Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар
Пятница, 15 Декабрь 2017 11:31

AINAMED жеңілдіктер жасауда

img01

Хижри жыл санауы бойынша биылғы жылы 30 қараша күні Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбардың дүниеге келген күні. Яғни Мәуліт. Осы айда көптеп Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат айтқан өте орынды.

Сонымен қатар мүмкіндігі бар әрбір мұсылман айналасындағы көмекке мұқтаж жандарға шарапатын тигізіп, қолдан келгенше жақсылық жасауға ұмтылғаны абзал. Жалпы, қайырымдылық адамзат бойындағы ең ізгі қасиет болып табылады.

img01

Бір қуаныштысы, арамызда ондай жүрегі жомарт кісілер баршылық. Мәселен, Айнаш Қуанышқызы Ақбаева жаны ізгілікке толы жан. Ол басқарып отырған «AINAMED» тіс емдеу орталығы осы Мәуліт айында барлық қызметтің түріне 15 пайыздық жеңілдік жасап отыр.

Осынау қазақтың аяулы қызы «Келем деушілерге есігіміз айқара ашық»- дейді.

img01

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Бахытбек Нұрғабылұлы Тәжімбеттің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы болып тағайындалғанына аса көп болмаса да жергілікті халықтың ерекше құрметіне бөленді.

img03

Өзінің бойындағы асыл қасиеттерімен өңірдегі барша әріптестеріне үлгі-өнеге көрсетіп келеді. Оның адамгершілік, имандылыққа байланысты айтқан ұлағатты сөздерін үлкенді-кіші қауым әрдайым ұйып тыңдайды.

img03

Өздеріңіз де байқаған боларсыздар, ол келгелі бері танымдық-тағылымдық жағы мол ғибратты кештерді жиі ұйымдастырып, барша жұртшылықтың ыстық ықыласына ие болды.

img03

Еліміздегі ұлы мереке қарсаңында Бас имам үлкен қуанышқа кенелді. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Бахытбек Нұрғабылұлын өңірге сіңірген адал еңбегі және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мейрамының құрметіне Құрмет грамотасымен марапаттады.

img03

Біз дін қайраткерін осынау мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз. Оған алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбасында бақыт тілейміз.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Четверг, 14 Декабрь 2017 17:50

Студенттер мешітте қонақ болды

Қазақстан егемендік алғалы бері өзге елдермен қарым-қатынас барынша нығайды. Жоғары оқу орындарының білікті мамандары да тәжірибе алмасып, болашақ жан-жақты кадрлардың толыққанды білім алуына қолдан келген жағдайдың бәрі де жасалуда.

img01

Қазіргі таңда өңіріміздің маңдай алды оқу орындарының бірі — Қостанайдағы Құрылыс колледжі.

img01

Аталмыш оқу орнының 2 курс студенттері жуырда Қостанай шаһарында бой көтергеніне 1 жыл болған киелі орынмен танысты.

img01

Мешіттің наиб имамы Әлішер Ертайұлы қонақтарға парасат ордасына айналған мешіттің құрылыс туралы айтып, имандылыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа баулудағы жасалып жатқан жұмыстары жайлы жан-жақты әңгіме өрбітті.

Өз кезегінде студенттер көкейдегі сұрақтарына жауап алып, араб тілі бойынша дәріс алғысы келетіндері туралы ниеттерін білдірді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Четверг, 14 Декабрь 2017 15:28

Донор күні

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі қан тапсырып донор болу күнін өткізді. Бұл шара облыстық «Қан орталығы» мекемесі тарапынан қолдау тауып сауапты амалды бірігіп атқарды.

img01

Аталмыш шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы тапсырмасы аясында быйыл 2 рет өткізіліп отыр. Оған облыстық мешіт жамағаты қалалар мен аудандардың имамдары, ерікті намазхан азаматтар тарапынан қолдау тауып донор болды.

img01

Әрине донор болуға әр адам ниетті болғанымен оған арнайы дайындық арқылы болғандықтан алдын-ала хабарландыру айтылып, дайындық арқылы жүзеге асты.

img01

Осылайша 28 адамның әр қайсысы 450 грамнан қан тапсырды.

img01

Өз кезегінде облыстық «Қан орталығы» ұжымы мұсылмандар тарапынан жасалған ұсыныстың әрдайым қолдау табылатынына ризашылығын білдірді.

ҚМДБ Қостанай облысы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектептегі қыздардың орамал тағу мәселесіне қатысты өз ұстанымын мәлімдейді.

ҚМДБ жамағат тарапынан киім мәселесіне қатысты жолданған сұрақтарға шариғат бойынша, балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу міндет екенін мәлімдейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мұсылман қыз-келіншектер мен әйелдерді киім кию үлгісінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтай отырып, жинақы киінуге кеңес береді. Ал паранжа (ниқаб) киюдің салтымызда болмаған, басқа елдің үлгісі екенін де ерекше атап өткеніміз жөн.

Ислам шариғатында қыз баланың балиғатқа толуын 9 жаспен шектеу дұрыс емес. Мұсылман ғалымдары қыз балалардың физиологиялық ерекшеліктеріне сай, көпшіліктің жағдайын назарға ала отырып, 15 жаспен шектеген.

Ислам діні балиғат жасына толмаған, санасы толық қалыптасып үлгермеген, орамал тағудың түпкі мәні мен маңызын, үкімін түсінбейтін кішкентай қыз баласына орамал тағуды міндеттемейді. Әрбір мұсылман қыз бала орамалдың қадір-қасиетін терең түсініп, жауапкершілігін саналы түрде сезініп, Алланың әмірін өз еркімен орындауы басты мақсат. Мектеп табалдырығын енді ғана аттаған бүлдіршінді жаулық жабуға мәжбүрлеуден бұрын оған ең әуелі білім мен тәрбие берген абзал. Бұл – ата-ананың басты міндеті.

Алла Тағала күллі адамзат баласына иманды болуды әрі білім алуды әмір еткен. Құран Кәрімнің ең алғаш түскен аятының өзі «Оқы!», деген бұйрықпен басталуы ерекше назар аударарлық.

Сондай-ақ Құранда: «Раббым, білімімді арттыр!», («Таһа» сүресі, 114), «Білетіндер мен білмейтіндер бірдей бола ма?» («Зумар» сүресі, 9), «Алла Тағала сендердің араларыңда иман келтіргендер мен бойларына білім дарытқандардың дәрежелерін өсіреді» («Мужәдәлә» сүресі, 11) деп ілім иелерінің мәртебесінің жоғарылығын атап өткен.

Ардақты Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болғай): «Білім алу әрбір мұсылман ер кісіге де, әйелге де парыз»,– деп білім ізденудің әйелдерге де тиісті екенін айтқан.

Сондықтан да, дінімізде мұсылман ер кісі мен әйелге білім алу – міндет. Ал мектеп жасындағы балаға имандылыққа баулып, білім үйрету – әрбір адамның азаматтық әрі мұсылмандық борышы. Діни һәм зайырлы білім алу – жарқын болашақтың кілті.

Бүгінгі заманның үдерісі еліміздің әрбір азаматы мен лауазымды тұлғасына білімді, иманды, отаншыл ұрпақ қалыптастыруды талап етуде. Бұл – баршамыздың ұлы борышымыз, асыл міндетіміз.

Біз мұсылман жамағаты мен ата-аналарды оқу орындарының мектеп оқушыларының киім үлгісіне қатысты қойылатын талаптарына түсіністікпен және сабырлықпен қарауға шақырамыз. Бұл мәселені ушықтыру дұрыс емес. Өйткені елімізде орамалға түбегейлі тыйым салынбағанын түсінуіміз керек. Тек орта мектептерде киім үлгісін бірізділікке түсіру мақсатында шешім қабылданған.

Конституцияға сәйкес, еліміз зайырлы мемлекет болып табылады, онда азаматтардың ар-ождан бостандығына еркіндік берілген. Сонымен қатар, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңда діни бірлестіктердің мемлекеттің қызметіне араласпайтыны көрсетілген. Аталған Заңда еліміздегі білім беру және тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлінгендігі және зайырлы сипатта болатындығы айтылған.

Діндар азаматтар қоғамнан бөлек өмір сүрмейді. Дініміздегі бойұсыну – негізгі міндеттердің бірі. Сондықтан мұсылмандар заңға құрметпен қарауы тиіс.

Еліміздің заңнамалары бізге балаларымыздың орта білім алуын қамтамасыз етуімізді міндеттейді. Білімсіздік бүлікке бастайтынын ұмытпайық. Сондықтан қыз баланың толыққанды зайырлы білім алуын ата-аналары еліміздің заңнамасы талаптары шеңберінде қамтамасыз еткендері жөн.

Алла Тағаладан елімізді түрлі бүліктен сақтауын тілейміз. Халқымыздың бірлігі мен берекесі арта бергей!

Published in Жаңалықтар

img01

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайы өтті. Құрылтай жұмысына ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төралқа мүшелері, Ғұламалар кеңесінің мүшелері, теолог-ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, еліміздің әр облысынан келген құрылтай делегаттары қатысты.

Құрылтай жұмысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2013-2017 жылдар аралығында атқарған іс-шараларының есебі тыңдалды.

ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Бас мүфти лауазымына наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың кандидатурасын ұсынды.

«Құрметті құрылтай делегаттары, осыдан 5 жыл бұрын Бас мүфти қызметіне сайланғанымда бұл аманатты абыроймен атқарып шығуды Алладан сұрап едім. Сіздермен бірге көптеген ауқымды іс-шараларды атқардық. Бұл аманатты орынбасарым Серікбай қажы Оразға тапсыруға шешім қабылдадым. Ол 20 жылдан астам діни салада қызмет етіп келеді. Діни басқарма тарихында үш мүфтидің кезеңінде белсенділігімен көзге түсті. Оның идеясы мен іскерлігінің арқасында көптеген игі жобалар жүзеге асты. Серікбай қажы Ораз Бас мүфти қызметін жоғары деңгейде атқарады деген сенімдемін. Сіздер де бұл ойымды құптайсыздар деп ойлаймын», – деп атап өтті.

Құрылтайға жиналған 300 делегат Серікбай қажы Оразға дауыс беріп, бірауыздан Бас мүфти лауазымына сайлады.

Серікбай Сатыбалдыұлы құрылтай делегаты алдында діни салада аянбай қызмет етуге сенім білдірді.

Серікбай Ораз Сатыбалдыұлы

1975 жылы 12-сәуірде дүниеге келген.

Білімі:

1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған.

1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.

1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген.

2012-2014 жылдары "Нұр Мүбарак" Ислам мәдениеті университетінде "Дінтану" мамандығын тәмамдаған.

2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің "Менеджмент" мамандығы бойынша магистратурасын бітіріп, экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.

Еңбек жолы:

Алматы мешітінің наиб имамы;

Ислам институтының ұстазы;

Ислам институтының ректоры;

Астана қаласы Ақмола облысының өкіл имамы;

ҚМДБ-төрағасының орынбасары, наиб мүфти;

Алматы әкімшілігінің діни бөлімінің сектор меңгерушісі;

ОҚО. Сарыағаш ауданының Бас имамы;

Мемлекеттік қызмет агенттігінің аға қызметкері;

Астана қаласы Әділет департаменті діни істер бөлімінің бас маманы;

ҚР Президенті іс басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді. Қажылыққа барған.

2011-2013 жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысының өкіл имамы қызметін атқарды.

2013 жылы наиб мүфти болып тағайындалды.

2013 жылдың қазан айында «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы және наиб мүфти болып қызмет атқарды.

2017 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти лауазымына сайланды:

Жанұялы 7 баласы бар.

img01

img01

img01

img01

img01

img01

img01

img01

img01

img01

img01

img01

img01

img01

img01

muftyat.kz
Published in Жаңалықтар

01

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні яғни өткен жұмада облыстық мешітте қайрымдылық жәрмеңкесі өткізілді.

01

Бұл шараның мақсаты – көмекке зәру қазақ қызы Аружан Нұржановаға қол ұшын созу еді. Өйткені, кішкентай бүлдіршінге дәрігерлер денсаулығына байланысты тездетіп емдеу керектігіне байланысты шешім шығарған. Алайда оған ота тек Германияда жасалады екен. Емдеу құны 95 000 евроны құрайды.

01

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші жұма күні мешітте барша мұсылман жамағаты Аружанға қолдарынан келгенінше қаржылай көмектерін көрсетті. Сонымен қатар әйел-қыздар жамағаты үйлерінде тәтті тоқаштары мен торттарын жасап, өздерінің үлестерін қосты.

«Көп түкірсе көл болар» дегендей жәрмеңкеде 1 милионнан аса теңге қаражат жиналды. Алайда бұл ақша әлі де аздық етеді. Егер қол ұшін берем деген жүрегі жомарт жандарға есігіміз әрқашан да ашық.

Демеушілер + 7 707-770-50-45 немесе + 7 747-513-42-89 ұялы телефон номеріне хабарласа алады.

Кішкентай әрі сүп-сүйкімді Аружан бауырымызға құдіреті күшті Алла Тағала шипасын берсін деп тілейміз.

01

01

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 20 Ноябрь 2017 10:04

Қостанайда имамдар жылдық есеп тапсырды

01

Қостанай облысы бойынша өкілдігі үстіміздегі жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

01

Өз кезегінде облыс бойынша қалалар мен аудандардың бас имамдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының және Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасы аясында жасалған жұмыстары бойынша баяндады.

01

Облыстың өкілі Бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы негізгі төрт бағыты болып табылатын, уағыз насихат, қайырымдылық, жат ағыммен күрес, сауат ашу курстарын жандандыру бойынша және дін мен дәстүр аясындағы жұмыстарды жалғастыруды имамдарға тапсырды.

01

Сонымен бірге, 2018 жылы Жастар ісі бойынша жасалатын іс-шаралар туралы жоспар талқыланып, әр қалалар мен аудандарға аталған бағытта жұмыс жасауға тапсырмалар берілді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником