кеуде тұсына көтергенде саусақтарының ұшы иық деңгейіне көтеріледі.

Сондай-ақ, осы екі хадистің астарына үңілсек, әйел баласының намаздағы басқа да әрекеттері (рукуғ, сәжде, соңғы отырыста, т.б.) олардың нәзік жаратылысы мен өзге де ерекшелігіне байланысты құлшылық кезінде өзін жинақы ұстаудың қаншалықты маңызды екендігін аңғарамыз.

ӘЙЕЛДІҢ ҚОЛ БАЙЛАУЫ

Әйел кісі көкірек тұсына оң алақанын сол қолының үстіне қояды. Білезіктерін қапсыра ұстамайды. Намаз кезінде өздерін жинақы ұстауы үшін осылай істеген абзал[7].

Табиғин Ата ибн Әби Рабах*: «Әйел кісі қиямда тұрғанда мүмкіндігінше екі қолын жинақы ұстайды», – деген[8].

ӘЙЕЛДІҢ РУКУҒЫ МЕН СӘЖДЕСІ

Әйелдер рукуғқа барғанда саусақтарының арасын ашпастан тізесіне қояды, арқасы мен тізесін сәл бүгеді. Ал, сәждеге барғанда білектерін жерге тигізіп, шын-тақтарын өкпе тұсына тақап ұстайды, қарны қара санына тиуі шарт[9]. Бұл жайында Әбу Шәйба өзінің «Мұсаннаф» атты еңбегінде Әзіреті Әлидің (р.а.) мына сөзін жеткізеді:

عَنِ الْحَارِثِ ، عَنْ عَلِيٍّ ، قَالَ : " إِذَا سَجَدَتِ الْمَرْأَةُ فَلْتَحْتَفِزْ وَلْتَضُمَّ فَخِذَيْهَا ". رواه ابن أبي شيبة

«Әйел баласы сәждеге барғанда ішін санына тірейді және екі санының арасын ашпай, тигізе тақап ұстайды»[10].

Табиғин Ибрахим ибн Язид ән-Нәхәъидің[11] былай дегенін риуаят етеді:

عن إبراهيم قال إذا سَجَدَت المَرأَةُ فَلتَزِق بَطنَها بِفَخِذَيها وَ لا تَرفَعُ عَجيزَتَها وَلا تُجَافي كما يُجَافي الرَجُلُ". رواه ابن شيبة

«Әйел кісі сәжде жасайтын болса, қарнын қара санына тигізе тақап ұстасын, бөксесін көтермесін және ер кісілер сияқты (екі шынтағын арасын) ашпасын»[12].

Тағы бір сөзінде Ибраһим:

عن إبراهيم قال إذا سَجَدَت المَرأَةُ فَلتَضُمّ فَخِذَيهَا وَ لتَضَع بَطنَهَا عَلَيهِمَا. رواه ابن شيبة

«Әйел кісі сәжде жасағанда екі санын бір-біріне тигізе тақап ұстасын және қарнын қара санына тигізсін...», –[13] деген.

Байхақидың «әс-Сүнәнүл-кубра» атты хадис жинағында Ибраһим ән-Нәхаъи былай дейді:

كانت المرأةُ تُؤمُرُ إذا سَجَدَت أن تُلزِقَ بَطنَها بِفَخِذَيها كَيلا تَرتَفِعَ عُجْزَتها ولا تُجَافي كَمَا يُجَافي الرُجُلُ. رواه البيهقي

«Әйелдерге сәжде жасағанда қарнын екі санына тигізе тақап ұстасын деп, әмір етілді. Бұл сәжде жасағанда оның бөксесі көтерілмесін деген мақсатта айтылған. Сәжде жасағанда ер кісілер сияқты екі шынтағының арасын ашпасын (деп те бұйырылды)»[14].

ӘЙЕЛ КІСІНІҢ «ТӘШӘҺҺУД» ОТЫРЫСЫ

Тәшәһһуд отырысында әйел кісі екі аяғын бүгіп, сол жағына қарай жамбастай отырады. Яғни, сол жақ аяғын оң жақ санының астынан өткізіп, бір жамбастай отырады[15]. Мұндай отырыс әйел табиғатына сай келеді әрі жинақы көрінеді. Мұны «тәуәррүк отырысы» дейміз. Бұған төмендегі хадис дәлел:

Абдулла ибн Омар (р.а.) риуаят еткен бір хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.):

عن عبد الله بن عمر قال: قال رسول الله (صلى الله عليه و سلم): "إذا جَلَسَت المَرأةُ في الصّلاَةِ وَضَعَت فَخذَهَا عَلَى فَخذِهَا الأُخرَى وَ إذَا سَجَدَت ألَصَقَت بَطنَهَا فيِ فَخذَيهَا كَأَستَرَ مَا يَكُونُ لًهًا وً انّ اللهَ تَعَالَى يَنظُرُ إلَيهَا وَ يَقُولُ: يَا مَلائِكَتِي أُشهِدُكُم إنِّي قَد غَفَرتُ لَهَا". رواه البَيهَاقِي

«Әйел баласы намазда сол жақ аяғын оң жақ санының астына басып отырады. Ал, сәждеде қарнын қара санына тигізе тақап ұстасын. Әйел осылай еткенде жинақы көрінеді. Алла (осылай отырып оқыған әйелге) қарап періштелеріне: «Уа, періштелерім! Куә болыңдар, мен бұл әйелдің күнәсін кешірдім», – дейді» деп, айтқанын жеткізген болатын[16].

______________________________________

[1] У.Зухайли, Маусуғатул фиқһиль Исләми – 1/769-бет

[2] Ибн Құдама, әл-Мұғни: әл-фарқ бәйнар ражули уәл мар’әти фис сала, 1/599-бет.

[3] У.Зухайли, Маусуғатул фиқһиль Исләми – 1/777-779 бет.

[4] Мұстафа әл-Ғадуи, Жамиғул Ахқамун Ниса – 1/376-бет.

[5] Имам Бұхари «Қурратуль айнайн» №23 хадис.

[6] Хайсәми, Мажмағуз-зауаид -2\222 бет, №2594 хадис.

[7] Тәхәнәуи, Илә’әссүннә – 2/199 бет; әл-Айни, Биная; әл-Шарнабәләли, Нурул изах

* Бұл кісі хазірет Айша, Әбу Хұрайра, Абдулла ибн Аббас сыңды көптеген сахабалардан хадис риуаят еткен кісі. Мекке ғалымы.

[8] Ибн Әби Шәйбә, Мұсаннаф.

[9] Бадайғ – 1/62 бет; Бадруддин Айни, әл-Биная – 2/249-бет.

[10] وتحتفز أي تحمل بطنها على فخذيها Ибн Әби Шәйбә – 1/241 бет, №2777-хадис.

[11] Ибрахим ибн Язид ән-Нәхәғи, Ирак өңірінің ғұлама фиқһшысы әрі хадисте «сиқа/сенімді», оның риуаят еткен хадистерін Нәсәий, Әбу Дәуіт, Даруқутни сынды ғұламалар өз хадис жинақтарына енгізген, ол балалық шағында Айша анамыздың (р.а.) көзін көрген кісі.

[12] Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф, Әйелдің сәжде жасау бабы – 1/242-бет, 2782

[13] Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф, Әйелдің сәжде жасау бабы – 1/242-бет, 2779

[14] Байхақи әс-Сүнәнүл-күбра – 2/314-бет.

[15] А.М.Таһмаз: әл фиқһул ханафи фи саубиһил жәдид, 1- том, 226-бет.

[16] Бәйһақи, әс-сүнәнул кубра, 2/315-бет, №3199 хадис.

Абдусамат Қасым

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيم
الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاةُ وَالسَّلامُ عَلَي أَشْرَفِ الْمُرْسَلِين وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِين

Жаһандану заманындағы толассыз ақпараттар ағынын адам баласының ой-санасы түгел қамтуы мүмкін емес.

Сырттан келген кірме ойлар мен пікірлер, идеялық басқыншылық, жоғары технологияның күн санап қарыштап дамуы адам баласын діні мен ділінің темірқазығынан алыстатып, әу бастағы қалыпты пенделік бағытынан, табиғатынан ауытқытып бара жатқандай.

Расында, адам баласы бүкіл ақпаратты талғамсыз қабылдай беретін компьютер не робот емес, ет пен сүйектен тұратын жаратылыс, Жаратушының ең көркем туындысы.

قَالَ اللهُ تَعَالَى: ﴿لَقَدْ خَلَقْنَا الإنْسَانَ فِي أَحْسَنِ تَقْوِيمٍ﴾

Алла Тағала: «Шын мәнінде, Біз адамды ең көркем бейнеде жараттық», – дейді. («Тин» сүресі, 4-6).

Ендеше осындай ақпараттар аласапыраны заманында әрбір адам үшін қандай жағдай болса да, шеңберінен шықпайтын тұрақты таным тұғыры, адамгершілік қағидаттар жүйесі болуы тиіс. Олай болмаған жағдайда, жат ағымның, идеологиялық басқыншылықтың құрбанына айналуы ықтимал. «Ат айналып қазығын табады» дегендей, идеялық басқыншылыққа қарсы тұрарлық иммунитетті қалыптастыратын рухани құндылықтарының қазығы болуы қажет. Ол қазық – адамның өскен ортасынан алған жақсы тәрбиесі, рухани құндылықтары, ұлттық салт-санасы, имандылығы. Ұлттық ділі мен діні толыққанды болған жан сырттан төнген рухани басқыншылыққа төтеп бере алады.

Қазақ ежелден мұсылман халық. Ислам дінімен қауышқанына он екі ғасырдан асты. Сол замандардан бастап ұлттық сана-сезімі, салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті асыл дініміздің құндылықтарымен бірге дамыды. Бір-бірімен астасып, ажырамас құндылыққа айналды. Ислам діні қазақ хандарының идеологиялық бағыты болды, мемлекеттік дініне айналды.

Біз салт-дәстүр дегенде тек қана мәдени әдет-ғұрыптарымызды ғана емес сонымен бірге ұлттық мінез-құлық қағидаларын, әдептілік ұстындарын, адамгершілік қағидаттарына айналған моральдік принциптерін, тағылымды тәрбие ұстындарын, даналықты, ізгілікті насихаттайтын сан ғасырлық мұраларымызды айтамыз. Осы мұраларымызды көздің қарашығындай қорғап, кәдеге асырған жағдайда ғана ұлттық болмысымызды сақтап қаларымыз анық.

Мақсатымыз

Қоғамдағы ізгі рухани құндылықтарды сақтап қалу бүкіл әлеуметтің ортақ міндеті. Қоғамда шығып жатқан талай келеңсіз жайттар ең алдымен ата-дәстүрімізден жалғасып келе жатқан ибалық, имандылық, ұяттылық, қарапайымдылық, кішіпейілділік, қанағатшылдық сияқты асыл қасиеттерден, дегдарлық дәстүрімізден айрылып бара жатқандығымызды білдіреді. Біз имандылыққа шақыру дегенде тек құлшылыққа, ғибадатқа шақыруды ғана айтпаймыз, ең алдымен халқымызда бар әдептілікке, жақсы мінез-құлыққа, адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасқа, мейірімділікке, иманды тәрбиеге шақыруды айтамыз. Пайғамбар (с.ғ.с.) да өзінің адамзатқа елші етіп жіберілуінің ең басты мақсаттарының бірі көркем мінез-құлықты толықтыру екендігін баса айтқан.

قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «بُعِثْتُ لِأُتَمِّمَ مَكَارِمَ الْأَخْلاَقِ». رَوَاهُ الْحَاكِمُ.

«Мен ізгі ахлақтарды толықтыру үшін жіберілдім» (әл-Хаким).

Ендеше халқымыздың асыл қазынасы болып саналатын игі дәстүрлеріміз орнықты болса, имандылығымыз да, дініміз де баянды болмақ. Өйткені қазақ халқындағы дін мен дәстүрді бір-бірінен айырып қарауға келмейді. Мысалы, қанға сіңген қасиетіміз қанағатшылдықтың асылы дінімізде, әйелдеріміздің ибалылығының негізі де, үлкенге құрмет, кішіге ізет, әдептілік те, обал-сауапты білу, аманатқа қиянат жасамау, ешкімге жәбір көрсетпеуге тырысу, жапа шеккен жанның наласынан, жетім-жесірдің ақысын жеуден қорқу сезімі, Құдай Тағаланың қаһарынан қорқу, ағайынгершілік, адал мен арам ұғымы – барлығының негізі дінде жатыр. Сол сияқты туған елге, жерге қатысты отаншылдық, сүйіспеншілік сезімдері де имани сезімдермен астасып жатқан дүние.

Бағытымыз

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанған бағыты да ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан діни дәстүрлерімізді жаңғырту, елдің рухани құндылықтарының қайта түлеуіне мұрындық болу болып табылады. Қазақ халқы замана көшінен қалып қойған жұрт емес. Өзіндік мәдениеті, тілі, ділі, салт-дәстүрі, бабалар салып кеткен діни бағыты бар. Ол бағыт Құран Кәрім аяттары мен Пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетіне негізделген сара жол. Оның ішінде шариғаттағы іс-амал бойынша Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы, ал діни танымдық мектебі Имам әл-Матуриди қалыптастырған тура жол. Осы бағыт діни бірлестіктер туралы заңда да айқын көрсетілді.

Құрметті Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы алдыңғы Жолдауында былай деген болатын: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – Ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Ол – біздің дәстүріміз. Бірақ бізде зайырлы қоғамның дәстүрлері де бар екенін, Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек. Біз елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек».

Фиқһул-әуләуиат

Шариғатта «Фиқһул-әуләуиат» деген ұғым бар. Оның мағынасы қазіргі кезде ең өзекті болып тұрған мәселелерге басымдық беру, солардың шешімін көрсетіп беру дегенді білдіреді. Мысалы, қазіргі қазақ қоғамында көкейтесті мәселелердің қатарында қоғамда белең алып бара жатқан індеттер, келеңсіз жайттарға қарсы күресу, жастарды имандылық жолына тарту, қазақтың ізгілік дәстүрлерін қайта жаңғырту, діни сауатсыздықты жою сияқты мәселелер тұр. Ал әлдебір екі оқыған діндардың арасындағы дүрдараздық, пікір қайшылығы ең басты мәселе емес. Осы бір аса маңызды нәрсе көп адамдардың назарынан тыс қалуда.

Дәстүрдің діндегі дәрежесі

Дәстүріңді баққаның – үмітіңді жаққаның. Салт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне ерекше мән берген елдің іргесі берік, келешегі кемел. Өзге елге барғанда өз еліңнен айырмашылығын бірден байқайсың. Өз жұртыңның артықшылығын, кемшілігін бағалай аласың. Мұның өзі Жаратушының әрбір халықтағы иләһи белгілері, хикметі.

Ақиқатында, адамзаттың әр ұлтқа бөлініп, түрлері мен түстерінің, нәсілі мен тегінің һәм тілі мен диалектісінің әркелкі болуы Алла Тағаланың айнымас аяттары. Оларды мойындамау, белден басу, теріске шығару Жаратушының хикметпен жарату заңына қарсы шыққанмен тең.

قَالَ اللهُ تَعَالَى: ﴿وَمِنْ آيَاتِهِ خَلْقُ السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ وَاخْتِلافُ أَلْسِنَتِكُمْ وَأَلْوَانِكُمْ إِنَّ فِي ذَلِكَ لآيَاتٍ لِلْعَالِمِينَ﴾

Алла Тағала былай дейді: «Көктер мен жердің жаратылысы және тілдерің мен түстеріңнің әр алуандығы Оның (Алланың) белгілерінен. Шындығында, осында білушілер үшін, сөзсіз, белгілер бар». (Рум сүресі, 22-аят).

الْعُرْفُ اصْطِلاَحًا: مَا اسْتَقَرَّتِ النُّفُوسُ عَلَيْهِ بِشَهَادَةِ الْعُقُولِ، وَتَلَقَّتْهُ الطَّبَائِعُ بِالْقُبُولِ

«Әл-урф» сөзінің шариғаттағы терминдік анықтамасы мынадай: «Ол ақыл-ойдың, логиканың құптауымен көңілдерге орныққан, адам табиғаты қабыл алатын нәрселер»[1].

Әдет-ғұрып мұсылман заңнамасында кейбір мәселелерді шешуде айғақ ретінде қолданылады әрі шариғат ғалымдары арасында мақұлданған. Ханафи мәзһабының кейбір өкілдері шариғат ережесіне сай келген ғұрып нақтылы шариғи дәлел ретінде қарастырылатындығын айтқан. Бұл тұрғыда фиқһ негіздерін зерттеуші ғұламалар мына аятты алға тартқан.

قَالَ اللهُ تَعَالَى: ﴿خُذِ الْعَفْوَ وَأْمُرْ بِالْعُرْفِ وَأَعْرِضْ عَنِ الْجَاهِلِينَ﴾

Алла Тағала: «Ғафу жолын ұста, ғұрыппен әмір ет және надандардан теріс айнал», – деп бұйырған[2].

Сондай-ақ, Абдулла ибн Масғұдтан (р.а.) жеткен мына риуаятты дәлелге келтіреді.

مَا رَآهُ الْمُسْلِمُونَ حَسَنًا فَهُوَ عِنْدَ اللَّهِ حَسَنٌ وَمَا رَآهُ الْمُسْلِمُونَ سَيِّئًا فَهُوَ عِنْدَ اللهِ سَيِّءٌ

«Мұсылмандар жақсы деп есептеген нәрсе Алланың алдында жақсы, мұсылмандар жаман деп көрген нәрсе Алланың алдында жаман».

Мұсылман тіршілігіне қатысты сан алуан салалардағы іс-әрекеттердің заңдылық сипатын анықтайтын фиқһ ілімінің негіздерінде العادة محَكَّمة «әл-ъаада мухаккама» деген заңнамалық қағида бар. Мағынасы «әдет-ғұрып – төреші», яғни нақтылы дәлелдер келмеген кейбір мәселелерде адамдар арасында қалыптасқан әдет-ғұрыпқа жүгініп, солардың негізінде үкім шығарылады дегенді білдіреді. Демек, кейбір кезде салт-дәстүр, ғұрыптар заңды дәлел ретінде қарастырылады. Бұл ереже фиқһ ілімі ғұламалары түзген, мақұлдаған аса маңызды қағидалардың бірі болып саналады.

Әдет-ғұрып заман ауысқан сайын өзгеріске ұшырап, дамып отыратын құбылыс. Сондықтан да фиқһ ғұламалары әр заманға және қалыптасқан әдет-ғұрыпқа сай кейбір тармақты үкімдердің өзгеріп отыратындығын айтқан. Осы себепке байланысты түрлі мәселелерге пәтуә беретін шариғат ғалымынан өзі отырған аймақтың әдет-ғұрпы мен мәдениетінен толыққанды хабардар болуы талап етіледі.

Жаратқан Иеміз еліміздің тәуелсіздігін, тыныштығын баянды етсін. Жан-жақты дамыған, имандылық салтанат құрған іргелі елге айналдырсын!

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Published in Ғибратнама

Көшпенді қазақ өркениетіміздің ұлттық нышандарының бірі — Наурыз мерекесі. «Наурыз» сөзі – зороастризм сенімінде болған парсы елінің тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді.

Бұл мейрамның шығу тарихын кейбір ғалымдар зороастризммен, отқа табынумен байланыстырса, кейбір тарихшылар Парсы патшалығының жорықтарымен байланыстырады. Зороастризм сенімі бойынша жақсылықтарды жарықтан, жамандықтарды қараңғылықтан бастау алады. Наурыз мерекесін осы айдың 22-күні тойлауының себебі, жамандықтың бастауы түнгі қараңғылықтың жіңішкеріп, күндізгі жарықтың ұзаруы, зороастризмдегі жарықтың жақсылықтың бастауы ретінде көрініс тапқан. Бұл сенімде от жарық көзі саналып, ерекше құрмет көрсетілген. Наурыздың 21 күні отты алаулатып жағып, жаңа жылды қарсы алған. Қазіргі күнде де парсы тектес ұлттар Наурыз мейрамында отты жағып, пәле жаладан тазару ретінде үстінен секіріп жатады. Ал, біздің ұлтымыздың Наурыз мерекесінде отты алаулатып жағуды үрдістен үзген. Себебі, отқа табыну ислам сенімі бойынша Аллаға серік қосу болып табылады. Қазіргі таңда наурыз мейрамы – діни мереке емес, ұлттық мереке ретінде тойланады. Бұл қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Ал ислам дінінде негізгі мейрам ораза айт пен құрбан айт болып саналады.

Наурызды бұрынғы парсылардың сеніміндей етіп тойлау ислам дініне қарама– қайшы. Біздің қазақ халқымызға ислам діні сонау Қарахан мемлекеті кезінен енгені анық. Наурыз мерекесі қазақ елімен біте қайнасқан мереке ретінде шариғатымызға қайшы келмейді. Ұлыстың ұлы күнін тойлау – ежелден түркі жұртында бар дәстүр. Мәселен, еліміздің батыс өңірінде күні бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатқан «Көрісу» деген дәстүр бар. «Көрісу» дәстүрі Наурыздың 14-не тойланады. Бұл дәстүр бойынша қыстың көзі қырауда, шаруаның жайымен жүріп қалған ағайын көктем шығып малдың аузы көкке тиіп, алды-арты кеңейгеннен кейін амандық-саулық сұрасып, бір-біріне сәлемдесе барады. «العرف محكم» «Әдет-ғұрып» фиқһ қағидасы бойынша, елдің бұрынғы салт-дәстүрлері ислам негіздеріне қайшы келмей, қоғамдық қатынасты оң реттеген болса, бұл салт-дәстүрлер сақталады. Бүгінгі дәстүріміздегі Наурыз мерекесінің исламға ешқандай алабөтендігі жоқ. Бұрынғы Наурыз мерекесін от жағып қарсы алушылық дәстүрімізден әлдеқашан шығарылып тасталған. Ал, қазіргі қазақ қауымының тойлап жүрген Наурыз мерекесінде қыстан күйзеліп шыққан елдің көңілін көтеру мен қазақи құндылықтарымызды жандандырып, көкпар беріп, ат шаптырып, палуандар күресін өткізіп, ән-жыр, айтыс-терме ұйымдастырылып, араздасқан адамдар осы күні татуласып, бір-біріне жақсы бата берісіп, «ұлыс оң, ақ мол болсын» деген сияқты ізгі тілектерімен қауышып жатады. Пайғамбарымыздың (с.а.у) хадисінде «Амалдар ниетке байланысты…» деп айтылған. Біздің ниетіміз отқа табыну емес, салт-дәстүрлерімізді жаңғырту мақсатында, оны сақтай отырып, келешек ұрпаққа жеткізу. Алла толық білуші.

Сансызбай ҚҰРБАНҰЛЫ
ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі
меңгерушісінің орынбасары
http://www.muftyat.kz
Published in Ғибратнама

Юсуф ибн Халид әс-Самти әл-Басри (р.а) имам Әбу Ханифаның (р.а) қасында біраз жыл білім алады. Кейін ұстазынан атамекені Басраға қайтуға рұқсат сұрайды. Имам Әбу Ханифа (р.а) оған былай дейді.

«Жоқ! Мен саған адамдармен жақсы мәміле жасаудың, ғалымдардардың мәртебелерін, нәпсіні тәрбиелеудің, қарауыңдағы адамдармен дұрыс мәміле жасаудың, үлкен мен кішінің қадірін білудің, жалпы көпшіліктің жағдайын ескерудің қыр-сырын үйретпей рұқсат бере алмаймын. Ол сенің біліміңнің сәнін арттыра түседі. Мерейіңді арттырады, абыройыңа дақ түсірмейді.

«Мына нәрсені жадыңа түйіп ал! Адамдарға жақсы мәміле жасамасаң, әке-шешең болса да саған қарсы дұшпан болады. Ал дұрыс мәміле жасасаң туыстық байланысың болмаса да адамдар сенің жақыныңа айналады. Сен біраз күн сабыр ете тұр. Мен саған арнайы уақыт бөлейін. Ойымды жинақтап алайын. Кейін алғысыңды айта жүретін, қадірімді білдіретін нәрселерді үйретейін. Тәуфиқ Аллаһтан».

Имам Юсуф ибн Халид (р.а) былай дейді. «Уәделескен күн келіп жеткенде, ұстазымның алдына бардым. Ол төмендегі мына өсиетін маған арнап айтты».

«Аса Рақымды ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын. Ей, Юсуф! Мен сенің қандай мақсатпен Басраға қайтып бара жатқаныңды білемін. Жай-жапсарын айтып берейін. Сен осыдан тура Басраға барасың делік. Басраға кірер-кірмес сен бізге қарсы келгендермен талас-тартысқа түсесің. Өзіңді олардан артық көресің. Олардың құзырында біліміңнің көптігін айтасың, көрсетуге тырысасың. Олармен аралас-құралас болудан бас тартасың. Уақыт өте келе оларды тәрк етесің. Олар да сені тәрк етеді. Оларға тіл тигізесің. Олар да саған тілін ұзата бастайды. Оларды адасқандар деп санайсың. Олар да сені адасқан деп есептейді. Сен оларды бидғатшы деп атайсың. Олар да сені бидғатшы деп айта бастайды. Сонымен мұның зарары, зардабы бізге де, саған да тиеді. Олардың тілі саған да, бізге де тиеді. Бұдан кейін сен оларды тастап кетуге мәжбүр боласың. Ескертіп айтайын мұндай ой, іс-әрекет ақылды кісінің ұстанымы емес. Себебі Аллаһ Тағала ісін оңғарғанға дейін қарауындағыларға дұрыс мәміле жасай алмаған кісі ақылды кісі емес».

Имам Юсуф ибн Халид (р.а) былай дейді. «Шынымен-ақ ұстазымның айтқан сөздерінің жаны бар еді. Сондай ойымның болғаны рас еді».

«Юсуф! Сен Басраға барғанда адамдар сені арнайы келіп қарсы алады. Жиі-жиі зиярат етіп тұрады. Қадіріңді біледі.

Құзырыңа келген әрбір кісіге дәрежесіне, мәртебесіне қарай мәміле жаса!

Ел арасында құрметі, қадірі бар кісілерге сый, құрмет жасаудан тайынба!

Ғалымдарды, ғұламаларды қатты құрметте!

Жасы үлкендерді де құрметте, кішілерге ізет көрсет!

Қалың көпшілікке жақын бол!

Күнәһар, бұзық адамдардың да тілін таба біл!

Жақсылармен көп сұхбаттасып жүр!

Билік басында жүргендердің ешбірін ешқашан қор көрме!

Алдыңа арнайы келген кісінің ешқайсысына менмендік көрсетпе! Оларға деген сүйіспеншілікті арттыруда немқұрайлық танытпа!

Сырыңды ешкімге айтпа!

Сыныңның тезінен өткізбей ешкімге иек артпа, сенім артпа!

Қара ниетті, зымиян кісіден іргеңді аулақ салып жүр!

Екі ұшты сөз сөйлеме!

Надан кісілермен көп араласпа!

Абыройыңа дақ түсіретін кісілерге жуыма.

Ешбір жаннан сыйлық қабыл етпе, әрі шақырса барма!(бұл қазыларға қатысты үкім)

Кез-келген кісінің тілін таба біл!

Қиыншылықтарға сабыр ет!

Кеңпейіл бол!

Мінез-құлқыңды дұрыс ұста!

Киіміңді жаңартып тұруға көңіл бөл! Иіссуды көп қолдан! Астыңа мініп жүретін көлігің дұрыс, жақсы болсын!

Жеке мұқтаждықтарыңды өтеуге арнайы уақыт бөліп жүр!

Жаныңда жүргендерден бейхабар болма! Олардың тәрбиесіне, тәліміне назарыңды сала жүр! Тәрбиеде, тәлімде жұмсақтық таныт! Қателік жасағаны болып жатса көп жазғыра берме! Себебі көп жазғырудың пайдасы тимейді, еті үйреніп кетеді. Сонымен қатар адамдардың тәрбиесін, тәлімін өз мойныңа алма! Себебі қадірің кетеді.

Намаздарыңа берік бол!

Дастарханың әрдайым жаюлы болсын. Себебі сараң кісі тарихта ел билеген емес, халық алдында сыйлы болған емес.

Ел арасындағы жағдайды айтып тұратын жанашыр кісің болсын! Себебі қандай да бір жағымсыз іс жасалса, түзетуге мүмкіндігің болады. Ал қандай да бір жағымды іс жасалса, оны жан-жақты қолдауға мүмкіндігің болады.

Сені зиярат еткен яки зиярат етпеген кісілерді зиярат етіп тұр! Саған жақсылық жасаған яки жасамаған кісіге де бірдей мәміле жаса!

Кешірімділік жолын ұстан! Жақсылық жасауды әмір ет! Саған қатысы болмаған іске көңіл қойма! Зарары тиетін кісіге жолама! Кез-келген кісінің лайықты ақысын бер!

Жақын араласып жүрген достарыңның арасында біреу сырқаттанып қалса, өзің жеке көңілін сұрап шық! Ара-тұра қызметкерлеріңді жіберіп, хал-жағдайын біліп отыр.

Жақын араласып жүрген достарыңның бірі хабар-ошарсыз кетсе, жағдайын сұрастыр! Бейхабар болма!

Жақын араласып жүрген достарыңның бірі келмей кетсе сен оған барып тұр! Қатынасты үзбе!

Саған дөрекілік көрсеткен кісіге жақсы мәміле жаса! Келген кісіге құрмет көрсет! Саған дұшпандық жасағанды кешіре біл! Сені жамандап тіл ұзатқан кісі болып жатса, ол жайында жақсы сөз айт!

Жақын араласып жүрген достарыңның бірі көз жұмып, қарызы болса қарызын өте!

Жақын араласып жүрген достарыңның бірінің үйінде қуаныш, сүйініш болып жатса шет қалып қойма! Ортақ бол!

Жақын араласып жүрген достарыңның бірінің үйінде күйініш, қайғы болып жатса шет қалып қойма! Ортақ бол!

Біреу келіп қандай да бір ісіне қолдау көрсетуіңді сұраса, қолдау көрсет! Біреу келіп жәрдем сұраса, жәрдем беруден қашпа! Қолыңнан келгенше адамдарға жылы жүзді бол!

Шарапаты аздау, нашар кісі болса да кез-келген кісіге сәлем бер!

Егер сен біреумен яки жамағатпен мәжілісте, яки мешітте жолығып қалып, сенің көзқарасыңа сай келмейтін пікірлерді айтса тартысқа бірден түсіп кетпе. Алайда сіздің көзқарасыңыз қандай деп сұрап жатса, әуелі олар дұрыс көріп отырған көзқарастан баста. Артынша бұл мәселе жөнінде басқа көзқарас бар деп айт. Айтқан көзқарасыңды толықтай дәлелдеп шық. Егер құлақ салып тыңдаса сенің және біліміңнің қадірін түсінді дей бер. Егер бұл кімнің көзқарасы деп сұраған жан болса, бағзы фақиһ ғалымдардың көзқарасы деп жауап бер. Айтқан көзқарасыңды құп көріп, мақұлдап жатса қадір-қасиетіңді түсінгені. Мәртебеңді түйсінгендіктері. Сенімен пікірі сай келмейтіндер алдыңа келген сайын білімнің бір ұшын шығарып отыр. Ол жайында ойланып жүрсін. Әрі сол айтқан біліміңнен қабілеті жеткен кісі, өз үлесін алып жүрсін. Білім жайлы сөз қозғасаң алдыңда отырған кісі ұғатын анық, айқын білімнен сөз қозға. Білімнің терең, кез-келген жан ұғына бермейтін тұстары жайлы сөз қозғама. Оларды жақын ұста. Бауырыңа басып жүр. Кейде әзілдесіп қоюды ұмытпа. Сөйлесіп жүр. Себебі мұның барлығы арадағы сүйіспеншілікті оятады. Білімге деген ізденісті, құлшынысты арттырады. Кейде дастархан жайып, қонақжайлығыңды көрсет. Қажеттіліктері болып жатса, өтеуге жәрдем бер. Әрбірінің қадір-қасиетіне сай құрмет көрсет. Қателіктеріне, кемшіліктеріне үлкен мән берме. Байқамаған кісі бол. Оларға жұмсақтық таныт. Кешірімшіл бол. Олардың ешбіріне жалыққандығыңды яки жаратпайдығыңды білдірме. Олардың арасынан шыққан кісі секілді бол. Өзіңе қалай жақсы мәміле жасауды жақсы көрсең, дәл солай адамдарға мәміле жаса!

Өз-өзіңе берік бол! Өз-өзіңді әрдайым бақылауда ұста! Саған қабақ шытып, дөрекілік көрсеткенге дөрекілік жасама!

Шу шығарудан, бүлік шығарудан аулақ бол! Сөзіңді тыңдап жүрген кісіні, сен де тыңда. Адамдарға шамасы жететін нәрселерді айт. Одан артығын жүктеме. Өздері үшін разы болған нәрсеге, сен де разы бол! Адамдар жайында әрдайым дұрыс ниетті бол. Шыншыл бол. Тәкаппарлықтан аулақ бол.

Бәз біреулер сені алдаса да, сен біреуді алдама! Саған кейбір жан қиянат жасаса да, аманатқа қиянат жасама! Уәдеңді әрдайым орында. Тақуалықтан айрылма!

Басқа діндегілер саған қалай мәміле жасаса, сен де соларға дәл сондай мәміле жаса! Сен менің мына айтқан өсиетімді орындасаң, жетістікке жететіндігіңе үмітім болады. Әрі аман-есен ғұмыр кешетіндігіңе сенімім нық болады. Бір жағынан сенің біздің мәжілісімізден кетуің жүрекке қайғы ұялатып тұр. Бір жағынан сендей жанмен мәжілістес болғандығымыз жүрекке тыныштық ұялатып тұр. Бізбен қарым-қатынасты үзбе. Хат жазып тұр. Мен сенің әкең, ал сен менің баламдай бол! Қандай да бір мұқтаждығың болса еш қысылмастан маған айт.

Имам Юсуф ибн Халид (р.а) былай дейді: «Имам Әбу Ханифа (р.а) өсиетін айтып болғаннан кейін, динарлар салынған әмиян ұсынды. Жолыма қажетті азық-түлік берді. Барша шәкірттерін жинап алып, шығарып салуға менімен бірге қаладан шықты. Ефрат өзенінің жағасына дейін келді. Сол жерде бір-бірімізді қимай қоштастық.

Мен Әбу Ханифаның (р.а) көп жақсылығын, игілігін көрген адаммын. Бірақ осы айтқан өсиеті бұрынғы жасаған жақсылықтарының баршасынан артық болды. Қысқасы Басраға келіп жеттім. Ұстазымның айтқан өсиетін бұлжытпай орындадым. Нәтижесінде қысқа уақыт ішінде көптеген кісі менің досыма айналды. Әбу Ханифаның (р.а) мәзһабы Куфада жақсы тараған болатын. Басрада да тарай бастады. Негізінде Басрада Хасан Басри (р.а) мен ибн Сиринның (р.а) мәзһабы тараған болатын. Уақыт өте келе Хасан Басри (р.а) мен ибн Сиринның (р.а) көзқарастарын, Әбу Ханифаның көзқарастары басты. Әбу Ханифа (р.а) дүниеден өткенше хат жазысып тұрдық».

Имам Саймаридің (р.а) айтуы бойынша Юсуф ибн Халид әс-самти әл-Басри (р.а) имам Әбу Ханифадан ұзақ жылдар тәлім алған және оның көптеген фиқһи мәселелерін, пәтуаларын нақыл еткен шәкірттерінің бірі. Имам Тахауи (р.а) имам Музанидің (р.а) былай деп айтқандығын риуаят етеді. Мен: «имам Шафиғидің (р.а) «Юсуф ибн Халид (р.а) жақсы кісі болатын»,-деп айтқандығын естіген едім».

Имам Юсуф ибн Халид әс-Сәмти әл-Басри һижри 189 жылы ражаб айында дүниеден өтті. Аллаһ ол кісіні мейіріміне, рақымына бөлесін. Әмин.

Бауыржан ӘЛИҰЛЫ

Published in Ғибратнама

Ұлық Раббымыз құран-кәрімде жиі-жиі кешірімшілдігіне, мейірімділігіне қатысты көптеген сипаттарын атап көрсеткен. Тіпті «рақымдыларлың ең рақымдысы» екендігін, рақымдылығының барша нәрсені қамтығандығын айтады. Он сегіз мың ғаламдағы күллі рақымдылықтың көрінісі Хақ Тағаладан шексіз рақымдылығынан бастау алады.

Аллаһ елшісі (с.а.у): «Хақ Тағала рақымдылығын жүзге бөлді. Оның тоқсан тоғыз бөлігін өзінің құзырында алып қалды. Ал қалған бір бөлікті жер жүзіне жіберді. Міне осы бір бөлік рақымдылықтың арқасында барша махлұқат бір-біріне рақымдылық танытады. Тіпті биенің құлынына зарарын тигізбеу үшін аяғын көтеруі, осы бір бөлік рақымдылықтың әсері»,-дейді. (Бұхари, Әдеп, 19; Мүслім, Тәубе, 17)

Рақымдылығы шексіз Раббымыз, құлдарының бір-біріне рақымдылық пен мейірімділік танытуларын мұрат етеді. Ғаламның мақтанышы пайғамбарымыз (с.а.у) рақымды жан болатын. Бұл оның басты сипаттарының бірі еді. Аллаһ Тағала оын жер жүзіне «рақымдылықты таныту» үшін жіберді. Хақ Тағала өзінің көркем есімдері болып табылатын «раууф» (аса рақымды) және «рахиим» (ерекше мейірімді) сипаттарын пайғамбарымызға (с.а.у) нәсіп етті. Ал ақиқатына жүгінсек, одан бұрын келген пайғамбарларға бұл сипаттардың екеуі бірден нәсіп болмаған еді.

Күллі махлұқатқа рақымдылық таныту, жылы шырай көрсету иманның кемелдігіне ишарат етеді. Кәміл момын қараңғы түндегі толған ай секілді нұрын шашады. Халықшыл, көпшіл болады. Оның басты ұстанымдарының бірі жомарттық, сақилық. Сонымен қатар бойынан сезімталдық, сыпайылық, биязылық байқалады. Рақымдылық пен мейірімділік оның ажырамас серігіне айналады. Мейірімділік пен рақымдылық атаулыдан жұрдай жандар, кеудесінен жаны шыққан өлік секілді жылуы болмайды.

Хадис-шәріптерде былай деп айтылады.

«Рақымдылық танытқанға Рахман (аса рақымды) Хақ Тағала рақымдылық көрсетеді. Жер жүзіндегілерге рақымдылық танытсаңдар, көк жүзіндегілер сендерге рақымдылық танытады». (Тирмизи, Бир, 16/1924)

«Мейірімділік танытпағанға, мейірімділік көрсетілмейді». (Бұхари, Әдеп, 18; Мүслім, Фадайыл, 65)

«Мейірімділік тек бақытсыздың жүрегінен алынады». (Тирмизи, Бир, 16/1923; Әбу Дәуіт, Әдеп, 58/4942)

Жаратушының назарымен, махлұқатқа рақымдылықпен назар салу қасиеті Аллаһ елшісінің (с.а.у) төмендегі мына хадисінде айтылған.

Бір күні Аллаһ елшісі (с.а.у) сахабаларына қарап: «Жанымды қолында ұстап тұрған Аллаһқа ант етейін, бір-біріңе мейірімділік танытпасаңдар жәннатқа кірмейсіңдер»,-деді.

Сахабалар: «Уа Аллаһтың елшісі! Баршамыз мейірімді жанбыз»,-десті.

Пайғамбарымыз (с.а.у): «Менің айтып тұрғаным, сендердің түсінгендерің секілді бір-біріңе деген мейірімділік емес. Керісінше күллі махлұқатты қамтитын мейірімділік. Иә, күллі махлұқатты қамтитын мейірімділік»,-деп сөзіне түсініктеме берді.

Момындардың иман сезімін толқытатын, нәпсі өзімшілдігінен құтқаратын, рухани дейгей тұрғысынан кемелдендіретін ең басты қасиеттердің бірі мейірімділік болып табылады. Мейірімділіктің жемісі жомарттық, қарапайымдылық, қызмет ету және күңшілдіктен құтылу.

Аллаһ елшісі (с.а.у) былай дейді.

«Момындардың бір-біріне деген сүйіспеншілікте, бір-біріне деген жанашырлықта және бір-бірін қорғауда бір денеге ұқсайды. Дененің кез-келген ағзасы ауырғанда, өзге ағзалар да ұйқысыздыққа тап болады. Қызуы көтеріледі». (Бұхари, Әдеп, 27; Мүслім, Бир, 66)

Мейірімділік, бұл дүниеде ар-ождан тыныштығы. Пейіштің сүйіншісі. Ал ақіретте мәңгі бақытты болудың кепілі.

Бір кісі Мұғаз ибн Жәбалға келіп: «Маған насихат айтшы»,-деген еді.

Мұғаз: «Мейірімді бол! Мен пейішке кіруіңе мен кепіл болайын»,-деп жауап берген болатын.

Өнеге айналары

Бір бәдауи ғаламның рақым нұры пайғамбарымыздың (с.а.у) балаларды сүйіп жатқандығын көріп, таң қалып: «Демек, сен балаларды сүйеді екенсің ғой. Ал біз, ақиқатына жүгінсек оларды еш сүймейміз»,-деді. Бәдауиге жаны ашып, қараған пайғамбарымыз (с.а.у): Аллаһ Тағала сенің жүрегіңнен мейірімді алып қойса, мен не қылмақпын?!»,-деді. (Бухари, Әдеп, 18; Мүслім, Фадайыл, 65)

Пайғамбарымыз (с.а.у) қызы Зейнептің өлім тырнағына ілігіп, жанталасып жатқан баласын көргенде, көңілі босап жылаған еді. Мұны байқап қалған сахабалар таңданыстарын жасыра алмай: «Сізде жылайсыз ба?,-деп сұрады. Аллаһ елшісі (с.а.у): «Бұл бір мейірім көрінісі. Аллаһ Тағала оны құлдарының жүрегіне салады. Хақ Тағала тек мейірімді құлдарына ғана мейірімділік танытады»,-деп жауап берді. (Бұхари, Жанайыз, 33; Мүслім, Жанайыз, 11)

Әбу Усайд (р.а) Бахрейннен әкелген тұтқындармен бірге Пайғамбарымыздың (с.а.у) құзырына келген еді. Аллаһ елшісі (с.а.у) бір тұтқын әйелдің жылап тұрғанын байқап қалды.

Оған: «Неге жылап тұрсың?»,-деп сұрады.

Әйел: «Мына кісі ұлымды сатып жіберді»,-деді.

Аллаһ елшісі (с.а.у) Әбу Усайдқа қарап: «Мына әйелдің ұлын сатып жібердің бе?»,-деп сұрады.

Әбу Усайд: «Иә!»,-деп жауап берді.

«Кімге саттың?»,-деп сауал қойды.

Ол: «Абс руының кісілеріне»,-деп жауап берді.

Пайғамбарымыз (с.а.у) сахабасына қарап: «Көлігіңе мін. Барып мына әйелдің ұлын алып кел»,-деп әмір етті. (Әли әл-Муттақи, IV, 176/10044)

Хазіреті Омар былай деп хикая етеді.

Бір күні Аллаһ елшісіне (с.а.у) тұтқындар әкелінді. Бір қарасақ тұтқындардың ішінен бір әйел аласұрып, жоғалған баласын іздеп жүр. Тұтқындардың арасынан сәби көрсе дереу оны кеудесіне қысып, емізіп жатты. Аллаһ елшісі (с.а.у): «Мына әйел баласын отқа тастайды деп ойласыңдар ма?,-деп бізден сұрады. Біз: «Жоқ. Уаллаһи отқа тастамайды»,-деп жауап бердік. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Мінекей Аллаһ Тағала, мына әйелдің баласына деген мейірімінен, аса мейірімді»,-деді.

Мұсылмандар тіпті қас жаулары болған Аллаһтың құлдарына рақымдылық пен мейірімділік танытқан. Мусғап ибн Умайырдың бауыры Әбу Ғазиз Бәдірде мүшріктердің туын ұстаған еді. Соғыста мүшріктер жеңіліп, ол қолға түсті. Әбу Ғазиз тұтқындық өмірін, мұсылмандардан көрген мейірімділік пен рақымдылықты былай деп баяндайды.

«Бәдір соғысында мен тұтқынға түсіп, Ансардың бір топ кісісінің қарауына берілген едім. Бәдірден қайтқанымызда, олар маған таңертеңгі және кешкі аста нанын маған тарту етіп, өздері кепкен құрманы жейтұғын. Өйткені Аллаһ елшісі (с.а.у) бізге, яғни тұтқындарға жақсы мәміле жасауларын өсиет еткен еді. Олардың біріне қолына нанның бір тілімі тисе, дереу маған әкеліп беретін. Мен қатты қысылып, ұялып нан тілімін олардың кез-келген біреуіне қайтып беретінмін. Бірақ ол нан тілімін маған қайта беріп, қол тигізбейтін. (Ибн Хишам, II, 288; Хайсами, VI, 86)

Әбу Уақид (р.а) былай деп хикая етеді.

Аллаһ елшісі (с.а.у) Мәдинаға келгенде жұрт тірідей түйенің өркешін кесіп, қойдың санынан ет кесіп алып жейтұғын. Мұны көрген Аллаһ елшісі (с.а.у): «Хайуан тірі тұрғанда, одан кесіліп алынған ет өліктің үкімінде, желінбейді»,-деді. (Тирмизи, Сайыд, 12/1480)

Ғаламның рақым нұры пайғамбарымыздың жарық дүниеге келуімен тіпті хайуандар зұлымдықтан құтылып, мейірімділік және рақымдылықпен танысты.

Аллаһ елшісі (с.а.у) қойдың құлағынан тартып, бауыздауға апара жатқан біреуді көріп қалып дереу араласып: «Хайуанның құлағын жібер, мойнынан ұста»,-деп әмір етті. (Ибн Мажа, Забайых, 3)

Әрі пайғамбарымыз (с.а.у) пышақтың хайуаннан жасырын қайралуын, оған көрсетілмеуін бұйырған. Әрі: «Араларыңдағы кез-келген біреу жануарды бауыздағанда, оны тез және мүлтіксіз орындасын»,-деген. (Ибн Мажа, Забайых, 3)

Ашаршылық жылдарында Жүсіптен (ғ.с): «Сен қазынаға жауапты қызметкер әрі оны сарп ету еркіңе берілседе, аш қаласың? Тойып бір жемейсің»,-деп сұралған еді. Жүсіп: «Мен тойып жесем аш болғандарды ұмытып, олардың халдерін түсінбей қаламын ба деп қорқамын»,-деп жауап берді.

Умму Қайыс бинти Михсан (р.а) былай деп әңгімелейді.

Ұлым көз жұмды. Өлімі қатты жаныма батты. Оны жуатын кісіге: «Ұлымды суық сумен жума. Оны өлітіріп қоясың»,-дедім. Бұл сөзді естіген бауырым Уккаша дереу Аллаһ елшісіне (с.а.у) барып, айтқандарымды жеткізіпті. Аллаһ елшісі (с.а.у) күлімсіреп: «Осылай деп жатыр ма?! Аллаһ оның өмірін ұзартсын»,-деді.

Хадисті нақыл еткен рауи: Біз ол тәрізді ұзақ өмір сүрген әйелді көрмедік»,-дейді. (Нәсаий, Жанайыз, 29)

Адамзат баласы өте қадірлі болып жаратылған. Сондықтан көзі тірісінде қалай құрмет көрсетілсе, о дүниелік болғандада дәл сондай құрметке бөленуі тиіс. Марқұмды суық немесе қайнап тұрған сумен жуу, ары-бері аунатып денесіне сызат салу тағыда басқа іс-әрекеттерге тыйым салынған.

Бұл хадис-шәріптен басқа мағынада шығады. Ол Умму Қайыстың (р.а) ұлына мейірімі түсіп, жуатын кісіге кеңес беруі. Мұны естіген пайғамбарымыз (с.а.у) оның ұлына деген мейіріміне көңілі толып, ұзақ өмірлі болуын тілеп, дұға етуі. Сондықтан бұл риуаяттан рақымды әрі мейірімді жандардың өмірлері ұзақ болады деген мағына шығуы әбден мүмкін.

Ұзын сөздің қысқасы, кәміл момын болу үшін рақымдылық, мейірімділік, сүйіспеншілік секілді жағымды қасиеттерімізді күшейтуіміз қажет. Сонымен қатар бұл қасиеттерді күллі махлұқатқа көрсетіп, Хақ Тағалаға құлшылық ретінде қабыл алуымыз ләзім. Ішінде рақымдылық пен мейірімділік болмаған кез-келген қызметтің берекесі болмайды. Қоғамдық қызметтердің негізгі тіректері, осы қасиеттер болып табылады.

Жер жүзіндегілерге мейірімділік танытсақ, көктегілердің бізге мейірімділік танытуына қол жеткіземіз. Хақ Тағала жаратқан күллі махлұқатқа рақымдылық танытсақ, оның рақымдылығына ілігеміз ағайын! Өйткені біз, әрдайым оның мейіріміне мұқтажбыз!

Бауыржан Әлиұлы

Published in Ғибратнама

Жақында Қостанай облыстық Марал ишан мешітінде осынау киелі орын ұжымының және Қазақстан қажылар қауымдастығының Қостанай облыстық филиалының ұйымдастыруымен наурыз мерекесіне байланысты басқосу өткізілді.

Онда алдымен облыстың бас имамы Асылхан Мұханбетжанұлы жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Содан кейін аталмыш қауымдастық филиалының төрағасы Жақсылық Ғайсаұлы өзі басқарып отырған филиалдың үстіміздегі жылға атқаратын асқаралы міндеттеріне тоқталды.

Осынау басқосуға тек қажылар қауымдастығы ғана емес, Заречный қазақ орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары, Қостанай облыстық балалар үйінен бүлдіршіндер арнайы шақырылды. Олар осы жүздесудің жоғары деңгейде өтуіне лайықты үлес қосты.

Оларға мерекелік дастарқан жайылды, дайындалған тағамнан дәм татты. Бұл тағылымды кездесуде елімізге белгілі ақын, құрметті қажыларымыздың бірі Жолбарыс Баязид өлең оқып, жерлестерімізге шын жүректен шыққан шынайы лебізін білдірді.

Кештің соңында, барлық жұртшылыққа абыз ақсақалымыз Мырзағали қажы Ғабдуллин ақ батасын берді. Шақырылған бүлдіршіндер мен мектеп оқушыларына рухани құндылықтар яғни, кітаптар, құран уағыз дискілері табыс етілді. Сондай –ақ қонақтар естелікке суретке түсті.

Сонымен қатар осы шара қарсаңында танымдық-тәрбиелік жағы мол неке қию, тұсау кесер рәсімдері өткізіліп, қазақтың ежелден келе жатқан салт –дәстүрінен сыр шертер ою-өрнектер көрпеше мен өзге де заттар көрмеде ұйымдастырылды.

Мешітте наурыз мерекесі тойланды

Мешітте наурыз мерекесі тойланды

Мешітте наурыз мерекесі тойланды

Мешітте наурыз мерекесі тойланды

Мешітте наурыз мерекесі тойланды

Мешітте наурыз мерекесі тойланды

Мешітте наурыз мерекесі тойланды

 

МДБ-ның Қостанай облысындағы
баспасөз қызметі
Published in Ғибратнама

Мүгедек бала көмек күтеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жауапты қызметке кіріскелі бері адам бойындағы ерекше қасиет яғни, қайырымдылық көрсету, күн көрісі төмен жандарға қол үшін беруге айрықша назар аударып келе жатқаны көпшілікке аян.

Рудный қалалық «Нұр» мешіті де Бас мүфтидің игілік жолындағы бастамасын басшылыққа ала отырып жергілікті жердегі қам көңіл кісілерге дер кезінде ықпалдарын тигізу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Осы жуырда ғана біздің шаһарымыздағы бір мұсылман бауырымыз өзінің жомартығымен жұртшылықтың ризашылығына бөленді. Ол осындағы жастай мүгедек болып қалған 10 жасар Азиз Ищяновқа, 110 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек жасады.

Сөйтіп әлгі азамат өзінің нағыз парасатты жан екендігін тағы да дәлелдеді.

Жалпы біздің арамызда тағдырдың жазуымен тауқыметті бастан кешіп жатқан мүмкіндігі шектеулі үлкенді-кішілі кісілер баршылық. Егер Азиз Ищяновқа Алланың ризашылығы үшін қайырымдылық көмегін көрсетемін деген азаматтар болса Рудный қалалық «Нұр» мешітінің имамы мен қызметкерлеріне хабарласуға болады. Байланыс телефоны: 8 (71431) 46232.

Жүрегі жомарт азаматтардың назарына

Жүрегі жомарт азаматтардың назарына

ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі
Published in Ғибратнама
Пятница, 30 Май 2014 00:00

Аға буын өкілдерімен кездесу

Рудный шаһарындағы «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт Темірбекұлы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының мешіт қызметкерлері алдына қойып отырған міндеттерін дер кезінде орындауға ерекше көңіл бөледі.

Жақында қасиетті жұма күні киелі орында жоғарыда аталған қалада тұратын ақжаулықты аналарымыз және ақсақалды аталармен аса маңызды тақырыптарға арналған жиын өткізді.

Бұл басқосуда имам үстіміздегі жыл «Дін және Дәстүр» жылы болып жарияланғанын түсіндірді. Біздің халқымыздың өмірінде әдет-ғұрыптың, салт-дәстүріміздің қаншалықты орын алатындығы жайлы айтты.

Бұл жүздесудің ерекше есте қалғаны өмірдің талай асуларынан өткен аға буын өкілдері яғни аталарымыз бен әжелеріміз діни сауат ашу курсында дәріс алып жүрген төрт үздік шәкірттерімізге елордамыз Астана қаласындағы мешіт - медреселерді саяхат жасауға демеушілік қолдау көрсетті.

Осынау жиынға мешіттің наиб имамы Саят Серікұлы да қатысты.

Аға буын өкілдерімен кездесу

Аға буын өкілдерімен кездесу

Аға буын өкілдерімен кездесу

Аға буын өкілдерімен кездесу

ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі
Published in Ғибратнама

Таяуда қасиетті жұма күні Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт Темірбекұлы осы шаһардағы №1 қарттар үйінің қызметкерлерімен кездесті. Жүздесуде «Конфесияаралық келісімнің Қазақстандық моделі» деген тақырыбы әңгіме арқауына айналды.

Бас имам басқосуда Ислам діні әрқашан халықтар арасындағы татулықты, бірлікті адалдықты алдыңғы кезекке қойатындығын айтты.

Осынау жиында интернаттағы қарттарға, мүгедектерге қызметкерлер тарапынан жасалып жатқан қамқорлық үшін шынайы ризашылығын біцлдірді. Өзіне қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ аталмыш мешіттің бас имамы Рудный шаһарындағы «Аумақтық қызмет көрсету орталығы»-ның қызметкерлерімен кездесуде жоғары деңгейде өткізді.

Мұнда Сейіт Темірбекұлы қазіргі діни ахуалды, әртүрлі теріс, радикалды ағымдардың зияны жайында түсінік берді.

Бұл басқосуға қалалық ішкі саясат бөлімінің әдіскері Л. Қапанова, Богоявленский храмның протоиерейі А. Гутов қатысты.

Тәрбиелік маңызы ерекше жүздесулер

Тәрбиелік маңызы ерекше жүздесулер

Тәрбиелік маңызы ерекше жүздесулер

Тәрбиелік маңызы ерекше жүздесулер

Тәрбиелік маңызы ерекше жүздесулер

Тәрбиелік маңызы ерекше жүздесулер

Тәрбиелік маңызы ерекше жүздесулер

ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі
Published in Ғибратнама

Осы мақалада біз дін тіректерінің кейбір мәселелерді түсіндіруге тырысамыз. Оларды тіпті өте зерек адамдар мен ілімге ұмтылған студенттердің өзі де түсіне алмай жүр және де олардың қолынан келетіні бір-ақ іс, ол осы Мәселелерді айналып өтулері. Ал енді бұл мәселені осы күінде тастауға болмайды, себебі ол дін негіздерінен болған іс және де бұл істе білімсіздікпен қателесуіміз бізді ақтамайды. Білімді адамдар арасында осы тақырыпқа сөз қозғасың: “Мен білмеймін”- деп жауап береді. Әрине “Мен білмеймін”- деп жауап берудің өзі ілімнің жартысы деп айтқан, дегенмен бұл сөз, дәл осы мәселелерге қатысы жоқ. Ей, мұсылман бауырым, мына нәрсені білгенің жөн!

Қазіргі таңда адамдар арасында дін негіздерін танудағы надандықтың кеңінен жайылуы үлкен қасірет. Дін негідерін халыққа үйретуі үшін ғалым сол халықтың қалың ішінде жүріп, сол ісінде Пайғамбарлар сияқты басына түскен барлық қиыншылықтарды сабырлықпен өткеруі керек. Және осы жолды имамдарымыз да ұстануы керек, себебі Пайғамбарлардың орынбасарлары емес пе? Ал Пайғамбарлар өздерінен кейін ілімнен басқа мирас қалдырмады. Ал енді кімде-кім өзін “ Пайғамбарлардың мирасқорынанмын”-деп есептесе, ол мойынына жүктелген ілімді жеткізу (таблиғ ) міндетін өтеуі керек. Адамдар ғалымдарың өз істерімен айналасып жүргенін көргенінде өздерін ғалым деп жүрген надандарға жүгіне бастады. Осы жалған ғалымдар халықты күнделікті тіршілігінде адастыра бастады және адамдар сол есерлерге ілесті. Әрбір ілім иесіне адамдардың сенім (ақида) және шариғат мәселелерінде көздерін ашу міндет, тіпті Аллаһ Тағала ол халықтын разы болмайынша. Осы шағын еңбегімізді “ Ұқсамау мен ұқсату арасындағы үлкен айырмашылық “- деп атадық, себебі кәзіргі таңда халық осы екі ұғымды біріктіре бастады. Бәрімізге мәлім болғандай дін негізі күшті болмаса және ол Құдайды бір деп танып, (тахидқа) сүйенбесе мықты бола алмады. Қарапайым халық арасында Ахли-Сунна сенімдері Жайында теріс пікірлер жайылып кетті.Біз осы еңбегімізде Хақ сенімдермен адасушы топтардың сенімдерін салыстыра отырып қайсы дұрыс, қайсы бұрыс екенін анықтамақшымыз.

Мұсылмандар ішіндегі антропоморфизм (бір нәрсені адамның сипаттарымен сипаттап Құдай деп тану).

Ибн Хазм Әл-Андалуси “Әл-Фисал” кітабында: “Таурат кітабының алғашқы нұсқалары барлық раввиндерде( еврей дін қызметкелері)бірдей болған және онда ешбір айырмашылықтары болмаған. Дәл осындай жағдай яхудилердің екінші тұтқындалуларына дейін жалғасты, оларды екінші рет тұтқындағаннан кейін Тауратта мынадай сөздер пайда болды: ” Аллаһ Тағала : ” Біз адамзатты өз бейнемізге ұқсатып жараттық”-деп айтты . Егер осы жерде тек қана” бейнемізде” деп айтылғанда онда тұрған бір қорқыныш болмас еді және де оның мағынасы дұрыс болар еді,себебі бұл сөз Аллаһтың осы бейнені жаратқанын білдіруші еді. Біз: “ Бұл Аллаһтың ісі” – деген сөзді айтамыз ғой , демек “Аллаһтың бейнесі” дегенді , ол бейнені Аллаһ жаратқан деп түсінеміз. Бірақ “өзіне ұқсатып” деген сөз қосылған соң оның мағынасын біз жоғары дағыдай түсіне алмаймыз, себебі бұл сөз Адам (оған Аллаһтың сәлемі болсын) Аллаһқа ұқсас дегенді білдіреді, әрине бұл істің болуы мүмкін емес және ақылға сыймайды, Аллаһ бұндай кемшіліктерден пәк, Оның бір нәрсеге ұқсауы Және бір нәрсенің Оған ұқсауы мүмкін емес. Бұл өте маңызды сөз,себебі яхудилер: ”Аллаһ бізге ұқсайды” деп айтып ұқсатушылардан ( мушаббих) болды. Жәнеде Ибн Хазм бұл істі Кітапта (Құран), ақылда қайтарғанын айтады. Мұсылманға олай ойлауға болмайды. Адасушы топтарды Зерттеумен айналасатын ғалымдар осы ұқсату ісі яхудилерден жеткен деп айтады. Яхудилердің өздері негізгі екі топқа бөлінеді, олар: ұқсатушылар мен қадарилер. Ғұлама Әбу Музаффар Әл Исфарони: ”Әт Табсиру фид дин” кітабында: ”Олар(яхудилер) ұқсатудың (ташбихтың) қайнар көзі. Және Исламда осы сөздерді айтушылардың бірі солардың жолына ілесті”-деді. Міне Исламдағы ұқсатушылар кімнің соныңа ілескендері естерінде болсын!

Дұрыс әдістен ауытқу

Мұсылмандар Сахабалардың жолынан алыстаған сайын және Олармен Пайғамбарлық нұрының арасын уақыт алыстатқан Сайын Ислам үмметінде бүлікпен күмәндәр көбейе түсті. Кейбір надандар Раббыларын адамға ұқсас деп таныды. Оның себебі Халифат құрамына көптеген өзге ұлт және олардың өкілдері кірді мажуси (зароастризм), брахман буддизм), индуистер сияқты және яхудилер мен масихилер халифат істеріне араласа бастады,сөйтіп мұсылмандардың ой-пікірлеріне әсерін тигізді. Аһлул – Хадис (Хадис ғалымдары) имамдары осы жағ дайды көріп Аһли-Суннаның(Пайғамбардың жолына ерушілер) муташабиһ ( уқсату) аяттары мен хадистерге дұрыс сеніп, түсіну жолын түзіп шықты. Имам Ахмад Ханбал , имам Дауд Әли Әл-Асбахан және де басқа имамдарға (қатысты сөздерге) келсек Олар Малик Ибн Аббас сияқты сәләф ( алғашқы ғалымдар ) Ғалымдарының жолын ұстанды. Олар қауыпсіз жолмен жүрді және: ”Біз Құран мен Сүннетте келген барлық нәрсеге сенеміз және тауил ( астарлы мағына ) жасамаймыз. Сонымен қатар біз Аллаһ Тағала еш нәрсеге ұқсамайды да, еш нәрсе Аллаһқа ұқсамайды деп сенеміз. Және Аллаһ барлық елестетіп, ойға келтіре алатын нәрселерді жаратқан Ұлы Жаратушы деп сенеміз”-деді. Ал имам Шахристанидің айтқаны мынау: ” Олар ташбихтан соншалықты қорықты, тіпті мына сөзді айтты: Кімде-кім” Мен оны Өзімнің екі қолыммен жараттым”-деген сөзді оқып қолын қимылдатса, немесе ”Момынның журегі Рахымдының саусақтарының арасында” – деген хадисті оқып саусақтарын қимылдатса оның қолын шауып, саусақтарын жұлып тастау керек”- деген. Олар және мына сөзді айтты: ”Біз осы аяттарды түсіндіріп, олардың мағыналарына терең кірмеуімізге екі себеп бар. Олар: Біріншіден: бұл істен бізді Құран қайтарды, ”Ол Аллаһ саған Құранды түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар Кітаптың негізгі іргетасы. Екінші ұқсас ұғымды аяттар бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі. Оның Ұғымын Аллаһ қана біледі. Сондай –ақ ғылымда озат болғандар: “Бұған сендік. Барлығы Раббымыздың қасынан”- дейді. Бұны Ақыл иелері ғана түсінеді”.(Әл-Имран, 7 аят ) Осы себепті біз тәуилден сақтанамыз.

Екіншіден:Тәуил – деген бұл пікір,ойға (зонн )сүйенген пікір. Ал Аллаһ жайында (хақында ) ойға сүйеніп сөйлеуге болмайды. Егер біреу ол аятты түсіндірем деп Аллаһтың аятқа жасырған мағынасына қарсы келсе адасуы мүмкін. Сол себепті біз ”Осының бәрі Раббымыздан” – дейміз, нағыз білімі барлар айтқандай. Біз осының бәрін қабыл алып иман келтірдік және ол істі Аллаһқа тапсырдық. Және бұл іс бізге жүктелмеген, себебі бұл иманның бөліктерінен емес – деді.??????

Және де Шахристани : “Кейбір ( сәләфтар )бұл істе соншалық сақтық танытты, олар”әл-уәжһ”,”әл-ияд”,” әл-истәуә” сияқты сөздерді парсы тіліне аудармады. Ол сөздерді сол күйінде ( демек арбша) қолданды. Міне осы жол нағыз қауіпсіз жол,бұл ташбихтың (ұқсату) ізі де, белгісі де, аздаған көрінісі де жоқ. Осы ұстанымның ұқыптылығына қараңызшы, бұл сәләфтардың ( алғашқы ғалымдар ) осы істе қателісіп қалмау үшін өте қатты сақтық танытулары болып табылады. Осы айтылып жатқан сөздерді сәләф – имамдардың өздері қуаттайды, мысалы Имам Ахмадтың сөзін келтірсек: ” Біз оларға ( аяттар мен хадистер ) сенеміз және иман келтіреміз, бірақ оларға мағына бермейміз де, бейнелемейміз”.

Және хафиз Тирмизи “Сунан” кітабында: ”Осы мәселеде имамдардың және Суфьян Әс-Сәури, Малик ибн Анас, Ибн Әл-Мубарак, Ибн Уйейна, Уәкиғ сияқты білімі бар адамдардың мазхабы мынаған Сүйенген, олар осының бәрін келтіріп барып былай айтар еді: ”Бұл хадистер риуаят етіледі( жеткізіледі) және біз оларға иман келтіреміз де қалай деп сұрамаймыз”. Міне ахлул- Хадистің ұстанған жолы осы. Хадисте келген сөзді сол күйінде қабылдап, оған иман келтіру және мағынасына терең кірмеу (туфассир), оны елестетпей және қалай демеу. Ілім иелерінің жолы осы”. Сәләф салихиндердің ( алғашқы үш ғасыр ғалымдары ) мазһабы осы, яғни мағынасын бір Аллаһқа тапсырып оны қазбаламау. Осы әдіс Аллаһтың ”қолы” бар мүше ретінде, “истауа” отыру, “нузуль” орын ауыстыру әдісімен салыстыруға келе ме? Сол сияқты басқа да адасуға түсушілердің бұл ұстанымдары “ Қалай келсе соған иман келтірдік, мағынасына кірмейміз” – деген сәләфтардың ұстанымы ма? Аллаһты жаратылыстардың сипатымен сипаттушылар мен муташабиһ( ұқсау) аяттарының мағынасын Аллаһқа тапсырып, Оны жаратылыстарына ұқсатпай иман келтірушілердің арасында қандай да бір ұқсастық бар ма? Ондай адамдардың сәләфтардың жолын ұстанамыз деулерінде ешбір негіз жоқ! Бұл дегеніңіз тек қана қарапайым халықты көркем сөзбен алдау әрекеттері. Олар өздерінің не айтып жүргендерін де білмейді, білімсіз пәтуә шығарып елді адастыруда. Олар тура жолдан адасушылар. Төменде олардың жағдайларын толығырақ айтып өтеміз, әсіресе осы заманымыздағы адасушыларға тоқталамыз, Инша Аллаһ. Енді біз «Сәләфтардың» осы мәселедегі ұстанымдарын кеңірек баяндауға тырысамыз және олардың мушаббиһ емес екендігін, Аллаһқа тарап, шекара, қимыл, орын бекітпегендігін айтамыз.

Ибн Джахбал есімімен танылған шейх алляма Шихабудин Әл – Халяби былай деп жады: «Сәләфтардың мәзһабы Аллаһты бір деп білу және жаратылыстарға ұқсатпауға негізделген, ал бұл дегеніміз тәджсим де (дене деп білу) ташбих та (ұқсату) емес. Жексұрын жаңалықтарды ұстанушылар өздерін сәләфтардың мәзһабындамыз дейді. Қалайша сәләфтарды Аллаһ Тағаланы жаратылыстарға ұқсатты деп, жиіркенішті жаңалықтар енгізілгенде үндемеді деп айтамыз? Аллаһ Тағала айтпады ма: «Жалғанды ақиқат демеңдер» – деп. (Бақара сүресі, 42-аят) және Аллаһ Тағала тағы бір аятында былай дейді: «Сол уақытта Аллаһ Тағала Кітап берілгендерден «Әлбетте оны адамдарға түсіндіріңдер, жасырмаңдар» деп, сенім алған. Дегенмен олар оны арт жақтарына тастады. Әрі олар оны аз бір бағаға айырбастап алды. Сонда олар нендей жаман нәрсе сатып алды». (Әли ғимран сүресі 187 аят).

Имам Абу Жағфар Ат Тахауи «Ақидасында» айтады: «Ақиқатында Аллаһ Жалғыз, Оның серігі жоқ, Оған ұқсас ешнәрсе жоқ, Одан күшті зат жоқ, одан басқа Тәңір жоқ. Ол басталусыз және аяқталусыз мәңгі зат. Ол ешқашан жоқ болмайды және Оның тіршілігі ешқашан аяқталмайды. Оның қалауынсыз ешнәрсе болмайды. Оны ешбір ақыл, ой қамти алмайды, Оны ешбір ұғым ұға алмайды, Ол ешбір жаратылысқа ұқсамаған».

Ей адамдар, осы ұлық ғалымдардың сөздеріне қарап өздеріңнен сұраңдаршы, олар Аллаһ Тағаланы белгілі бір бейнемен белгіледі ме?

Олар Аллаһты үлкен немесе кішірек бір дене деп таныды ма ? олар Аллаһты базар аралап жүреді, біз сияқты немесе адамға ұқсас, бірақ одан алдеқайда үлкен деп мушаббихтер айтып айтып жүргендей айтты ма ? Әлде олар Аллаһтың денесі Аршыға тиіп тұр ,немесе Аллаһ пен Аршының арасында саңылау бар деді ме? Әлде олар Аллаһ бір орын алып тұр, Оған пенде басқа бір нәрсеге жақындайтындай жақындай алады немесе пенде Раббысына нұсқай алады деді ме?

Мұсылмандар, міндетті түрде өздеріңді сараптаудан өткізіңдер! Жүректеріңдегі Аллаһ Тағалаға (хаққысына) қатысты нәрсені сараптап көріңдер. Жәнеде мағынасын ұқпастан айтып олардың сөздеріне иланбаңдар.

Жүректеріңе үңіліңдер! Сендер Аллаһ Тағаланы затында болсын, сипатында болсын немесе ісінде болсын бір нәрсеге ұқсатасыңдар ма? Егер солай болған болса ол жеккөрінішті сенімдерді тастаңдар, Раббыларыңның кешіріміне ұмтылыңдар.

Аллаһ Тағала айтқанындай : “ Оған ұқсаған ешнәрсе жоқ, Ол көруші, Естуші.” Сендердің “Біз сәләфпіз және сәләфтерге ілестік ”- деген құр сөздерің сендерді құтқарады деп ойламаңдар, себебі сәләфтарда мұндай жеккөрінішті сенім болмады және олар Жаратушыларын ешнәрсеге ұқсатпады. Және де алғашқы ғасырлардың мұсылмандары: «Ислам ғалымдарының көбісі адасқан» деп сендер айтқандай куәлік етпеген.

Ислам ғұламалары: хафиздер, фиқих, тәмпсір, араб тілі ғалымдары, олар адасушылар болғаны ма? Сонда сендердің кішкене ғана бір топтарың Аһли сунна болғаны ма? Осындай ұлық ғұламалардың алдында сендердің ілімдерің не тұрады. Сендердің тақуалықтарың мен шыншылдықтарың қайда? Аллаһ Тағала рахым етіп қойған кейбір фиқих мәселелеріндегі әр түрлі көзқарастарды сендер бүлік шығару үшін пайдаланғаннан басқа Ислам үшін не істедіңдер? Сендер дін негіздерін менсінбестен муташаббихтер мен мужассимдердің сөздерін өздеріңе негіз етіп алдыңдар. Сендер өздеріңді (Тозақтан) құтылдық деп ойлайсыңдар ма? Аллаһтың атымен ант етемін, осылай ойлағандар және өзін ешбір себепсіз бірдеңеге дримын деп жүргендердің әрбірі надан. Ұқсамау, ұқсату мен мойындамаудың ортасында Әбу Жағфар Ат Тахауй: «Кімде кім Аллаһ Тағаланың сипаттарын мойындамаса және одан сақтанбаса немесе Аллаһты бір нәрсеге ұқсатса, ол адам адасып, Аллаһтың ұлықтығын түсіне алмаған пенде. Себебі, Раббымыз Жалғыздық және мүлдем ешнәрсеге ұқсамау сипаттарымен сипатталып, ешбір нәрсе Оған ешқандай мүлдем ұқсамаған деп сипатталады. Аллаһ қандай болмасын шектелуден пәк, Ол белгілі бір шекарада болудан, бөлшектерден құралудан, қол, аяқ сияқты немесе басқада мүшелерден пәк зат. Ол жаратылыстар сияқты алты тараптың бірінде емес».

Осындағы әрбір сөзде пайда бар. Бұл сөздер жаттауға әбден лайық. Ақидатул Тақауия Ислам әлемінің барлығына әйгілі. Онда жазылғанның бәрі хақ екніне және осы Аһли Сунна ақидасы екеніне барлығы келісті. Жоғарыда келтірілгенүзіндіден Құран мен Сүннетте елген нәрсеге қарсы келуге болмайтынын түсінеміз. Мысалы , «Естуші» деген сипат айтылса адамдар құлақ арқылы миға жетуін елестетеді. Бұл есту сөзінің нақты мағынасы. Бірақ бұл сөз қандай да бір кемшілікті білдіреді деп мойындамай қоюға болмайды. Біз, жай ғана Аллаһ осы сөзбен сипатталған дейміз, бірақ, Аллаһ Тағалада құлақ бар деп немесе Аллаһтың естуге арналған бір мүшесі бар, Ол сол мүше арқылы естиді деп сенбейміз. Аллаһтың естуі адамның естуіндей демейміз. Бұл жердегі мағына Аллаһ Тағаланың ұлықтығына лайық есту сипатымен сипаттап, Оны барлық кемшіліктерден пәктеуіміз. Бұл бір ғана мағына беретін сөзге қатысты мәселе, ал енді сөздің бірнеше мағынасы болса, онда біз сол мағыналардан Аллаһтың ұлықтығына ең лайықты мағынаны таңдап, лайықты болмаған мағыналардан бас тартуымыз керек. Ал енді осы істі «Тәуил» деп атайды.

Ташбихке келер болсақ біз оны да мойындауымыз керек. Аллаһ Тағала өзіне тән сипаттармен сипатталған, оның сипаттары жаратылыс сипаттарына ұқсамайды. Бұл, ташбихке (ұқсату) қарсы тұрудың негзгі шарты. Раббымыз барлық кемшілік, өзгерулерден пәк. Қол, аяқты бар деу бөлшектердің бар екндігін білдіреді, ал бұл дегеніміз кемшілік, себебі бұл нәрсе осы бөлшектерді құрашы біреуге нұсқайды. Бір мақсатқа жету үшін мүшелерін пайдаланған зат кемшілікпен сипатталады. Мекені бар нәрсенің барлығы шектеулі, ал біз шектелудің кемшілік екенін білеміз. Сол себепті имам Тахауй Аллаһ Тағаланың мекені болуына қарсы келеді. Осы сенімге Аһли Сунна бір ауыздан келіседі және муташаббихтерден басқа ешкім бұған қарсы келмейді. Шихабуддин Әл – Хляби «Хашауиттер мазһабы Аллаһты бір орынға бекітеді бұл бейшара негізсіз мазһаб. Аздап қана ақыл жүгіртсе бұлардың айтқандары жала екені белгілі болады. Имамдар: «Олардың мазһабтарын жоққа шығару үшін сия шығындауға да тұрмайды, бірақ қарапайым мұсылмандар оларға алданғандары үшін осы іске барамыз» деген (Табақат кітабы, Ас – Субки 9|36). Және де ол кісі: «Аллаһтың атымен ант етемін, тіпті бір емес мың рет ант етемін! Елшілердің мырзасы Аллаһ жоғарыда деген сенімде болған жоқ» деді.

Жәнеде мынаны түсінген абзал; ұлы, жоғары болу мен жқғарыда болудың жер мен көктей айырмашылығы бар. Шариғат Мұсылманға Аллаһты ұлы (жоғары мәртебелі, арабшасы Ал Али) деп сенуге бұйырады. Осыны нағыз ұлықтық, мәртебелі деп есептеуге болады. Ал мекнге келетін болсақ онда ол Фауқ (әлемнің үстінде) деген мағынада болады, Шариғаттың ешқандай жерінен бұл сөсзді таппайсыз, оның үстіне бұл жалған сенім, бұлай ойлауға болмайды. Осы себепті имам Тахауй Аллаһқа қатысты барлық мекенді жоққа шығарды. Егер Аллаһ Тағалаға жоғарыда болу дайық болғанда имам Тахауй нені жоққа шығарды? Ал енді имамның осы сөзін астарлап түсіндіру керек дегенге ешбір дәлел жоқ, бұлай түсіндіру нәпсіге еру. Егерде сен дәлелсіз: «Имам бұл жерде оны айтқысы келмеді, олбасұа нәрсені меңзеп еді» десең, сөздің мағынасын өзгерту болмағанда не?

Аллаһқа мекен бекітудің нәтижесінде екі іс пайда болады: Аллаһты Құран мен Сүннетте болмаған нәрсемен сипаттау, өздерін «Салафимыз» деушілер; «Біз Аллаһты, Ол өзін Құранда сипаттағандай және Пайғамбарымыз (С.А.У) сипаттағандай сипаттаймыз» деп, өздері осы ережелеріне бірінші болып қарсы шығады. Бұл сөз (яғни фауқ) Аллаһтың затына лайыұты емес, себебі ол кемшілікті білдіретін болады. Имам Тахауй: «Кім Аллаһты жар атылыс мағыналарымен сипаттаса ол күпірлік етті (кәпір блды)» – деген. Белгілі бір мекенде болу мақлұқтарға лайықты сипат, демек ол кемшілікті білдіреді. Және бұл жерде ұлықтыққа ешқандай нұсқау жоқ. Көп қабатты үйлердің тоғызыншы қабатының тұрғыны екінші қабат тұрғынынан ұлық болмағанындай. Шариғатта да, ақыл ойлап тапқан ойда да жоғары болған бір жер төмендегі жерден ұлық демеген. Сондықтан жоғарыда деген сипатты бекіту – бұл нәпсіге еру. Имам ӘЛ – Жуайни осы мәселеге қатысты негізгі ережені ескертіп өтті: «Жаратылыстың қандай болмасын сипаттары-ол бір істің нәтижесі, ойсыз жаратылуы мүмкін болмаған. Тағы бұл нәрсе Раббының хаққысына мүмкін еме, себебі бұл сипат Раббының затында бар болғанда, ол сипатты пайда қылатын істі істеушіге мұқтаж болып ұалар еді. Бұл өзгеруші жаратылысқа лайықты сипат» – деді. Бұл сөздер сенімнің өте маңызды мәселелерін қамтиды. Оның мағынасы мынада; егер біз жаратылыстардан белгілі бір сипат байқасақ, мысалы: қозғалыс жайлы ой жүгіртсек айқын дәлелдер арқылы істің жаратылғанын түсінеміз, яғни қозғалыстың басталуы бар екенін және басталусыз мәңгі емес екнін. Осыған қарап біз қозғалыс сипатымен сипатталған заттың да басталуы бар, яғни жаратылғандеген сөз. Себебі қозғалыс жаралмаған деу мүмкін емес, бұл болса қозғалыспен сипатталған заттың жаратылғанын білдіреді.

Енді Аллаһ Тағалаға қатысты мәселелерге көңіл аударайық. Бір хауаши бізге: «Аллаһ кеңістікте қозғалып бір орыннан екінші орынға ауысып тұрады» – деді. Біз оған: «Егер Аллаһ қозғалса, бұл іс Оның басталуы бар екенін, яғни жаралғанын білдіреді, себебі қозғалыс дегеннің өзі өзгеру мағынасын білдіреді. Сондықтан сен мужассим (Аллаһқа дене бекітуші) болсаң, Аллаһқа қозғалу сипатын бекітсең, онда сен Аллаһтың басталуы бар, өзгеруші дегенің». Басталуы бар болу немесе өзгеруді білдіретін қандай да болмасын сипаттар Аллаһтың затына лайық емес деп білуіміз міндет. Өйткені мұндай сипаттың өзі Аллаһтың басталуын және өзгеруін білдіреді, бұл болса Аллаһтың ұлықтығына лайық емес. Аһли – Сунна мазһабының негізі Аллаһ затында да, ісінде де, сипатында да жалғыз екнін білдіреді. Және барлық ғұламалар бір ауыздан: «ойыңа не келтіріп елестетсеңде Аллаһ оған ұқсамайды» – деген. Имам Әл–Джуайни: «Кімде кім Жаратушыны өз ойымен танымақшы болса ол мушаббих. Кім Аллаһты жоққа шығаруға бекінген болса, ол муғаттил. Ал кім Раббысын бар деп біліп және Оған (Оны тануда) адамның ақылы жетпейді деп білсе, ол бір Құдайшыл».

Мына сөздің ұлықтығы мен сұлулығына қараңызшы. Әрбір пенде осы сөзді өзіне міндетті ереже етіп алсын және Аллаһтың: «Оған ұқсас ешнәрсе жоқ» – деген сөзіне тәпсір етіп алсын.

Ислам сенімдерінің тереңдеу анықтамасы.

Осы тақырыпты біз кейбір аяттар мен ғалымдардың сөзімен бастамақшымыз. Ғұламалардың сөздері жүректің сенімін арттырады және кейбіреулер сияқты: «Олар адамдар (ерлер), біз де адамбыз (ерміз), олар қалай ізденсе (ижтихад) бізде солай іздене аламыз» –деуге болмайды. Біздің оларға жауаптарымыз келесі: Олар ізденуді ер блған соң істемеді, себебі ижтихатты әйел адамдарға да істеуге рұқсат қой. Олардың іздену себебі ғалым болғандықтан. Ізденіспен айналысудың белгілі бір шарттары бар және ол әр адамның қолынан келмейді. Ол дәрежеге жету үшін керемет талпыныс, сонымен қатар көптеген қиыншылықты бастан өткізу керек, себебі Аллаһ Тағала: «білмегендеріңді ілім иелерінен сұраңдар» –деген.

Құранда: «Оған ұқсас ешнәрсе жоқ» – деді. Бұл аяттың мағынасы анық. Түсінікті (мухкам) және барлық анық емес, астарлы (муташаббих) аяттарды осы аят арқылы түсіну керек. Әл–Байхакиден жеткен хадисте: Әбу Ибн Кағб Пайғамбарымыз (с.а.у.) мүшіриктер (көпқұдайшылдар) келіп: «Раббыңды сипаттап берші» –деді. Сонда Пайғамбарымызға (с.а.у) уахи келді: «Айт: Ол Аллаһ біреу–ақ (1) Аллаһ мұңсыз. Әр нәрсе оған мұқтаж. (2) Ол тумады да туылмады (3) Әрі Оған ешкім тең емес (4)» (Ықылас сүресі) және пайғамбарымыз (с.а.у): «Оған ұқсас ешнәрсе жоқ, Оған тең ешнәрсе жоқ және Ол тәрізді ешнәрсе жоқ» –деді. (Тирмизи, сахих хадис) Имам Әбу ханифа «Уасия» кітабында: «Біз Аллаһтың Аршыға Истауа екенін мойындаймыз, бірақ оған отыруға, бекуге мұқтаж емес. Аллаһ Аршығада, өзгеге де иелік жүргізеді, олардың ешбіріне мұқтаж емес» –деді. Бұл жерден көріп тұрғанымыз Абу Ханифа Аллаһты Аршыда отыр немесе Аршыда деуден қайтарады. Имам тек қана истауа сипатын келтіреді де ешбір жаратылысқа ұқсатпайды. Ибн Абдул Баррыдан жеткен риуаятта Аюб ибн Салах Әл Махруми: «Біз Маликпен бірге болған кезде бір Ирактық келіп оған: «Ей, Абдуллаһ, Рахман болған зат Аршыға истауа, қалай истауа?» –дегенде, имам, «Сенің сұраған нәрсең белгісіз нәрсе емес және ол нәрсені елестету мүмкін емес (ғайру мағқұл)» –деді. Яхия ибн Ибраһим: «Малик осындай хадистерді адамдардың айтқанын жақсы көрмейтін, себебі онда ұқсату мен шектеу сипаттары бар еді. Бұдан сақтанудың бір–ақ жолы бар – ол Аллаһтың айтқанындай айту. Аллаһ өзін уәжһ, иәдәйн, истәуә деп сипаттады да былай айтты: «Рахман болған зат Аршыға истауа» Аллаһтың айтқанын ғана айт, оған тереңдеп кірме, оны тәпсірлеме және «қалай?» деме. Ақиқатында бұл деген өлім. Себебі Аллаһ құлына оған иман келтіруді бұйырды, тәпсірлеп тереңдеуді емес. Оның мағынасын Аллаһтан басқа ешкім білмейді».

Осы сөздерге қарап ой жүгірт! Сонда бұл адамдардың ұқсатудан қаншалықты қорыққанын көресің, одан өлімнен қорққанындай қорққанын көресің. Ал енді оның мағыналарына тереңдеуге тыйым салулары –ұқсатудың қандай түріннен болмасын сақтанулары. Ұқсатудан тию Құран мен Сүннетте, сәләфтардан болған ғалымдардың сөздерінде бар және де бұл кейбіреулердің Құран мен Сүннетте ұқсатуға тиым жоқ дегеніне қарамастан ашық, анық тиым.

Адасушылардың кейбір қауіпті пікірлерінен сақтану.

Имам Шахристани: «Білгін! Сәләфтар басталусыз ежелгі сипаттармен сипаттайтын Ілім, Құдірет, Тіршілік, Қалау, Есту,Көру, Сөйлеу, Рахым, Күш сияқты сипаттармен және оларды затына, ісіне қатысты сипаттар деп ажыратпаған. Олар Аллаһты хабари сипаттармен сипаттаған «әл–иядәйн», «рижләйн» сияқты, сонымен қатар осы сипаттарға астарлы мағына бермеген, бірақ осы сипаттарды ескерсе хабари сипат деп атап өтетін. Мұғтазилалар сипаттарды жоққа шығарса, сәләфтар оларды бар деп бекітетін. Сәләфтарды « сипат берушілер», мұғтазилаларды «сипат ұайтарушылар» – деп атаған. Кейбір сәләфтар Аллаһты сипаттауда ұқсатудың шегіне жетіп Аллаһты басталуы бар сипаттармен сипаттады. Кейбірі істі білдіретін сипаттармен шектелді. Осы хабария сипаттарына келгенде сәләфтар екіге бөлінді. Олардың кейбірі сол сипаттарға лайық астарлы мағына берді. Ал басқалары астарлы мағына беруден сақтанып; «Біз Аллаһқа ұқсас зат жоқ екеніне және Аллаһ ешбір нәрсеге ұқсас еместігіне нақты сенімдеміз. Осылайша иман келтіре отырып біз; «Рахман болған зат аршыға истауа» –деген аяттағы сөздің нағыз мағынасын және осы сияқты басқа сөздердің де мағыналарын білмейміз. Бізге бұл аяттардың мағынасын білу міндет емес, бірақ Аллаһқа серік қоспай, Оған ұқсас ешнәрсе жоқ деп иман келтіруіміз міндетті». Осыдан кейін келген кейбір ғалымдар: «бұл сөздерді негізгі мағынасында түсіну керек» –деп айтып, сол себепті ташбихке тап болды да сәләфтарға қарсы шықты. Ұқсату (ташбих) яхудилердің сипаты еді, әрине олардың барлығы ұқсатқан жоқ, олардан кейін шийттердің ішіндегі қатты адасушылары имамдарын Құдайға теңеді. Сәләфтардың арасында мутакаллимдер (ақида ғалымдары) және мұғтазилалар пайда болғанда рауафиттер тобы (бас тартушылар) өздерінің шектен шығу жолын тастап мұғтазилия жолына түсті. Ал кейбір сәләфтар өз мағынасында түсінеміз деп ұқсатуға ұрынды.»

Тәуилде (астарлы мағынасын алу) жасамаған,ташбиһқада (ұқсату) бармаған саляфтарға Мәлик ибн Әнәс (оған Аллаһ разы болсын) жатады, ол ««истауға » иман келтіру міндет, ол жайында сұрақ қою діндегі жаңалық (бидаға)»-деп айтқан. Және осы ғалымдардың қатарында Ахмад ибн Ханбал, Суфиян Ас Саури, Дәуіт ибн Әли Әл Әсфахани және оларға ілесушілер.» (Шахристанидің сөзі осымен аяқталды) (14).

Және ол : «Кейбір шейиттер мен асхабул хадистерден (хадис ғалымдары) болған хашауилер Аллаһты анық жаратылыстарға ұқсатқан. Олар табынған заттарын бейнелеп, оның бөлшектері, мүшелері барбір орыннан келесі орынға ауысады, отырады,орнығады деген. Олар Раббылары жаратылыстарға жанасып, қолын тигізе алады деп ойлаған,(15) Дәуіт Жауариби : «Біз Аллаһта сақал мен жыныс мүшесінен басқа сипаттың бәрі бардеп білеміз» – деген, бірақ Оның етпен сүйегі жаратылыстыкіндей емес деген.» (16) Осыдан соң имам Шахристани: «Олар Құранда келген «Истауа», «Уажһ» -сияқты сөздерді өз мағынасында түсіну денеге қатысты іс екеніне қарамастан дәл солай түсінген. (17) Және олар осы істеріне дәлел ретінде көп деген қолдан құрастырылған хадистер келтірген. Ол хадистердің көбісі яһудилерден жеткен.» (18) Жәнеде ол : «Ұқсатушылардың кейбірі «хулюлия» мазһабын(жолын) ұстанып Аллаһ адам бейнесінде көріне алады деген.» (19) Хафиз ибн Джаузи кейбір мужассималар (Аллаһты дене деп санаушылар) Жайында : «Мен кейбір Ханбали мазһабын ұстанушылардың дін негіздеріндегі (ақида) мәселелерде лслайық емес сөздерді айтып жүргендерін естідім. Осы істе белсендік танытушы үшеу бар , олар: Әбу Абдуллаһ ибн Халид, оның шәкірті Әл қади Әбу Яғлә және Ибн Әз Әзағуни. Олар әртүрлі кітаптар жазып Ханбали мазһабына кір келтірді (ластады). Мен ол кітаптарды қарапайымадамдардың қолынан көрдім жіне онда сипаттарды тілдік мағынасында түсіндіретінін көрдім. Егер олар ұқсату (муташаббиһ) хадистерді еститін болса, дереу Аллаһты бейнелей бастайтын және осы істі Аллаһтың тіршілігінде артық іс деп есептейтін. Олар Аллаһқа екі көз, саусақтар, шынашақ, көкірек, екі аяқ және екі балтыр теліді. Осыдан кейін олар: «Біз басы бар дегенді естімеппіз» –деді. Және де Аллаһ жаратылысқа қолын тигізе алады, сонымен қатарбіз де Аллаһқа жанаса аламыз деген. Кейбірі Аллаһ дем алады (тыныстайды) деген. Олар Аллаһтың есімдері мен сипаттарын сөзбе сөз түсіне бастады. Осындай түсінік діндегі жаңалық (бидға) және оларда осы істеріне Құран мен хадистен де, ақылдан да келтірер дәлелі жоқ. Олар сөзбе сөз түсінуден Аллаһқа міндетті (ужіб) болған түсінікке көшпеді, әрі өзгеру ісін білдіретін осы түсініктен арылмады. Ең болмағанда олар: «бұл іс сипаттары» –демеді. Керісінше; «Аллаһтың затын осылай сипаттаймыз» –деді. Осының барлығын Аллаһқа теліген олар: «Барлығын сөзбе сөз түсінеміз, бұның негізгі мағынасы–адамның сипаттары, сондықтан біз оны осылай түсінеміз» –деді. Осыдан кейін олар өздерін ұқсатушы емеспіз, Аһли суннамыз дейді. Бірақ олардың сөздерінің барлығы ұқсату. Осыларға қарапайым халық ілесті. Мен оларға өсиет етемін: «Ханбали мазһабын ұстанушылар! Сендер ұлық имам Ахмад ибн Ханбалдың (Аллаһ оны рақымына алсын) соңына ерушілерсіңдер, оның мазһабына, ол кісіге қатыс жоқ нәрсені кіргізбеңдер. Сендер аллаһқа лайық емес нәрсені қосудасыңдар. Қалай ғана ол кісі айтпаған нәрсені айтасыңдар? Сендер; «Біз барлығын сөзбе сөз түсінеміз» –дейсіңдер, бірақ балтыр сөзінің мағынасы мүшені білдіреді. Масихиларға (христиандар) Иса (Оған Аллаһтың сәлемі болсын) «Рухуллоһ» –деп айтылғанда, олар бұл Аллаһтың сипаты Исамен бірікті демеді ме? Аллаһ затымен орнықты (Аршыға) деушілер Аллаһ Тағалаға денеге тиісті нәрсені қосты. Біз Аллаһқа ақыл арқылы басталусыз мәңгі сипаттардыбекіткенге қарсы шығуларың дұрыс емес. Егер сендер: «Біз осы хадистерді оқимыз, бірақ үнсіз қаламыз» –дегендеріңде, ешкім сендерге үн қатпас еді. Бірақ сендер Аллаһқа сипаттарды осылай бекітесіңдер. Бұл салихалы сәләфтың мазһабына оған қатысы жоқ нәрсені енгізбеңдер. Сендер бұл мазһабты жиркенішті бір нәрсеге айналдырып жібердіңдер. Тіпті Ханбали жолын ұстанушы деген сөз ұқсатушы сөзінің синониміне айналды. Сендер осы мазһабтың ерекше көрінісі ретінде Язид ибн Мағауияның жолын ұстануда, қатып қалуды (фанатизм) таңдадыңдар, осы мазһабтың ұлы ғұламалары оған қарғыс айтуына қарамастан. Тіпті Әбу Мухаммад Тамими сендердің кейбір имамдарың жайлы: «мазһаб соншалықты ластанды, ол енді Қияметке дейін тазармас» –деген.

Аяқтау (қорытынды)

Ибн Жаузи «Сәйд Әл Фатыр»; «Қарапайым мұсылмандар үшін үлкен қауіп пайда болды, ол мұсылмандардың жүректері көтере алмайтын қауіп. Бір топ олардың рухтарына ұқсату (ташбих) тұқымдарын еге бастады. Мысалы: Аллаһ Аршыға тиіп отыр немесе Аллаһтың заты Аршының көлеміндей, немесе төрт елі одан артық. Аллаһ орын ауыстырып көкке түскен кезде Аршы бос қалады деп есептейді. Егер оларды танзихке (пәктеу) шақырсаң: «Ол сен ойлағандай емес. Хадиске сөзбе сөз иман келтіру керек, бірақ оны елестетпеу керек» –дейді. Ал қарапайым ел үшін бұл қиын іс. Оның екі себебі бар.

Біріншісі: қарапайым халық көзбен көріп, қолға ұсталатын нәрсені ғана түсіне алады.

Екіншісі: олар осы нәрсені өздеріненде өткен ғалым деп жүрген надандардан естиді. Осы сенімді ұстанушы адамның өзі қауіпті. Мен мынадай бір әңгіме естідім. Бір ғалым танзих ақидасын түсіндіріп жатқанда, бір кісі; «Аллаһтың атымен ант етем! Егер менде мүмкіндік болғанда мен оны өлтірер едім» –деген. Қараңдаршы, осы оқиға сендерге ғибрат болмай ма? өз қалауыңа ерме, бұл сен үшін нағыз өлім. Біз мақсат еткенімізді баяндадық. Осында көрсеткен жалпы сілтемелер жеткілікті болар. Ұлық ғалымдардың осы сөздері тақуалардың жүректеріне әсер етеді деп сенеміз. Аллаһтан осы еңбегім пайдалы болып және осы еңбегім арқылы адамдарды тура жолға бастауын сұраймын! Біз үшін Аллаһтан басқа мақсат та, мазһабта жоқ.»


1. «Ат–Табсира» –Мұхаммет Заһид Әл Кәсаридің шархымен (түсіндіруімен).

2. «Әл– Миләл Ән –Ниһәл» (1\118-119)

3. Ибн Жәһбәл еңбегінен, имам Әс–Әсубкидің «Табақат» (9\34) Ибн Таймияға қайтару кітабынан.

4. Құран (2/42)

5. Құран (3/187)

6. Табақат Әс–Субки (9/36)

7. Табақат Әс–Субки (9\37)

8. Әл–Ақида Ән–Низамия 21б

9. Әл–Ақида Ән–Низамия 23б

10. Бұл Әбу Ханианың Әл –Уәсият кітабындағы сөздер. Олар осы кітаптың әртүрлі қожазбаларында бар. Осы сөздер Аллаһтың Аршыда отырмағанын білдіреді. Бірақ Мұхаммәд Уәйнә «Дәр ибн Хазм» баспасынан шыққан осы кітабындағы үзіндісінде бұл сөзді өзінше тәпсірлеп: «Аллаһ Аршыға мұқтажсыз орныққан күйінде истауа». Бірақ кітаптың кіріспесінде ол «Әл Уәсият» кітабының түпнұсқасының көшірмесін келтірген, ондағы мәтінде біз жоғарыда бергендей айтылған. Қазіргі мужасималарда ғалымдардың сөзін осылай бұрмалайды. Жәнеде мені таң қалдырған нәрсе осы кітаптың Мысырлық басылымында, ұстаз Мұхаммет Заһид Әл-Кәусаридың шархымен, дәл осы қателіктердің барлығы. Әл-Кәусари осы сөздерді түсіндірме қалдырар ма еді. Меніңше баспагер осы кітаптың түпнұсқасына мән берместен көшіре салған, тіпті Әл Каусаридың жазбаларына қарамағанда.

11. Құран 2:115

12. Құран 5:64

13. «Әл-Тамхид» 7\151-152б

14. «Әл-Миләл уән Нихал» 104 б, 120 б

15. Мына нәрсеге назар аударыңыздар! Мужасимаға ең қатты шақырып, қызықтырушы осы Ибн Таймия. Оның кітаптары осы нәрселерге тұнып тұр. Ол Аллаһтың бөлшектері, мүшелері бар деп есептеген. Аллаһ жаратылысқа жанасады, бір орыннан екінші орынға ауысады және Аршыда отыр деп есептеген. Ибн Таймияның ойынша жан-жақтарынан шектелген бір дене; «Әл-Кашарус Сағир» кітабынан қараңыздар.

16. Әһли сунна «өз» сөзінің мағынасын денеге қатысты сөз дейді. Біз дене мен рухтан тұрамыз және бұл дүниеде дене қажеттіліктері басым түседі. Дене үш өлшемнен тұрады. Сол сияқты ашарилер (имам Ашғаридың мазһабын ұстанушылар) дене деп бір өлшемнен тұратын затты атқан. Біз болсақ барлығының бір ауыздан келіскен нәрсесін ұстанамыз. Бұл дүниеде біз пайдаланатын сөздердің басым көпшілігі дене мағынасын береді. Және ол сөздерді айтқанда әрине әуелі негізгі мағынасы ойға келеді, ал ол мағына денеге қатысты. Дәл осы мағынаның біздің оға келу себебі ол бізді қоршаған ортаның ақиқатына байланысты. Бұл жаратылысқа қатысты. Ал енді Аллаһқа қатыстыіске кіріскенде, оның Құдірет, Ұлықтығы жайлы сөз қозғамақшы болғанда қандай сөздер пайдаланамыз? Құран араб тілінде түспеді ме? Осы жерде біз мына нәрсені білуіміз тиіс; осы сөздерді Аллаһқа қатысты падаланғанымызда біз олардың мағынасын адамдарғақатысты мағына ретінде елестетпеуіміз керек. Бір сөз негізгі мағынасын бермей ішінен шыққан басқа бір мағына беруі мүмкін, Аһли Сунна кейбір сөздерді осындай мағына беру арқылы талдау жлын ұстанды және оны «тәуйл» атады. Оның мағынасы: сөздің адамға қатысты мағынасын Аллаһқа қолдансақ мағынаны өзгерткен боламыз. Ал егер де мағынасы өзгермейді, сол қалпында қалады десек ұқсатушы боламыз. Осы қағида тіл, мантық (логика) шариғат қағидаларына сай келеді және бұған ешбір есті адам қарсы келмейді. Ал мужасималарды айтар болсақ, біз бұл сөздің мағынасы адамға қатысты деген нрсені Аллаһқа қатысты пайдаланып дене деп тануға және ұқсатуға барды. Имам Әш-Шахристани бұны бізге әбден түсіндіріп берді: «біздің ойымызға бірден келетін сөздің «өз» мағынасын біз Аллаһқа қатысты мағына деуден қатаруымыз керек».

17. «Әл-Миләл уән Нихал» 121,123 бет

18. Имам Мұхаммет Зәһид Әл Каусари осы сөздерге қатысты шархында: «Имам Ахмадтан нузул, көру, балтыр тәрізді сөздер жайлы сұрағанда ол: «біз оны бенелемей, оған мағына бермейиман келтіреміз жәнекуәлік етеміз» – деген. Бір күні ол кісіден итауа жалы сұрады,ол: «Аршыға истауа, Оның қалауында, ол жайында ойлаушы ойымен шектегендей және бейнелегендей емес»-деді. Бұл оқиғаны Әл Халәл өз «Суннан» кібында көкесінен Ханбалға дейін толық тізбегімен жеткізген. Міне дәл осы нәрсе «тауфид» және «танзих», демек сәләфтардың мазһабы. Кейде олар тауил (астарлы мағынаны алу) істетін. Имам Ахмадтан жеткен оқиғада бір тартыста имамға Қиямет күні «Бақара» және «Тәбәрік» сүрелері келеді деген хадисті айтқанда, ол: «Олардың сауабы берілді»-деп жауап берген. Жнеде Аллаһқа қатысты: «және сенің раббың келеді сап-сап періштелермен»-деген аятта, Аллаһтың құдыреті айтылған деген имам. Ибн Хазм «фисал» кітабында: «жне сенің Раббыңның шешімікелді (жетті)» деген аятпен тпсірлеген. Міне осы нағыз тәуил және танзих, нағыз халафтар (кейін келген ғалымдар) мазһабы.»

19. «Дәр шубуһат әт ташбиһ» 97 бет

20. «Сәйдул хатыр» 419 бет.

Published in Ақида

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником