Қостанай облысының Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінде «2019 жыл Жастар жылы» аясында найб имам Руслан Жиенбаев студенттермен кездесу өткізді. Онда Жітіқара политехникалық колледжінің «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша оқып жатқан бірінші курс шәкірттері болды.
Наиб имам дөңгелек үстел басында ислам дінінің қазіргі қоғамдағы маңыздылығы туралы сөз қозғап, мешіттің тарихы мен қазіргі таңда атқарып жатқан игі жұмыстары жайында айтып берді.
Сонымен қатар, діни жат ағымдардың қауіптілігі мен олардан сақтану жолдары туралы да баяндады.
Кездесу барысында студенттер наиб имамға өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, өз ойларын ортаға салды.
Мәнді де маңызды уағыз-насихаттан кейін студенттер мешітке бас сұғып, оның ішкі безендірілуіне айрықша назар аударып, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі