Қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы жамағат арасында волейболдан ”Байлық- байлық емес, денсаулық- байлық “-атты жолдастық кездесу ұйымдастырды.
Жарыс өте тартысты өтті. Мұндағы негізгі мақсат - намазхандардың арасындағы ауыз біршілік пен ынтымақты, салауатты өмір салтын одан әрі нығайту.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Өткен жұма күні Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің Бас имамы Дархан Манарбекұлы «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы аясында жергілікті ақсақалдар мен жастар жамағатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Қажының рухани келбеті» тұғырнамасы құжатын таныстырды.
Халық Меккеге қажылыққа барған азаматтарды «қажы» деп құрметтеп, оларға ерекше ілтипат көрсететіні белгілі. Алайда, қажылар да өз кезегінде күнделікті өмірде өздерінің көркем мінезімен, адалдығымен, әділдігімен өзгелерге өнеге болуы тиіс екенін жан-жақты баяндады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай қалалық “Жайлаубай ата”мешітінің ұйытқы болуымен жамағатқа “Исра және Миғраж түні” мерекесіне орай ауыз ашар дастарқаны жайылды.
Жиын барысында ұстаз Нұрислам Сәтсапарұлы намазхандарға миғражға байланысты оқиғаны кеңінен баяндады. Оның ұлағатты сөздерін қатысушылар ұйып тыңдады.
Басқосу соңында жамағатпен Құптан намазы оқылып, еліміздің тұғыры берік және тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін дұға жасалынды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы үстіміздегі жылды «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы деп жариялағаннан бері дін қайраткерлері өңірдегі мешіттерде, мәдениет үйлері мен кітапханаларда халықпен кездесулер өткізуде.
Мәселен, жуырда Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы Қарабалық ауданында арнайы іс-сапарда болды. Қызмет барысында бірнеше ұжымдармен жүздесті.
Мысалы, алдымен тілдерді дамыту орталығында мемлекеттік қызметкерлерімен ұйымдастырылған дөңгелек үстелде «Ислам және дәстүр» түсінігі аясында діни ағартушылық тақырып қозғалды.
Содан кейін аудандық кітапханада «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты жергілікті ақсақалдармен семинар өткізіліп, ұрпаққа рухани тәрбие берудің маңыздылығына тоқталды.
Кездесулер соңында аудандық «Ғашура ана» мешітінің жамағатымен дидарласып, қазіргі таңдағы өзекті мәселелер әңгімеге арқау болды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы деп жариялағаны белгілі.
Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде осы жыл аясында «Аталар мектебін» құру мақсатында ақсақалдармен алғашқы жиын болып өтті. Онда өңір бойынша аталған маңызды жобаның жылдық жұмыс жоспары таныстырылды.
Атап айтатын болсақ, «Ішімдіктен бас тарқан ауыл», «Ас беру мәдениеті», «Зират пен зиярат», «Біз – құмар ойынға қарсымыз!», «Нашақорлыққа – жол жоқ!», «Лудомания үлкен дерт!» секілді өзекті тақырыптар қамтылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы Федоров ауданында арнайы іс-сапармен болғанда бірқатар маңызды кездесулер өткізді.
Мұнда алдымен жергілікті мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен жүздесіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Ислам және дәстүр құндылықтары» тақырыбы жайлы кеңінен әңгімеледі.
Сонымен қатар, Бас имам жергілікті салынып жатқан мешіттің құрылыс барысымен де танысты. Әрине, ол болашақта пайдалануға берілетін имандылық ордасының жай-жапсары жөнінде өзінің пікірін ортаға салып, жауапты мамандарға сәттілік тіледі.
Бұл имандылық ордасы келешекте мұсылман бауырларымыздың құлшылық орнына айналады деген үміттеміз.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Облыстың Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы Тәжімбет Федоров ауданына сапары кезінде алдымен аудан әкімі Тәуба Қайыржанұлымен кездесті.
Мұнда өңірдегі діни ахуал жайы айтылды. Сондай-ақ, жергілікті жерде салынып жатқан мешіттің құрылысы жөнінде сөз болып, басқа да маңызды мәселелер әңгіме арқауына айналды.
Жалпы, кездесу іскерлік жағдайда өтті. Дін қайраткерінің сапары одан әрі жалғасты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің найб имамы Есдәулет Мұхтар үлкен игілікті әрі сауабы мол іске мұрындық болды.
Оның тікелей бастамасымен имандылық ордасының жамағаты Еркін есімді азаматқа 1 тонна көмір түсіріп берді. Енді, ол қыс айынан қысылмай шығатын болады.
Мұндай көмекке мұқтаж жандардың жанынан табылып, дер кезінде қол ұшын бергенге не жетсін.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облысының наиб имамы Тимур Туребаев кезекті сапарында Бейімбет Майлин аудандық «Әйет» мешіт жамағаттарына арналған «Ислам және дәстүр құндылықтары» атты семинар өткізді.
Бұл семинардың мақсаты - жалпы әрбір мұсылман дәстүр құндылығын жете ұғынып, оны ислам дінінің қайнар көзі ретінде түсінуге ұйытқы болу. Өйткені, әлі де болса діні мен салт-дәстүрін білмейтін, Ислам діні тек Араб ұлтына ғана тән деп жүргендер кездеседі.
Сондықтан жиында дәстүрін білген кісі дінін де түсінетіндігі айтылды. Осыған ұқсас мәселелер қайталанбас үшін ондай адамдар мешіт пен медреселерде діни білімін жетілдірулеріне кеңес берілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің найб имамы Тимур Туребаев Бейімбет Майлин ауданында болғанда № 16 төтенше жағдайлар басқармасының өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі саласының қызметкерлеріне арналған «Діни білімді қайдан үйренеміз?» атты ашық семинар өткізді.
Семинар барысында кейінгі уақытта діни білімге тіпті қатысы жоқ кездейсоқ адамдар әлеуметтік желіде көптеген мәселелерді қозғайтындығын, алайда оған аңқау халық күмәнмен қарап, сенбеулері керектігін еске салды.
Нақты діни мағлұматтарды тек ғана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы рұқсат еткен ресми құжаты бар мешіт пен медреселердегі ұстаздардан алу қажеттігін жеткізді.
Жиын соңында арнайы келген найб имам Тимур Құрманғазыұлына Өрт сөндіру мекемесінің басшысы барша ұжымның атынан алғысын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі