Облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітіндегі имамдардың басқосуында Бахытбек қажы Нұрғабылұлы өткен жылғы атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша Бас мүфтидің атынан бірқатар имамдарды құттықтап, оларға Алғыс хаттарды табыс етті.
Олардың қатарында дін қайраткерлері - облыстық мешіттің найб имамы Әлішер Балахмет, Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітінің Бас имамы Бектұрсын Уәлиев, Ұзынкөл аудандық «Құрман баба» мешітінің Бас имамы Есенгелді Әжімахантегі, Қарасу ауданының Бас имамы Халық Әбсаттаров, Қостанай ауданына қарасты «Алтын дала» ауылдық мешітінің молдасы Берік Хамитұлы бар.
Ұзақ жылғы жемісті қызметі үшін Қарасу ауданының Бас имамы Халық Әбсаттаровқа шипажайға жолдама берілді.
Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет өңірде адал еңбегімен дараланған және дін саласында қызмет атқарып жатқан 12 адамға Алғыс хаттарды табыс етті.
Мәселен, облыс орталығындағы «Жайлаубай ата» - «Ең үздік қала мешіті», «Тойғанша ана» - «Ең үздік ауыл мешіті» атанды. Марапатқа ие болғандардың қатарында «Үздік мешіт тазалықшысы» деген номинация да бар.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы үстіміздегі Ұлу жылын «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы деп атады.
Осыған байланысты Қостанай облыстық мешітінде 2024 жылдың алғашқы жиыны болып өтті. Оған өңірдегі аудандар мен қалалардың бас имамдары және бөлім басшылары қатысты.
Облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Бас мүфтидің бағдарламалық баяндамасы жайлы жан-жақты айтып берді. Имамдардың алдында тұрған міндеттері мен атқарылар нақты жұмыс жоспарына тоқталды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде екі бірдей кәсіпкерге - «Qazaq Et» және «Моя узбечка» тағамдық орталығына «Халал Даму» сертификатының куәліктері табысталды.
Оларға маңызды құжатты жиналған жамағаттардың алдында ҚМДБ-ның «Халал даму» бөлімінің Қостанай облысы бойынша жауапты маманы Әлішер Ертайұлы табыс етті.
Осы арада айта кетер жай, енді алдағы уақытта аталмыш дәмханаларда арақ-шарап сатылмайды. Барлық дайындалатын тағамдар шариғат талаптарына сай әзірленеді.
Бұл күндері өңірде осындай сертификаттар куәлігін 25 кәсіпорын алды. Олардың иелері үстіміздегі жылы жұмыстарын барынша жандандыра береді деген үміттеміз.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жуырда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы «Хадис-ғұрыпымыз, сүннет-салтымыз» атты жамағаттардың арасында хадисті жаттаудан екінші рет жарыс ұйымдастырды.
Оның қорытындысы бойынша І орынды Арқалық қаласындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің шәкірті Мейрам Жұмабекұлы, І және ІІІ орынды қостанайлық талапкерлер Серікжан Әміржанұлы мен Қайрат Мерхатұлы иеленді.
Сайысты өткізудегі мақсат – Мұхаммед Пайғамбарымыздың хадисін жаттап, қазыналы біліммен сусындау. Аталмыш іс-шараға «Хамза» сауда орнының иесі демеушілік етті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған "Қамқор - Шарапат" салттық қызмет көрсету орталығының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Ұзынкөл аудандық «Құрман баба» мешітінде семинар өткізілді.
Онда қазіргі таңдағы маңызды мәселе - «Қабір зиратының әдептері» тақырыбы әңгімеге арқау болды. Жиын барысында жамағат тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауап берілді.
Өздеріңіз де байқап отырған боларсыздар, бұл өмірлік мәні зор жайды әрбір мұсылман бауырларымыз білгені абзал.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің жанындағы қайырымдылық мекемесі орталығының қолдауымен өткен жылдың қарашасы мен үстіміздегі жылдың 5 қаңтары аралығында ұйымдастырылған екі айлық білімді жетілдіру курсы өз мәресіне жетті.
Онда өңірдегі қала мен аудандар, ауылдардан келіп, білім нәрімен сусындаған шәкірттер Құран, Ақида, Фиқх, Ислам тарихы, Сира және өзге де пәндерден сабақ алды. Оларға білікті ұстаздар дәріс берді.
Қасиетті жұма күні талабаларға облыс имамы атынан сертификат табыс етілді. Енді аталмыш курс осы жылдың 15 қаңтарында басталғалы отыр.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Үстіміздегі жыл Қостанай өнірінде жағымды жаңалықтармен басталды. Осы күнге дейін халыққа қызмет көрсетіп келген «Моя узбечка» дәмханасының ұжымы ҚМДБ-ның «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығының куәлігіне ие болды.
Маңызды құжатты алған кәсіпкер Азиз Абдисаламұлына ҚМДБ-ның «Халал даму» бөлімінің Қостанай облысы бойынша жауапты маманы Әлішер Ертайұлы арнайы табыс етті.
Ерекше атап өтер жай, енді алдағы уақытта аталмыш дәмханада арақ-шарап сатылмайды. Барлық тағамдар шариғат талаптарына сай дайындалады. Қазірге дейін аймақта мұндай сертификат куәлігіне 25 кәсіпорындар ие болғанын атап өткен жөн.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Федоров аудандық «Жиентай қажы» мешітінде аптасына бір рет жамағаттың басын қосып, аудандық спорт кешінінде волейбол ойнауды дәстурге айналдырды. Содан кейін имандылық ордасында бас қосып, жайылған дастарқан басында өмірлік маңызы зор уағыз–насихаттар айтылады.
Онда Бас имам Руслан Маратұлы жиналған қауымға бірлік пен ынтымақты, алға жетелейтін тура жолды ұстану жайында кеңінен әңгімелейді.
Осындай пайдасы мол іс – шаралардың алдына қойған мақсаты - жамағатты мешітке мейлінше көп тарту, олардың арасындағы сыйластық пен ауызбіршілікті барынша күшейту.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облыстық «Аймағамбет қажы Спанұлы» мешітінің жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының қызметкерлері жыл бойы шама-шарықтары келгенше өңірдегі көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық жасалды.
Өткен желтоқсан айында да қыруар жұмыстар атқарылды. Нақты деректер мен дәйектерге сүйенетін болсақ, қор жетекшісі Бақытжан қажы Икрамұлының айтуына қарағанда, облыс бойынша 38 іс-шара өткізілді. Онда 303 отбасына көмек көрсетілді.
Жалпы, жылдың соңғы айында қайырымдылық үшін 6 369 225 теңге қаражат жұмсалды. Аталған сауабы мол игілікті мақсатқа іскер азаматтар жанашырлық танытып, өздерінің қомақты үлестерін қосқандығын ерекше атап өткен жөн.
Жаңа жыл олардың шаңырақтарына қуаныш пен шаттық, жұмыстарына береке алып келсін!
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Баршаға мәлім, осыдан екі жыл бұрын елімізде қаңтар оқиғасы орын алып, онда қаншама жазықсыз жандар қаза тапты. Қазақ халқы оларды ешқашан ұмытпайды. Қасиетті жұма күні Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбеттің бастамасымен өңірдегі барлық мешіттерде аруақтардың рухына Құран бағышталып, дұға жасалды.
Біз үшін мемлекеттің беріктігі мен тыныштығы, жұртшылықтың амандығынан қымбат ештеңе жоқ. Мұны аудандар мен қалалардағы имандылық ордаларында бас қосқан үлкенді-кішілі қауым жан жүрегімен сезінді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі