Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы Арқалық шаһарында арнайы іс-сапармен болып, қалада бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Онда көпшіліктің көкейінде жүрген өзекті мәселелер қозғалды.
Оны қала әкімі Әмірхан Асанов қабылдады. Әңгіме барысында қазіргі таңда жергілікті мешіттің жанында салынып жатқан асхананың жай-күйі, алдағы уақытта бой көтеретін жаңа мешіттің жайы да талқыланды.
Содан кейін шаһардағы «Көпсалалы колледждегі» студенттермен кездесуге қатысты. Мұңда жастардың білімге деген құштарлығы, өскелең ұрпақтың дін жайлы тағылымды да қажетті мәліметтерді ғаламтордан емес, дін қызметкерлерінен алулары керектігі жайлы тілге тиек етті. Студенттердің тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауап берді.
Ал қаладағы «Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешітінде ұйымдастырылған жүздесу де өте әсерлі өтті. Имандылық ордасының жанындағы ақсақалдар алқасының мүшелеріне «Діни рәсімдердгі ысырапшылдықтың алдын алу» жөнінде облыстағы конференцияда қабылданған шешімді айта келіп, оны халық арасында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде ақылдасты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі