Қолдарыңыздағы кітап хадис пен сүннеттің дініміздегі орны мен қазақ халқының дүниетанымындағы, тұрмыс-тіршшігіндегі. рухани құндылықтары мен көркем мәтіндеріндегі мән-маңызын саралайды. Бұл кітап ұлт тағдыры, ділі мен мәдениетінің жанашырларына және барша оқырман қауымға арналған.
Кітапта діннің танымына, таухид сеніміне, ақиданың маңыздылығына, күпірліктің түрлері секілді т.б. маңызды тақырыптарға тоқталумен қатар, Ислам дініндегі алты иман негіздеріне: Аллаһқа, періштелерге, қасиетті кітаптарға, пайғамбарларға, о дүниенің бар екендігіне, тағдырдағы жақсы-жаманды істің бір Аллаһтан екендігіне деген сенім мол айғақтармен жан-жақты түсіндірілген. Еңбек діни сауатын арттыруға ынталы қалың жұртшылыққа арналған.
Бас мүфти Ә. Дербісәлінің бұл шағын кітапшасы Құран кітаптың қасиеті жайлы сөз етеді. Онда бірқатар аяттарға талдау, түсіндірме берілумен қатар Құранның бүгінгі күнге қалай жеткені, қалай сақталғаны, Құран мазмұнының мақсаты мен ерекшеліктері жайлы құнды мәліметтер қамтылған.
Кітапша Құранға қызығушылық танытқан, қасиетті кітап жайлы танымын молайтқысы келген барша оқырмандарға арналған.
Бұл шағын кітапша халыққа құрбан айт туралы және Аллаһ разылығы үшін құрбан шалудың маңыздылығын үйретуге негізделген. Құрбан айт жайлы кең мәліметтерді қамтитын кітапша қалың жұртшылыққа арналған.
Бұл еңбекте Ислам дініндегі «намаз, ораза, зекет, қажылық, құрбандық» секілді ғибадат негіздері ханафи мәзһабы бойынша кеңінен түсіндіріліп, сан алуан көкейкесті сұрақтарға ғылыми түрғыдан жауап беріледі. Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.
Кітапшада Исламдағы жиһад ұғымының мән-жайы жан-жақты түсіндіріледі. Кітапша қалың оқырманға арналған.
Дәуір баспасы 2010 ж. Қатты мұқаба, 224 бет. Көлемі: 210 x 135 x 17. Тираж: 5000 дана. Тілі : Қазақ. Авторы: Ламашәріп Қайрат Қайырбекұлы.
«Һидая» кітабының авторы Бұрһануддин Әбу Хасан Әли бин Әбу Бәкір әл-Фарғани әл-Марғинанидің шәкірті Қазақшалаған: Заңқоев Қалижан Байырбекұлы
Еңбекте ілімнің пайдасы, ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас, білім алудың ерекшеліктері жайлы, сондай-ақ ілім үйренуге талапты шәкірттерге керекті өте құнды ақыл-кеңестер жинақталған. Түрлі мазмұнды өлеңдермен өрнектелген еңбек ілім үйренуге ықыласты барша оқырман қауымға арналған.
Аса Жоғары Аллаһ Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін (сондай) бөлініп, қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар», — деп мұсылмандарға дінде жікке бөлінуге, талас-тартысқа түсуге тыйым салды.
Өкінішке орай, осындай ашық аятқа қарамастан қазіргі таңда арамызда топ-топқа бөліну, айтыс-тартыстар орын алуда. Осы бір өзекті мәселені қозғаған бұл кітапты оқыған діндес бауырлар пайдалы сабақ алып, фитнаға жол ашатын кез келген нәрседен бойларын аулақ салады деп үміт етеміз.