Қазіргі таңда барша адамзаттың үрейін тудырып, алаңдатып отырған коронавирус қатерінің алдын-алу мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан тазалық шаралары жіті назарға алынды.
Осы орайда Қостанай облыстық мешіті тарапынан облыстағы барлық мешіттерге тапсырма беріліп, әр күні тазалық жұмыстары жүргізілуі тапсырылды.
Оған мешіттің ішкі тазалығы, барлық қолданыстағы заттар, есік тұтқалары, дәретхана ішінің тазалығы баса мән берілуде.
Сонымен қатар ҚМДБ үндеуі халыққа жарияланып, сақтық шараларын күшейтуге шақырлды.
Осылайша қазіргі таңда облыс бойынша халық келетін барлық мешіттерде барлық мешітте жалғасуда.
Жақында Б.Майлин атындағы тарихи- өлкетану музейінде аудандық мешіт пен ішкі саясат бөлімі бірігіп «Толеранттылық гүлденудің негізі» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Алғашқы сөзді мешіттің Бас имамы Аязбек Нұраханов алып, исламдағы төзімділік жайлы жан-жақты әңгімелеп, қазіргі таңда қозғалып отырған мәселенің өте маңызды екенін түсіндірді.
Одан кейін аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Наталья Михайловнаның пікірін де жастар ұйып тыңдады. Кездесу қазақ және орыс тілінде жүргізілді.
Жастар өткізілген психологиялық ойындардан да ерекше әсер алды. Мұндай жүздесулердің аса пайдалы екендігін жиналғандар жете ұғынды.
Жуырда өңіріміздегі «Жиентай қажы» мешітінде Абай Құнанбаевтын туғанына175 жыл толуына арналған тағылымды шара болып өтті. Әрине, онда ұлы ақынның шығармашылығы арқау болды.
Бұл шараға № 2 мектеп шәкірттері мен Успеновка ауылындағы мектеп оқушылары қатысты. Өздерінің тапқырлық және зеректік қабілеттерімен көзге түскен балаларға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Жиналған жұртшылыққа дастархан жайылды. Олар мешіттің қызметкерлеріне дән ризашылықтарын білдірді.
Асыл дініміз Ислам ізгілікті қолдап, мейірімділік құндылықтарды үндейді. Басқаның басындағы қиындыққа ортақтасып, жанашыр болуды насихаттайды.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла үшін адамдардың ең сүйіктісі – адамдарға пайдалы болғаны», - деген ғой. Қоғамда қайырымды жандар көбейсе, ізгілік пен игіліктің есігі ашылады деген ұғыммен Рудный қаласы «Нұр» мешітінің жамағаты жақында игілігі мол, сауапты істерді жүзеге асырды.
Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, жалғызбасты қарияларға жәрдем берді. Мысалы, еріктілер тобының бірнеше намазхандарыГулус атай мен Зухра әжейдің үйлеріне барып, ауласын қардан тазартты. Тағы бір топ еріктілер мешіттің есік, терезесін жөндеп, қалыпқа келтірді.
Еріктілердің жасаған игі істері үшін Бас имам Бектұрсын Торғайбайұлы оларға шын жүректен алғысын білдірді.
Құрметті жамағат!
Бүгінде әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирус көптеген елдерге тарап үлгерді. Вирусты жұқтырған адам саны артуда. Бұл дерт бізді де алаңдатып отыр.
Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғаттағы зәрулік үкімін негізге ала отырып, коронавирустың жамағат арасында таралуының алдын алу шарасы ретінде жұма намазына байланысты мәлімдейді:
Барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Бұл мәлімдеме ағымдағы жылдың 13 наурызынан бастап күшіне енеді.
Әңгімемізге арқау болып отырған Марат Алпысбайұлы Әбділдин Меңдіқара ауданындағы Қасқат ауылы намазханасының молдасы болып қызмет атқарады.
Ол жуырда Алматы қаласындағы Ислам институтындағы 2-айлық білім жетілдіру курсын тәмәмдады.
Оған курсты бітіргендігі туралы куәлікті қазіргі ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы тапсырды. Бұл ізденімпаз азаматтың өмірінде ерекше орын алатындығы даусыз.
Меңдіқара ауданы "Зұлқарнайұлы Мұса қажы" мешітінің ұжымы Марат Алпысбайұлын куәлік алуымен құттықтай отырып, оған дін қызметі жолында шаршамай талмай халыққа қызмет етуіне тілекші.
Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша биыл да Ұзынкөл аудандық «Балықты» мешітінің ұйымдастыруымен түрлі ұлт өкілдерінен тұратын ақ жаулықты аналарға лайықты құрмет көрсетілді.
Бұл жүздесудің бір ерекшелігі, Бас имам Есенкелді қажы Әжімахан жиналғандарға рухани дәріс оқыды. Аналарға өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алуға мүмкіндік туғызылды.
Сондай-ақ құрметке бөленген жандарға мешіт ішіндегі мұражай көрсетілді. Мұражайдағы қасиетті құрандар және қасиетті кисуалардың тарихы да баяндалды.
Барлық аналарға дайындалған сыйлықтар табыс етілді. Оларға әзірленген дастарқанда да олардың атына қаншама жылы лебіздер білдірілді.
Әйелдер қауымын аудандық мешіттің алқа мүшесі Кенесары Омарұлы, жеке кәсіпкер Меңдібай Мәзитұлышын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, отбасында бақыт тіледі.
Арнайы шақырылған ғазиз аналар дән риза болып, Бас имам, ауданның құрметті азаматы Есенкелді Сақтағанұлына алғыстарын жаудырды.
Жақында Сарыкөл ауданының бас имамы Нұрбол қажы Балахмет осы аудандағы Злотоуст ауылында болды. Оны аталмыш ауданның әкімі Мырзағали Омаров қарсы алды.
Имам ауыл әкімі екеуі осы елді мекеннің орталығында кішкентай балдырғандар және олардың ата-аналарымен кездесті. Онда бүлдіршіндерге ұлағатты имани тәрбие беру туралы насихат айтылды және мешіт атынан сыйлық жасады.
Содан кейін осы ауылдың қарт тұрғыны, еңбек ардагері Ұлтуған Есжанова әжейдің үйіне барып, 83 жасқа толған туған күніменен құттықтап, оған мешіт атынан ықылас білдірді.
Сондай-ақ Күнтимес елді мекеніндегі Шоқан Уәлиханов мұражайында болып, ауыл тұрғындарына ұлтаралық және дінаралық татулық туралы әңгіме өрбітті.
Әулиекөл ауданындағы бірқатар мешіттерде халықтың игілігіне айналар жұмыстар атқарылып жатқандығы қуантады. Жалаң сөзге салынбас үшін нақты дәлелдер келтіре кетелік.
Мәселен, осы аудандағы Құсмұрын елді мекенінің 105 отбасы бірігіп, ауылдағы мешіттің асханасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Болашақта онда дүниеден өткен кісінің жаназа асы, қырқы, жылы секілді рәсімдер өткізілетін болады.
Мұнда асхананың төбесіне ерекше назар аударылды. 100 литрге лайықталған су ысытатын жаңа бойлер, 2 газ плитасы қойылды. Еденге линолеум төселіп, ыдыс қоятын стеллаждар жасалуда.
Жоғарыда аталған «Хақ» мешітінің жанашыр жамағаттары барлық жөндеу жұмыстарын өздері ұйымшылдық көрсете отырып, атқарғандықтарын ерекше атап өткен жөн. Жұмыла көтерген жүк жеңіл болатындығының жарқын дәлелі емес пе.
Аталған шараға қазақтың тұңғыш журналисі Мұхамеджан Сералин атындағы №3 қазақ орта мектебінің 1-10 сынып оқушылары қатысты.
Шәкірттер ұлы ақынның өлеңдерін оқыды. Бұл өлеңдерде оқу, білім, ғылым, жыл мезгілдері, табиғат көрініс тапқан. Сондай-ақ қара сөздер де қамтылды.
Әділқазылар алқасы оқушыларға лайықты бағасын берді. Жеңімпаздарға құрмет көрсетіліп, ізденістері аталып өтті