Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы үстіміздегі Ұлу жылын «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы деп атады.
Осыған байланысты Қостанай облыстық мешітінде 2024 жылдың алғашқы жиыны болып өтті. Оған өңірдегі аудандар мен қалалардың бас имамдары және бөлім басшылары қатысты.
Облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Бас мүфтидің бағдарламалық баяндамасы жайлы жан-жақты айтып берді. Имамдардың алдында тұрған міндеттері мен атқарылар нақты жұмыс жоспарына тоқталды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі