Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен намазхан әйелдердің арасында «Келіндер сайысы» өткізілді.
Осы сайыстың басында мешітің наиб имамы Руслан Жиенбаев жиналған әйелдер жамағатына уағыз-насихат айтты.
Содан соң мешітің хатшысы Меруерт Қайыркенова қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұл сайысқа қатысқан келіндер өздерін таныстыру, мақал-мәтел жарысы, қолөнер шеберлігі, ас әзірлеу бойынша білімдері мен өнерлерін ортаға салды.
Аталған тағылымы мол сайысқа өмірдің асуларынан асқан асыл әжелеріміз төрелік етті. Ереже бойынша барлық тапсырмаларды өз деңгейінде орындаған жас келіндер жеңімпаз атанды.
Оларға салтанатты түрде алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Жүлдегерлерге марапаттарды табыс еткен ардақты әжеміз Зияда Серікбайқызы жас келіндерге ақ батасын берді.
Жарыс соңында игі шараға қатысқан әйелдер жамағатына дастархан жайылды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі