Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия діни басқармалары арасында жасалған (2007 жыл, 29 қазан) ынтымақтастық келісім-шарт бойынша түркиялық ұстаздар еліміздің мешіттері жанындағы діни сауат ашу курстарында дәріс беріп келеді.

Астанада наиб мүфти Серікбай қажы Ораз түркиялық теологтардың жаңа легін қабылдады. Басқосуда наиб мүфти бірнеше мәселеге назар аударды. Біріншіден, қазақ тілін үйрену, екіншіден, Әбу Ханифа мәзһабы негізінде фиһқ пәнінен дәріс өткізу, үшіншіден, имамға көмекші болу, төртіншіден, жат ағымдағы жастарға дұрыс дни ақпарат жеткізу қажеттігіне тоқталды.

«Ұстаз – мешіттің жүрегі. Сондықтан сіздер біздің имамдардың көмекшісіне айналуларыңыз қажет. Аға-туыс, бауыр ретінде араласып, нәтижелі жұмыс жасайтындарыңызға сенімдімін. Қазақ пен түрік – бауырлас ұлт. Бідің дініміз де, мәзһабымыз да бір, дәстүріміз де ұқсас. Қазір екі елдің Діни басқармалары араларында байланыс жақсарды», – деді Серікбай қажы Ораз.

Түркиядан келген ұстаздарға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығы ресми табысталды. Олар Ақтау, Түркістан, Алматы, т.б. қалалардағы мешіттерде дәріс өткізбек.

www.muftyat.kz

Published in Жаңалықтар
Пятница, 30 Январь 2015 00:00

Торғайдағы Мәуліт мерекесі

Жақында Қостанай облысы Жангелдин аудандық “Оспанқожа әулие” мешітінің ұйымдастыруымен Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) туған күніне арналған “Менің сүйікті – Пайғамбарым” атты діни мерекелік іс – шара ойдағыдай өткізілді.

Оған аудан басшысынан бастап, жергілікті тұрғындар, дін жанашырлары және өмір көрген ақсақалдар мен қажылар қатысты. Алматыдағы Нұр Мүбәрак Египет ислам мәдениет университетінің түлегі Рүстем Исламұлы дүниеден өткен барлық сахабалар мен әулие-әмбиелердің рухтарына Құран бағыштады.

Мерекелік басқосуда Жангелдин ауданының әкімі Асқарбек Кенжеғарин сөз сөйлеп, барша жұртшылықты айтулы Мәуліт күнімен шын жүректен құттықтады.

Содан кейін мешіт шәкірттері Пайғамбарымызға салауат айтты. Жоғарыда аталған мәртебелі жоғары оқу орнының 3-курс студенті Дархан Қосылбаев пен Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Ұлжан Сапан асыл дініміздің ерекшеліктері мен қасиеттерін ұғындырып, “Пайғамбарға махаббат” тақырыбында баяндама жасады.

Діни іс – шара барысында Мәуліт күніне орай әндер шырқалып, тағылымды көрініс көрсетілді. Жангелдин аудандық “Оспанқожа әулие” мешітінің бас имамы Аян Хасенов мұсылман жамағатқа шынайы алғысын білдіріп, мешітке демеушілік жасаған жүрегі жомарт жандарға Алғыс хаттарын табыс етті.

ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Среда, 28 Январь 2015 00:00

Студенттермен кездесу

Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасы еліміздегі барша дін қайраткерлерінің алдына отбасы және ондағы ауызбірлік ынтымақ жайлы жастар арасында жүздесулер өткізуді тапсырған болатын.

Міне осы тапсырманы басшылыққа алған облыстық «Марал ишан» мешітінің найб имамы Асқар Мейрамбекұлы Қостанай мемлекеттік педогогикалық институттағы студенттерімен кездесті.

Онда экстремизмнен сақтану тақырыбы қозғалды. Жүздесу жастар тарапынан қызығушылық тудырды. Найб имам студенттердің көптеген сауалдарына нақты жауап берді.

Published in Жаңалықтар
Среда, 28 Январь 2015 00:00

Ақынның шаңырағындағы Мәуліт

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкіл имамы Асылхан қажы Мұханбетжанұлының ұйытқы болуымен қала жамағаты Ұлы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің туған күні, яғни Мәуліт мерекесінің құрметіне кеш өткізу дәстүрге айналды.

Осы сөзіміздің нақты дәлелі ретінде жуырда ғана облыс орталығында көрнекті ақын, дін тақырыбына қалам тартып жүрген жазушы, «Мінәжәт» кітабының авторы Ақылбек Шаяхмет өзінің шаңырағында жоғарыда аталған мейрамға байланысты дастарқан жайды.

Оған шаһардың ақ сақалды қажылары мен ақ жаулықты аналарын арнайы шақырды. Онда Мәуліт оқылды. Осы отырыста өкіл имам Асылхан қажы Түсіпбек Ұлы Пайғамбарымыздың өмірбаянынан салауат айтудың артықшылықтары жайлы уағыз айтты.

Сондай-ақ облыстық Марал ишан мешітінің жанындағы сауат ашу курсының ұстазы Нұх Темірджи және наиб имам Асқар Мейрамбекұлы Мәуліт оқыды. Осы қаламгердің құтты шаңырағына жиналған қажылар, дін жанашырлары Ақылбек Қожаұлына өздерінің шынайы тілектерін білдіріп, баталарын берді.

Дәл осындай басқосу Қостанай қаласының тұрғыны Күлзира қажы Мұханбетжанқызының да үйінде өткізілді. Онда Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Жолбарыс қажы Баязид, есімі көпке белгілі абыз ақсақал Мырзағали қажы Ғабдуллиндер шаңырақ иесіне шын жүректен шыққан шынайы лебіздерін айтып, баталарын берді.

Міне, Қостанай өңіріндегі Мәуліт мерекесіне орай ұйымдастырылған осындай игі шаралардың тәрбиелік мәні зор екендігі даусыз. Оның, әсіресе, еліміздің келешегі болып табылатын жастарға берері мол. Шаңырақтарында Мәуліт мерекесін өткізген азаматтарға Алланың нұры жауа бергей!

ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником