Колледждегі маңызды кездесу
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан Асанұлы Ақылы шектеулі мектеп-интернатында болып, бүлдіршіндермен кездесті.
Ол жүздесу барысында жиналғандарға «Алланың үлкен нығметі-тәуелсіздік» туралы түсіндірді. Балаларға мейірімділік турасында тұшымды уағыз-насихат айтты.
Сондай-ақ бас имам 20 бүлдіршінге ақшалай сый-сияпат жасады. Олар көрсетілген ықыласқа дән риза болды. Мектеп басшылары дін қайраткеріне осындай басқосуға ұйытқы болғаны үшін алғысын білдірді.
11 оқушыға киім-кешек тапсырды
Бас имам Нұрхан қажы Асанұлы шаһардағы көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету бағытында елеулі жұмыстар атқарып келеді. Ол жуырда жоғарыда аталған колледжге арнайы ат басын бұрып, тәрбиеленіп жатқан балалардың жағдайымен танысты.
Осындағы асыраушысы жоқ 11 оқушыға қысқа қажетті жылы курткаларды табыс етті. Әрине, олардың қуанышында шек болған жоқ. Қайырымдылық көрсеткен дін қызметкерлеріне шынайы алғыстарын жеткізіп, естелікке суретке түсті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі