Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Фиқһ

Мәзһаб ұстану не үшін қажет? 4 Бөлім (соңғы)

10. Ислам құқығындағы төрт мектеп бір мәселеде бірдей дұрыс бола ала ма?

Бұл жердегі мәселе - Алланың әмірін түсіндіруші әр мәзһабтың шешімдері ғалымдардың таласына тоқтау бола алатындай бірдей мәселеде және де бір мезетте бұрыс бола ала ма дегенде жатыр. Әрі төрт мәзһаб та шариғатқа қатысты сұрақтарға жауап бере алатындығына ғалымдар да бірауыздан келіскен. Мұны анықтап түсіндіріп беру үшін бұлтты күні сапарға шыққан бес адамды мысалға келтіреміз. Бұл топтағы бір адам – соқыр болатын. Намаз уақыты кірген кезде олар джунглиге келіп жеткен еді. Осылайша сол жердегі төртеу құбыланың қай жақта екендігін талқылай бастайды. Нәтижесінде бір- бірімен келісе алмай, әр қайсысы намазды өзі дұрыс деп тапқан бағытына қарап оқиды. Бұл таласқа ат салыса алмаған соқыр кісі сол төртеудің ішінен өзі білімді деп санаған адамның қараған тарапына қарап намазын оқиды.

Төрт адамның ішінде тек біреуінің ғана құбыласы дұрыс болатынына қарамастан, бес адамның да намазы жарамды болып саналады. Олардың ешқайсысына күн ашылған соң намаздарын қайта оқуларына қажеттілік жоқ. Алайда кімнің бағыты дұрыс болғанын анықтауларына болады.

Осы төрт адамның мысалы біздің төрт имам іспетті. Көзі соқыр бесінші адам – өз ілімімен ижтихад жасай алмайтын, сондықтан да бір имамға ілесіп, тақлид жасаушыға (муқаллид) ұқсайды.

Келтірген мысал төмендегі хадистерге негізделеді:

№1 хадис:

Амр бин әл- Ас (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер сот төрелігі бір шешім шығарып сол шешімі дұрыс болса, оған екі сауап жазылады. Ал егер ол бар күшін сала отырып шешім шығарып алайда қателесер болса, онда оған бір ғана сауап жазылады»,- деп айтқанын естігенін жеткізеді...

№2 хадис:

«Құран жайлы өз ойынан бір нәрсе айта салып, бірақ онысы дұрыс болған адам қателесті».

Шейх Мұхаммед Бахит әл- Мутии былай деген: «Бұл имамдар шығарған әрбір пәтуа Шариғаттың қайнар көзі болған Құран, Сүннет, ижмаъ және қиястан, бірауыздан келісілген мәтіннен я болмаса дұрыс жасалған ижтихадтан шығарылған. Біз олардан Алланың әмірін, артынан еруге бұйырған Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Оның шариғатын үйренеміз. Бұл әрбір мужтахид ижтихадында барлық адам ұстанатын Алланың заңын құрайтын жоғарыда аталған төрт қайнар көзді негіз етіп алған кезде ғана осындай дәрежеге ие болады».

11. Төрт имамның білімі мен дәрежесіне қалай сенімді бола аламыз?

Олардың ілімдері мен дәрежесін осы имамдар туралы айтқан замандас я болмаса өзге де Ислам әлеміне беделді ғалымдардың ойларын оқу арқылы көз жеткізуге болады. Бұл имамдардың өмір жолы жайлы жүздеген беттер жазылған.

Имам Ғазали бұл имамдар жайлы былай деген: «Фиқһ ғалымдары бес ерекшелікке ие: ғибадат (терең құлшылық), тақуалық, ақырет жайлы ілімі бар, жаратылыстың жақсылығын түсінеді және де Алланың разылығына Ислам құқығы арқылы жетуге тырысады».

Алайда бұл кітаптың мақсаты толықтай өмірбаян жазу болмағандықтан қысқаша ғана имамдар жайлы айтылған дәйексөздерді келтіреміз. Егер аса қызығушылық танытып жатқандар болса, өмірбаяндар жазылған арнайы еңбектерді оқуына болады.

Имам Әбу Ханифа (ол кісіге Алла разы болсын)

Имам Әбу Ханифа жайлы имам Шафиғи былай деген: «Фиқһ мәселесінде Әбу Ханифаның алдында барлығы бала секілді.

Имам Захаби (һ.ж. 748 ө.) былай жеткізеді: «Имам Әбу Ханифа Әнаспен Куфаға келгенінде бірнеше рет кездескен».

Ибн Кәсир (һ.ж.774 ө.) имам жайлы былай деп жазады: «... төрт имамның бірі. Ол араларында ең бірінші болып өмірден озған әрі сахабалар заманында өмір сүрген. Ол Әнас ибн Мәлікті көрген және де оның өзге де сахабалармен кездескені жайлы деректер бар. Кейбіреулер бұл имам жеті сахабадан хадис жеткізген деп айтады. Алла жақсы Білуші».

Имам Захаби имам Әбу Ханифаның 20 жыл бойы түнгі намаздағы дәретімен таң намазын оқығандығын жеткізеді.

Имам Хатиб әл- Бағдади: «Имам Әбу Ханифа 40 жыл бойы түнгі намазы мен таң намазын бір дәретпен оқығаны жазылады (...) сондай- ақ, өмірден озған жерінде 7000 рет хатым жасағаны да белгілі».

Мәуләна Сарфараз былай деп жазған: «Имам Әбу Ханифа фиқһ мәселесінде үлкен білімге және түсінікке ие болғандығына қарамастан, оның шешімдері кеңеске негізделген болатын, әлбетте көптің пікірі шындыққа жақын болады».

Имам Саймари мен Хатиб әл- Бағдади ханафи мәзһабы жайлы былай деген: «Имам Әбу Ханифаның жақтастары кез келген сұрақты имаммен бірге отырып талқылайтын. Егер араларында Афийә ибн Язид әл- Ауди болмай қалса, имам Әбу Ханифа: «Афийә келмейінше шешім қабылдамаймыз»,- дейтін».

Афийә келген кезде оның пікірі өзгелердің пікірлерімен дәл келсе ғана имам шешімді жазуға бұйыратын, ал егер оның пікірі өзгеше болса шешім жазылусыз қалатын».

Алләмә Мұхаммад ибн Ибраһим әл- Уәзир әл- Ямәни (һ.ж.770 ө.) былай деген: «Егер имам Әбу Ханифа надан және іліммен әшекейленбеген адам болса, онда Кади Әбу Юсуф, Мұхаммад Шайбани, әт-Тахауи, Абул Хасан әл-Кархи секілді ханафилер өздерін ол имамның мектебін меңгеруге арнамас еді. Ханафи ғалымдары біздің заманымызға дейінгі һ.ж.150 жылдан бері Үнді-Пәкістанда, Шамда, Мысырда, Йеменде, Араб түбегінде, Мекке мен Мәдинада, екі Иракта (Иран мен Ирак) 600 жылдан астам уақыт өмір сүріп келеді. Олар мың- мыңдаған әрі олардың нақты санына жету қиын. Олар білімнің, пәтуаның, зеректік пен тақуалықтың адамдары».

Имам Әбу Ханифаның есімі – Нұғман ибн Сәбит. Ол һ.ж.80 жылдан һ.ж. 150 жылға дейін өмір сүрді.

Имам Мәлік ибн Әнас (ол кісіге Алла разы болсын)

Әбу Нуайм Әбу Мусайбтың былай дегенін жеткізеді: «Мен имам Мәліктің: «Менің бір мәселеде пәтуа беруге лайық екендігіме 70 ғалым куә болмайынша ешқандай пәтуа бермегенмін» дегенін жеткізеді».

Әбу Нуайм мен Хатиб әл- Бағдади Халаф ибн Омардың: «Имам Мәліктің былай деп айтқанын естігенін жеткізеді: «Мен пәтуа шығару үшін сұрақты өзге де білімді ғалымдармен кеңесіп, олар мені сұраққа жауап беруге лайық деп таппайынша пәтуа шығармағанмын. Мен Рабиа мен Яхия ибн Саидтан сұраған кезімде олар маған жалғастыруыма кеңес берді». Сол кезде мен (Халаф ибн Омар) одан былай деп сұрадым: «Ей, Әбу Абдулла (имам Мәліктің лақап аты)! Егер олар тиым салса ше?» Ол былай деп жауап берді: «Ол кезде мен тиыламын. Бір мәселені шешуде өзінен білімі жоғары ғалымардың өзі жайлы пікірін білместен өзін- өзі сол мәселені шешуге лайық деп табу ол адам үшін дұрыс емес».

Абдурахман ибн Махди былай дейді: «Бірде бір кісі имам Мәлікке сұрақ қояды, оған имам: «Білмеймін»,- деп жауап береді. Мұны естіген әлгі адам: «Мен осы сұрақтың жауабын есту үшін соншама қашық жерден келіп тұрмын», деп айқайлайды. Имам Мәлік оған: «Өз ауылыңа қайтып барған кезіңде адамдарға мені «білмеймін» деп жауап берді деп айт»,- дейді».

Ибн Әби Ууәйс былай деп жеткізеді: «Егер имам Мәлік хадис айтар болса, дәрет алатын да орнына отырып сақалын тарайтын, осыдан соң денесін тіктеп, үлкен адамгершілік құрметпен хадис айтуды бастайтын. Мұның мәнісін сұраған кезімде ол: «Мен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисін тек таза қалыпта әрі адамгершілік құрметпен ғана оқимын»,- деп жауап берді. Ол хадистерді жолда кетіп бара жатып немесе асығыс күйде оқығанды ұнатпайтын. Сондай- ақ имам Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөздері анық әрі түсінікті болғанын қалайтынын айтқан».

Абдулла ибн Мубарак былай деп жетізеді: «Бірде мен имам Мәліктің жанында едім. Ол бізге хадис айып жатқан. Осы кезде оны шаян 16 рет шағып алады. Оның жүзі өзгергенімен ол хадис сабағын тоқтатпады. Адамдар тарасып кеткен кезде ғана оны шаян шаққанын білдік. Сонда имам былай деді: «Мен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисіне деген құрмет үшін ғана сабырлық таныттым».

Имам Мәлік мектебінің ізбасарлары Андалуста, Мысырда, Солтүстік Африкада кең тараған.

Имам Мәлік һ.ж.95 жылы өмірге келген. Ол имам Әбу Ханифадан 15 жас кіші. Ол һ.ж. 179 жылы раби әууәл айының 11 күні дүние салған.

Имам Шафиғи (ол кісіге Алла разы болсын)

Имам Ахмад былай деген: «Исламды меңгеру үшін қолына сия мен сауыт алған кез келген адам қандай жағдай болса да имам Шафиғиға қарыздар».

Және де имам Ахмад былай деген: «Қырық жыл бойы әр намазымның соңында имам Шафиғи үшін дұға еттім». Бірде имам Ахмадтың ұлы одан: «Имам Шафиғи қандай еді? Мен сенің әр кезде ол кісіге дұға етіп жатқаныңды естимін»,- деп сұрайды. «Ей, менің сүйікті ұлым! Имам Шафиғи бұл әлемге күн, адамдарға денсаулық іспетті еді. Бұлардың орнын баса алатын нәрсе бар ма?»

Мұхаммад ибн Акил әл- Файраби былай деп жеткізеді: «Мұны жеткізген имам Раби немесе имам Музани: «Біз имам Шафиғимен бірге едік. Сол кезде қолына таяқ ұстаған, жүн киім киген бір шейх кіріп келді. Имам Шафиғи орнынан тұрып, киімін дұрыстап, шейхты қарсы алды да орнына отырды. Имам Шафиғи оның қимылдарын жіті бақылап отырды.

Шейх: «Сұрақ қоя алам ба?»,- деді.

«Баста»,- деп жауап қатты имам Шафиғи.

Сол кезде шейх: «Алланың дінінде қандай дәлелдер қолданылады?»,- деген сұрақ қойды.

- Алланың Кітабы

- Тағы не?

- Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті

- Тағы?

- Үмметтің ижмаъы (ғалымдардың бірауыздан келіскен пікірлері)

Шейх: «Үмметтің ижмаъы» дегенді қайдан алдың?»,- деп айқайлады. Имам Шафиғи ойланып қалады. Сонда шейх былай деді: «Мен саған үш күн уақыт беремін. Сен маған Алланың Кітабынан дәлел әкеліп көрсетесің я болмаса Оның алдында тәубе етесің». Осы сөздерден соң Имам Шафиғидың түсі өзгеріп сала берді. Ол сол кеткеннен үшінші күні бесін мен екінті намазының арасында келді.

Келе сала ол өз орнына отырғаны сол еді әлгі шейх келді. Ол имаммен амандасып, орынға жайғасты да: «Менің сұрағымның жауабы бар ма?»,- деп сұрады.

«Ия»,- деп имам «Ниса» сүресінің 115 аятын оқи бастады. Алла Тағала былай дейді:

«Ал біреу өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса, сондай- ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамызда тозаққа саламыз. Ол нендей жаман орын!»

Имам Шафиғи былай дейді: «Егер иман еткендердің пікірін ұстану міндетті болмағанда Алла Тағала иман еткендерге қарсы келушілерді отқа тастаймын деп  уәде етпейтін еді.» Сонда Шейх: «Сен шындықты айттың»,- деді. Осыдан соң ол тұрып, кетіп қалды».

Бағдатта имам Шафиғиды «насир әс- Сунна» (Сүннеттің көмекшісі) деп атайтын.

Ибн Кәсир былай деген: «Ол Құранды жеті жасында жатқа білген. Имам Мәліктің «Муатта» еңбегін он жасында меңгерген және де оның шейхы Муслим ибн Халлад әз- Занжи ол он бес жасқа толғанда оған пәтуа беруіне рұқсат берген (кейбір деректерде 18 жас деп келеді). Сол заманның мужтахидтарының бірі болып саналатын Әбу Саури айтады: «Біз бұрын- соңды имам Шафиғи секілді адамды көрмедік, тіпті оның өзі де кездестірмеген».

Әбу Убайд былай дейді: «Мен имам Шафиғи секілді шешен сөзді, білімді әрі ұқыпты адамды бұрын- соңды көрмедім».

Имам Ахмад Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Әбу Хурайра жеткізген, Әбу Дәудте келген төмендегі хадиске былай деп пікір айтады: «Расында, әрбір жүз жылдық туылған кезде Алла Тағала бұл үмметке діндерін жаңғыртушы адамды жібереді», одан соң былай деген: «Омар ибн Абдул Азизды бірінші ғасырдағы жаңғыртушы, ал имам Шафиғиды екінші ғасыр аяғындағы жаңғыртушы деп санаған».

Раби былай дейді: «Имам Шафиғи түнін үш бөлікке бөлетін. Үштен бірін жазуға, екіншісін – намазға, үшіншісін – демалуға». Сондай- ақ Раби тағы былай дейді: «Рамазан айында имам Шафиғи Құранды 60 мәрте оқып шығатын болған. Ал оның намазда Құранды қанша мәрте оқып бітіргенін санау мүмкін емес». Раби имам Шафиғидың Құранды айына 30 мәрте, ал Рамазан айында намаздағы оқығанын санамағанда 60 мәрте оқитынын айтады».

Шафиғилер Ирак, Ресей, Қытай, Индонезия, Малайзия, Мысыр, Мекке мен Мәдина, Йемен аймағында көп тараған.

Имам Шафиғидың есімі – Мұхаммад ибн Идрис болған. Ол һ.ж150 жылы (имам Әбу Ханифаның өмірден озған жылы) дүниеге келіп, һ.ж.204 жылы Режеп айында дүниеден озған.

Имам Ахмад ибн Ханбал (ол кісіге Алла разы болсын)

Белгілі мухаддис Ибрахим әл- Харби былай деген: «Маған имам Ахмадпен кездесу сәті туды. Оның жүрегі ішінде өткен және осы заман адамдарынан жеткен ілім сақталған қазыналы сандық іспетті еді. Ол қажет деп санағанын елге үйретіп, айтылмауы тиіс нәрселерді жасырып қалатын».

Әбу Зурра былай деген: «Имам Ахмад миллион хадисті жатқа білетін хафиз болған. Бірде бір кісі: «Мұнша хадисті қайдан білесің?»,- деп сұраған екен. Сонда ол: «Мен хадистерді тексеріп шыққанмын әрі тексере отырып бөлімдерді де жазып отырдым»,- деп жауап берген екен».

Имам Әбду Раззақ былай деген: «Ислам құқығы мен тақуалық мәселесінде имам Мәліктен асқан адамды көрмедім».

Мұхаммад ибнул-Хасан ибн Харун былай деген: «Мен Әбу Абдиллаһты (имам Ахмадтың әкесі) жүрген кезінде көрдім. Ол кісі артынан біреудің ілескенін ұнатпайтын еді».

Имам Яхия ибн Маин былай деген: «Мен имам Ахмадқа тең келетін жанды ешқашан көрмедім. Біз елу жыл бірге жүрдік. Ол ешқашанда жеткен жетістігімен мақтанған емес».

Имам Зәхаби имам Марурузидың былай дегенін жеткізеді: «Имам Ахмадтың жиынынан өзге жиында кедейлерге соншалықты құрмет көрсетілгенін көрмедім. Ол кедейлерге қамқорлықпен, ауқаттыларға немқұрайлы қарайтын. Ол өте сабырлы адам болды, ешқашан асықпайтын. Оның сырт келбеті тыныштықты айтып тұратын. Бесін намазынан соң пәтуа шығару үшін орнына келіп отыратын, әрі бір нәрсе сұрамайынша ол үнсіздікті сақтайтын. Мешітке баратын болса, ешқашан адамдардың алдына шығып жүрмейтін».

Имам Ахмад өз заманындағы басшылардың қуғын- сүргініне ұшыраған. 57 жасында һ.ж.221 жылы оны Муътасимнің түрмесіне жауып, қамшымен сабаған болатын. Себеп болған нәрсе, адасушы топтың ойымен келіспеуі. Оған қамшымен 80 мәрте ауыр соққы бергендіктен ол есінен танып қалған екен. Осыдан соң оны етбетімен жатқызып, үстін мата қиындыларымен жауып, аяқпен таптаған. Ол есін жиған кезде алдына тамақ қояды, ол болса оны жеуден бас тартады, яғни ораза тұтады. Имам адасушылардан басқа оны соққыға жыққандардың барлығын кешіреді. Ол былай дейді: «Егер сенің мұсылман бауырың сен үшін азап шегіп жатса, не пайда табасың?». Уақыт өте келе Муътасимді Алла Тағала тура жолға салып, ол өзінің жасаған ісі үшін қаты өкінеді.

Халиф Мутауәккил һ.ж.232 жылы Уасиқадан соң басшылықты қолына алады. Ол имам Ахмадты қатты құрметтейтін. Бірақ сонда да сақ болды, себебі басшының жақсы қарым- қатынасы оны өзгерте ме деп сақсынды. Бірде Мутауәккил имамға 10000 дирхем (күміс ақша) және 2000 динар (алтын ақша) беріп жібереді. Әрі егер бұл сыйлықты қабыл алмаса халифа қатты ренжитінін баса айтып жібереді. Имам Ахмад бұл ақшаларға назар салып та қарамайды. Кешкі намаз уақытында ол өзінің ұлы Салихты шақырып алады да ақшаларды ұсынады.

Ертесінде таң алдында имам Ахмад ұлын шақырады. Имам оған: «Мен түні бойы ұйықтай алмадым»,-  деп жылап қалады. «Өмір бойы мен басшылардан аулақ жүріп келген едім. Ал енді қартайған кезде олардан сынақ көргім келмейді. Осы таңда мен барлық ақшаны таратып беруді ұйғардым». Таң бойы олар мұқтаж жандарға барлық ақшаны таратып береді де, қапшықты бір кедейге ұсынады. Оның ұлы былай дейді: «Сол кезде біз Алла ғана білетін қысылтаяң күйде отырған едік».

Имамның ұлы Абдуллах былай деп жеткізеді: «Менің әкем әр күні 300 ракағат намаз оқитын. Қамшымен сабалған соң әлсіреп қалды да күніне 150 ракағат намаз оқитын болды. Ол кезде оның жасы сексенге таяп қалған еді. Ол әр күні Құранның 1/7 бөлігін және де жеті күнде толық оқып шығатын. Сонымен қатар ол намаздағы оқығандарын санамағанда Құранды жеті түнде оқып бітіретін. Түнгі намазын оқыған соң таң намазына және де артынан дұға етуге әл жинау үшін аз ғана көз ілетін.» Әкем жеті рет қажылыққа барды. Олардың үшеуіне жаяу, екеуіне көлікпен барған. Әрбір барған қажылығына тек қана 20 дирхем жұмсаған».

Имам Марурузи былай деген: «Имам Ахмад отырған жерде өлім туралы айтылар болса қатты жылайтын еді».

Ибрахим ибн Шаммас былай деген: «Мен имам Ахмадты бала күнінен бері түнімен құлшылық етіп ұйықтамайтын кезінен бері білемін».

Ханбали мәзһабының өкілдері Иракта, Хижазда, Мысырда бар.

Имам Ахмад һ.ж.164 жылы дүниеге келіп, Раби Әууәл айының 12 күні һ.ж.241 жылы 77 жасында, жұма күні өмірден озады.

Авторы: Шейх Әбу Усама Аюб ибн Мәуләна Мухаммад
Еңбек аты: Who are The Blind Followers?
____________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz
Дарульфикр.ру

алдыңғы мақала
Мәзһаб ұстану не үшін қажет? 3 Бөлім
кейінгі мақала
Ер адамның намазды бас киіммен оқуы

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником