«Отан - отбасынан басталады» демекші, Отанды сүю отбасынан бастау алатыны сөзсіз. Отбасы мен мектеп ынтымақтастығының берік іргетасын қалау мақсатында және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз жариялаған «Ислам және Отбасы » жылы аясында №1 Ұзынкөл орта мектебінің салтанатты залында ұмытылмас шара өтті.
«Мейірімді жүрек» атты мерекелік бағдарламаға «Балықты» мешітінің бас имамы Есенкелді қажы Сақтағанұлы, мектеп басшысы Қайрат Хайдарұлы, ұстаздар, қамқоршы ата-аналар қауымы мен балалар қатысты.
Аталмыш шарада бас имам қамқоршыларға жүрекжарды тілегін білдіріп, өнерлі балаларға алдағы өмірлеріне тек сәттілік тілей насихатын айтты.
Сонымен қатар, мектеп басшысы Қайрат Әлиев қамқоршыларды алғыс хатпен марапаттап, «Әкелер кеңесі» атынан кеңес мүшесі В.Янин ата-аналарға алғысын жаудырды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі