Қарабалық ауданы еліміздің солтүстгінде Ресеймен шекараласып жатыр. Жылдан жылға халық саны азайып, ауылдар босап жатыр. Ауданымыздағы Бөрлі ауылы кезінде дүркіреп, аудан орталығы да болған. Тәуелсіздік алған жылдары ел қуанып, дінімізбен қауышып мешіт те ашылған болатын. Сол мешіт үш жылға жуық қызмет етіп, жабылып, аудан орталығына көшкен ді. Ауылдағы сол мешіт 23 жылдан кейін есігін қайта ашты.
Биылғы жылы мешітке оңтүстік өңірден Қалиев Мади деген азамат имамдық қызметке келіп жұмысқа кірісті. Мади имам тәжірбиесі мол, халықпен жұмыс істей алатын азамат. Ауылдағы мешітте жұма намазы, күнделікті бес уақыт намаз оқылып, жамағаттың сауатын ашып, уағыз- насихаттар айтылуда.
Жуырда оңтүстіктен тағы бір отбасы Бөрлі ауылына көшіп келді. Битөреев Бектұрсын бауырымыз 7 баланы (6 қыз, бір ұл) тәрбиелеп отыр. «Терра» ЖШС мекемесіне жұмысқа орналасып, қызмет атқаруда. Бөрлі ауылына арнайы барып, Битөреевтер отбасын зиярат етіп, сәлем бердік. Бектұрсын бауырымыздың мектепке баратын 4 қызына сөмке және оқу құралдарын табыстадық. Азық түлік, кілем және қаржылай көмек көрсетілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі