Үстіміздегі жыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен "Ихсан" жылы деп жарияланған болатын.
Сондықтан еліміздегі халқымыз бен өскелең ұрпақ яғни жастарымызға "Ихсан" ілімін насихаттау әрбір мешіттің қызметкерлеріне басты міндет болып табылады.
Осы сөзіміздің нақты дәлелі ретінде жуырда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде Қостанай өңірлік университетінің студенттерімен "Иман, Ислам, Ихсан" ілімдері тақырыбында рухани кеш ұйымдастырылды.
Онда мешіттің бас имамы Шоқан қажы Ғазизұлы сөз сөйлеп, кездесуге арқау болған тақырыпқа жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ наиб имам Мейрамбек Жетесов жиналған жастарға уағыз айтып, тақырыптың өте маңыздылығына аса мән берді.
Жүздесу өте әсерлі өтті. Студенттер көп жайға қанығып, өздерінің сауалдарына нақты жауаптар алды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі