Қазіргі дерт орын алып отырған кезде емдеу мекемелеріне қолдау көрсету аса маңызды екендігін жете түсінген Қостанай облыстық мешітінің тікелей ұйымдастыруымен бірқатар игі шаралар жүзеге асырылуда.
Осы сөзіміздің нақты айғағы ретінде аталмыш мешіт ұжымы облыстық ауруханаға 495 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.
Облысымыздың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет аурухана бас дәрігерінің орынбасары Арман Баймағамбетовке 12 пульсоксиметр, 250 парацетамол дәрісін табыс етті.
Белгілі дін қайраткері Бахытбек Нұрғабылұлы өз сөзінде «Жалпы облыстық бойынша барлық мешіттер ауруханалармен тығыз жұмыс жасаудамыз. Осыған дейін ИВЛ аппараттары берілген болатын, енді міне пульсоксиметр қажеттілігі туындаған жеткізіп бердік» деп өтті.
Қостанай облыстық мешітінің
баспасөз қызметі