Тобыл қалалық «Маңдай батыр» мешітінің ұжымы Республика күні қарсаңында қалалық мешіттер арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырды. Ол Тобыл қаласындағы «Астана» спорт кешенінде өткізілді.
Жарыс басталмас бұрын облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев және Қостанай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мылтықбай Абдуайтов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша І орынды облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы», ІІ орынды Қостанай аудандық «Маңдай батыр», ІІІ орынды Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешіттерінің командалары иеленді.
Жүлдегерлерге лайықты құрмет көрсетіліп, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Салауатты өмір салтын жандандыру мақсатында өңірде осындай спорттық шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі