Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар

Ассаламу алейкум!

Қайтыс болған ағасының әйелін, яғни жеңгесін қайнысы алуға бола ма? Е. Қалиев

Уа алейкум ассалам!

Хадисте: «Егер сендерге діні мен мінез-құлқы ұнайтын кісі сұрап келсе, оған (қыздарыңды) тұрмысқа беріңдер. Әйтпесе, жер бетінде бүлік пен орасан зор бұзықтық еткен боласыңдар [1]»,-деп айтылғандай, жесір әйелдің тұрмыс құрмай жүруі ар-намысына және жалпы қоғамға зияны тиеді. Күйеуі қайтыс болған әйел өзі қалаған ер кісімен қайта шаңырақ көтеруіне болады. Дегенмен, мінезі жақсы және діндар қайнағасы немесе қайнысына тұрмысқа шығуы басқа ер кісіге жар болудан әлдеқайда жақсырақ. Оның көптеген пайдасы бар.

1. Марқұмның бауырлары жетім балалардың ағасы болғандықтан, олардың мейірімі мен қамқорлығы басқа ер кісіден қарағанда көбірек;

2. Шариғат бойынша әйел қайта тұрмысқа шықса, қызын қайтыс болған (немесе ажырасқан) күйеуінің туыстарының қамқорлығына беруі керек. Ал, қайнысына тұрмысқа шықса, қыз әйелдің жанында қала береді;

3. Әйелдің сол шаңырақта қалуы ата-енесі және басқа да туыстарының қамқорлығы мен мейірімінде болуының кепілі;

4. Балалары да анасының басқа кісіге тұрмысқа шыққанынан гөрі, өз әкесінің бауырлары қарамағында болғанын көбірек қалауы мүмкін.

[1] Тирмизи

Руслан Камбаров

Published in Ғибратнама

Ассаламу алейкум!

Қайтыс болған ағасының әйелін, яғни жеңгесін қайнысы алуға бола ма? Е. Қалиев

Уа алейкум ассалам!

Хадисте: «Егер сендерге діні мен мінез-құлқы ұнайтын кісі сұрап келсе, оған (қыздарыңды) тұрмысқа беріңдер. Әйтпесе, жер бетінде бүлік пен орасан зор бұзықтық еткен боласыңдар [1]»,-деп айтылғандай, жесір әйелдің тұрмыс құрмай жүруі ар-намысына және жалпы қоғамға зияны тиеді. Күйеуі қайтыс болған әйел өзі қалаған ер кісімен қайта шаңырақ көтеруіне болады. Дегенмен, мінезі жақсы және діндар қайнағасы немесе қайнысына тұрмысқа шығуы басқа ер кісіге жар болудан әлдеқайда жақсырақ. Оның көптеген пайдасы бар.

1. Марқұмның бауырлары жетім балалардың ағасы болғандықтан, олардың мейірімі мен қамқорлығы басқа ер кісіден қарағанда көбірек;

2. Шариғат бойынша әйел қайта тұрмысқа шықса, қызын қайтыс болған (немесе ажырасқан) күйеуінің туыстарының қамқорлығына беруі керек. Ал, қайнысына тұрмысқа шықса, қыз әйелдің жанында қала береді;

3. Әйелдің сол шаңырақта қалуы ата-енесі және басқа да туыстарының қамқорлығы мен мейірімінде болуының кепілі;

4. Балалары да анасының басқа кісіге тұрмысқа шыққанынан гөрі, өз әкесінің бауырлары қарамағында болғанын көбірек қалауы мүмкін.

[1] Тирмизи

Руслан Камбаров

Ассаламу алейкум уа рахматтолахи уа баракатух!

Әке-шешем шаңырақ көтергендеріне 20 жылдай уақыт болып калды. Олар Кеңес Одағы кезінде АХАЖ-ға тіркелген. Мұсылманша неке қидырмаған. Ата-анам мешітке барып неке қидыруы керек пе? Рүстем.

Уа алейкум ассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ!

Рүстем! Кеңес заманында үйленгендер кейбіреулері тек АХАЖ-ға тіркелумен шектелгені мәлім. Бірақ, сол замандарда үлкендердің айтуымен неке қидырған жастар да болған.

Сіздің сауалыңызға келер болсақ, егер АХАЖ-да немесе құдалықта неке шарттары орындалса некелерін қидырудың қажеті жоқ.

Неке шарттары:

1.Қыз бен жігіттің сөз байласуы. Қыздың тұрмысқа шыққанда: «разымын»,-деп ал, жігіттің некеге алғанда: «қабыл алдым»,-деп өткен шақ формасында берген жауаптары;

2.Уәлидің, яғни қамқордың келісімі. Уәли – қыздың әкесі мен бауырлары. Айша (р.а.) анамыздан жеткен хадисте: «Қайсы бір әйел уәлісіз (яғни қамқоршысыз) тұрмысқа шықса, оның некесі заңсыз... [1]»,-деп айтылғандай уәли некенің бір шарты;

3.Куәлардың қатысуы. Құран Кәрімде: «...Куәлікті Алла үшін толық орындаңдар. [2]»,-деген. Ал, хадисте: «Уәлисіз және екі куәсіз неке жүрмейді [3]»,-деген.

Әдетте, осы шарттар құдалықта толығымен орындалады. Айтпағымыз, қазақ дәстүріндегі құда түсуде неке қиюдың барлық шарттары көрініс тапқан. Ал, егер бұл шарттар орындалмаған болса, мешітке келіп қидыруға болады. Бірақ, неке жайлы білмегендіктен және сол заманның заңы бойынша некеге қидырғандықтан мұндай кісілердің некесі дұрыс емес деуге болмайды.

[1] Әл-Ихтияр литаълил әл-Мухтар 2-том, Абдулла бин Махмуд бин Маудуд әл-Маусили әл-Ханафи, Бейрут, «Дарул Арқам бин Әбу Арқам», Неке бөлімі, уәли және өкілдік тақырыбы, 112-бет
[2]Талақ сүресі, 2-аят
[3] Фиқһул Ханафи уә әдиллатуһу, шайх Асъад Мухаммад Саъид Сағиржи, 2-том, Дамаск, «Дарул Калим Таиб» 2008-жыл, неке бөлімі, неке қию шарттары, 153-бет

Руслан Камбаров

Published in Ғибратнама

Ассаламу алейкум уа рахматтолахи уа баракатух!

Әке-шешем шаңырақ көтергендеріне 20 жылдай уақыт болып калды. Олар Кеңес Одағы кезінде АХАЖ-ға тіркелген. Мұсылманша неке қидырмаған. Ата-анам мешітке барып неке қидыруы керек пе? Рүстем.

Уа алейкум ассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ!

Рүстем! Кеңес заманында үйленгендер кейбіреулері тек АХАЖ-ға тіркелумен шектелгені мәлім. Бірақ, сол замандарда үлкендердің айтуымен неке қидырған жастар да болған.

Сіздің сауалыңызға келер болсақ, егер АХАЖ-да немесе құдалықта неке шарттары орындалса некелерін қидырудың қажеті жоқ.

Неке шарттары:

1.Қыз бен жігіттің сөз байласуы. Қыздың тұрмысқа шыққанда: «разымын»,-деп ал, жігіттің некеге алғанда: «қабыл алдым»,-деп өткен шақ формасында берген жауаптары;

2.Уәлидің, яғни қамқордың келісімі. Уәли – қыздың әкесі мен бауырлары. Айша (р.а.) анамыздан жеткен хадисте: «Қайсы бір әйел уәлісіз (яғни қамқоршысыз) тұрмысқа шықса, оның некесі заңсыз... [1]»,-деп айтылғандай уәли некенің бір шарты;

3.Куәлардың қатысуы. Құран Кәрімде: «...Куәлікті Алла үшін толық орындаңдар. [2]»,-деген. Ал, хадисте: «Уәлисіз және екі куәсіз неке жүрмейді [3]»,-деген.

Әдетте, осы шарттар құдалықта толығымен орындалады. Айтпағымыз, қазақ дәстүріндегі құда түсуде неке қиюдың барлық шарттары көрініс тапқан. Ал, егер бұл шарттар орындалмаған болса, мешітке келіп қидыруға болады. Бірақ, неке жайлы білмегендіктен және сол заманның заңы бойынша некеге қидырғандықтан мұндай кісілердің некесі дұрыс емес деуге болмайды.

[1] Әл-Ихтияр литаълил әл-Мухтар 2-том, Абдулла бин Махмуд бин Маудуд әл-Маусили әл-Ханафи, Бейрут, «Дарул Арқам бин Әбу Арқам», Неке бөлімі, уәли және өкілдік тақырыбы, 112-бет
[2]Талақ сүресі, 2-аят
[3] Фиқһул Ханафи уә әдиллатуһу, шайх Асъад Мухаммад Саъид Сағиржи, 2-том, Дамаск, «Дарул Калим Таиб» 2008-жыл, неке бөлімі, неке қию шарттары, 153-бет

Руслан Камбаров

Среда, 01 Апрель 2015 00:00

Тағдырға иман

Иман шарттарының соңғысы – тағдырға иман келтіру болып табылады. Тағдыр – араб тіліндегі «қадар» деген сөзден шыққан. «Өлшеу, бір нәрсені белгілі бір өлшем бойынша жарату, белгілеу» дегенді мағынаны білдіреді. Ал, шариғаттық термин бойынша, Ұлы Алланың әу бастан қияметке дейін және қияметтен кейін болатын барлық нәрсені, барлық оқиғаны жаратпастан бұрын шексіз, әзәли ілімі арқылы егжей-тегжейіне дейін білуін және оларды белгілі бір өлшем, мөлшерге қарай реттеуін, белгілі бір есеппен жүйелеуін, арнайы бір жобамен тағайындап белгілеуін «тағдыр» дейміз.

Тағдыр – осы әлемді және оның ішіндегі сан алуан түрлі жаратылыс иелерін белгілі бір жүйе мен тәртіп бойынша басқаратын иләһи заңдылық. Құранда жер бетіндегі күллі мақлұқаттың болмыс-бітімі Жаратқанның белгілі бір тәртібімен өлшеніп қойылғандығы тұрғысында көптеген аяттар бар: «Оның жанында әр нәрсе өлшеулі [1]», «Шын мәнінде, әр нәрсені бір өлшеумен жараттық [2]», «Сондай-ақ, әр нәрсені жаратып, оның өлшеуін белгіледі [3]».

Ал, «қаза» дегеніміз – Алланың ежелден белгілеп, тағдырға жазып қойған құбылыстар мен жаратылыстардың уақыт, сағаты, мезгілі мен мекені, сәті келгенде жүзеге асуы. Яғни, әуелден Аллаһтың ілім мен қалауына сай бекітілген нәрселердің уақыты келгенде, Жаратушының «Тәкуин» сипаты арқылы іске асуы. Сондықтан табиғаттағы барлық нәрселер Алланың тағдыр мен қазасына сәйкес болады. Еш нәрсе тағдыр мен қазадан тыс өздігінен яки кездейсоқ жүзеге аспайды.

Тағдыр мен қазаға иман – Алла Тағаланың Ілім, Ирада, Құдірет және Тәкуин сипаттарына иман ету. Себебі, тағдыр мен қаза Алланың осы сипаттары арқылы өлшеніп, белгіленіп, жаратылады. Бұл жағдайда біздер тағдыр мен қазаға иман етумен қатар, жақсылық пен жамандықтың, ащы мен тәттінің, бүкіл жаратылыс атаулының Алланың білуі, қалауы мен жаратуынан тұратындығына иман еткен боламыз.

Құранда иман негіздерімен байланысты аяттарда [4] тағдыр мен қазаға иман ету мәселесі айтылмаған. Бірақ, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Жибрил» хадисінде тағдырға сенудің иман шарттарына кіретіндігі айтылады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларымен бірге отырғанда Жәбірейіл (ғ.с.) періште адам бейнесінде келіп, былай деп сұрақ қояды:

– Иман дегеніміз не? Сонда оған Пайғамбарымыз:

– Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне, жақсылық пен жамандықтың Алладан екендігіне, тағдырға сену, – деп жауап береді [5].

Құранда тағдырға иман ету мәселесі айтылмағанымен, жоғарыда келтірілген аяттарда барлық нәрсенің әу бастан тағдырға белгіленіп қойылғандығы ашық түрде баян етілген. Әһли сүннет бойынша, тағдырға сену – иман шарттарының бірі. Исламда кейбір адасқан ағымдар тағдырға иман ету мәселесін Құранда тікелей айтылмаған деу арқылы оны тіптен жоққа шығарады.

Алла Тағаланың шексіз ілімі – өткенді, қазіргіні және келешекті де бірдей қамтиды. Сондықтан Жаратушының назарынан еш нәрсе тыс қалмайды. Құранда бұл мәселе жайында көптеген аяттар бар. Мысалы: «Алла олардың істегендерінің бәрін толық біледі [6]»; «Алла олардың өткенін, келешегін біледі. Өзгелер оны толық білмейді [7]». Яғни, әлемдегі болып кеткен, болып жатқан және болатын барлық нәрсе Алланың қазасы мен тағдырына сәйкес жүреді. Ешқандай тіршілік иесі Алланың Ләуһу Махфузында жазылған иләһи тағдырының шеңберінен тыс әрекет ете алмайды.

Күллі мақлұқат әлемінің тағдыры әуел бастан Ләуһу Махфузда жазылғандықтан, әлбетте әрбіріміздің де тағдырымыз сонда жазылған. Ләуһу Махфуз тағдыр кітабының негізгі нұсқасы болып, барлық болатын һәм болған нәрселер сонда жазылады. Құранда бұл жайында былай дейді: «Мұхаммед оларға айт: «Бізге Алланың жазғаны ғана болады [8]»; «Жазуда еш нәрсені қалдырмадық [9]».

Сондықтан Ләуһу Махфуздағы «Ана кітап» (Уммул китаб) негізге алына отырып, басқа кітаптар мен дәптерлерге Алланың әмірімен періштелер көшірме жасайды [10]. Яғни, әрбір адамның тағдыры осы ана кітаптан жекелеген кітаптар мен дәптерлерге көшіріледі. Кез келген тіршілік иесінің тағдыры Алла Тағаланың Ләуһу Махфузына жазылған соң оның көшірмесін періштелер жасайды. Адам тағдырын ана жатырында жатқан кезде жазатындығын мына хадис баян етеді. «Сіздерден әрбіріңіздің жаратылысы былай болады: Қырық күн мәни болып ана жатырында күтеді. Содан кейін ұйыған қан болып қырық күн тұрады. Содан бір түйір ет болып, тағы қырық күн тұрады. Содан кейін Алла Тағала төрт сөзбен бір періште жібереді. Ол періште оның өмірін, рызығын, амалының жаман немесе жақсы болатындығын Ләуһу Махфузға жазады. Жақсы деп жазған кісі алғашқыда тозақилардың амалын жасайды. Тіпті, жаман әрекет жасап тозақпен екеуінің арасы өте жақын қалады. Бұл кезде кітаптағы үкім оның бағытын, тағдырын өзгертіп үстем келеді. Сөйтіп, жәннәтқа баратындардың амалын жасауға көшеді де, ақырында жәннәтқа кіреді. Ал, жаман амал жасап, тозаққа баратын кісі әуелде жәннәтқа апаратын амал жасайды. Тіпті, онымен жәннәт арасы өте жақын қалғанда, кітаптың үкімі оның әрекетіне үстем келеді. Сөйтіп, тозаққа баратындардың амалын жасайды. Осылайша тозаққа барады [11]».

Адам сайып келгенде, бұл дүниеде ешқандай мәжбүрлікке түспестен тек өз қалауымен тағдырда жазылған нәрсені ғана істейді. Бірақ, бұл жерде адамның жасаған амалдарының оның ерік-жігері мен қалауынан туындайтынын назарда ұстауымыз керек. Яғни, адам белгілі бір істі жасауды қаласа, Алла Тағала оның сол қалауына сай сол істі жаратады. Жоғарыда Алла барлық нәрсені әуел бастан біліп, тағдырға жазып қойған дедік. Бірақ, бұл жерден «біздің іс-әрекетіміз әлмисақтан белгіленіп қойылған екен, біз соны тек қайталап шығады екенбіз» деген түсінік туындамауы керек. Себебі, мәселе бұл жерде тіптен бұлай емес. Асылында, Алла қиямет қайымға дейінгі күллі тіршілік иесінің, адамзаттың не істейтіндігін, қандай жолды таңдайтындығын өте жақсы біледі. Бірақ, біздің әрекетіміз Алланың әлгіндей барлығын білетіндігі үшін жасалмайды. Керісінше, біздің қандай іс-әрекет жасайтындығымызды Алла әуелден біліп, тағдырымызды солай белгілеген. Мысалы, күн мен айдың қашан тұтылатындығын ғалымдар алдын ала арнайы құралдар арқылы есептеп, пәлен уақытта тұтылатындығын айтады. Енді осы жерде аздап ойланып көрейікші, сонда күн ғалымдардың айтып, жоспарлап қойғандығынан тұтылды ма? Әлде ғалымдар күннің тұтылатындығын есептеп білгендігі үшін дәл сол уақытта тұтылды ма? Әлбетте, бұл жерде ғалымдар айтсын, айтпасын күннің сол уақытта тұтылары хақ. Ал, бірақ, мұнда ең мағыздысы ғалымдар күннің дәл сол уақытта тұтылатындығы анық білгендіктен әлгі уақытты белгілеп айтып отыр. Сол секілді метеорология орталығы ертең қар жауады десе, қардың солардың айтқандары үшін жаумайтыны өз-өзінен түсінікті. Міне, дәл осы мысалдар іспетті біз де Алланың жазып қойғандығы үшін амал етпейміз. Біздің қалай амал ететінімізді Алла әуел бастан біледі. Ал, біз өз қалауымызбен амал етеміз де Алланың иләһи ілімімен межелеп қойған тағдыр жазуымызды табамыз.

[1] «Рағыд» сүресі, 8-аят
[2] «Қамар» сүресі, 49-аят
[3] «Фурқан» сүресі, 2-аят
[4] «Бақара» сүресі, 117-аят; «Ниса» сүресі, 136-аят
[5] Муслим, Иман 1
[6] «Нұр» сүресі, 41-аят
[7] «Таһа» сүресі, 110-аят
[8] «Тәубә» сүресі, 51-аят
[9] «Әнғам» 38-аят
[10] М.Абдулфеттах Шахин, Инанжын Гөлгесинде, 1-том, 211-бет.
[11] Бухари, Муслим риуаяты

Среда, 01 Апрель 2015 00:00

Адам тағдырының тылсымы

Жаратушы алдында пенденің жауапты болуы не болмауы екі тұрғыда қарастырылады. Біріншісі, адамның қалауымен, яғни өз ықтиярымен, екіншісі – пенденің қалауынан тыс болатын әрекеттер. Шариғатта бұны ихтияри (қалауымен) және изтирари (мәжбури) әрекеттер деп атайды [1]. Мәжбури әрекеттерге адам бойындағы дене мүшелерінің жұмыс істеуін айтуға болады. Мысалы, жүректің соғуында, асқазанның ас қорытуында, тыныс алуында адамның ешқандай ықпалы болмайды. Сондықтан адам өз еркінен тыс жүзеге асатын мұндай әрекеттер үшін Алланың алдында жауап бермейді. Бірақ, денсаулығына селқос қарап, өзін күтпеген адам онысына жауапты болмақ.

Ал, адамның ерік-жігері мен қалауы арқылы болатын ісәрекеттерге келсек, оларға: отыру, тұру, бару, келу, ұру, соғу, құлшылық ету, етпеу секілді т.б. көптеген амалдар жатады. Мұндай саналы әрекеттері үшін пенде не мол сауапқа кенеледі, не мол күнә арқалайды. Демек, пенденің ерік-жігеріндегі бұл істер оның өз қалауымен болады. Оны мұндай іске ешкім мәжбүр етпейді. Пенде бір істі қалап, соны жасамақ болып ұмтылса, Алла оның қалауына сай сол ісін жаратады. Бұл да Алланың тағдыры мен қазасына сай болады.

Адамды Алла ерікті, таңдау мен қалау иесі етіп жаратқандықтан ол өз қалауы бойынша әрекет ете алады. Халал не харам амалдарды да өз қалауымен жасайды. Әрине, ақ пен қараны өз еркімен таңдағандықтан, сол таңдау еркінің ақысы үшін жауапқа тартылады. Егер адамда таңдау мен қалау еркі болмаған жағдайда, ол ақыретте жауапқа тартылмас еді. Пенде тек таңдау мен қалау еркіне ие, ал оның қалауына қатысты істі жарату – Алланың құзіретіндегі жайт. Яғни, пенденің жасамақ болған ісі Алла Тағаланың құдіретімен жаратылады. Сөйтіп, пенденің өз ерік-жігерімен, қалауымен жасаған әрбір ісі үшін ақыретте жауапқа тартылады.

Жоғарыда Алла барлық мақлұқат атаулының жаратушысы болғандықтан адамның да ісін жаратады дедік. Дегенмен, Алла біздің қалаған, таңдаған ісімізді жаратқанымен, оларды іске асыруға міндетті емес. Алла бұл мәселені табиғат әлеміндегі қалыпты үйлесімділік іспетті өз заңдылығы бар етіп жасап қойған. Яғни, адамның жүріп-тұруы, ішіп-жеуі табиғаттың тарту еткен сыйы секілді көрінеді. Негізінде, тіршілікті де пенденің қалауына сай етіп жаратқан бір Алла екенін естен шығармайық.

Адамның таңдау ерік-қалауының бар екендігіне дәлел ретінде төмендегі аяттарды келтіруге болады: «Расында, оған тура жол көрсеттік. Мейлі шүкіршілік қылсын, мейлі қарсы келсін [2]»; «Оған екі жол көрсетпедік пе? [3]»; «Әркім істеген ісі үшін жауап береді [4]»; «Кім ізгі іс істесе, сонда өзі үшін. Ал, кім жамандық істесе өзіне тән. Раббың құлдарына зұлымдық етуші емес [5]».

Әһли сүннет сенімі бойынша, пенде жасамақ болған ісін нысанаға алып, жүрегімен қалаған сәтте оны Алла іске асырады. Яғни, құл – қалаушы, Алла – жаратушы деген сөз. Сондықтан пенденің «мен бұл істі өзім істедім, бәріне өз ерік-жігерім арқылы жеттім, өзім жасадым» дегені – үлкен қателік. Себебі, адамның қалауын Алла жаратпаса, ол ойға алған ісін қайтіп жүзеге асырмақ? Сондықтан біз (әһли сүннет сенімі), Алланың бүкіл мақлұқатты жаратқаны іспетті, пенденің ісін де жаратушы деп білеміз. Бұған мына аяттарды дәлел ретінде келтіруге болады: «Алла барлық нәрсенің жаратушысы [6]»; «Алла сендерді де, сендердің амалдарыңды да жаратты [7]».

Исламдағы пенденің қалау еркі жайлы мәзһабтардың пікірлері де әрқалай. Мысалы, Жәбрия мәзхабы бойынша, адамда қалау, таңдау еркі жоқ. Олардың пайымдары бойынша, пенде бейне бір программаланған робот секілді маңдайына жазылғанды ғана жасайды. Ал, Муғтазила мәзхабын ұстанушылар: «Пенде барлық ісін өзі жасайды. Алланың бұған ешқандай қатысы жоқ. Яғни, пендеде маңдайына жазулы тағдыр болмайды, ол өз тағдырын өзі жасайды. Егер оның тағдыры болатын болса, ол о дүниеде істеген ісін тағдырға тапсырып, Аллаға кінә артатын болады», – деп санайды.

Біздер, әлбетте, бұл пікірлерге қосылмаймыз. Себебі, жоғарыда бірнеше мәрте тәптіштеп айтқанымыздай, пенденің ең алдымен жузи ирадасы (белгілі бір қалау еркі) бар [8]. Адам осы жузи ирада, яғни таңдау еркі арқылы қандай да бір істі қалауға құқылы. Айталық, арақ ішіп күнә істеу немесе мұқтажға көмек беру арқылы жақсылық жасау пенденің қалауы және таңдауы арқылы жүзеге асады. Осы амалды жасау барысында оны ешкім мәжбүрлеп, міндеттемейді. Міне, сондықтан пенде осы қалауы үшін ақыретте жауап береді. Себебі, ол осы істі өз еркімен жасап отыр. Бұл жерде Алла пендеге бұл істі мәжбүрлеп істетіп тұрған жоқ, пенде өз қалауымен амалды таңдап, жузи ирадасын (қалау еркіндігін) қолдану арқылы жасауда. Олай болса, пенде Алланың өзіне берген қалау еркіндігі арқылы қандай да бір істі жасауға әрекет етсе, Алла та оған сол істі жасайтын күшті (иститағат) беріп, амалын іске асырады. Сол үшін Құранда: «Алла сендерді де, сендердің амалдарыңды да жаратты [9]», – деп анық түрде баян етуде.

Тағдыр мен қазаға иман ету – парыз. Бірақ пенде тағдырдың мәнін дұрыс тәпсірлемей, өз пайымымен қорытынды шығарап, сылтауратып жауапкершіліктен құтыла алмайды. Мысалы, «Алла пешенеме осылай жазған екен» деп күнә істеу немесе «Тағдырыма жазылған соң қолымнан келер шара жоқ» деп өзін кінәсіз санау – пенденің осы тұрғыдағы білімінің таяздығынан туындап жатады. Құранда Алла Тағала бізге тағдырға тәуелді болуды емес, жасаған әрбір іс-әрекетімізге жауапты болуды бұйырады. Егер тағдырға бас иіп жүру дініміздегі өте маңызды жайт болса, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол жөнінде бізге, ең болмағанда, бір ғибратты хадис қалдырған болар еді. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) керісінше, ешқашан тағдырды сылтау етпеген. Өзінің бейкүнәлік ерекшелігінен хабардар бола тұра, өмірін күндіз-түні Алла Тағалаға ғибадат етіп, дұға жасаумен өткізген. Дәл сол секілді сахабалар өмірінен де тағдырға налып, құлшылығын тастаған, яки өзге де үмітсіздікке түскендері жайында ешбір мәлімет кездестірмейсіз. Тіпті өмірінде жәннәтпен сүйіншіленген бақытты сахабалар да тағдырды сылтауратып, енді барар жерім жәннәт деп шалқасынан түсіп, бейғам жатпаған.

Алла Тағала жер бетіне келіп-кететін күллі тіршілік атаулының тағдырын әуелде Ләуһу Махфузда жазып қойған. Ләуһу Махфуз негізгі ана кітап болғандықтан Алланың одан басқа «Ләуһу Маху», «Лауһу Исбат» есімді тағдыр кітаптары бар. Міне, осы тағдыр кітаптарында Аллаһ қалағанын өшіріп, қалағанын сол күйінде қалдырады [10]. Сол секілді адам тағдырының өзгеріп, өзгермеуі де – Алланың қалауында. Аятта да бұл жөнінде: «Алла қалағанын өшіреді, қалағанын қалдырады. Негізгі Кітап (Уммул Китаб) Оның қасында [11]», – деп ашық айтылған.

Алла қаласа, пендесінің тағдырын немесе қазасын өзгертуі мүмкін. Дегенмен, бұл мәселеде пенденің ниеті мен іс-әрекеті негізгі рөл ойнайтындығын мына хадистен аңғаруға болады.

Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) құлайын деп тұрған үйдің қасына өткендн жүрісін жылдамдата түседі. Сонда қасындағы сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі! Алланың қазасынан қашып барасыз ба?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алланың қазасынан Алланың тағдырына (қадарына) сыйынамын», – деп жауап береді [12].

Омар (р.а.) хижри жыл санауының 18-жылы Шамға бармақ болып сапарға шығады. Жол жүріп келе жатып Сәрғ атты елдімекенге жеткенде Шамда оба ауруының шыққанын естіп, кері қайтпақ болады. Сонда Шам қолбасшысы Әбу Убайда ибн әл-Жәррах (р.а.): «Уа, Мүміндердің әміршісі! Алланың тағдырынан қашпақсыз ба?» – дегенде, Омар (р.а.) оған: «Ей, Әбу Убайда! Әттең, бұл сөзді сенен басқа жан айтқанда ғой! Иә, Алланың тағдырынан қайтып, Алланың тағдырына қашып барамыз. Тағдырға не жазылғанын бір Алла біледі. Мәселен, сенің жайылымға шыққан түйелерің, бір жағы тақыр, оттығы жұтаң, бір жағы шалғынды сайға түсті делік. Сен түйелеріңді шалғынды, шайырлы жотаға жайып тойдырсаң да немесе тақыр, шөпсіз жотаға жайып, аш қалдырсаң да – Алланың тағдырына сәйкес әрекет еткен болмайсың ба!?», – деп қисынды жауап береді.

Хазіреті Омар (р.а.) тағдырдың өзгеруі үшін Аллаға үнемі дұға еткендігі белгілі. Ардақты сахаба былай деп дұға ететін: «Алла Тағалам! Егер есімімді шақилардың (жамандар, тозақтықтар) арасында жазған болсаң, атымды ол жерден өшір. Егер саидтардың (бақыттылар, жәннәттықтар) арасында жазған болсаң сол жерде берік қыл. Өйткені, Сен: «Алла қалағанын өшіреді, қалағанын қалдырады. Негізгі Кітап (Уммул Китаб) Оның қасында [13]», – деп айттың. Сенің бұл сөзің – хақ [14]».

[1] Сейфеддин Языжы, ж.к.е., 101-бет; Хамди Дөндүран, ж.к.е, 120-бет
[2] «Инсан» сүресі, 3-аят
[3] «Бәләд» 10-аят
[4] «Муддәсир» сүресі, 38-аят
[5] «Фуссиләт» сүресі, 46-аят
[6] «Зүмәр» сүресі, 62-аят
[7] «Саффат» сүресі, 96-аят
[8] Сайм Клавуз, ж.к.е. 102-105-бет; А.Лутфи Казанжы, ж.к.е., 228-229-бет
[9] «Саффат» сүресі, 96-аят
[10] М.Абдулфеттах Шахин, ж.к.е., 238-бет
[11] «Рағыд» сүресі, 39-аят
[12] Хамди Дөдүрен, ж.к.е., 121-бет
[13] «Рағыд» сүресі, 39-аят
[14] С.Вехби, Мәжмуатул-Маариф, Коня 1327, 123-бет

Среда, 01 Апрель 2015 00:00

Жазмыштан озмыш жоқ

Жаратылыстағы бүкіл тіршілік атаулының өлшеулі рызығын бір Алла Тағала ғана береді. Ал, сол рызық-несібесін өз аяғымен жүріп табатындар мен әрекет етуге дәрменсіз тіршілік атаулының рызығының арасында пәлендей айырмашылық жоқ. Мәселен, адамдар, хайуанаттар мен құстар өз рызық-несібелерін саналы түрде әрекет ету арқылы тапса, ана жатырындағы сәбиге Алла анасының қанымен рызық береді. Тіршіліктегі басқа да әлсіз «шақалақтар» туралы да осыны айтуға болады. Оларға ата-аналарын не басқа да жағдаяттарды себепші қылу арқылы Алла өз рызықтарына жеткізеді. Және де Алла пенденің әрекеті мен ниетіне сай халал не харам жолдан рызығын нәсіп етеді. Біздің айтып отырған тұжырымдарымыздың түпкі өзегі Құранда баяндалады: «Жер бетіндегі әр жәндіктің қорегі Аллаға тән. Ол олардың тұрақты, тұрақсыз орындарын біледі. Барлығы ашық бір Кітапта [1]»; «Шүбәсіз, Ол Алла ризықтандырушы және мықты күшке ие [2]».

Негізінде пенденің рызық-несібесі оның қаншалықты әрекет етуіне тікелей байланысты. Десек те, Алла Тағаланың қалаған құлына есепсіз рызық беретіндігі басы ашық мәселе. Бірақ, Алла рызықты пенделердің иманды не имансыздығына қарай бөле-жарып бермейді. Егер жағдай солай болғанда, иман еткен мұсылмандардың бәрі ірі байлық иесі болып, дінсіздердің барлығы тақыр кедей болулары керек еді ғой. Ал, күнделікті өмірдегі жағдай мұны мүлде теріске шығарып тұрған жоқ па?! Сондықтан пенденің бай не кедей болуы Алланың қалауындағы мәселе екендігін түсінуіміз керек. Бұл тақырыпта да бізге Құран аяттары негізгі көмекші: «Алла қалаған кісінің несібесін молайтып, қалаған пенденің несібесін тарылтады.... [3]»; «Алла қалағанын есепсіз рызыққа бөлейді [4]».

Пенде тіршіліктегі өз рызық-несібесін табу жолында түрлі әрекеттерге, айла-тәсілдерге барып, бүкіл күш-жігері мен ақыл-парасатын жұмсайды. Әрине, пенде өз қарым-қабілетіне қарай рызығын айырады, бірақ ең бастысы, рызықтың халалын ішіп-жеуді бұйыратынын бір сәт естен шығармау керек.

«Ал, енді Алланың сендерге берген ризығының халал әрі тазасынан жеңдер... [5]», – деген Алла Тағала – мұсылман пендеге өз рызығын табудың негізгі тұжырымдық формуласын ұсынады. Әрбір тіршілік атаулы Алланың өзіне бұйыртқан өлшеулі рызық-несібесін ішіп-жемей бұл фәни дүниеден өтпейді және ешқандай тіршілік иесі өзгенің Жаратушының шексіз даналық ілімімен белгіленген рызығына ортақ бола алмайды. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Рызықты іздеуден бас тартпаңдар. Ешкім өзіне бұйыртқан рызыққа жетпей өлмейді. Олай болса халалын алып, харамын тастаумен рызықтарыңды жақсылап іздеңдер [6]».

Дүниедегі тіршілік атаулының ғұмыры Жаратушының әу баста тағдырға жазған мөлшерімен өлшенеді. Ешкім де сол межеден не артық, не кем өмір сүре алмайды. Пенде өзіне бұйырылған рызық-несібесіне қол жеткізіп, дәм-тұзы таусылған соң пәни өмірмен қош айтысып, мәңгілік өмір сапарына көш түзейді. Себебі, өмірді де, өлімді де жаратушы – бір Алла. Әрбір кеудесінде жаны бар тіршілік иесі өліммен бетпе-бет келері хақ екендігі қасиетті Құранда: «Әркім өлімді татады [7]», – деп тайға таңба басқандай анық айтылады. Әрине, бұл – ойлы жанға үлкен сабақ. Сонымен қатар, Құранда өлімнің уақыты да Алланың иләһи ілімімен белгіленіп қойғандығы жөнінде айтылады: «Біз араларыңда өлімді белгіледік. Бізден ешкім оза алмайды [8]».

Алла әрбір пендеге тек өзіне тән өмір өлшемін нәсіп еткендіктен, кімнің қанша уақыт ғұмыр кешетіндігі біз үшін беймәлім. Пенденің тағдырында жазылған ажал сәті келгенде, Әзірейіл періште оның жанын бір сәтке кешіктірместен алады. Өлім уақытының кешігуі немесе ерте кетуі деген ұғымның әсте болмайтындығын мына аяттардан білеміз: «Әрбір адамның ажалы бар. Оларға ажал келген кезде, бір сағат бұрын және кейін кешіктірілмейді [9]»; «Әрбір үммет үшін бір ажал бар. Қашан олардың белгілі мерзімі келсе, бір сәтке кешіктірілмейді де, ілгерілетілмейді де [10]»; «Қашан біреудің ажалы келсе, Алла оны әсте кешіктірмейді [11]».

[1] «Худ» сүресі, 6-аят
[2] «Зарият» сүресі, 58-аят
[3] «рағыд» сүресі, 26-аят
[4] «Бақара» сүресі, 212-аят
[5] «Нахыл» сүресі, 114-аят
[6] Әт-Тәрғиб уәт-тәрхиб, 2/534
[7] «Әли Имран» сүресі, 185-аят
[8] «Уақиға» сүресі, 60-аят
[9] «Ағраф» сүресі, 34-аят
[10] «Юнус» сүресі, 49-аят
[11] «мунафиқун» сүресі, 11-аят

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником