Жуырда РАНТ мүшесі, Түркістан облысындағы Сарыағаш медресе-колледжінің директоры Дінмұхаммед Әбдіжаппарұлы Сманов арнайы екі күндік іс-сапармен Қостанай шаһарында болды.
Ол алдымен қаладағы «Марал ишан» мешітінде жамағатпен кездесіп, «Мәзхаб ұстанудың маңызы» тақырыбында, уағыз айтты. Келесі күні Рудныйдағы «Нұр» мешітіне ат басын бұрып, жамағатқа Діни басқарманың пәтуасына жүгінудің маңыздылығын айтты..
Сондай-ақ, жергілікті жастар ресурсы орталығында тұрғындармен жүздесті. Мұнда дін мен дәстүр, оның мәні мен мақсаты жайлы тебірене сөз сөйледі.
Оның облыс орталығындағы түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесу барысында «Отанға деген құрмет және Ханафи мазхабы» тақырыбын тілге тиек етті.
Сол жұма күні РАНТ мүшесі облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде жамағатпен уағыз-насихат жүргізді. Оны Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев жиналғандарға таныстырып, Дінмұхаммед Смановтың дінімізді өркендету мен шәкірттер тәрбиелеудегі сіңіріп жатқан еңбегіне тоқталды.
Бұл жүздесу халықтың көңілінен шығып, олар елімізге танымал ұстазға дән ризашылықтарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі