Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар
Четверг, 13 Февраль 2020 15:52

Науырзым: «Еріктілер жылы»

Науырзым ауданы «Түркебай» мешітінің бас имамы Есет Сейтқалиұлы Шилі ауылында мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жастардың пайдалы білім алуы, жастық шақтың қадірі мен елге, жерге деген сүйіспеншілік жайында әңгіме қозғалды. Сонымен қатар 2020 жылдың «Еріктілер жылы» болып бекітілуіне орай жастардың қоғамдық жұмыстарға атсалысып, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуға шақырды.

Сонымен қатар шараға қатысқан ел ақсақалдары мен жастардың белсенді мүшелері оқушыларға ақыл-кеңестерін айтты.

Кездесу соңында Бас имам жастардың қойған сұрақтарына жауап беріп, ақсақалдар оқушылардың білім жолында табысты болуларына тілектерін білдірді.

Қостанай облысының баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар
Четверг, 13 Февраль 2020 15:50

Алтынсарин: Еріктілер белсенділігі

Алтынсарин ауданының Обаған ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ орта мектептің 10-11 сынып оқушыларын сынып жетекшісі Әлімова Гүлзат бастап «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітіне келді.

Биылғы жыл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еріктілер жылы» деп жариялауына байланысты мешіттің іші-сыртына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Ер балалар мешіттің жанындағы қарды күреп, кілемдерін қақса, қыз балалар ішкі жұмыстармен айналысып, гүлдерді суарды.

Осылайша болашағынан үміт күттіретін жастардың белсенділгі көңілге қуаныш ұялатты. Оларға Бас имам Ерік қажы осындай игі істері үшін батасын берді.

Қостанай облысының баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар
Вторник, 11 Февраль 2020 13:06

Амангелді: Дін мен дәстүр

Қазіргі таңда халықтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Оған Амангелді ауданының Бас имамы Жандарбек Әмірхамзиннің кездесулері жарқын мысал бола алады.

Жуырда аталған аудандағы Ы. Алтынсарин орта мектебінің 11-ші сынып оқушыларымен жүздесуде «Дін мен дәстүр» тақырыбында әңгіме өрбіді.

Сондай ақ Бас имам Байғабыл ауылындағы «Нүркей қажы» мешітіндегі бас қосуда көптеген маңызды жайларды қозғады. Онда «Мұсылман және жақсы азамат болу» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Жиналған көпшіліктің сұрақтарына жауап беріліп, кездесулер әсерлігімен есте қалды.

Қостанай облысының баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар
Вторник, 11 Февраль 2020 13:03

Қостанай: Жұмақтың кілті-Намаз

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі тапсырмалары аясында еліміздің барлық мешіттерінде тұрақты уағыз-насихат жүргізіліп тұрады.

Осы орайда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде бесін-ақшам уақыттарында және де халықтың сұранысы бойынша да өзекті тақырыпқа арналған басқосулар да ұйымдастырылуда.

Міне, жақында әйел-қыздар жамағатының өтініштері байланысты келелі кездесу өткізілді. Бұл кездесуде найб имам Бақберсін Ізбасаров «Жұмақтың кілті-Намаз» тақырыбында уағыз айтты.

Оған 30-дан астам әйелдер-қыздар қатысты. Мұнда найб имам намаздың маңыздылығы жайында баяндай келіп, қойылған сұрақтарға тиянақты жауап берді.

Қостанай облысының баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар
Понедельник, 10 Февраль 2020 14:47

ТАЛҚЫ-LIKE

Бүгін әңгімеге арқау болып отырған Амангелді ауданында халық арасындағы ынтымақ-бірлік, білім мен руханиятқа айрықша көңіл бөлінеді. Оған нақты деректер мен дәлелдер де баршылық.

Осы сөзіміздің нақты дәлелі ретінде мынаны айтсақ. Жақында аудандық орталық кітапханада Бас имам Жандарбек Әмірхамзиннің қатысуымен «Бәріміз бірге еріктілер – елдің тірегі» деген тақырыпта «ТАЛҚЫ-LIKE» атты кездесу болды.

Бұл шарада аудан ақсақалдары жастарға ақыл айтса, жастар оның ішінде еріктілер жақсылықта жарысу керектігін ортаға салды.

Сонымен қатар аудандық музыка мектебінде де тағылымды кездесу өткізілді. Ондағы қозғалған тақырып «Сенім және адамның рухани байлығы» болатын.

Жандарбек Мүбаракұлы бұл тақырыпта дінімізде сенімнің қыр-сыры туралы насихатын айтты. Ал өнер ордасының қызметкерлері көкейлерінде жүрген ойларымен бөлісіп, бір-бірін толықтырды.

Қостанай облысының баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар

ҚМДБ: ҚОҒАМДЫҚ ТЫНЫШТЫҚ - АСА МАҢЫЗДЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Жамбыл облысы Масанчи ауылындағы келеңсіз жағдай бізді де алаңдатып отыр. Мұсылман баласының мәселенің анық-қанығын білместен, дауға араласып, өз бауырына зарар тигізуі дұрыс емес. Азаматтарымызды ортақ ымыраға шақырамыз. Жекелеген адамның өзара келіспеушілігі бұқаралық сипат алып кетпеуі керек деп ойлаймыз. Өйткені, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбеті жақсы істер үшін ғана жиналатынын өсиет еткен. Пайғамбар жолын ұстанған мұсылман мұндай амалға әсте бармайтыны белгілі.

Қадірлі бауырларым, сабырға келулеріңіз жақсылыққа апарады. Байқамастан өзге бауырымызға қиянат жасап қоюдан сақ болғанымыз қайырлы. Алауыздықтан абай болғанымыз абзал. Қоғамдағы тыныштық әрқайсымыздың отбасымыз үшін аса маңызды құндылық екені мәлім.

Біздің халқымыз үшін бірлік пен бейбітшілік қашан да басты байлық саналған. Мемлекетіміздің игі бастамалары да еліміздегі бірлікті қамтамасыз етуге, ұлттар мен діндер арасындағы өзара татулықты нығайтуға бағытталған.

Алла Тағала халқымыздың бірлігі мен берекетін, бейбітшілігі мен амандығын арттырғай. Әмин!

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Published in Жаңалықтар

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ БАС МҮФТИ БОЛЫП САЙЛАНДЫ (ФОТО)

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ Құрылтайында Серікбай қажы Ораз ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти қызметіне Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасын ұсынды.

Құрылтайға жиналған 300 делегат Серікбай қажы Ораздың ұсынған кандидатурасына бірауыздан дауыс беріп, қолдау көрсетіп, Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфтилікке сайлады.

«Наурызбай қажы Тағанұлы менің бірінші орынбасарым ретінде көптеген игі жобаларды жүзеге асырды. Діни салада тәжірибесі мол. Наурызбай қажы Тағанұлының Діни басқарма жұмысын жандандырып, жаңа бастамаларға ұйытқы болатынына сенемін», – деп атап өтті.

Құрылтайға қатысқан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Серікбай қажы Ораздың 2017-2020 жылдары атқарған жұмысына оң баға беріп, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, діни саладағы ортақ шараларды бірлесе жүзеге асыруға ниеттестік білдірді.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы журналистерге берген сұхбатында: «Құрылтайға еліміздің әр облысынан келген 300 делегат менің кандидатурама дауыс беріп, сенім білдіріп, Бас мүфти лауазымына сайлады. Бұл сенімді абыроймен ақтауға бар күш-жігерімді жұмсаймын. Жоспарлап отырған бірқатар жұмыстарымыз бар. Өздеріңіз білесіздер, 2020 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толды. Осы мерейтой аясында 30 мешітке ел игілігі жолында қызмет еткен тұлғалардың, соның ішінде әл-Фараби мен Абайдың есімін беруді, 30 елді-мекеннің ауыз су, жол-көпір мәселесіне оң ықпал етуді, 30 отбасыға қайырымдылық жасауды, 30 студентке грант тағайындауды, 30 мешітке күрделі жөндеу жүргізуді, т.б. игі іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап қойдық. Барша жамағатты сауапты істі бірлесе атқаруға шақырамын», – деп атап өтті.    

Айта кетсек, Наурызбай қажы Тағанұлы осыған дейін ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы қызметін атқарды.

 

ӨТПЕНОВ НАУРЫЗБАЙ ТАҒАНҰЛЫ 

1977 жылдың 13 наурызында дүниеге келген. 

Білімі

1993-1997 жылдары Ташкенттегі «Имам Әл-Бұхари» атындағы Ислам институтында оқып жоғарғы діни білім алған.

1999-2001 жылдары ҚМДБ жанындағы Ислам институтын оқыған.

2009 жылы Мысыр Араб Республикасында қысқа мерзімде діни білімін жетілдірген.

2010 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің «Тарих» факультетін сырттай оқып бітіріп жоғарғы білім алған. 2011-2013 жылдары аталған университеттің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.

2017 жылдан бастап «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Исламтану» мамандығы бойынша PhD докторантурасында оқуда.

 

Еңбек жолы:

1997-2006 жылдары Республикамыздың түрлі мешіттерінде имамдық қызметтерді атқарумен бастау алған.

2006-2011 жылдары ҚМДБ-ның Қарағанды өңіріндегі өкілі, Қарағанды қалалық №1 орталық мешітінің Бас имамы.

2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқармасының Бас сарапшысы.

2013-2018 жылдары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы.

2018 жылдың шілде-қазан айлары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы, Түркістан облысы бойынша өкілі имамы.

2018 жылдың қазан айынан бастап ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі,  Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы.

 

Еңбек жолындағы жетістіктері:

Наурызбай Тағанұлының тікелей жетекшілігімен 2002-2005 жылдары ШҚО, Аягөз қаласында орталық және «Жаңауыл» мешіттерінің құрылысы сәтті жүргізіліп, іске қосылған. 2010-2011 жылдары Қарағанды қаласындағы орталық мешіттің салынуына үлес қосқан. Қарағанды облысында «Сұлу әлем», «Нұрлы мінбер», «Жұлдызды гол» атты жобаларды іске асырған. Республикалық БАҚ беттерінде жарияланған көптеген діни, рухани-танымдық мақалалар мен «Үміт сәулесі», «Мазһабсызбен сұхбат» атты кітаптардың авторы.

 

Марапаттары:

«Құрмет» орденінің иегері, Аягөз ауданының құрметті азаматы, Қазақтан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалімен, Қазақтан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы медалімен, Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамотасымен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.

 

Жеке өмірі:

Отбасылы, 4 баланың әкесі.

Published in Жаңалықтар
Пятница, 07 Февраль 2020 18:44

Амангелді: Ұмытылмас кездесулер

Амангелді ауданының Бас имамы Әмірхамзин Жандарбек жұртшылық арасында діни тақырыпқа байланысты маңызды басқосулар өткізу дәстүрге айналдырған.

Бұл ауданда Б.Қолдаспаев орта мектебі талай дарынды түлектер ұшырған алтын ұя болып табылады. Бас имам осы оқу орнында оқушылармен болған жүздесуде «Білімді ұрпақ – ел болашағы» деген маңызды тақырыптағы әңгіме өрбітуі оларды ерекше әсерге қалдырды.

Сонымен қатар Жандарбек Мүбаракұлы аудан қасындағы Үрпек ауылының «Жаңауыл» орта мектебінде ұстаздар мен шәкірттер «Ислам терроризмді жақтамайды және Исламның күнделікті өміріміздегі орны» тақырыпта кездесуі, көп жайды көңілдеріне түйді.

Қостанай облысының баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар
Пятница, 07 Февраль 2020 18:42

Жангелдин: Өзекті тақырып

Жангелдин ауданы Торғай селосындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде келелі кездесу өтті. Оған сол өңірге жұмыс сапарымен келген Арқалық қаласы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Дархан Қосылбаев қатысты.

Кездесу барысында «Бауырмашылдықтың негіздері» деген тақырып төңірегінде насихат айтылды.

Сондай ақ осы жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкері, мектеп ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары қатысқан. Айтыған жәйттар негізінде оқушылардың ой-пікірлері, таным –түсініктері тыңдалып, олардың қойған сұрақтарына жауап та берілді.

Қостанай облысының баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником