Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Фиқһ

Туған күнді атап өтуге бола ма?

Әссәләмуғалейкум, ұстаз! Өз отбасында туған күнді мерекелеуге бола ма? Ол шариғатқа қарсы емес пе? Ысырап емес пе? Осыған қатысты дінімізде не айтылған?

Бекжан Қосмұрзаев.

Уағалейкум әссәләм! Қадірменді Бекжан, туған күнді атап өту мәселесі төңірегінде пікір білдірген дін мамандарын екі топқа бөлуге болады:

1.Туған күнді атап өтуді күнә санайтын мамандар.

2.Туған күнді атап өтуге рұқсат дейтін мамандар.

Туған күнді атап өтуге қарсы келгендер мына екі негізге сүйенеді:
• «Кім бір қауымға ұқсаса (еліктесе) ол – солардан». (Хадис. Әбу Дәуід, Ахмед ибн Ханбәл, Табарани т.б.).
• «Кімде-кім біздің бұл ісімізге (дінге) онда жоқ нәрсені енгізсе, онысы қабыл етілмейді». (Хадис. Бухари және Мүслім).

Бұл дегеніміз, туған күн тойлау – мұсылман еместердің енгізген дәстүрі. Егер туған күнді тойлайтын болсақ, мұсылман еместерге ұқсаған боламыз. Сондай-ақ, аталмыш үрдіс Пайғамбар мен сахабалар кезеңінде жоқ еді. Пайғамбарымыз жасамаған үрдісті мұсылмандардың ұстануы дінге енгізілген жаңалық (бидғат) болмақ. Бұған жол жоқ.

Туған күнді атап өтуге рұқсат дейтін мамандардың сүйенген негіздеріне келер болсақ:
• Құндақта жатқан Иса пайғамбарға Алланың құдіретімен тіл шығып, жұртқа айтқан мына бір сөзі Құранда баян етілген: «Маған туылған күнімде де, өлер күнімде де және қайта тірілетін күнімде де есендік болады». (Мәриям сүресі, 33-аят.).
• Пайғамбарымыздан (с.а.у.) дүйсенбі күні ұсталатын ораза жайында сұралады. Сонда Алла елшісі: «Ол күн – менің туылған күнім (ذاك يوم ولدت فيهّ). Және ол күні маған пайғамбарлық берілді», - деп жауап берген. (Хадис. Ибн Хаббан – 3725; Мүслім-1985; Әл-Хаким-4110. т.б.). Осы хадисте Пайғамбарымыз өзінің туылған күні мен пайғамбарлық берілген күні болғандықтан Аллаға шүкір етіп, дүйсенбі күні ораза ұстайтынын айтып отыр. Хадистен байқағанымыздай, адамның дүниеге келуі де Жаратушының берген нығметі. Ал, Алланың берген нығметіне қуанып, шаттану күнә еместігі Құранның мына бір аятында айтылған: «Сен айт: «Алланың бұл игілігі мен мейіріміне олар қуансын...». (Юнус сүресі, 58-аят.).
• Тағы бір хадисте: «Парыз амалдардан кейінгі ең абзал амал – мүмінге қуаныш сыйлау болып табылады...», - делінген. (Хадис. Ибн Шәйба.). Хадисте айтылғандай, мұсылманға қуаныш сыйлау - үлкен сауапты іс. Енді, туған күнін желеу етіп, адамдарды қуантып жатсақ, оның несі күнә?

Демек, екінші топ дін мамандарының байламы бойынша, шариғатқа теріс келетін әрекеттерге бармай, ысырап жасамай өзінің туған-туыстарының, жақын дос-жарандарының арасында туған күнін атап өтіп жатса, онысы күнә емес. Дегенмен, тойламаған кісіні де шариғат жазғырмайды.

Абдусамат Қасым

алдыңғы мақала
«ӘУЛИЕ ВАЛЕНТИН» КҮНІН ТОЙЛАУҒА БОЛА МА?
кейінгі мақала
Туған күнде тортқа балауыз шам (свеча) жағуға дін қалай қарайды?

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником