Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар

Таяуда Жангелдин ауданының Шоқан Уәлиханов атындағы мектепте «Оспанқожа әулие» мешітінің найб имамы Аян Хасенов «Ислам ынтымақ діні» деген тақырыпта кездесу өткізді.

Бұл жүздесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкері, мектеп ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары қатысты.

Кездесу барысында оқушылардың көтеріліп отырған мәселеге байланысты ой-пікірлері, көз қарастары тыңдалып, қойылған сұрақтарға нақты жауап берілді.

Ұзын сөздің қысқасы, аталған білім ордасында ұйымдастырылған мұндай басқосудың тағылымдық және танымдық жағы өте мол болды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар
Вторник, 18 Февраль 2020 16:00

Қостанай: Дұғаның қабыл болуы

Қазіргі таңда еліміздің барлық мекендерінде ораналасқан үлкенді-кішілі ас дайындайтын орындар аз емес. Мұсылман қауымы халал тамақ әзірлейтін жерлерге құштарлық танытуда.

Осы орайда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде ұйымдастырылған әрі әйел-қыздарға арналған уағыз – насихат шараларының тәлімдік-тәрбиелік маңызы ерекше.

Таяуда ғана мешіттің наиб имамы Нұрлан Сейдагалиев бір топ әйелдер жамағатына «Дұғаның қабыл болуы – адал астан» деген тақырыпта берері мол басқосу өткізді.

Онда көтерілген тақырыпқа орай «Е» қоспалары кездесетін азық-түлік, тіпті тәтті тағамдардың құрамында бар қоспалар жайлы мәліметтер берілді. Әйелдер көп жайды көңілдеріне түйді.

Бір қуантарлығы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал» өнімдерінен жасалған тағамдарды бақылау мен тексерістері нәтижесінде қоспасыз әрі күмәнсіз тағам тізімдері күн сайын артып келеді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар
Понедельник, 17 Февраль 2020 16:48

Науырзым: Білімді жастар топ жарды

Науырзым ауданы «Түркебай» мешітінің және аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерей тойына орай «Талап еңбек терен ой, Қанағат, рақым ойлап қой!»-деп аталатын ұлы ақынның қара сөздері мен өлең шумақтарын мәнерлеп оқудан мектеп оқушыларының арасында білім сайысы болып өтті.

Алдымен аудандық мешіттің бас имамы Есет Ғабдімәліков сөз алып, Абайдың өмірі мен ҚМДБ-ның 30 жылдығына тоқталды. Жиналған жастарды терең білім алуға, еңбекқорлыққа, адалдыққа және діни сауатты болуға шақырды.
Сайыс қорытындысында қара сөз оқудан Алтынгүл
Жомарт, Дильназ Серикова, Әйгерім Мұхтаровалар жүлдегер атанса, Наргиз Каипова ынталандыру сыйлығына ие болды.

Сонымен қатар өлең шумақтарын оқудан Аяжан Төлеубек, Диана Салыкова, Медина Достяровалар ерекше көзге түсті. Ал Мадина Байсейітова болашағынан үлкен үміт күттіретіндігін байқатты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар
Понедельник, 17 Февраль 2020 16:46

Алтынсарин: Найб имам ауданда

Өткен аптада Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің найб имамы Дархан Манарбекұлы Алтынсарин ауданындағы «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінде жұма уағызын өткізді.

Ол мешітке келген жамағатқа «Мешіт әдебі» тақырыбында уағыз айтып намазына қатысып, жиналған жамағатқа уағыз айтып, сұрақтарға жауап берді.

Содан кейін аудандық мәдениет үйі қызметкерлері және жастармен де кездесу өткізіп, өзекті мәселелер жайында әңгімелеп, олардың көкейлерінде жүрген сауалдарына байланысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар
Понедельник, 17 Февраль 2020 16:45

Қостанай: Мешіт – имандылық ұясы

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде «Мешіт – имандылық  ұясы» тақырыбында уағыз айтты.

Белгілі дін қайраткері өзінің шешендігімен, жан-жақты білімімен жиналған қауымды баурап алды. «Екі дүние бақытына жол көрсететін ғибадат үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ал қасиетті Құран Кәрімде: «Алла Тағаланың мешіттерін тек Аллаға және ақырет күніне иман еткен, намаз оқыған, зекетін берген және Алладан басқа ешкімнен қорықпайтындар ғана салады» (Тәубе сүресі, 18-аят).

Бас имам Қостанай облысының аудан, қала, ауыл-аймақтарда ораласқан мешіттер санын баяндап,  мешіті жоқ аудан-ауылдарға жұдырықтай жұмыла мешіт салуда атсалысуға шақырды

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар
Понедельник, 17 Февраль 2020 16:42

Рант мүшесінің Қостанайға сапары

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Нұр-сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Дінмұхаммед Сманов Қостанай өңірінде болып, бірнеше кездесулер өткізді.

Ол, Қостанай қаласындағы УК 161/2 қатаң режимдегі түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілермен, ҚР ІІМ – Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттарымен және Қостанай қаласындағы Индустриалды және құрылыс колледждерінің студенттерімен жүздесті.

Ол жастарға теріс ағымның құрығынан сақ болуларын айта келе, ұлттық құндылықтарымызды бағалауға және дәстүрлі дінімізді терең меңгеруге шақырды.

Елімізде ғаламтор желісіндегі рұқсат етілген Діни басқарманың сайттарынан мәлімет алуға үндеді. Кешкі ақшам намазынан кейін қалалық мешітте «Жәннатқа апаратын амалдар» жайында уағыз айтып, қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді.

Келесі жұма күні өңірдегі Жант өкілдерімен қоғамдағы жат пиғылды ағымдармен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы талқылады. Сонымен бірге Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде жұма уағызын жүргізді.

«Қазақстан-Қостанай» телеарнасына «Бала тәрбиесі» жайлы сұхбат берді. Сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметі Өңірлік басқармасының қызметкерлерімен кездесіп, елдің тыныштығын қорғап отырған әскерилердің жұмысын ерекше ілтипатпен атап өтті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар

Жуырда Қарабалық ауданында теріс ағымдардың алдын алу мақсатында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен кездесу болып өтті.

Бұл жүздесуге барлық қызметкерлер толық қатысты. Ондағы негізгі мақсат - теріс ағымдардың тигізер залалын түсіндіріп, ол жөнінде жиналғандарға ақпарат беру еді.

Сол себептен есімі көпшілікке жете таныс азамат, аудандық «Ғашура ана» мешітінің бас имамы Серік Темірбекұлы деструктивті теріс ағымдардың ұстанымын, олардың қоғамға зияндығы хақында жан-жақты мағлұмат берді.

Кездесудің соңында жиналғандар қойған сұрақтарына толыққанды жауап алды. Мұндай маңызды басқосулар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Қостанай облысының баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар
Четверг, 13 Февраль 2020 15:54

Қостанай: Артық болмас білгенің

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде «Жаназаға қатысты» тақырыпта семинар ұйымдастырылды.

Оған мешітке тұрақты келіп жүрген жамағат пен «Екі айлық сауат ашу курсы» шәкірттері қатысты.

Мұнда «Жаназа» жайлы тақырыпқа орай әрбір мұсылман адам қандай әрекет ету керектігі үйретілді.

Оның ішінде ауыр халде жатқан кісіні даярлау, адам қайтыс болғанда жасалатын бірінші амалдар, мәйітті жуу, кебіндеу, кебіннің түрлері, ер мен әйелдерді кебіндеудің айырмашылығы, жаназа намазы, мәйітті көтеру, жерлеу, қабірді зиярат ету жайлы мәліметтер берілді.

Осы екі күндік семинарды мешіттің наиб имамдары Мейрамбек Жетесов пен Бақберсін Ізбасаров өткізді.

Қостанай облысының баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником