Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
24 12.18

Қостанайдағы «Мәуліт мерекесі» аталып өтті

Алдын ала хабарланғандықтан болар, облыс орталығындағы «Мирас» мәдениет үйі үлкенді - кішілі қауымға лық толды. Олардың арасынан өмірдің біраз асуларынан асқан аталарымыз бен апаларымызды, жастарды көресіз.

Осынау Мәуліт мерекесіне арналған рухани кеш «Адамзаттың асыл тәжі» деп аталды. Оның тақырыбының өзінен мән-маңызы айқын көрініп тұрған жоқ па.

Кештің басында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев облыс әкімінің атынан баршаны Мәуліт мерекесімен шын жүректен құттықтап, онан соң Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Шариғат және пәтуа» бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы барша қостанайлықтарға жылы лебізін білдіріп, ұлы Пайғамбарымыздың өмірінен нақты мысалдар келтіріп, асыраушысынан айрылған балаларға сыйлықты табыс етті. Сол кездегі бүлдіршіндердің жүзіндегі қуанышты тілмен айтып жеткізу қиын болар.

Жиында республикалық «Қарекет» қорының облыстағы филиалының өкілдігінен Шургалиев Қайрат есімді азаматқа пәтер кілті де осы мерекелік шарада табыс етілді. Сонымен қатара Зейнел әжейге «Құрметті қажы» алтын белгісі тағылды.

Ұзақ жылдар бойы Қамысты ауданында бас имам болып қызмет атқарған Қайып Әірғалиұлына «Умра қажылық» сапарына жолдама берілді.

Мұндай жиындар ән-күйсіз болмайтындығы көпшілікке аян. Бұл орайда арқалықтық, жыл сайын шеберлігі ұшталып келе жатқан жас дарын Дінмұхаммед Бектұрсынұлының орындағын „Алладан тілек„ және басқа да діни әндерін жұртшылық өте жылы қабылдады.

Жерлестеріміз „Сәби тілегі„ деп аталатын сахналық көріністен үлкен әсер алды. Терең толғанысқа түсіп, адамгершілік асыл қасиеттің тіршілікте ерекше орын алатындығына тағы да көздері жетті. Онда Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері шынайы шеберліктерін көрсетті.

Айтыс десе делебесі қозбайтын қазақ жоқ. Үлкен сахнаға көкшетаулық Әлібек Серғалиев пен белгілі айтыс ақыны, талай додаларда топ жарған Айбек Қалиев сайысқа түсіп, үлкенді-кішілі қауымды өнерлерімен тәнті етті.

Көрнекті дін қайраткері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет өзінің жүрекжарды лебізін айта келіп, облыстық мешітке жанашырлық танытып, демеушілік көрсетіп келе жатқан жүректері жомарт азаматтарға Алғыс хаттарды табыс етті.

Оразалы Жақсанов

алдыңғы жаңалық
Ел болашағы жастар
келесі жаңалық
«Әзірет Сұлтан» мешітінде тәулік бойы жұмыс істейтін Call Орталық ашылды

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником