Үстіміздегі жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен елімізде «Қайырымдылық керуені» акциясы жалғасын табуда.
Осынау игілікті мақсатқа арналған шара Қостанай облысының көптеген қала, аудандарында қолдау тауып жүзеге асырылуда. Оны көпшілік қауым басылымдардан оқып, көңілдеріне тоқып та жатқан болар.
Енді міне жақында ғана өңірдегі Федоров ауданыдық «Жиентай қажы» мешітінде акция ұйымдастырылып, жұртшылықтың үлкен алғысына ие болды. Мешітте көмекке мұқтаж 30 отбасына және көп балалы аналарға азық-түлік қоржыны табыс етілді.
Мұндай қамқорлыққа кенелген бауырларымыз шексіз қуанышқа бөленіп, мешіт қызметкерлері мен демеушілерге жүректен шыққан шынайы лебіздерін білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі