Қостанай облыстық мешітінің «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Алғыс айту» күні қарсанында «Отбасы берекесі» атты аспаздық байқау болып өтті.
Оған шаһарымыздан қыз-келіншектер қатысып, бақтарын сынады. Онда олардың аспаздық қабілеті, салт-дәстүрден мағлұматы, Пайғамбарымыздың Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінен ілімі сынға түсті.
Аталмыш байқау үш кезеңнен тұрды. Ерекше атап өтер жай, бай қауға қатысушылар үлкен дайындықпен келгендігін байқатты.
Сайыстың қорытындысында әділ-қазылардың шешімі бойынша бойынша жүлделі үш орынға ие болған қыз-келіншектерге арнайы тағайындалған бағалы сыйлықтар салтанатты түрде тапсырылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Үстіміздегі жыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен "Ихсан" жылы деп жарияланған болатын.
Сондықтан еліміздегі халқымыз бен өскелең ұрпақ яғни жастарымызға "Ихсан" ілімін насихаттау әрбір мешіттің қызметкерлеріне басты міндет болып табылады.
Осы сөзіміздің нақты дәлелі ретінде жуырда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде Қостанай өңірлік университетінің студенттерімен "Иман, Ислам, Ихсан" ілімдері тақырыбында рухани кеш ұйымдастырылды.
Онда мешіттің бас имамы Шоқан қажы Ғазизұлы сөз сөйлеп, кездесуге арқау болған тақырыпқа жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ наиб имам Мейрамбек Жетесов жиналған жастарға уағыз айтып, тақырыптың өте маңыздылығына аса мән берді.
Жүздесу өте әсерлі өтті. Студенттер көп жайға қанығып, өздерінің сауалдарына нақты жауаптар алды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Белгілі дін қайраткері Бахытбек қажы Нұрғабылұлы Тәжімбет басқаратын Қостанай облыстық мешіті жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының жұмысы үстімімі басыністіанда ж.
Бұған нақты дәлелдер де бар. Қалың оқырманға түсінікті болу үшін атқарылған істерге қысқаша тоқталып өткеніміз абзал. Мұнда халыққа пайдасын тигізетін бірқатар маңызды жобалар қолға алынды.
Мәселен, ақпан айында жүзеге асырылған шаралар көңіл қуантады. Аталмыш қорға «Тайқазан» жобасы бойынша 820 мың теңге жиналып, бұл қаражатқа көмекке мұқтаж 106 отбасына азық-түлік тапсырылды.
Көпшілікке мәлім, солтүстік аймақта қыс ұзақ келеді. Ақпанның аяғына таман боран күшейіп, қар көп жауды. Үскірік аяз жерлестерімізге оңай соққан жоқ. Міне, осы жайлар ескеріліп, «Жылулық сыйла!» жобасына орай демеушілерден түскен 318 мың теңгеге алынған көмір-отын 10 отбасына жеткізіліп берілді.
Әлемді жайлаған дерт басталғалы бері облыстық мешіт пен қор қызметкерлері емдеу орындарына көмек көрсетуде. Мысалы, өткен айда облыстық ауруханаға «Үміт сыйла, өмірге!» жобасы бойынша 250 қорап парацетамол дәрісі, 12 дана пульсоксиметр табыс етілді.
Сондай-ақ, облыстық мешітте «Қайырымды жұма» деп аталатын игі шара да көп балалы отбасы мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұяларға үлкен демеу болып отыр. Осы қайырымды іс жалғасын тауып, 97 отбасына күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік берілді.
Жуырда мешіт пен қордың ұйымдастыруымен, жүректері мейірімге толы азаматтардың қолдауымен шапағатқа бөленген бірқатар аналармен тілдескен едік.
Салтанат Қасымова 5 баланы тәрбиелеп отырған ардақты жан. Қазіргі таңда ол Қостанай шаһарында ғұмыр кешіп жатыр. Жанұяға азық-түлік жөнінен көмек көрсетіп отырған азаматтарға, Бас имам Бахытбек Нұрғабылұлына, дін қызметкерлері Бақытжан Икрам мен Мейрам Есламханұлына алғысы шексіз.
Облыс орталығының тұрғыны Гүлсина Молдабаева 4 баланы тәрбиелеуде. Мешіт және қор қызметкерлері өздеріне жыл бойы қамқорлық танытып келеді. Сондықтан аяулы ана барша қолдау көрсетіп отырған азаматтарға дән риза.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қостанай облысы бойынша өкілдігінің «Жастар ісі секторы» және «Зекет қайырымдылық қоры» қызметтерінің басты мақсаты - көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету.
Биыл қар қалың жауып, аяз күшейді. Осы орайда өкілдік жанындағы «Жастар ісі секторы» меңгерушісі Әлішер Ертайұлы және ерікті жамағат тарапынан Қазбек Нұрғабылұлы мешіт ауласында жұмыс істеген қызметкерлерге түскі ас таратты.
Бұл іс шара «Қайырымды жұма» деп аталып, дәстүрге айналды. Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы Тәжімбет осынау игілікті бастама өңірдің барлық аудандары мен қалаларында жалғасын табатындығын айтты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жаратушы Иеміз бізге Құранды мұра ретінде түсіріп, оны жаттау арқылы сақтауды, оқып ой жүгіртуді және соған сай амал етуімізді бұйырды. Бұған қатысты Алла Тағала былай дейді:
ثُمَّ أَوْرَثْنَا الْكِتَابَ الَّذِينَ اصْطَفَيْنَا مِنْ عِبَادِنَاۖ فَمِنْهُمْ ظَالِمٌ لِّنَفْسِهِ وَمِنْهُم مُّقْتَصِدٌ وَمِنْهُمْ سَابِقٌ بِالْخَيْرَاتِ بِإِذْنِ اللَّـهِۚ ذَٰلِكَ هُوَ الْفَضْلُ الْكَبِيرُ
«(Пайғамбардан кейін) осынау Кітапты пенделеріміз арасынан Өзіміз таңдап алған құлдарымызға (оны көздің қарашығындай сақтасын, оны басшылыққа алсын һәм өзгелерге де үйретсін деп) асыл мұра етіп қалдырдық. Алайда олардың арасында (осынау ұлы міндетті лайықты түрде атқармай, күнәға белшесінен батып) өз-өздеріне зұлымдық жасаушылар бар; олардың ішінде (оны бірде басшылыққа алса, бірде алмай) екі ортада дел-сал болып жүргендер де бар; сондай-ақ олардың арасында Алланың қалауымен қайырлы істерде алдына жан салмайтын ізгі жандар да бар. Міне, (Алланың) ең үлкен шарапаты осы (яғни, Алланың қалауымен пайғамбарға лайықты түрде мұрагер болу)»[1].
Адам жаттаған сүрелерді немесе аяттарды ұмытып қалмау үшін әрдайым Құранды қайталау арқылы онымен үнемі байланыста болуы керек. Себебі, Құран үнемі оқылып және қайталанып тұрмаса, тез ұмытылады.
Абдулла ибн Масғуд (р.а) риуаят еткен хадисте Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген:
بِئْسَمَا لأَحَدِهِمْ يَقُولُ نَسِيتُ آيَةَ كَيْتَ وَكَيْتَ بَلْ هُوَ نُسِّيَ ، اسْتَذْكِرُوا الْقُرْآنَ ، فَلَهُوَ أَشَدُّ تَفَصِّيًا مِنْ صُدُورِ الرِّجَالِ مِنَ النَّعَمِ بِعُقُلِهَا .
«Олардың бірі: «Қалай да солай аятты ұмыттым»,-деп айтуы, неткен жаман нәрсе! Бәлки ол ұмыттырылды! Құранды естеріңде сақтаңдар. Себебі Құран, адамдардың көкірегінен сытылып кетуге, тұсаулы тұрған малдан да жылдам»[2].
Бұл мәселеге қатысты «Әл-Фәтәуа әл-Хиндия» кітабында былай делінген: «Құранды жатқа оқығаннан қарағанда, мұсхафтан оқыған абзалырақ. Егер бір кісі Құранды (бірнеше сүре не аят) жаттап, кейін ұмытып қалса, онда ол күнәһар болады. «Ұмытып қалса» дегені Құранды тіпті мұсхафтан қарап та оқи алмау деп түсіндіріледі»[3].
Қорыта айтқанда, кімде-кім жаттаған Құранын (бірнеше сүре не аятты) Кітаптан қарап оқи алмайтындай деңгейде ұмытып қалса күнәһар болады. Ал мусхапқа қарап оқи алатындай дәрежеде болса күнәһар болмайды.
Дұрысын бір Алла ғана білуші!
Дархан Манарбекұлы
Қостанай облысының пәтуаға жауапты маманы
[1]«Фатыр» сүресі, 32-аят.
[2]Бұхари,№4744, Муслим, №790.
[3]Әл-Фәтәуа әл-Хиндия, 5/391.
Әлемді жайлаған індет Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» атындағы мешіт қызметкерлеріне де оңай соқпады. Соған қарамастан олар өздерінің міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарады. Барлық іс-шараларға белсене атсалысып, халықтың алғысына бөленді.
Жуырда мешітте болған басқосуда бас имам қызметкерлерге алда тұрған жұмыстар жайлы баяндады. Діни қызметкердің сөйлеу әдебі, киім үлгісіне де кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ, ол карантин кезінде уақытпен санаспай еңбек еткен әріптестеріне шынайы алғысын білдіріп, қаржылай көмек көрсетті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі