Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Понедельник, 30 Октябрь 2023 09:20

Арқалық: Қорым жұмысымен танысты

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Нұрхан қажы Асанұлы жергілікті мұсылман бауырларымыздың қамы үшін тындырылған қыруар шаруалардың басы-қасында жүреді. Оның іскерлігіне шаһар жұртшылығының да көзі әбден жеткен.

Мәселен, ол таяуда ғана қалада жаңадан салынып жатқан қорымға барып, оның жұмысымен танысты. Біраз тындырылған істерді өз көзімен көріп, ой-пікірлерін білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жақында Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің найб имамы Нұрлан Сейдағалиев Меңдіқара ауданынла іс-сапарда болды.

Ол ат басын жергілікті «Қарамақы ата» мешітіне бұрып, осындағы мұсылман жұртшылығымен жиын өткізді. Онда қазіргі таңдағы өзекті мәселе отбасының ынтымақ-бірлігі мен құндылығы сөз болды.

Мемлекет шағын отбасылардан құралатыны белгілі. Демек, жанұяның іргесі мықты болуы, бала тәрбиесі әрбір ер азамат пен әйелдің ақыл-парасатына байланысты.

Сондықтан олар жастайынан ұл мен қыздарын еңбекқорлыққа, имандылыққа, тиянақты білім алуға, үлкендерді құрметтеп, кішіге ізет көрсетуге баулығандары жөн.

Қазақта «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген аталы сөздер босқа айтылмаған. Жиын өте тартымды ұйымдастырылғандықтан жиналған жамағат үлкен әсер алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 27 Октябрь 2023 11:52

Арқалық: «Ұлы дала дүбірі» сайысы

Өзіміздің қандастарымыз басым тұратын Арқалық қаласында Республика күніне орай алғаш рет «Ұлы дала дүбірі» атты ұлттық ат спорты сайысы өткізілді.

Бұл бауырларымыздың ерекше қызығушылығын арттыратын додаға жергілікті «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан қажы Асанұлы арнайы шақырылды.

Дін қайраткері жарыстың басында Құран аяттарын оқып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Федоров аудандық «Жиентай қажы» мешітінің қызметкерлері Республика күніне орай қайырымдылық іс – шарасын ұйымдастырды. Бұл жиынға Успенов элеваторының басшысы Бақтияр бауырымыз ат салысты.

Онда көмекке мұқтаж 10 отбасыға ұн және қажетті тауарлар берілді. Аудан имамы Руслан Маратұлы жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, ең ізгі тілегін білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 27 Октябрь 2023 11:39

Лисаков жаңалықтары

Мәуліт жайлы уағыз

Лисаков қалалық "Әбдіхаим Саламатұлы" мешітінде Мәуліт мерекесінің құрметіне Мұхаммед Пайғамбарымызға арналған "Мауліт-шариф" оқылды. Бас имам Әкімбек Асанов жамағатқа бұл мейрамның мәні мен мәнісі жайлы уағыз-насихат айтты.

Пайғамбарымызға байланысты салауаттардан жұртшылық рухани нәр алды. Мешіт шәкірттері арасында ұйымдастырылған салауатты шеберлікпен орындауда үздік шыққан үш шәкіртке демеушілер атынан сыйлықтар тапсырылды.

Мерекеге орай дастарқан жайылды. Содан кейін өмір белестерінен өткен қарттар жастарға батасын берді.

Ұлттық мерекеге арналды

Жақында Лисаков қалалық "Әбдіхаим Саламатұлы" мешіті ұжымы және жаны жомарт жандардың ұйымдастыруымен Республика күніне орай ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтан жарыс өткізілді. Оған 14 адам қатысты.

Ойын қортындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Нұрхан Серікбаев, екінші орынды Нұрсая Қарабасова, үшінші орынды Нартай Бердімұрат жеңіп алды.

Жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар мен мадақтама қағаздары тапсырылды. Сөз соңында Бас имам Әкімбек Асанов барлық ұйымдастырушылар мен белсене атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 27 Октябрь 2023 11:28

Рудныйдағы рухани кеш

Рудный қалалық «Нұр» мешіті ұжымының ұйымдастыруымен жергілікті жамағатқа Республика күні мерекесіне орай дастархан жайылып, рухани кеш болды.

Бас имам Сабыржан Зейнелғабиденұлы жиылған жұртты мейраммен құттықтап, оларға татулық пен бірлік, ынтымақтастық пен бауырмашылдық, жанашырлық пен отансүйгіштік жайлы сөз етті.

Шаһардың беделді ақсақалдары ыстық лебізін білдіріп, жастарды туған жері мен еліне адал қызмет етуге шақырды.

Жиын соңында асқа бата беріліп, қатысушыларға рәмізімізді айқындайтын көк тудың жалаушасы таратылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 26 Октябрь 2023 11:07

Тоғыз айдың есебі

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен бес бағыт бойынша атқарылған тапсырмаларды жылдық есеп беруге дайындық жасау мақсатында Қостанай облысы имамдарының жиыны өткізілді.

Басқосудан кейін еліміздің тәуелсіздігі жолында бастарын бәйгеге тігіп, құрбан болған ата-бабаларымыздың рухына Құран Хатым дұғасы жасалды. Оларға құрмет көрсетіп, есімдерін ұлықтау бүгінгі ұрпақтың басты міндеті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қостанай өңірінде де Мұхаммед Пайғамбарымыздың құрметіне қаншама ізгілікті де қайырымдылық мақсаттағы шаралар ұйымдастырылып, үлкен мен кішіге шарапаттарын тигізуде.

Жақында Алтынсарин аудандық «Алдиярұлы Жанұзақ» мешіті атынан «Сәбинұр» атты бөбекжайдағы бүлдіршіндерге ойыншық сыйлықтар табыс етілді. Әрине, балдырғандар үлкен қуанышқа кенеліп, тәрбие орнының ұжымы имандылық ордасының қызметкерлеріне шынайы алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Федоров аудандық «Жиентай қажы» мешітінің имамдары жергілікті ауылшаруашылығы колледжінде студенттермен есте қаларлық кездесу өткізді.

Жүздесу барысында жастарға елді өркендетуге пайдасын тигізетін азаматтар болуға, мемлекетіміздің нағыз патриоттары атануға байланысты насихат айтылды.

Жиын қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді. Сондай-ақ, қазіргі таңдағы қоғамға зиянды әдеттерден сақтану жолдары, яғни есірткі мен ішімдікке құмарлық жайында да сөз болды.

Студенттер өздерінің көкейде жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауап алды. Колледж басшылары мешіт қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 26 Октябрь 2023 10:45

Жүлдегерлерге құрмет көрсетілді

Республика күні қарсаңында облыстағы төрт аймақ бойынша футболдан өзара жарыс ұйымдастырылды. Ол өте тартысты өтіп, жанкүйерлер табыстарына ортақтасты.

Жарыстың қорытындысы бойынша «Дархан дала» командасы бірінші, «Торғай» командасы екінші, «Жалын» командасы үшінші, «Қамар» командасы төртінші орындарға ие болды.

Жүлдегер командаларға мадақтама қағаздарымен қоса, медальдар және кубоктар табыс етілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«42434445464748495051»
Page 47 of 376

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником