Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Четверг, 14 Декабрь 2023 10:33

Ел үлесі пәтерге: 712 үй

Елімізде "Ел үлесі пәтерге" жобасы бойынша көп жылдардан бері баспаналы бола алмай жүрген көптеген қандастарымыз демеушілердің арқасында тұрмысқа жайлы қонысқа көшті.

Жуырда ғана Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің найб имамы, Зекет және қайырымдылық қорының жетекшісі Бақытжан қажы Икрам Әулиекөл ауданына арнайы барды.

Ол Құсмұрын бекетінде ғұмыр кешіп жатқан көп балалы Бағлан Мұхтархановтың отбасына үйдің кілтін табыс етті.

Бұл үстіміздегі жылы Қостанай облысы бойынша берілген 12-ші баспана.

Мына дүниеде адамдардың қуанышына ортақ болғанға не жетсін. Шаңырақ иелері жанашырлық танытқан барша азаматтарға шынайы алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен қолға алынған «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында қаншама қамқорлыққа мұқтаж кісілерге шарапаты тиіп жатыр.

Осы арада сөзіміз жалаң болмас нақты мысал келтіре кетелік. Жақында Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің қызметкерлері және демеуші азаматтардың қолдауымен жергілікті тұрғын Камил Мырзабекұлының еміне шипа болсын деген ниетпен 270 000 теңге көлемінде қаражат берілді.

«Алтын алма, алғыс ал» қағидасын берік ұстанған мейірімді жандардың тілектері қабыл болып, Алланың нұры жауа берсін.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 12 Декабрь 2023 17:09

Ұзынкөл: Халықтың көңілінен шықты

Ұзынкөл ауданының арнайы шақыруы бойынша жергілікті мешітке Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Дархан Сыздықов келді.

Дархан Манарбекұлы Жергілікті Ақпараттық Насихат тобы аясында аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Онда ол ұлттар арасындағы ауызбірлік, татулық және басқа да маңызды мәселелер жөнінде әңгімеледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 12 Декабрь 2023 17:06

Хадистен жарыс өтті

Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешітінің жамағаты арасында "Хадис-ғұрпымыз, сүннет-салтымыз" атты хадисті жаттаудан жарыс ұйымдастырды.

Бұл сайыстың мақсаты - Мұхаммед Пайғамбарымыздың танымдық хадистерін жаттау, оның берері мол ғибраттарымен сусындау.

Әділқазылардың шешімі бойынша бірінші орынды Ильдар Нұрқалин, екінші орынды Мейрам Нұрпейісов, үшінші орынды Бекболат Есжанов иеленді. Сөйтіп, шәкірттер терең білімдерін дәлелдеді.

Жүлдегерлерге лайықты құрмет көрсетілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 11 Декабрь 2023 11:31

Сарыкөл: Өрт сөндірушілермен кездесті

Жуырда Сарыкөл аудандық «Аққозы қажы» мешітінің Бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек жергілікті өрт сөндіру мекемесі №23 бөлімшесінің қызметкерлерімен кездесті.

Жүздесуде теріс ағымның алдын-алу және одан сақтану жолдары жөнінде айтылды. Басқосуға қатысқан білікті мамандар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тиянақты жауап алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 11 Декабрь 2023 11:27

Ұзынкөл: Мектептегі кездесу

Белгілі дін қайраткері Бахытбек қажы Нұрғабылұлы мешіттен кейін аудан орталығындағы жас ұрпақты мемлекеттік тілде оқытатын №2 мектепте болды. Мұнда ол ұстаздар мен жоғары сынып оқушыларына маңызды тақырыптар бойынша уағыз-насихат айтты.

Оның қазіргі таңдағы елдің көкейінде жүрген ауызбірлік пен татулық, жастарға патриоттық рухта тәлім-тәрбие беру жайлы тың пікірлері қатысушыларды терең ойда қалдырды.

Олардың қойған сауалдарына өмірден нақты дәлелдер келтіре отырып жауап берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 11 Декабрь 2023 11:25

Торғай: Жаңа имам

Өткен жұма күні Жангелдин аудандық «Оспанқожа әулие» мешітінде жиын болып өтті. Оған Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Нұрхан Асанұлы арнайы қатысты.

Онда дін қайраткері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтидің бұйрығымен жаңадан тағайындалған имам Айдос Әбдісалықов жайлы баяндады. Жұма намазында жамағатқа уағыз айтып, батасын берді.

Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматовқа жаңа имамды таныстырды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 11 Декабрь 2023 11:22

Умраға жолдама

Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешітінде мұсылман қауымының қолдауымен игілікті бастамалар жүзеге асырылып келеді.

Жуырда соның бір жарқын айғағы ретінде мешіт жамағаты және еріктілердің ұйымдастыруымен қаражат жиналып, өзі тақуа, қарапайым әрі имандылықты берік ұстанған ардақты азамат Абдусаттарға "Умра" қажылығына жолдама табыс етілді.

Біз ізгі ниеттегі бауырларымыздың таңдауы мен құрметіне ие болған жерлесімізге сәтті сапар тілейміз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 08 Декабрь 2023 13:43

Әулиекөл: Қолы ашықтың - жолы ашық

Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.

• Бірі — рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау),

• Екіншісі — іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).

Осы ретте қасиетті жұма күнінің құрметіне әулиекөлдік мейірімді жанашыр азаматтардың қолдауымен бір отбасына 3 тонна Шұбаркөл көмірін түсіріп берілді.

Сондай-ақ, 8 отбасына азық-түліктей көмек көрсетілді. Олар шексіз қуанышқа бөленді. Өздеріне қайырымдылық көмек жасаған жандарға шынайы алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 08 Декабрь 2023 11:55

Алғыс арқалаған Бақыткүл

Жақында Қостанай қалалық "Жайлаубай ата"мешітінің ұжымы Еріктілер күніне орай көмекке мұқтаж жандардың жанынан табылып, олардың шынайы алғысына бөленіп жүрген жүрегі мейірімге толы Бақыткүл Мүсілімқызына құрмет көрсетті.

Оны адал қызметі үшін шын жүректен құттықтап,отбасына амандық, абыройлы жұмысында табыс тіледі. Оған деген ілтипаттың жарқын белгісі ретінде Алғыс хат табыс етті.

Біз алдағы уақытта да қазақтың осынау дарқан да кеңпейіл қызы жемісті қызмет атқарып, өзінің іскерлік қырларымен таныла береді деген нық сенімдеміз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«35363738394041424344»
Page 40 of 376

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником