Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Жуырда Жітіқара ауданының бас имамы Айбек Аманқосұлы жергілікті №39 түзету мекемесінде бас бостандығынан айырылған азаматтарды бақылаушы қызметкерлермен кездесті.

Жүздесу барысында Дәстүрлі ислам құндылықтар және жат ағымдардан сақтануға байланысты көкейде жүрген ойларын ортаға салды. Қатысушылар оның пікірін ұйып тыңдап, көп жайды көңілдеріне түйді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 18 Октябрь 2023 10:16

Бас имам жастармен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек қажы Тәжімбет талай өзекті мәселелерді қамтыған жиындарға тікелей ұйытқы болып келеді.

Ол осы сөзіміздің жарқын бір айғағы ретінде жуырда ғана еліміздің жарқын болашағы болып табылатын жастармен кездесу өткізді. Бұл жүздесуге негізінен елімізде белең алған құмар ойыны яғни адам баласын құрдымға жетелейтін лудомания тақырыптары арқау болды.

Басқосуда белгілі дін қайраткері қозғалған маңызды мәселе бойынша көкейде жүрген ойларын ортаға салып, қатысушылардың толғандырған сауалдарына тиянақты жауап берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қасиетті Мәуліт айы өңірімізде ұйымшылдықпен өткізіліп, жұртшылық тарапынан үлкен ілтипатқа ие болуда. Мәселен, Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде Мұхаммед Пайғамбардың мағыналы ғұмырын паш ететін салауаттар айтылды.

Сондай-ақ, екінші күні салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында футболдан турнир ұйымдастырылды. Жиналған халық өздерінің ризашылығын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 17 Октябрь 2023 10:07

Қостанай: 120 қап картоп таратылды

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде демеушілердің қолдауы арқасында 45 отбасыға 120 қап картоп таратылды.

Осындай қамқорлыққа бөленген шаңырақ иелері имандылық ордасының қызметкерлері мен жүрегі жомарт азаматтарға шынайы алғысын білдіріп, батасын берді.

Сөйтіп, Шоқан қажы Әмірханов басқаратын мешіт ұжымы қасиетті Мәуліт айында көмекке мұқтаж жанұяларға шапағаттарын тигізіп жатқаны өте құптарлық сауапты іс емес пе.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің әйелдер жамағаты арасында «Әлемнің рахым нұры әз Пайғамбар» атты интеллектуалды білім сайысы болып өтті.

Ондағы мақсат - жамағаттың сауаттылығын арттыру, Мұхаммед Пайғамбарымыздың ғибратты ғұмырын насихаттау. Сондықтан жарысқа қатысушылар жан-жақты дайындықпен келді.

Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға ұялы телефон және қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 17 Октябрь 2023 09:55

Асаба болу

ҚМДБ жылдық жоспар негізінде Қостанай облысында «Асаба болу – өз ісің, әдептен озбау – борышың» атты асабалар жиыны өтті.

Мүфтият бастамасымен биылғы жыл «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялануына орай Қостанай облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің бас имамы Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы облысымыздағы асабаларға арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты – ізгі қоғам құруда қазақтың торқалы тойларының тізгінін ұстап жүрген асабаларымызға той өткізудің әдебі мен маңызы туралы талқылау болды. Жиырмаға жуық асаба жиналған келелі кездесуде бүгінгі той-томалақта болып жатқан өрексел қателіктер мен кемшіліктер турасында сөз қозғалды.

Сонымен қатар, Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің наиб имамы Туребаев Тимур Құрманғазыұлы да, тойды жүргізуші асабаларға дәстүрді ғана дәріптемей, шариғат шеңберінде тойды жүргізуде аса маңызды екенін де түсіндірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 16 Октябрь 2023 10:52

ӘУЛИЕКӨЛДЕГІ МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ

Жуырда Әулиекөл аудандық "Әмит ишан" мешітінде Мұхаммед Пайғамбарымызға арналып салауаттар айтылды. Сөйтіп, Мәуліт мерекесі жоғары деңгейде өткізілді. Бұл маңызы терең жиынға облыстық "Аймағанбет қажы Спанұлы" мешітінің найб имамы Әлішер Балахмет, Тобыл қаласындағы "Маңдай батыр" мешітінің бас имамы Дархан Сыздықов, қари Темірлан Сейфуллин қатысып, Мәуліт қасидасын оқыды.

Содан кейін мерекенің құрметіне жұртшылыққа мешіт асханасында дастархан жайылып ас берілді. Осылайша рухани кештен жергілікті ағайындар үлкен әсер алып, жоғары көңіл-күймен тарасты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 16 Октябрь 2023 10:48

Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады

Республика күні қарсаңында Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ізгі қоғам» бағыты аясында жас бүлдіршіндер үшін ойын ұйымдастырылды.

Мешітке жиналған балақайлар құрылған батутта секіріп, мәз-мәйрам болды. Оларға дастархан жайылып, тәтті тағамдар берілді.

Қуанышқа бөленген сәбилердің жүздерінен көтеріңкі көңіл-күй мен шат-шадыман күлкі айқын сезілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 16 Октябрь 2023 10:37

Меңдіқара: Мектеп-гимназиядағы кездесу

Меңдіқара аудандық «Қарамақы ата» мешітінің бас имамы Еркебұлан Жаңбырбайұлы Боровское ауылының Ғаббас Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен кездесті.

Бұл жиында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе теріс діни ағымдардың келтірер зияны, оның алдын алу жайы әңгімеге арқау болды. Сонымен қатар, білім алу барысында қазақы мінезге сай әдептілікті ұстану да сөз болды.

Өйткені, адам баласы қанша білімді болса да мінезге бай, адамгершілігі мол, кісілік қасиеттері жоғары болуы тиіс. Кімге болсын, асыл қасиеттермен қатар, жан сұлулығы да аса қажет. Өзіңді тәрбиелеп дәріс беруші ұстазды сыйлаудың орны бөлек.

Дана халқымыз «Әдепті бала - арлы бала» деп босқа айтпайды. Барлық ізгілік мектеп қабырғасында қалыптасады. Сондықтан мұндай жүздесулердің жеткіншектерге берер пайдасы зор.

Кездесудің соңында бас имам осындай басқосуды ұйымдастырған аудандық ішкі саясат бөлімі басшылығы мен мектеп-гимназияның ұжымына шынайы алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
13.10.2023

Суббота, 14 Октябрь 2023 09:03

МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешітінде алдағы Республика күніне орай жиналған жамағатқа дастархан жайылды. Жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Мәселен, садақ ату, асық жарысы, гір көтеру, арқан тартыс халыққа жақсы әсер қалдырды.

Бір ғажабы, арқан тартудан ақсақалдар құрамы жеңімпаз атанды. Олар өздерінің әлі де дайындықтары жоғары екендігін дәлелдеді. Жарыс соңында жеңімпаздарға діни кітап пен сыйлық табыс етілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Page 50 of 376

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником