Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Вторник, 18 Февраль 2014 00:00

Кездесулер әсерлі өтті

Жықында облыстық Марал ишан мешітінің азаншысы Ғұмар Жұмағұлов, Алтынсарин ауданы «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің бас имамы Азамат Мурзаканов және облыстық Дін істері жөніндегі басқарманың бөлім меңгерушісі Сапарғали Абдиев Қостанай экономикалық инженерлік университетінде болды.

Онда олар студенттермен теріс діни ағымдардан өздерін аулақ ұстау жөнінде әңгіме өткізді. Кездесу студенттерге үлкен әсер қалдырды

Сондай-ақ сол күні Алтынсарин ауданы «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің бас имамы Азамат Мурзаканов Қостанай экономикалық колледжінің оқушыларымен болған басқосуда ұлы Мұхаммед пайғамбарымыздың мағыналы өмірбаяны жайлы мағлұмат берді. «Ислам діні- ынтымақ діні» тақырыбында уағыз айтып, олардың дүниетанымдарын кеңейтуге ықпал етті.

Мұндай жылы жүзді жүздесулер алдағы кездері де жалғасын таппақ.

Кездесулер әсерлі өтті

Кездесулер әсерлі өтті

Кездесулер әсерлі өтті

О. Жабайтегі

Понедельник, 17 Февраль 2014 00:00

Бар жақсылық - балаларға

Мейірімділік –асыл қасиет. Сондықтан жүрегі жомарт жандар өзгелерге қамқорлық жасауға асығады. Мәуліт айы – сабырлық пен береке, қайырымдылық айы. Осындай қасиетті айда игі істер жасағандар Алла тағаланың ризашылығына бөленеді.

«Жақсылық жасасаң, балаға жаса» дейді дана халық. Осындай қағидағы ұстанып таяуда Ұзынкөл аудандық «Балықты» мешітінің бас имамы Есенкелді қажы Сақтағанұлы мен аудан әкімінің орынбасары Н.Қ.Қабылдин ауданымызға қарасты Павлов негізгі мектебінің жанындағы шағын орталыққа арнайы ат басын бұрды. Ондағы бүлдіршіндермен кездесті.

Жүздесу барысында балдырғандарға Есенкелді қажы Сақтағанұлы мен Нұрбол Қозыұлы ғибраты мол жылы лебіздерін білдіріп, тәрбиеленушілерге кілем мен тәттілерді тарту етті. Мұндай сыйлыққа бүлдіршіндер дән риза болып, жүздері бал-бұл жанды.

Осынау шағын орталықтың тәрбиешісі Н.Ковалевская арнайы келген қонақтарға шын жүректен шыққан алғысын айтты.

А.СЕЙТКАНОВА.
Ұзынкөл ауданы, Қостанай облысы

Понедельник, 17 Февраль 2014 00:00

Қостанайдағы Мәуліт мерекесі

Биыл да жоғары деңгейде өтті

Мұсылман қауымының парасат ордасына айналған облыстық Марал ишан мешітінде сол қасиетті жұма күні ерекше есте қалатындай өтті. Өйткені, алдын-ала хабарланғандықтан Ислам дінін қастер тұтатын жергілікті ағайындар киелі орынға дәл түс әлетінде жан жақтан судай ағылды.

Бір айта кетерлік жай оның алдында суытып тұрған қыстың ызғары да басылып төбемізден күн шуағын төгіп, жадырып тұрды. Үлкенді-кішілі қауым бір-біріне : «Мәуліт мерекесі құтты болсын!» десіп ең ізгі тілектерін білдіріп, жылы амандасып жатты. Бұл да болса, ағайындарымыздың мейрамның мәнің дұрыс түсініп, адамгершілікке, кісілікке айрықша мән беріп келе жатқандығын көрсетеді.

Мешіттегі салтанатты мерекені облыстың бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек ашып, бас қосудың жайына кеңінен тоқталды. Содан кейін сөз құрметті қонақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дін істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан қажы Тұрдыбаевқа берілді.

Дін саласында айтарлықтай еңбек сіңіріп келе жатқан және жоғарыда аталған мешітке үнемі жанашырлық танытып, ақыл -кеңес беруден жалықпайтын білімді азаматтың айтары да мол екен. Сондықтан оның тағылымды уағызы мен ой-пікірлерін Қостанайлық қалың жұртшылық барынша ұйып тыңдады.

Ол алдымен барша жерлестерімізді ұлы пайғамбарымыздың туған күні яғни, Мәуліт мейрамымен шын жүректен құттықтап, әрбір отбасына бақыт, шадыман-шаттық, молшылық әрі ізгілік тіледі. Оның ғибратты пайымдаулары жұма намазына жиналған бауырларымызға қай жағынан болсын берері мол болды.

Камалжан қажы осы мерекеде өзінің салиқалы да салмақты мінезімен, терең білімімен қай ортаны болсын бірден баурап алатындығын танытты. Оның Мәуліт мерекесінің мәнісі -пайғамбарымызды көпшілікке кеңінен таныту, хадистері және өсеттері арқылы кейінгі өсіп келе жатқан жастарымызды имандылыққа шақыру екендігі жөніндегі тұжырымдары да жиналғандардың есінде қалғандығы даусыз.

Көпшілік қауымды шешендігімен айрандай ұйытқан ҚМДБ-ның дін істер бөлімінің меңгерушісі жалпы Мәуліттің тарихына, ұлы пайғамбарымыздың аса мағыналы ғұмырына шолу жасап, мұсылман ағайындарға тың деректер мен дәйектерді мысалға келтірді. Мұхаммед пайғамбарымызды жан-жақты ұғынып, ұрпақтарымыздың санасына сіңіру үшін ол туралы кітаптарды, жырларды көп оқу қажеттігін айтты.

Шынында да Қостанайда Мәуліт мерекесі жылда жоғары деңгейде өткізіліп келеді. Бұл жолы да облыстың бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек бастаған барша мешіт қызметкерлері айтулы оқиғаға жан-жақты дайындалды. Ол мейрамды өткізу барысында айқын байқалды.

Осынау жұма күнгі басқосуда Алматыдан келген қонақты айтпағанның өзінде, есімдері елге танымал, бүкіл өмірлерін елімізге адал етуге арнаған қажылар, облыс орталығына жақын қалалар мен аудандардың бас имамдары да қатысты. Сондай-ақ имандылықты пір тұтқан жамағаттар да басқосудың салтанатын арттыра түсті.

Бірқатар қалалар мен аудандардың имамдары аталмыш мерекеге орай Мәуліт салауаттарын оқыды. Сөйтіп олар да өздерінің тұрақты ізденіс үстінде екендіктерін жерлестеріне дәлелдеді. Онда негізінен ұлы Мұхаммед пайғамбарымыздың мағыналы да өнегелі өмірі арқау болды.

Осы мерекенің басы -қасында жүрген қостанай өңірінің аса сыйлы азаматы ҚМДБ-ның жанындағы «Зекет қорының» өңірдегі өкілі және қажылар қауымдастығы облыстағы филиалының төрағасы Жақсылық қажы Ғайсинді әңгімеге тартқанымызда, ол былай деді:

- Біздің қостанайлық бауырларымыз да бұл мерекені асыға күтеді. Сондықтан облыстық мешіт ұжымының бастамасымен қолға алынған бұл басқосу үстіміздегі жылы да есте қаларлықтай өтті. Шынымды айтсам, биыл да мешітке жастардың көптеп жиналуы өзімді тәнті етті.

Тәуелсіздіктің арқасында өмірімізге батыл енген бұл мейрам кімді болсын парасаттылыққа, білімділікке, үлкен мен кішіні сыйлауға, көркем мінез адам баласының бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі екендігіне шақырып отыр.

Мен қазіргі таңда облыс аудандары мен қалаларында ұлы Мұхаммед пайғамбарымыз бен Мәуліт мерекесін білмейтін кісі жоқ деп ойлаймын. Өйткені,барлық мешіттерде осындай танымдық кештер мен мерекелер ұйымдастыру дәстүрге айналды.

Осынау, мерекенің екінші бөлімі сенбі күні Қостанай шаһарының көркін келтіріп отырған еңселі әсем ғимарат яғни, Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театырында одан әрі жалғасты.

Бұл өнер ордасының сахнасы да ерекше безендіріліпті. Алдымен, дін қайраткері Сейіт Нұрқанов Құран оқыды. Содан кейін Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрқан Нөгербеков жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтай отырып өңірдегі ислам дінің өркендетуге байланысты және мешіттердегі атқарылған игі істер жөнінде жұртшылықты хабардар етті.

Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни істер бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев та қостанайлық ағайындарға мейрамға қатысты ең ізгі лебіздерін білдірді. Ол Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен найб мүфти Серік қажы Ораздың жерлестерімізге деген ең ыстық сәлемін жеткізді.

Сондай-ақ облыстың бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек көпшілікке осы мереке қарсаңында облыс орталығындағы үш жоғары орны мен Марал ишан мешіттінің ұйытқы болуымен спорттың бірнеше түрінен жарыстар өткізілгендігін тілге тиек етті.

Басқосуда осы жарыстың жеңімпаздарына арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Шығармашылық бәйге жүлдегерлері де марапатталды.

Осы аталғандармен қатар, мереке құрметіне Қостанай шаһарындағы күн көрісі төмен отбасылары мен көмекке мұқтаж жандарға екі тонна ұн және басқа да қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.

Мәуліт мерекесіне арналған жиында шырайлы Шымкент қаласынан келген «Асыл мұра» өнер орталығының әртістері тәрбиелік-тағылымдық жағы мол қойылымдарды жұртшылыққа ұсынды.

Ұзын сөздің қысқасы, биыл да ұлы пайғамбарымыздың туған күні яғни Мәуліт мейрамы Қостанайда жоғары деңгейде өткізілді.

Қостанайдағы Мәуліт мерекесі

Қостанайдағы Мәуліт мерекесі

Қостанайдағы Мәуліт мерекесі

Қостанайдағы Мәуліт мерекесі

Қостанайдағы Мәуліт мерекесі

Қостанайдағы Мәуліт мерекесі

Облыстық мешіт

Сауд Арабиясының 17 жастағы тұрғыны қайырымдылық қаржысы есебінен жүзеге асырылатын жобаға – мешіт құрылысына және бас бостандығынан айырылған, алайда, оны төлемақымен алмастыруға жағдайы жоқ тұтқындардың мұқтаждығына, т.б. қайырымдылық шараларына өз қалтасынан 50 млн реалды (13,3 млн долларды) садақа етті.

Орта мектептің соңғы сыныбында оқып жүрген қыз бұл қомақты қаражатты қайдан алды дейсіз ғой? Әкесінің өзіне мұра етіп қалдырған қаржысынан. Әрі бұл сома әкесінің өзіне бөліп берген еншісінің үштін бірін құрайтынын да айта кету керек.

Десе де, бәзбіреулер секілді есімін жарияға жар сап, өзін жарнамалау мақсатында емес, Алла Тағаланың разылығына бөлену үшін осындай қадамға барған көрінеді. Өйткені, ол аты-жөнін тілшілерге айтудан үзілді-кесілді бас тартқан.

Сөйтсек, әкесінен тек ен дәулетті ғана мұраға алып қана қоймапты. Оның, ең бастысы, асқар таудай әкесінің тәлімін де көрген көргенді де көшелі қыз болып шыққанын айтсаңшы бәрінен бұрын. Өзі де қайырымдылық істерге атсалысып жүретін әкесі бойжеткен қызының бұл мәрттігін құптап, ақ батасын берген көрінеді.

http://muslim.kz/

Help to Buy деп аталатын үкіметтік жоба шариғат талаптарына сай дайындалған. Ендігі жерде аталмыш жобаның жемісін мұсылмандар «жейтін» болады.

Ипотеканың ислами нұсқасы бойынша тұтынушы жылжымайтын мүліктің бір бөлігін сатып алады. Ал қалған шаршы метрін сатып алмайынша банктен жалға ала тұрады.

Help to Buy – Ұлыбританиядағы жылжымайтын мүлікті алғаш рет сатып алғысы келетіндерге жасалған жеңілдік екенін айта кету керек.

http://muslim.kz/

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) араб әлемінің он бес елін салыстыра келіп, ең ұзақ жасайтындардың қарасы Катарда мол екенін анықтады. Ал, ең аз жасайтындар Ливия мен Иракта тіркелген көрінеді.

Бір айта кетерлігі, Катарда өмір ұзақтығы – 82 жас. Одан кейін Кувейт (80). Осы үштіктің соңында үш бірдей ел аталған – Бахрейн, Ливан және Иордания (79 жас). 76 жас бойынша Тунис пен Біріккен Араб Әмірліктері алдыға шықса, ал 75 жас – Сауд Арабиясы мен Сирияда тіркелген көрінеді. Орташа өмір ұзықтығы Мысыр мен Алжирде – 73 жас; Оман мен Марокко – 72 жас; Ирак – 69; Ливан – 65 жас.

Вашингтон университеті ғалымдарының зерттеу нәтижелеріне үңілсек, иорданиялықтардың орташа өмір ұзақтығы 1990 жылмен салыстырғанда 7,68 пайызға өсіп, 75,5 жасқа жеткен; Біз сөз етіп отырған Иордания мен Ливан тұрғындарының арасында жүрек ауруларынан және қанның ұюынан көз жұматындардың қарасы көп екенін айта кету керек. Жалпы араб әлемі бойынша алғанда созылмалы сырқат түрлері жиі кездескен.

Сауд Арабиясы, Йемен және Мавритания елдері соңғы ширек ғасырға жуық уақыттың ішінде ұзақ өмір сүру бойынша және балалар өлімін азайту бойынша едәуір жетістікке жеткен екен.

Араб әлемінде ең ұзақ жасайтындар Катарда екен (ФОТО)

Араб әлемінде ең ұзақ жасайтындар Катарда екен (ФОТО)

Араб әлемінде ең ұзақ жасайтындар Катарда екен (ФОТО)

Араб әлемінде ең ұзақ жасайтындар Катарда екен (ФОТО)

Араб әлемінде ең ұзақ жасайтындар Катарда екен (ФОТО)

Араб әлемінде ең ұзақ жасайтындар Катарда екен (ФОТО)

Араб әлемінде ең ұзақ жасайтындар Катарда екен (ФОТО)

Араб әлемінде ең ұзақ жасайтындар Катарда екен (ФОТО)

Араб әлемінде ең ұзақ жасайтындар Катарда екен (ФОТО)

Араб әлемінде ең ұзақ жасайтындар Катарда екен (ФОТО)

Араб әлемінде ең ұзақ жасайтындар Катарда екен (ФОТО)

Сауд Арабиясының тұрғындары

http://muslim.kz/kk

Понедельник, 10 Февраль 2014 00:00

Қала әкімінің қамқорлығы

Жыл басынан ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен интернет арқылы діни онлайн дәрістер жүргізіле бастады.

Таяуда Рудный қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Сейіт қажы Нұрқанов жұма намазда барша жамағатты онлайн дәрісінің өтетінің хабарлады. Осынау дәрістерге мешіт жамағаты қол жеткізіп отырғаны бәрімізге де қуанышты.

Бұл дәрістерді көңілге тоқып, есте сақтауға көмегін тигізетін заманауи үлгідегі арнайы жабдықтарды мешітке тарту етіп отырған қала әкімі Бақытжан Темірұлы Ғаязов мырза.

Сондықтан мешіт жамағатының қала әкіміне алғысы шексіз. Аптасына үш рет өтетін онлайн сабағына жиылған қауым ерекше әсерге бөленіп, айтылған уағыз тақырыбына байланысты өздерін толғандырып жүрген сауалдарын жолдайтын болады.

Қала әкімінің қамқорлығы

Қала әкімінің қамқорлығы

О.Жабайтегі

Понедельник, 10 Февраль 2014 00:00

Облыстық мешіттің бастамасымен

Жақында облыстық Марал ишан мешіті ұжымының ұйымдастыруымен жастар арасында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған күні Мәуліт мерекесіне арналып, спорттың волейбол және теннис түрлерінен Қостанай мемлекеттік университетінде жарыстар өтті.

Бұл сайысқа Қостанай мемлекеттік,Қостанай әлеуметтік –техникалық, Қостанай инженерлік-экономикалық, Челябі мемлекеттік университтерінің , мешіт және мешіт жамағаттары командалары қатысты.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, волейболдан жүлделі бірінші, екінші және үшінші орындарға Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, облыстық Марал ишан мешіті және Қостанай мемлекеттік университетінің командалары ие болды.

Сондай-ақ теннистен Қостанай мемлекеттік, Қостанай инженерлік-экономикалық және Қостанай әлеуметтік-техникалық университетерінен Антон Дудинок, Алмас Қабдықов, Таңат Жаксыгелдиновтер бірінші, екінші және үшінші орындарды жеңіп алды.

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Облыстық мешіттің бастамасымен

Облыстық мешіттің бастамасымен

Облыстық мешіттің бастамасымен

Облыстық мешіттің бастамасымен

О.Жабайтегі.

Понедельник, 10 Февраль 2014 00:00

Өзекті мәселелер қаралды

«Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт қажы Нұрқанов мешіт қызметкерлерімен жиын өткізді. Ол 2014-жылы атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Жиналыс барысында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының имамдарға берілген тапсырмалары айтылды. Әсіресе теріс ағымдарға тосқауыл қою; насихат жұмыстарын жандандыру, халықты ауызбіршілікке үндеу; Қайырымдылық іс-шараларын жиі өткізу жайлы да сөз болды.

Сонымен қатар діни сауат ашу курсының жұмыстарың барынша жоғары деңгейде көтеру жайлы тоқталды.

Өзекті мәселелер қаралды

Өзекті мәселелер қаралды

Рудный қалалық «Нұр» мешітінің
наиб имамы Хасенов С.С.

Четверг, 06 Февраль 2014 00:00

Арқалықтағы мәуліт мерекесі

Жуырда мерейлі мәуліт мерекесі қала орталығындағы қазақ жасөспірімдер театрында ойдағыдай өтті.

«Адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы» атты тақырыпта арнайы бағдарлама жасалып, рухани тәлім-тәрбиелік мазмұны ерекше басқосу ұйымдастырылды. Театр ғимаратына шаһардың үлкен-кішісі жиналды.

Қала әкімі Ғ.Бекмұхамедов көпшілікті меркемен құттықтады. Мешіттің бас имамы Б.Торғайбайұлы мәуліттің мән-мағынасын түсіндірді. Бағдарлама жобасы жасалды. Жастар тәрбиесіне зор ықпал ететін насихаттар мен сахналық қойылымдар әзірлеуге көп көңіл бөлді. Мереке барысында пайғамбарымыздың мінез-құлқы жайлы бейне фильмдер, фото слайдтар көрсетілді.

Аталмыш мерекені педагогикалық институттың филиология факультетінің студенттері жүргізіп, сахналық қойылымдарды театрдың жас өнерпаздары орындады.

Ерекше басқосуда рухани нәр алып, риза болған көрермен қауым: «Бұл әсіресе жастарға көп нәрсені ұқтырған мереке болды. Әдет-ғұрыпты қастерлеу, теріс ағымдардан аулақ болу, өмірдің құнын біліп, өз-өзіне қол жұмсауға жол бермеу жөніндегі әңгімелердің берері мол болды» - деп тарқасты.

Арқалықтағы мәуліт мерекесі

Арқалықтағы мәуліт мерекесі

Арқалықтағы мәуліт мерекесі

Арқалықтағы мәуліт мерекесі

Арқалықтағы мәуліт мерекесі

 

О.Жақсанов

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником