Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Дініміз әрбір мұсылман баласын қайырымды болуға үндеп, қайырымдылық жасауға шақырады. Шынайы пайдасы бар амалмен айналысуға насихаттайды. Қайырымдылық адамгершілік қасиетінің ең ізгі бастауы. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей аз қамтылған, қамқорлыққа зәру жандардың қамқоршысы болу, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу – «мен мұсылманмын» деген әр адамның азаматтық парызы.

Осы орайда Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіт ұжымы, қала орталығындағы «мүмкіндігі шектеулі балалардың түзеу мектебіне» әрқашан қол ұшын беріп, қайырымдылық танытуда.

Таяуда қалалық жасөспірімдер театрында аталмыш мектеп ұстаздары «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Мұндай сауапты әрі игілікті іске мешіт имамдары да қарап қалмастан өз мүмкіндіктеріне қарай қаржылай көмек беріп, қайырымдылық жасады.

Өткізілген шараға мешіт имамы Бектұрсын Уәлиев арнайы қатысты. Мүмкіндігі шектеулі балалардың өнерін тамашалап, түзеу мектебінің тәрбиешілеріне қажымас қайрат, еңбектерінің жемісті де табысты болуына өз тілектестігін білдірді.

Сондай-ақ жиналған көпшілікке дініміз Исламдағы қайырымдылықтың зор сауаптылығы жайында айтып, қоғамымыздағы әсіресе осындай көмекке мұқтаж жасөрендерімізді жан-жақты қолдауға шақырды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың түзеу мектебінің директоры Алмас Қалтайұлы Карбозов мектеп-ұжымға жанашырлық танытып, қолдау білдіргені үшін деп мешіт имамы Б.Торғайбайұлын арнайы алғыс хатпен марапаттап, шынайы ризашылығын жеткізді.

Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы

Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы

Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы

О. Жақсанов

Бүгін де білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қараң. Ешқандай байлықпен бағаланбайтын осынау құндылықтың тереңіне бойлай түскен сайын өзіңнің әлі де болса білгеніңнен білмейтінің көп екеніңді түсінгендей боласың.

Имам Ғазали: «Пайдалы біліммен шұғылдану басқа істерге қарағанда әлдеқайда жақсы. Пайдалы білім – дүниенің жамандығын, ахиреттегі жағдайдың қауіптілігі мен қорқыныштылығын түсіндіретін білім. Дүниеге беріліп, ахиреттен бет бұрған адамдардың надандығы мен ақымақтығын, олардың бойындағы өркөкіректік, екіжүзділік, атаққұмарлық пен дүниеге құштарлық сияқты жүрек дерттерінің дауасы не екендігін білдіретін білім – пайдалы білім»,-деген екен. Негізінен мұсылман баласы жан-жақты болып, екі дүниесіне де қажетті білім көзінен сусындағаны абзал.

Асыл дініміз Ислам – ілім үйреніп, ғылымға талпынуды адам баласының негізгі міндеті деп насихаттаса, дана халқымыз: «Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады»-деп білімнің үлкен күш екендігін паш етпей ме...

Міне, осы орайда Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде сауат ашу курсының ұстазы, мешіттің найб имамы Арлан Бауыржанұлы мен Рудный қалалық мешітінің ұстазы Саят Серікұлы бірлесе отырып, өз шәкірттері арасында алғаш рет «Білім сайысын» ұйымдастырды.

Жақында Арқалық қаласында болған Рудныйлық шәкірттер мешітте алған дәрістері бойынша сайысқа түсті. Атап айтар болсақ: шариғаттағы қырық фарыз аясында, құран аяттарын көркемдеп жатқа оқу және ақида (иман негіздері) пәндерінен болды. Сайыс қызықты әрі тартымды өтті.

Шәкірттер өзара сұрақ-жауапқа келгенде кімнің қандай дәрежеде екендігі өздеріне айқын сезілді. Бұл кездесуде екі қаланың шәкірттері тек сайысқа түсіп қана қойған жоқ. Өзара сұхбаттасып, бір-бірімен етене жақын араласып, бауырмалдық сезімдерін де нығайтты десек артық айтқандық болмас. Жарыс арасында шәкірттерге тәлім-тәрбиелік мазмұнда әдептілік, көркем мінезділік уағыздары айтылды. Сондай-ақ «Ислам – экстремизм мен терроризмге қарсы» атты тақырыпта еліміздегі жалпы жалпы діни ағымдар жайлы теолог маман Әсет Бауыржанұлы әңгімеледі.

Сайыс аяқталған соң шәкірттер бой сергіту мақсатында қалалық «Жігер» спорт залында, спорттық ойындарға қатысты және қалалық мұражайларға саяхат жасады. Екі қаланың шәкірттері көп жайды көңілге түйді. Ал, ұстаздары болса, өзара тәжірибе алмасты.

Арқалықтық мешіт ұжымының қонақжайлылығына дән риза болған рудный мешітінің ұстазы С.Серікұлы өз алғысын білдірді.

Мұндай білім сайысын өткізу тек қана білім жарыстыру емес, екі жақтағы шәкірттер арасында ынтымақ-бірлікті нығайту, теріс ағымдардан барынша сақтану.

Арқалықта өткен білім сайысы

Арқалықта өткен білім сайысы

Арқалықта өткен білім сайысы

ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі

Жақында Қостанай облыстық әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұриқан Қажымұқанұлы Нөгербеков пен облыстық Марал ишан мешітінің хатиб имамы Асылхан Түсіпбек 2014 жылғы халықтың әртүрлі санаттары арасындағы мемлекеттің дін саясаты саласында ақпараттық, түсіндіру және діни экстремизмнің алдын алу жұмысын жүргізу және қоғамда тұрақтылықты нығайтуда өзара түсіністікке келіп, ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қойды.

Бұл маңызды құжатта аталмыш басқарма мен мешіттің тарапынан атқарылатын қазіргі таңдағы аса маңызды жұмыстар нақты көрсетілген.

Меморандумның алар орны бөлек. Біз әрқашан мақсат та, мүдде де ортақ болғандықтан Нұриқан Қажымұқанұлы басқаратын басқарма қызметкерлері жағына қолдау көріп келеміз.

Алдағы уақытта да «Келісіп пішкен тон кесте болмас демекші, екі үлкен мекеменің келісімі арқасында мемлекетіміз дін саясаты саласында жақсы нәтижеге қол жеткіземіз» деген үміттеміз, дейді облыстың бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек.

Ынтымақтастық туралы меморандум

Ынтымақтастық туралы меморандум

Ынтымақтастық туралы меморандум

ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі

Понедельник, 17 Март 2014 00:00

Жетім балалар қамқорлыққа алынды

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасын басшылыққа алған Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұжымы бірқатар ізгі мақсаттағы жұмыстарымен өзгелерге өнеге көрсетуде.

Таяуда ғана аталған киелі орынның тікелей мұрындық болуымен шаһардағы №2 балалар үйінің 4 сынып оқушылары мешітке келіп, мұндағы имандылыққа шақырар жайлармен таңысты. Өңірдегі ең іргелі әрі сәулетті мешіттің қызметкерлерінің ыстық ықыласына бөленді.

Дін қайраткерлері оларға жалпы Ислам діні жайында тағылымды әңгімелер айтып, оларды қызықтырған сауалдарға нақты жауап берді. Оқушыларға доптар, дүние танымдарын кеңейтер заттарды табыс етті.

Бас имам Сейіт Нұрқановтың айтуына қарағанда, мешіт қызметкерлері алдағы уақытта да «Жетім көрсең жебей жүр» демекші, балалар үйіндегі балдырғандарға ерекше назар аударылып, олардың бойында адамгершілікке үндейтін асыл қасиеттерді қолдарынан келгенше сіңіре бермек.

Жетім балалар қамқорлыққа алынды

http://akmechet.kz/index.php/kz/novosti/955-zhetim-balalar-am-orly-a-alyndy.html

ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі

Понедельник, 17 Март 2014 00:00

Ұмытылмас тағылымды жүздесулер

Ұмытылмас тағылымды жүздесулер немесе Республикалық ақпараттық-насихат тобы Қостанай өңірінде болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Маямеров жалпы діни ағарту жұмыстарына айрықша назар аударып жатқаны белгілі. Оның нақты нәтижелері де қалың жұртшылыққа аян.

Осы мақсатта үстіміздегі жылдың наурыз айының алғашқы жартысында аталған басқарманың жанынан құрылған Республикалық ақпараттық- насихат тобы Қостанай облысында болды. Оларға облыстың бас имамы Асылхан Мұханбетжанұлы жұмысты алаңсыз атқарулары үшін қолайлы жағдайдың бәрін де жасады.

Аталмыш топтың құрамындағы Нұрмухаммед Иминов пен Жасұлан Жүсіпбеков өздерінің алғашқы жүздесуін облыстық «Марал ишан» мешітінде жамағатпен кездесуден бастады. Жиналған қауым қос дін жолында жүрген азаматтың уағыздарын ұйып тыңдап, көп жайды көңілге түйді.

Содан кейін олар Қостанай қаласындағы УК-161/2 түрмесінде жазасын өтеп жатқандармен жүздесті. Онда «Экстремизмді, терроризмді Ислам діні қолдамайды» деген тақырыпта әңгіме өрбітті. Басқосуда тағылымды әңгімелер айтылды.

Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде қос тілде ұйымдастырылған жиынға еліміздің болашағы студент жастары қатысты. Мұнда әңгімеге негізінен «Ұлтаралық-дінаралық татулық» тақырыбы өзек болды. Кәзіргі таңдағы аса маңызды мәселе жұртшылықтың дүниетанымдарын кеңейтуге өзінің ықпалын тигізді.

Осы аталғандармен қатар облыс орталығымен іргелес жатқан Қонай ауылындағы вахаббистік бағыттағы азаматпен кездесудің де тәрбиелік жағы мол болғандығы даусыз. Онда РАНТ мүшелері «Мазхаб ұстанудың ерекшелігі» жөнінде тебірене сөз сөйледі.

Топ мүшелері облыс орталығындағы көрермендерге белгілі «Алау», «Қазақстан - Қостанай» телеарналарында сөйлеген сөздері де жергілікті халық ұзақ уақыт ұмытпайтындай деңгейде ұйымдастырылды. Онда «Адал өнім» және «Дінаралық татулық, елдің бейбітшілігі» жайлы сөз қозғалды.

Сондай –ақ облыстық «Марал ишан» мешітіндегі «Пайғамбарымыздың сүннет жолы», «Фитна шығару дінде тыйым салынған» тақырыптарындағы уағыздарда аса тартымдылығымен көпшілікке ой салды.

Кеңшілер шаһары яғни, Рудный қалалық «Нұр» мешітіндегі және Қостанай облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерімен ұйымдастырылған «Сүннет ораза ұстаған мұсылманға орталық мешіттен ауыз ашар беріледі және уағыз-насихат айтылады», «Экстремизм, терроризм, вахаббистік теріс жол» секілді өзекті мәселелер арқау болған кездесулерде де қатысқан қауым мол мағлұмат алды.

Алматыдан келген ақпараттық-насихат тобының мүшелері сапарларының соңғы күнінде өңірдегі қала, аудан, ауыл имамдарымен семинар өткізді. Мұнда да көрнекті дін қайраткерлері тебірене сөз сөйлеп, дін жолында жүрген азаматтарға «Теріс ағымдармен күресу жолдары» тақырыбында күнделікті қызметтерінде пайдасын тигізер әңгіме қозғады.

Ұмытылмас тағылымды жүздесулер

Ұмытылмас тағылымды жүздесулер

ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі

Среда, 12 Март 2014 00:00

Қарт ананың ақ батасы

Қостанай облысы, Ұзынкөл аудандық «Балықты» мешітінің бас имамы Есенкелді қажы Ажмахан өмір өткелдерінен өткен ақ жаулықты аналарымызға құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырған. Осы сөзіміздің нақты дәлелі ретінде киелі орынға 200-ге жуық жүрегі нәзік аяулы жандардың басын қосты. Олардың Социолистік Еңбек ері Кәмшат қажы Дөненбаева және алтын алқа, күміс алқа иегерлері, өзге де ұлттың өкілдері бар.

Сондай-ақ бұл кездесуге аудан орталығымен іргелес жатқан Есмырза ауылының ғасырға толған тұрғыны Күлкен әжеміз арнайы шақырылды.

Онда жүз жасқа толған қарт анамызға сый-сияпат жасалды.

Осы салтанатта аудандағы мәдениет үйінің өнерпаздары мың бұралған би билеп әннен шашу шашты. Барлық жиналған аналарымызға, апаларымызға да сыйлықтар тапсырылды.

Басқосуда Есмырза ауылынан келген әжеміз Күлкен осынау жыйынды жоғары деңгейде ұйымдастырған аудан басшыларына, мешіттің бас имамына және басқа да жүрегі жомарт азаматтарға шынайы алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Қарт ананың ақ батасы

Қарт ананың ақ батасы

Қарт ананың ақ батасы

О. Жабайтегі

Облыс орталығымен іргелес жатқан Рудный шаһарындағы «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт қажы Нұрқанов ізденімпаз азамат. Ол киелі орынның жанындағы діни сауат ашу курстарының және жамағатқа айтылар уағыз-насихаттың жүйелі жүргізілуіне аса мұқияттылықпен қарайды. Сондықтан да әрбір дәріске жете назар аударады.

Сонымен қатар бұл мешітте күнделікті ақшам және құфтан намаздарынан кейін жамағатқа найб имамдар тарапынан түрлі тақырыптарда уағыз-насихаттардың тейісті деңгейде атқарылуына да ерекше көңіл бөледі.

Осы аталғандармен қатар аталған мешіттің бас имамы Сейіт қажының тікелей қолдауымен діни сауат ашу курстарында оқып жатқан үш үздік шәкірт Қостанай облыстық Марал ишан мешітіне барып, Түркия елінен келген ардақты ұстаз Нұх Темиржидің өткізген дәрісіне де қатысты. Білікті маман талапкерлердің біліміне зейін қойды.

Дәріс сонында өз саласының білгірі танымал ұстаз шәкірттерге діни ілім алудың артықшылықтары туралы уағыз айтып оларға оқуда жоғары табыстарға жетуге байланысты өзінің шынайы тілектерін білдірді.

Діни білімнің сапасы арта түсті

Діни білімнің сапасы арта түсті

Діни білімнің сапасы арта түсті

ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі

Четверг, 06 Март 2014 00:00

Курстың жұмысы жанданды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасымен мешіт жамағаттарын оқыту жұмыстары бізде жақсы жолға қойылған.

Осы арада нақты деректерге сүйенгеніміз жөн. Жақында ғана Рудный қалалық «Нұр» мешітінде діни сауат ашу курсында оқып жатқан шәкірттермен найб имам Саят Серікұлы «Білім оқып, жарысайық» деген тақырып бөйынша жиналыс өткізді.

Онда Бас мүфтидің үстіміздегі жылда «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялағаны жан-жақты түсіндірілді.

Әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің қазақ халқының өмірінде, бала тәрбиесінде, жалпы қоғамдағы рөлі қаншалықты маңызды екені жайында айтылды.

Жоғарыда аталған мешітте өткен жылдың қыркүйек айынан бастап, қазіргі уақытқа дейін діни сауат ашу курсында оқып жатқан төрт шәкіртіміз Қасиетті Құранның Кәрімнің 30-шы парасын аяқтауға жақындап қалды.

Діни сауат ашу курсының мақсаты - жастарды иман¬дылыққа тәрбиелеу, қоғамдағы түрлі жат қы¬лықтардан бойларын аулақ ұстауларына, діни сауа¬тының барынша артуына септіктерін тигізу.

Курста оқып жатқан балалар тек діни дәріс тыңдап қана қоймайды, спортпен де шұғылдануларына қолайлы жағдайлар туғызылған.

Курстың жұмысы жанданды

Курстың жұмысы жанданды

Курстың жұмысы жанданды

Курстың жұмысы жанданды

Құрметті Рудный қаласының тұрғындары және қонақтары!
Рудный қалалық «Нұр» мешіті діни сауат ашу курсына шақырады!
РУДНЫЙ ҚАЛАЛЫҚ «НҰР» МЕШІТІНДЕ ӨТЕТІН ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫНЫҢ САБАҚТАР КЕСТЕСІ ( ЕРЛЕРГЕ)

Сабақ уақыты Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма Сенбі
Түске дейінгі топ:
10:00-12:00 Құран мен араб тілі Намаз оқып үйрену Құран мен араб тілі Құран мен араб тілі   Құран мен араб тілі
19:00-21:00 Құран мен араб тілі Ислам әдебі   Құран мен араб тілі Намаз оқып үйрену Ислам әдебі
Түстен кейінгі топ:
15:00-17:00 Намаз оқып үйрену Құран мен араб тілі Намаз оқып үйрену Ислам әдебі Құран мен араб тілі Намаз оқып үйрену
19:00-21:00 Құран мен араб тілі Намаз оқып үйрену   Құран мен араб тілі Намаз оқып үйрену Құран мен араб тілі

Рудный қалалық «Нұр» мешіті байланыс тел: 8 (71431) 46232, 45172.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі

Среда, 05 Март 2014 00:00

Отбасына көмек көрсетті

Меңдіқара аудандық Зұлқарнайұлы Мұса қажы мешітінің бас имамы Ерік Ыбырай мейірімді азаматтардың бірі. Қолынан келгенше көмекке мұқтаж жандарға жаңашыр болуды өзінің басты парызы санайды.

Осы сөзіміздің жарқын дәлелі ретінде белгілі дін қайраткері мешіт қызыметкерлерімен бірге төрт перзентіне тірек болып отырған аудан тұрғыны Серік Кәкімжановтың отбасына арнайы барып, киелі орынның атынан үш түкті кілемді тапсырды. Сондай-ақ балдырғандарға да сыйлық беруді ұмытпады.

-Мына кілемдерді әкелгеніміз балалар жылы, жұмсақ төсеніштің үстінде емін-еркін ойнасын деген ниетпен туып отыр. Сізге Алла тағала күш-қуат берсін, осы балапандарыңыздың қуанышына бөлене беріңіз – деді ауданның бас имамы Ерік Ыбырай.

Отағасы мен жүздері бал-бұл жанған балдырғандар да өздеріне қамқорлық білдірген азаматтарға шынайы алғыстарын білдірді.

Отбасына көмек көрсетті

Отбасына көмек көрсетті

Қымбат Нағашыбай
Меңдіқара ауданы, Қостанай облысы

Құрметті оқырман! Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміздің мұсылман қауымы үшін 2014 жыл – «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялады. Осыған орай, ҚМДБ-ның уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс бөлімі мен ҚМДБ-ның muftyat.kz ресми сайты шығармашылық бәйге жариялайды!

Шығармалар сайысының тақырыбы: «Ислам және дәстүр».

1-ші орын – 250 000 тг.

2-ші орын – 150 000 тг.

3-ші орын – 75 000 тг.

Сайысқа қатысу тегін әрі жас мөлшеріне шектеу қойылмайды.

Сайыс жеңімпазын халық және арнайы әділқазылар алқасы анықтайды. Келіп түскен материалдар 1 күннің ішінде арнайы тағайындалған сарапшылардың сараптамасынан өтіп, төменде көрсетілген шарттарға сәйкес келген жағдайда, материалды үміткер шығарма ретінде сайтымызда жариялап отыратын боламыз. Жарияланған уақыттан бастап халықтың дауыс беруі жүзеге асырылады.

Шығармаларды қабылдау 5 наурыз бен 15 сәуір аралығында жүргізіледі. Сайыс қорытындысы 18 сәуір күні белгілі болады. Жеңімпазды анықтау барысында сайт оқырмандарының да дауысы есептеліп, әділ қазылар алқасының шешіміне әсер ететін болады. Дауыс беру тек muftyat.kz сайтында жарық көрген шығарма жанында орналасқан «ұнайды» немесе «ұнамайды» тетіктерін басу арқылы ғана жүзеге асырылады.

Шығармаларға қойылатын талаптар:

Шығарманың көшірме (плагиат) болмауы шарт, яғни бөгде автордың ойын немесе оқиға желісіне ұқсас жазылған болса, сайысқа қабылданбайды. Егер бұрын жарияланған шығарма болса, алғашқы дереккөзді көрсетуі міндетті.

Дін мен дәстүрдің сабақтастығы әр қырынан жан-жақты ашылуы қажет.

Шығарманың мәтіні қатесіз әрі сөйлем құрылысы дұрыс болуы шарт.

Дінаралық немесе ұлтаралық араздық тудыратын шығармалар қабылданбайды.

Шығарма көлемі А4 көлеміндегі 3 бет пен 5 беттің арасында болуы қажет.

Мәтінге мән бере түсу үшін әрбір автор көлемі 40 кб аспайтын фотосурет қолдануына болады.

Сайысқа қатысушылар өз шығармаларын This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды жәшігіне жолдауы керек.

Ескерту:

1. Әділқазылар алқасы өз шешімдері үшін түсіндірме беруге міндеттелмейді.

2. Сайысқа қабылданған шығармалар авторларға қайтарып берілмейді.

3. Сайысқа жіберілген шығармаларды қолдану құқығы muftyat.kz сайтына тиесілі болады.

4. Muftyat.kz сайты жарияланар шығармаларды өңдеуге немесе түзетуге құқылы болып есептеледі.

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником