Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар
Вторник, 28 Май 2019 11:58

Икрам Бақытжан

Қостанай облыстық Аймағанбет қажы Спанұлы мешітінің наиб имамы

 

Икрам Бақытжан, 1965 жылы 02-қыркүйекте Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Диев совхозында дүниеге келді.

1972-1982 жж. Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Диев совхозының орта мектебін оқып бітірді.

1983-1985 жж. Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеді.

1992-1994 жж. Өзбекстан республикасы, Қоқан қаласында хужрада оқыды.

1994 жылдың 03- қазанынан бастап, Қостанай облыстық мешітте найб имам қызметін атқарады.

1999-2014 жж. Мыржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша сырттай оқып тәмәмдады.

2008 жылы ҚМДБ-ның жолдауымен Пакистан республикасының халықаралық «Дағуа» академиясында 2 ай білімін жетілдірді.

2013 жылы Алматы қаласындағы имамдардың білімін жетілдіру инстиутында 3-ай білімін жетілдірді.

2014-2016 жж. Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін «Дінтану» мамандығы бойынша сырттай оқып тәмәмдады.

2004, 2016 жылдары қажылық парызын өтеді.

Published in Мешіт ұжымы
Понедельник, 27 Май 2019 12:11

Рудныйдағы қайырымдылық шаралары

Қасиетті Рамазан айында Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен ауқымды шаралармен кездесулер өткізілуде. Атап айтқанда, аталмыш шаһардағы қалалық балалар және қарттар үйіне әңгімемізге арқау болып отырған мешіт қызметкерлері арнайы барды.

Осы жерлердегі балалар мен қарттардың жағдайларымен танысты. Тілге тиек етілген балалар үйіндегітәрбиеленушілергемешіт атынан аяқ киімдер сыйға тартылды.Ал қарттар үйіндегі ата-әжелеріміздің жай-күйлерін біліп,асыл дініміз хақында әңгіме өрбітіп, берекелі басқосудың себепшісі болды.

Баршамызға аян, Рамазан – жақсылық пен мейірімділік айы. Осы қасиетті айда жақсылық жасау және өзгелерді де оған үндеу – мұсылманның басты парызы. Сауабы еселене түсетін осындай қасиетті айда мұсылман қауымыбір-біріне көмек беріп, қамқорлық пен қайырымдылық танытып жатса, нұр үстіне нұр емес пе?

Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұйытқы болуымен өткізіліп жатқан осындай сауапты әрі ғибратты кездесулер мен қайырымдылық іс-шаралары одан әрі жалғасын таба бермек.

Біз Ораза ұстаған барша бауырларымызға тек қана ізгілік, отбасыларында береке тілейміз!

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар

Рамазан айы - төрткүл дүниенің барша мұсылмандары асыға күтетін ай. Алланың қалауымен қасиетті бұл айда игі істерге асыққан жандар көпке үлгі көрсетуде.

Мәселен, зәулім «Ғашура Ана» мешіті бұл айда келген жамағатты рухани жағынан қолдаса, ел қамын ойлаған азаматтар мұқтаждарға материалдық және қаржылай көмегінкөрсетуде. Жаны жайсаң жомарт кісілер өздерінің қамқорлықтары арқылы Ораза кезінде халықтың батасын алып жатқаны бәрімізді де қуантады.

Осы арада сөзіміз жалаң болмас үшін нақты мысалдар келтіре кетелік. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, жақында жұма күні Қарабалық ауданының тумасы, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны – Бахытжан Қасымұлы Ертаев мешіт ұжымына аула жұмыстарына аса қажетті шөп шабу құралын тапсырды.

Аталған азаматтың мешіт жанашары екенін, қолынан келер көмегін үнемі жасап отыратынын айтып өткеніміз жөн.

Сондай-ақ, Қарабалық кентінің тағы бір тұрғыны, кәсіпкер азамат (атын атамауын өтінді) 10 отбасыға азық-түлік алып беріп, олардың алғысына бөленді.

Бұл азаматтың сыйлығын Серік қажы Темірбекұлы ауданның ауыл-аймақтары мен Қарабалық кентінде тұратын көмекке мұқтаж жандарға жұма намазынан соң табыс етті.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар
Среда, 22 Май 2019 10:55

Арқалық: Сүндет той

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде қасиетті Рамазан айында елден ерек қайрымдылық шарасы өтті.

Бұл шара аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасындағы 3 пен 7 жас аралығындағы ер балаларды қаладағы хирург-оташы Әсет Абдрахманұлы сүндеттеп берді.

Осылайша өңірдегі мешіттің ұйымдастыруымен 35 бала тегін сүндеттелді.

Осынау маңызды жай жөнінде алдын-ала жұма намазында хабарланып, көпшілік қуана құптаған еді.

Қалалық емхананың хирург-оташы маманы Әсеттің қолынан «Сүндетке» отырғызылған әр балаға мешіт қызметкерлері тәттілер үлестіріп, ата-аналарына «Бала тәрбиесі» және «Мұсылман сипаты» деп аталатын сый-сыйапат жасады.

Жоғарыда аталған мешіттің бас имамы Бектұрсын Уәлиев жиналған ата-аналарға Рамазан айының өзіндік ерекшелігіне тоқтала келіп, ұрпақ тәрбиесі екі дүние үшінде жауапты іс екені хақында уағыз айтты.

Жалпы мұсылмандық ережесіне сай, сүндетке отырғызылған балалардың ата-аналары осындай ізгілікті және қайырымдылықты жүзеге асырған мешіт ұжымына және оташы Әсет Абдрахманұлына шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдірді.

Мешіт имамы да берекелі Рамазан айындағы көрсеткен азаматтық қасиеті үшін жылы лебізін жеткізді және Алғыс хатты тапсырды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар
Понедельник, 20 Май 2019 10:39

Білімді өмір шырағы

Published in Фотогалерея
Понедельник, 20 Май 2019 10:34

Зират басы тазаланды

Жақында Арқалық қаласы бойынша зират тазалығы күні өткізілді. Бұл іс-шара алдын-ала шаһар халқына арнайы телеарна арқылы хабарланып, түсіндірме-насихат жұмыстары жүргізілді. Оған қала халқы үшін мешіт жанынан арнайы үш автобус бөлінді.

Рамазан айында ұйымдастырылған сауапты да игі шараға қала жұртшылығы қолдау білдіріп, белсене атсалысты. Таңертеңнен бастап жергілікті азаматтар зиратқа жиналып, ұйымшылдық танытты. Әсіресе, жастар, мешіт шәкірттері аталмыш істе ерекше көзге түсті.

Жиналған қауымға мешіттің бас имамы Б.Торғайбайұлы жалпы Исламның тазалықты қолдайтын дін екендігін, сондықтан әрбір мұсылман тазылық мәселесіне айрықша назар аударулары қажет екендігін айтты.

Мешіт ұжымының игілікті істері көпшілік тарапынан зор қолдау тапты. Зираттағы сенбілік ойдағыдай өтіп, жиналған қоқыстар арнайы көліктермен сыртқа шығарылды.

Аталмыш шара қалаға қарасты Восточный, Фурманов, Сарыөзен сияқты өзге ауылдарда да жалғасын тапты.

ҚМДБ-нің Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар
Понедельник, 20 Май 2019 10:31

Жақсылыққа жарысайық

Қасиетті Рамазан айында өзгелерге шарапатын тигізген адамдарға Алла Тағала нұрлы шуағын төгетіндігі белгілі. Сондықтан да болар, мұны жете ескерген Денисов ауданы Фрунзе ауылы «Аят» намазханасы тарапынан көмекке мұқтаж отбасыларға «Жақсылыққа жарысайық» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Онда асыраушысынан айырылған жалғызбасты жандар және мүгедек және тағы басқа көмекке мұқтаж 10 жанұяға «Аят» намазханасының молдасы Болат қажы Куандыковтың ұйымдастыруы және демеуші азаматтардың қолдауымен отбасылық азық-түлік пакеті үлестірілді.

Сондай-ақ әрбір отбасына ұн, күріш, май, қант, макарон секілді күнделікті тұтынуға қажетті тауарлар табыс етілді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар

Жітіқара жұртшылығы биылғы қасиетті Рамазан айын ерекше қуанышпен қарсы алды. Әрине, оған тыңғылықты әзірліктер жасалды. Күнделікті екінді намазынан кейін мешітте Құран хатым оқылады.

Аудандық мешіт қызметкерлері жамағатқа тұрақты дәріс оқып, уағыз- насихат айтуды дәстүрге айналдырған.Үстіміздегі жылғы Оразаның алғашқы күндері аудандық әкімдік пен мешіт жамағаты бірге ауыз ашар берді.

Қазіргі таңда мешіт асханасында күн сайын ұйымдастырылатын ауызашарға шамамен 250 адам қатысады. Тарауық намазынан кейін қала бойынша тегін автобус бөлінгендіктен жұртшылықты үйлеріне тасымалдайды.

ҚМДБ-нің Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар
Понедельник, 20 Май 2019 10:29

Арқалықта да «Рамазан сыйы»

Он екі айдың төресі, қасиетті де берекелі Рамазан айындаАрқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Аталмыш іс-шара жайлы мешіттің бас имамы Бектұрсын Уәлиев жан-жақты тоқталды. Ол өз сөзінде: «Баршаңызға мәлім, Рамазан - бұл берекелі ай, қайырымдылық пен қамқорлық айы. Сондықтан осындай сауаптар еселенетін керемет маусымда көңілі жабырқаған мұқтаж жандарға қолұшын беру мақсатында ұйымдастырылып отырған игілікті іс. Мұндай сауапты іске намазхан кәсіпкер бауырларымыз демеушілік жасап отыр» деді.

Осынау көпке үлгі боларлық игілікті шарада әлеуметтік жағынан аз қамтылған көпбалалы 30 отбасына қайырымдылық пакеттері таратылды. Мұндай қайырымдылық бастамалар өңіріміздің барлық аудандық, қалалық мешіттерінде жалғасын табады деген үміттеміз.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар
Среда, 15 Май 2019 16:35

Өкіл имам Ұзынкөлде болды

Үстіміздегі жылғы қасиетті Рамазан айы Қостанай өңірінде де ұйымшылдықпен өтіп жатыр. Әу баста облыстық мешітте басталған ауызашар беру дәстүрі барлық имандылық ордаларында жалғасын тауып жатқаны өте қуанышты.

Олардың арасында қалталы азаматтар да, үлкенді-кішілі қауым да бар. Жуырда Ұзынкөл аудандық «Балықты» мешітінде кешегі қанды майданды бастан кешкен 96 жастағы абыз ақсақал Әнуар Жүсіпов әулетінің атынан ауызашар берді.

Үлкенді сыйлап өскен ұрпақ емеспіз бе? Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек қажы Тәжімбет қызметке кіріскен уақыттан бері халықтың бел ортасында жүріп, олардың өмірдегі қуаныштарына да ортақтасуды өзінің парызы санайды.

Белгілі дін қайраткері аталмыш Ұлы Отан соғысы ардагерінің жерлестеріне жайған берекелі дастарқанына арнайы шақыру бойынша қатысып, өзінің көпшіл жан екендігін танытты.

Әрине, Рамазан айы болған соң өзінің ізгі тілегін де білдіріп, баршаға ырыс-береке, молшылық тіледі.

Осы «Балықты» мешітінің бас имамы Есенгелді қажы Әжімахантегінің айтуына қарағанда, бас имамның жауапты қызметіне қарамастан уақыт тауып өздеріне келуі үлкенге деген нағыз құрметтің үлгісі болды. Онда өнерлі азаматтар өсиетке толы термелерін орындап, жиналғандарға рухани азық сыйлады.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником