Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев кезекті іс сапарында өңіріміздің Ресеймен шекаралас жатқан Қарабалық ауданында болды.
Ол алдымен осы ауданның әкімі Руслан Халықовпен кездесті. Онда жергілікті жерде қалыптасқан діни ахуал, «Ғашура ана» мен ауылдардағы мешіттерді қыс айларында ұстап тұру, оларды отын-сумен қамтамасыз ету, тазалық жұмыстарын қадағалау және басқа да маңызды мәселелер талқыланды.
Содан кейін Бектұрсын Торғайбайұлы аудандық мешітке ат басын бұрып, осында жиналған жұртшылықпен дидарласты. Жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен тағайындалған жаңа имам Есбол Айтмұханбекұлы Касеновты таныстырды.
Сондай-ақ Бас имам жиналғандарды таяу да ғана облыстық мешіттегі конференцияда қабылданған ысырапшылдықтың алдын алу жөніндегі шешім жайлы жан-жақты айтты.
Жаңа бекітілген имам бұған дейін де дін саласында жауапты қызметтер атқарған. Қарабалықтықтар оны жылы қабылдады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі