Жуырда Арқалық қаласы №2 өртке қарсы мамандандырылған жасағы қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде «өрт қауіпсіздігі» бойынша оқу-жаттығулар өткізді.
Оқу-жаттығу барысында «Адамдарды қауіпсіз жерге көшіру және шартты өртті сөндіру» тақырыбында өртті-техникалық оқу-сабақтары жүргізілді.
Тактикалық жаттығу барысында өртті сөндіру, адамдарды құтқару тәсілдері пысықталып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен шұғыл штабтың әрекеттері бақыланды. Арнайы оқу-жаттығуға 10 мамандандырылған жасақ қызметкерлері және екі өрт сөндіру техникасы қатысты.
Сала мамандарының жаттығу-түсіндірмелерін мешіт имамы Бектұрсын Уәлиев өз қызметкерлерімен төтенше жағдайлар немесе өрт шыққан кезде қалай дұрыс әрекет жасау керектігін тыңдап, ғимараттағы қосымша көшіру есіктерінің әрқашан ашылып-жабылуы туралы да айтты.
Сонымен қатар ғимарат қызметкерлерінің жедел дұрыс шешім қабылдауы, іс-әрекет жасауға психологиялық тұрғыда дайындығы да ескерілді.
Мұндай оқу-жаттығуларды өткізіп тұру – тиісті сала қызметкерлері мен төтенше жағдайға тап болған ғимарат иелері үшін зор пайдасын келтірері сөзсіз.
Осы оқу-жаттығу кезіндегі іс-әрекетті қорытындылай келе оған өте жақсы деген баға берілді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі