Жақында аудандық Мәдениет үйінде «Сүйінші, Рамазан» атты рухани кеш болып өтті. Басқосу барысында ауданымыздағы жастар белсенділік танытты.
Сонымен қатар көрші аудандар мен қалалардың имамдары мен өнерпаз жігіттері қатынасты.
Кеш шымылдығын қасиетті Құранмен Лисаков қаласының имамы Серік қажы ашып, ауданымыздың бас имамы Каип қажы сөз сөйледі. Жиында діни тақырыптағы әсерлі әндер орындалып, ғибратты көріністер жұртшылық назарына ұсынылды.
Кеш соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Есімбай мен Свердлов селолық округінің әкімі Б. Әбдікәрімов өнерлі жастарға жылы лебіздерін білдіріп, барша қауымға мықты денсаулық отбасына бақыт тіледі.
Д. ӘЛМҰХАМЕДОВА,
Қамысты ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар бастамаларының орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы
30.06.2014 ж.