Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар
Суббота, 02 Май 2015 00:00

Дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасында 2015 жылғы 20 мен 25 сәуір аралығында «Сақтандыру. Қорғау. Екпе жасау» ұранымен Еуропалық иммунизация апталығы өтеді. «ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың  құқықтарын қорғау департаменті»  РММ имунизацияның маңыздылығы мен қауіпсіз  имунизацияны насихаттау туралы ақпараттандыруын арттыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Бұл бас қосуда «Марал ишан» мешітінің найб имамы Асқар Мейрамбекұлы мен Қостанай ауданының бас имамы Азамат Серікбайұлы қатысып «Вакциялық екпе егуге Ислам шариғатында қарсылығы жок» екендігі турасында сөз сөйледі. Басқа  да  барлық дін өкілдері өз ойларын ортаға салды.  


ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар

Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде тек жергілікті мұсылман қауымдар ғана емес, шетелдіктер де болып тұрады. Соның бір мысалы  ретінде жақында Қазақстан Республикасы  Президенті сайлауына байланысты ОБСЕ-тарапынан өңірімізге келген шетелдік бақылаушылар Богдан Стэфан және Катя Рейнхольц киелі орынға ат басын бұрды.

Құрметті қонақтарды Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Асылхан қажы Түсіпбек жылы жүзбен  қарсы алды. Олардың мешіттің жұмысымен жан-жақты таныстырды.

- Қазақстан азаматы есебінде дауысымды сөзбен емес ісімен дәлелдеген кісіге беремін. Ел басының сайлауы бұл ел тағдыры, яғни өзімнің де тағдырым. Жер бетінде бейбітшіліктің болғанын қалаймын, - деді ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкіл имамы Асылхан қажы Түсіпбек.


ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар
Суббота, 02 Май 2015 00:00

Өзекті мәселеге арналды

Жуырда Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасында қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – сыбайластық жемқорлыққа байланысты жиын болып өтті.

Осы  басқосуда аталған басқарманың басшысы Нұрхан Нөгербеков күн тәртібіндегі маңызды жайға ерекше тоқталып, бұл күндері әлемдік дертке айналып отырған мәселенің алдын алып, онымен  көп болып күресу жайлы өз ойын ортаға салды.

Бұл жүздесуге облыс орталығындағы мекемелер мен ұйымдардың басшылары, облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамы Асқар Мейрамбекұлы және басқа да  дін қайраткерлері қатысты.


ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар

Еліміздің барлық қалаларында жыл сайын сенбілік күні ұйымдастырылатыны белгілі. Барлық мемлекеттік қызметкерлер, оқу орындар дерлік атсалысып, қаланы тазалайды. Қаланың таза болуы – қала тұрғындарының денсаулығына пайдалы екендігін білеміз. Міне сондай ұранмен Рудный қалалық «Нұр» мешітінің қызметкерлері мен тұрақты жамағаты, біріге отырып мешіт ауласын тазалады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Тазалық – иманның жартысы» - деп, өсиет еткен. Атап айтқанда, ағаш отырғызу мен құдық қазу дiни тағылымдарда құпталып, мұсылмандарды осы iстерге көңіл бөлуге шақырады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ағаш отырғызу маңызды іс екенін айтып былай дейдi: «Кiмде-кiмнiң қолында бiр ағаштың көшетi (тал шыбығы) болса, қиямет қайым басталып кеткенше қолындағы көшеттi егуге үлгiретiн шама болса, соны дереу отырғызып үлгерсiн»,-дейдi (Бухари риуаяты).

Бұл жерден ағаш егудiң өте маңызды екенiне көз жеткiземiз. «Ардақты пайғамбарымыз үш нәрсе көздiң нұрлануына себеп болады деп: «Жасыл желекке қарауды, ағып жатқан суға және жарқын жүздi адамның бетiне қарауды» айтқан. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мұндай қоршаған ортаны, таза ұстауға қатысты хадистері көптеп кездеседі. Ислам діні табиғатты ластанудан сақтауға, үнемі тазалыққа үндейтін бірегей бірден-бір дін екенін білдіреді.


ҚМДБ-ның Қостанай облысы өкілдігінің
баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар
Бүгін Астанада өтіп жатқан Жеңімпаздар форумында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарға сайлаудағы қолдауы үшін алғысын білдірді.
«Құрметті халқым! Қазақстандықтар! Бүгін еліміз үшін тағы бір ұмытылмас тарихи кезең болды. Өздеріңізге белгілі, жаңа ғана Орталық сайлау комиссиясының мәлімдемесі болды. Еліміздің 95 пайыздан артық сайлаушылары қатысқан шарада маған 97,7 пайыз дауыс берді. Ең бірінші алғысым - халқыма. Менің жұртым осы жылдардың барлығында қолдап, менің артымнан еріп, шылбыр мен тізгінді бір қолыма ұстатып, сеніп келе жатқан отандастарымның жаппай сенімін орындау қадірменді міндет. Осы міндетті атқару үшін өзімнің күш-жігерімді, денсаулығымды, тәжірибемді аямай қызмет ете бермекпін деп ант бергенмін. Мен сол антты орындап келе жатырмын», - деді Н.Назарбаев.
Сонымен қатар Елбасы сайлауды өткізуге белсенділік танытқан «Нұр Отан» партиясының мүшелеріне, Қоғамдық комиссия мүшелеріне, 10 мыңнан астам штаб мүшелеріне алғысын жеткізді.
«Олар менің бағдарламамды халыққа түсіндірді. Баршаларына шын жүректен алғыс айтамын. Белсенді қатысқан жастарға да ризашылығымды білдіремін. Барлық істеліп жатқан шаруаны Қазақстанның болашағы мығым, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болуы үшін, мәңгілік болуы үшін істеп жатырмыз. Бұл жастар үшін, болашақ үшін! Олар Отанын сүйіп, елі үшін қызмет етеді деп сенемін», - деді Мемлекет басшысы.
 
today.kz
 
Published in Жаңалықтар
Суббота, 25 Апрель 2015 00:00

Меңдіқарадағы діни-рухани кеш

Жақында, Меңдіқара ауданының орталығында сол өңірдегі мұсылман ағайындардың есте қаларлықтай ерекше бас қосу болып өтті. Осы жиын діни рухани мәселелерге арналды. Сол күні Боровское поселкесіндегі «Юбилейный» мәдениет  үйінде көпшілік қауым арнайы дайындалған  концертті тамашалады.
Жиналған жұртшылық алдында  ауданның әкімі В.Ионенко сөз сөйлеп баршаға алдағы уақытта да отбасында бақыт, ел игілігі жолындағы жұмыстарында толағай табыс тіледі.
Осынау кеште облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамы Дархан қажы Сыздықов Меңдіқара ауданының құрметті азаматтары  С.Бұқанов,    О.Таңжарыков,  С.Тишпаев,  Ө.Қошановтарға  жергілікті мешітке көрсеткен демеушіліктері үшін арнайы грамоталарды салтанатты түрде тапсырды.
Кеш соңында көпшілік қауымға аудан орталығындағы «Жұлдыз» мейрамханасында дастархан жайылып,  ас берілді.
 
ruhanikesh01
 
ruhanikesh04
 
ruhanikesh05
 
ruhanikesh06
 
 
ruhanikesh02ruhanikesh03  
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі 
 
Published in Жаңалықтар
Пятница, 24 Апрель 2015 00:00

Шәкірттерге дәріс оқылды

Осыдан біраз уақыт бұрын облыстық «Марал ишан» мешіті мен Қостанай шаһарындағы қайырымдылық мекемесінің арасында екі ұжымның арасында діни ағартужұмысын барыншажандандыру мақсатында келісім жасалған болатын. 
Онда қайырымдылық мекемесінде шәкірттерге діни сабақ жүргізу  жоғарыда аталған мешіттің наиб имамы, білімді маман Асқар Мейрмабекұлына жүктелген еді.
Ол жуырда осы ұжымда болып, талапкерлерге «Ақида» сабағынан дәріс оқып, жиналғандардың көңілінен шықты. Алдағы уақытта осы жерде түрлі өзекті тақырыптарда әңгімелер өткізіліп, дәрістер жүргізілетін болады. 
 
 
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі 
 
Published in Жаңалықтар
Понедельник, 20 Апрель 2015 00:00

Салауат айтудың маңыздылығы

Әлемдердің жаратушысы Алла Тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болып, Пайғамбарымыз Мухаммадқа (), Оның жанұясына, сүйікті сахабаларына және осыларға ізгілікте ерген барша момын мұсылмандарға Алла Тағаланың салауаты мен сәлемі болғай!

Құран Кәрім әмірі бойынша мұсылман адамға өмірінде бір мәрте болса да Пайғамбарымызға () салауат айту міндет. Ал, күнделікті айтып жүру мұстахап амалына жатады. Алла Тағала Пайғамбарды () мейіріміне бөлеп, періштелері де оған жақсылықтар тілейді. Сондықтан да Алла Тағала иман келтіргендердің Пайғамбарға () салауат айтуын бұйырды:

(إِنَّ اللَّهَ وَمَلائِكَتَهُ يُصَلُّونَ عَلَى النَّبِيِّ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا صَلُّوا عَلَيْهِ وَسَلِّمُوا تَسْلِيمًا)

«Алла Пайғамбарды мейіріміне бөлейді және періштелері де оған жақсылықтар тілейді. Ей, иманға келгендер! Сендер де оған салауат айтыңдар және амандық тілеп сәлем беріңдер». (Ахзаб сүресі, 56-аят)

Алла Тағала Мухаммад Пайғамбарды () жақсы көріп, аспандардағы періштелеріне оны мақтайды. Періштелер де оны дәріптеп, ол үшін аса ұлы Аллаға дұға жасайды. Мухаммад Пайғамбарымыз () сахабаларға Пайғамбар үшін қалай дұға, тілектер жасауды үйреткен. Оның бірнеше түрі бар. Сондай дұғалардың бірі: «Оған Алланың сілемі мен игілігі болсын»-деген тілек. Бұл аяттағы Алла Тағаланың салауат айтуының мағынасы: Алланың рақымы, мейірімі дегенді білдіреді. Ал періштелердің салауат айтуының мағынасы: періштелердің Алланың құлдарына жасаған истиғфары, жарылқау тілеуі дегенді білдіреді. Аллаға иман келтіргендердің салауат айтуының мағынасы: мұсылмандардың жасаған дұғалары дегенді білдіреді.

Сонымен қатар жоғарда келтірілген аяттан түсінілетін нәрсе, Пайғамбарымыздың () есімдері айтылған уақытта, Алланың құлдары Алла Елшісіне () салауат айту қажет. Бір мажілісте Пайғамбарымыздың () есімдері бірнеше рет қайталанған жағдайда, басында бір мәрте салауат айту уәжіп болады, қалғандары сүннет амалына жатады. Кейбір ғұламалар әр бір салауатқа салауат айту уәжіп деген.

Салауат – дұға, тілек деген мағынаны білдіреді. Араб тілінде намазды да الصَلَاة «салат» деп айтады. Өйткені, намаз – ең үлкен дұға.

Салауат айтудың артықшылығы

Ибн Ато (р.а.) Алла Елшісіне () салауат айтудың маңыздылығына қатысты былай деген: «Дұғаның қабыл болуы үшін: ықылас, шынайлық, жүрек тазалығы, дұғалар қабыл етілетін уақыт және дұғаның басында, ортасында әрі соңында Пайғамбарға () салауат айтылуы қажет».

Абдулла бин Масғуд (р.а.) былай деген: «Сендердің біреулеріңнің мұқтаждығы болып, Алла Тағаладан сұраса, дұғасын Аллаға лайықты түрде мадақ айтудан бастасын, сосын барып Пайғамбарға () салауат айтып, қажетін тілесін. Дәл осылай жасау Алла Тағаланың алдында қабыл болуға лайықтырақ».

عن ابن مسعود رضى الله عنه أَنَّ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ:" إِنَّ أَوْلَى النَّاسِ بِي يَوْمَ الْقِيَامَةِ أَكْثَرُهُمْ عَلَيَّ صَلاةً " (رواه النسائى وابن حبان)

Ибн Масғудтан (р.а.) риуаят етілген хадисте, Алла Елшісі () айтты: «Расында қиямет күні Менімен бірге болатын ең жақсы адамдар, Маған көп салауат айтқандарың» (Насай, Ибн Хиббан риуаят еткен).

عن أنس رضى الله عنه أَنَّ رسول الله صلى الله عليه وسلم قال:" مَنْ صَلَّى عَلَيَّ فِى يَوْمٍ أَلْفَ صَلَاةٍ لَمْ يَمُتْ حَتَّى يُبَشِّرُ بِالْجَنَّةِ ". (رواه أبو الشيخ)

Анастан (р.а) риуаят етілген хадисте, Алла Елшісі () айтты: «Кімде-кім Маған күніне мың мәрте салауат айтатын болса, жұмақпен сүйіншіленген күйде дүниеден өтеді» (Абу Шейх риуаят еткен).

عَنْ أَبِي الدَّرْدَاءِ رضى الله عنه أَنَّ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّم قَالَ: "مَنْ صَلَّى عَلَيَّ حِينَ يُصْبِحُ عَشْرًا، وَحِينَ يُمْسِي عَشْرًا أَدْرَكَتْهُ شَفَاعَتِي يَوْمَ الْقِيَامَةِ."

Абу Дардадан (р.а.) риуаят етілген хадисте, Алла Елшісі () айтты: «Кімде-кім Маған ертелі-кеш он мәрте салауат айтатын болса, қиямет күні Менің шапағатым оған нәсіп болады».

Пайғамбарымыз () айтты: «Кімде-кім Маған ертелі-кеш он мәрте салауат айтатын болса, Алла Тағала ол адамды қиямет күнінің ұлы қайғысынан аман сақтап, нығметіне бөленген пайғамбарлар мен, шыншылдар қатарында тірілтеді».

Әнас бин Мәлик (р.а) риуаят еткен хадисте былай делінген: «Кімде-кім Маған бір мәрте салауат айтатын болса, Алла Тағала оған он салауат айтады. Ал егер, он салауат айтатын болса, Алла Тағала оған жүз салауат айтады. Ал енді, жүз салауат айтқан кісіге, Алла Тағала мұнафықтықтан және тозақ отынан сақтайтын екі қорған нәсіп етеді де қиямет күні шаһиттермен бірге тірілтеді».

Уаһб бин Манбаһтан (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз () айтты: «Кімде-кім маған он мәрте салауат айтатын болса, құлды азат еткендей сауап алады».

عن أبى هريرة رضى الله عنه أَنَّ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: "مَنْ صَلَّى عَلَيَّ صَلاةً وَاحِدَةً صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ عَشْرَ صَلَوَاتٍ، وَحُطَّتْ عَنْهُ عَشْرُ خَطِيئَاتٍ، وَرُفِعَتْ لَهُ عَشْرُ دَرَجَاتٍ" (رواه أبوداود).

Әбу Һурайрадан (р.а) риуаят етілген хадисте, Алла Елшісі () айтты: «Кімде-кім маған бір мәрте салауа айтатын болса, Алла Тағала оған он мәрте салауат айтып, он қателігін кешіреді де, дәрежесін он мәрте көтереді» (Әбу Дәуіт риуаят еткен).

Әбу Талха (р.а) әкесінен (р.а) риуаят етіп былай деді: «Бір күні Алла Елшісінің () жүзінен қуанышты көңілмен келгендігі байқалды. Сол кезде Сахабалары: «Ей, Алланың Елшісі! Жүзіңізден қуанышты сезімді байқап тұрмыз»,-деді. Сонда Пайғамбарымыз (): «Маған періште келіп: «Ей, Мухаммад! Раббың: «Үмбетіңнен саған біреу бір мәрте салауат айтса, Мен оған он салауат (рақымет) айтамын. Үмбетіңнен саған біреу бір мәрте сәлем жолдаса, Мен оған он сәлем жолдаймын. Осыған разы боласың ба?»,-деді». Мен: «Әрине разы боламын»,-деп жауап бердім»,-деген».

Әбу Һурайрадан (р.а) риуаят етілген хадисте: «Егер мүмин адам Пайғамбарға () бір мәрте салауат айтса, Алла Тағаланың рұқсатымен бір періште әлгі айтылған салауатты алады да Пайғамбардың () қабіріне жеткізіп: «Ей Мухаммад! Сенің үмбетіңнен болған пәленшенің ұлы пәленше Саған салауат айтты»,- дейді. Сонда Пайғамбарымыз () қуанғаннан: «Менен оған он салауат жеткізіп, қиямет күні Менің шапағатым оған міндет болатындығын жеткіз»,- дейді. Кейін періште ғаршының ең жоғарғы жағына көтеріліп тұрып: «Ей, Раббым! Пәленшенің ұлы пәленше Мухаммадқа () бір мәрте салауат айтты»,-деп Алла Тағалаға жеткізеді. Сонда Алла Тағала оған: «Менен он салауат болсын»,-дейді. Кейін Алла Тағала айтылған салауаттың әрбір әріпінен бір-бір періштелер жаратады. Ол періштелердің үш жүз алпыс басы бар, әрбір баста үш жүз алпыс жүзі бар, әрбір жүзінде үш жүз алпыс ауызы бар, әрбір ауызда үш жүз алпыс тілі бар. Осы періштелер барлық тілдерімен үш жүз алпыс мәрте Алла Тағаланы пәктеп мадақтайды. Осы тасбих мадақтардан пайда болған сауаптарды Пайғамбарымызға () салауат айтқан адамға қиямет күніне дейін жазылып тұрады»,-делінген.

Салауат айтпау – сараңдық

Алла Елшісінің () есімі аталған уақытта салауат айтпау, сараңдықтың белгісі болып табылады.

عَنْ عَوْفِ بْنِ مَالِكٍ عَنْ أَبِي ذَرٍّ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ : إِنَّ أَبْخَلَ النَّاسِ مَنْ ذُكِرْتُ عِنْدَهُ فَلَمْ يُصَلِّ عَلَيَّ ‏‏

Абу Зардан (р.а.) риуаят етілген хадисте, Алла Елшісі () айтты: «Менің есімім аталған уақытта маған салауат айтпаған адам сараңның ең сараңы».

Бірде Алла Елшісі () қызы Фатимаға (р.а.): «Адамдардың ең сараңы кім деп ойлайсың?» – деп сұраған кезде, Фатима (р.а) анамыз: «Алла Тағала нәсіп еткен дәулеттен садақа бермейтін адамды ең сараң деуге болар», – дейді. Сол кезде Пайғамбарымыз (): «Жоқ, Менің атым аталған жерде маған салауат айтпағандар – нағыз сараңдар!» – деген екен.

Мәшһүр салауаттар мен олардың қазақша мағынасы

«Аллаһумә салли алә Мұхаммадин уә алә али Мұхаммад, кәмә саләйтә алә Ибраһимә уә алә али Ибраһим, иннакә хамийдун мәжийд. Аллаһумә бәрик алә Мұхаммадин, уә алә али Мұхаммад кәмә барәктә алә Ибраһимә уә алә али Ибраһим, иннакә хамийдун мәжийд».

(Ей, Алла, Ибраһимге және оның отбасына салауат еткеніңдей (мейірімің мен разылығыңа бөлегеніңдей) пайғамбарымыз Мухаммадқа және оның отбасына салауат еткейсің. Расында, сен әртүрлі мадақ пен мақтауға лайықсың әрі ұлысың. Ей, Алла, Ибраһимге және оның отбасына береке бергеніңдей Мухаммадқа және оның отбасына да береке бергейсің. Расында, сен әртүрлі мадақ пен мақтауға лайықсың әрі ұлысың).

Салла Аллаһу алейһи уә саллам

(Алланың оған салауаты мен амандығы болсын).

Алейһи афдалас салати уә әзкас сәләм

(Оған ең жақсы салауат пен ең жақсы сәлем болсын)

Аллаһуммә салли уәс саллим алә Мухаммад уа алә алиһи уа асхабиһи ажмаиин

(Ей, Алла, Мухаммадқа және оның отбасы мен асхабына салауат етіп (мейірімің мен разылығыңа бөлегеніңдей), амандық бергейсің)

Осынау салауатты көбейтуімізде адамзаттың асыл тәжі, ардақты Елшімізге () үмметі ретінде көрсеткен құрметіміз болып саналары сөзсіз. Сондықтан салауат айтуды төңірегіміздегі жақын туыстар мен дос-жарандарға да насихат етуді ұмытпайық. Және де балаларымызды ардақты Елшіміздің () кіршіксіз пәк өмірбаянымен таныстыру арқылы олардың жүрегінде Хақ сүйіктісіне деген махаббатты оятуға ұмтылып, өскелең ұрпақты да жақсылыққа баулысақ нұр үстіне нұр болмақ! Жаратушы Жаббар Иеміз өзінің сүйікті құлы әрі елшісі Мухаммадты () көбірек танып, Оған () көбірек салауат айтуды нәсіп еткей! Әмин!

Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің
найб имамы Асқар Мейрамбекұлы

Published in Ғибратнама
Суббота, 18 Апрель 2015 00:00

mazhab.kz

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником