Мұхаммед Пайғамбарымызды күллі жер бетіндегі мұсылман бауырлар ерекше ардақ тұтады әрі ғұмырын өздеріне үлгі етеді. Тіршілікте оның адамгершілік, кісілік, қарапайымдылық қасиеттерін бойларына сіңіруге тырысады.
Ол әрқашан балаларды шексіз жақсы көріп, мейірімін төкті. Мүмкіндігі болғанша бүлдіршіндерге қуаныш сыйлауға тырысты. Тіпті олардың ойындарына да қатысқан көрінеді.
Жақында Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы жамағатпен бірге осы имандылық ордасы қызметкерлерінің балаларын шаттыққа бөлеу үшін кинотеатрға алып барып, мультфильм көрсетті. Сондай-ақ, ұл мен қыздарға дәмді тағам мен тәтті сусындарды үлестірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Таяуда Бейімбет Майлин аудандық Мәдениет үйінде Мұхаммед Пайғамбарымыздын туған күніне орай ғибраты мол рухани кеш болып өтті.
Оған көршілес қала және аудандардың Бас имамдары қатысты. Жиналғандар алдында аудан әкімі Қайсар Батырханұлы сөз сөйлеп, көпшілікті Мәуліт мерекесімен құттықтады.
Жан-жақтан келген қонақтарға жергілікті «Сабина» кафесінде ас берілді. Оған демеушілік еткен «Қарқын құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Алтай Наурызбайұлына шынайы алғыс айтылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Өңіріміздегі «Әмит ишан» мешітінің Бас имамы Нұрбол қажы Балахмет басқаратын ұжым қызметкерлері қайырымдылық мақсатында акциялар өткізіп, көптеген жерлестерінің ыстық ықыласына бөленіп жүр.
Олар таяуда тағы да бір игі іске мұрындық болды. Жергілікті жанашыр және жүрегі жомарт азаматтардың тікелей қолдауымен 20 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына азық-түліктей көмек көрсетті.
Қамқорлыққа ие болған шаңырақ иелері Бас имам мен демеушілік жасаған жандарға алғысын білдіріп, қызметтерінде табыс тіледі.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жуырда «Әмит ишан» мешіті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен " Жылулық сыйла" атты қайырымдылық акциясы аясында Әулиекөл ауылының 4 көмекке мұқтаж отбасына Шұбаркөл көмірі тұсіріліп берілді.
Сөйтіп, ол әр үйге шаққанда 3-3,5 тоннадан келді. Қысқы отынмен қамтамасыз етілген шаңырақ иелеріне жергілікті жүрегі жомарт азаматтар қолдау көрсетті.
Айналамызда осындай жаны жайсаң әрі мәрт кісілер көп болса, өңіріміздегі қаншама мейірімге зәру болып отырған жанұялар алдағы қыстың аязды суық күндерінен қысылмай әрі қиналмай шығары сөзсіз.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешіті ұжымының ұйытқы болуымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Ізгі қоғам" жылы аясында түрік қауымдастығымен бірге дөңгелек үстел өткізілді. Онда ұлтаралық татулық және бірлік пен ынтымақ тақырыбы әңгіме өзегіне айналды.
Оған Рудный қаласындағы "Нұр" мешітінің Бас имамы Сабыржан Есмурзин бастаған жамағат шақырылды. Құрметті қонақтардан Жақсылық ақсақал өнегелі өсиет айтты.
Сондай-ақ ардақты Мұхаммед пайғамбарымызға арналған салауат оқылды. Басқосуға ұйытқы болған кісілерге мешіттің атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.
Жиын соңында көпшілікке бата берілді. Құптан намазынан кейін жұртшылық бір-біріне ізгі-тілек білдірісіп, жоғары көңіл-күймен тарасты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде наиб имам Есдаулет Жұмаханұлының есімі жергілікті халыққа жақсы таныс.
Жуырда оның бастамасымен жоғарыда аталған имандылық ордасының шәкірт-жамағаттарының атсалысуымен ас берілді.
Онда ұстаз Бақытбек Сәндібекұлы өзекті «Намазға деген салғырттық» деп аталатын тақырыпта уағыз-насихат жүргізді. Жиналған жұртшылық оның ғибраты мол ұлағатты сөздерін ұйып тыңдады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облыстық мешітінде Зекет және қайырымдылық қорының және облыс бойынша барлықтмешіттер өткен қазан айында да тындырымды жұмыс атқарып, көмекке мұқтаж жандардың шынайы алғысына бөленді.
Мәселен, аталмыш қордың жетекшісі, найб имам Бақытжан қажы Икрамұлының сөзіне қарағанда, өңірде 34 іс-шара өткізіліп, онда 692 отбасы қамтылды. Қайырымдылық мақсатына 4 038 462 теңге жұмсалды.
Осынау игілікті істе демеушілер мен жүрегі жомарт азаматтар жанашырлық танытып, өздерінің лайықты үлестерін қосты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Облыс орталығынан едәуір жерде жатқан Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің қызметкерлері табиғатты қастерлеп, оны көркейтуге де белсене атсалысып келеді.
Осы сөзіміздің жарқын айғағы ретінде жуырда мешіт ауласында имандылық ордасына жанашыр жамағат-шәкірттердің тікелей көмегімен 6 түп шырша отырғызылды.
Алдағы уақытта күтімі мен баптауы келіссе, әлгі отырғызылған шыршалар айналаға ерекше көрік беріп, келіп-кетуші ағайындардың эстетикалық әрі экологиялық мәдениетін арттыруға ықпалын тигізетіндігі сөзсіз.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан қажы Асанұлы киелі Жангелдин ауданына арнайы іс сапармен келді.
Ол жергілікті «Оспан қожа әулие» мешітінің жамағаттарымен жүздесті. Онда «Ислам әлемге түсірілген дін» тақырыбында уағыз-насихат айтып, қасиетті жұма намазын өткізді.
Мешітке жиналған қауым халықты имандылыққа үндеуде айтарлықтай қызмет атқарып жүрген өз саласының майталманына дән ризашылықтарын білдіріп, естелікке суретке түсті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жуырда Арқалық қалалық “Мухтасиб Әлмұхаммед” мешітінің бас имамы Нұрхан қажы Асанұлы Ашутасты ауылындағы “Ашутасты” мешітінде іс-сапармен болды.
Ол аталмыш елді мекенге ат басын бұрғанда жергілікті имандылық ордасының тыныс-тіршілігімен, ондағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Осындағы жұма намазына қатысып, уағыз-насихат айтты. Ауылдағы жамағаттар оның ой-пікірлерін ерекше ықыласпен тыңдап, ұмытылмас әсер алды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі