Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар
Среда, 30 Декабрь 2020 10:41

Іскер азаматтың шарапаты

Жуырда Қостанай облысына қарасты Тобыл қаласындағы «Маңдай батыр» мешітінде қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Мұндай игі шара өңірімізде дәстүрге айналды.

Осынау шара «Кең болсаң, кем болмайсың» деген тақырыппен өтті. Түсінген адамға бұл мағыналы сөздің астарында үлкен мән жатыр. Шынында да жаны жомарт адамның мейірімді қасиеті мен тигізген шапағатын көрген кісілер ешқашан да ұмытпайды.

Жоғарыда әңгімеге арқау болған акцияға жаны жақсылыққа құштар Каир Богданович Тимаев демеушілік көрсетіп, жұртшылықтың шынайы алғысына ие болды.

Оның тікелей қолдауымен 500 келі картоп көмекке мұқтаж көп балалы отбасылары мен мүгедек жандарға жеткізілді. Сөйтіп, мешіт қызметкерлері үлкен сауапты істі жүзеге асырды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Күллі мұсылман бауырларымыз білетіндей, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазіргі жағдайға байланысты елімізде қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болған еді.

Осы игі бастама Қостанай облысында да өзінің жалғасын табуда. Бұл сөзіміздің нақты дәлеліндей жақында Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінің Бас имамы Нұрлан қажы Сейілханұлы және найбы Әл-Фараби Кенжеғараның тікелей қолдауымен кейінгі жастарға үлгі боларлық қайырымдылық шарасы өткізілді.

Аталмыш тағылымы мол акцияға аудандық ішкі саясат бөлімі мен жас еріктілерде ат салысты. Олар қыстың суық күні көшені тазалап жүрген биржа жұмысшыларына қолдан келген көмектерін аямады.

Қақаған желтоқсан айының аязына қарамастан тазалық сақтауда ұйымшылдық танытып жатқан кісілерге ыстық тамақ пен шай жеткізіп, адамгершілік секілді сауапты істі жүзеге асырды. Қолдарына күрек ұстаған ер азаматтармен бірге жүрегі нәзік әйелдер де болды. Олар уақытпен санаспады.

Қыстың көзі қырауда тазалық жасаушылар аудандық мешіттің имамдарына мейірімділік және жомарттық қасиеттері үшін шынайы алғыстарын білдіріп, оларға жауапты жұмыстарында биік абыройға бөлене берулеріне тілектес екендіктерін жеткізді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Четверг, 24 Декабрь 2020 16:51

Мешіттердің есігі халыққа ашық

Еліміздегі қалыптасқан жағдайға байланысты өңірдегі барлық мешіттерде тәртіп күшейіп, тиісті талаптар қатаң сақталып келеді. Бетперде тағып жүру мен тазалыққа ерекше назар аударылды.

Жақында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов басқаратын арнайы штаб өз қаулысымен бірқатар жеңілдіктер жасады. Енді міне облысымыздың Бас санитарлық дәрігердің 24.12.2020 жылғы № 63 қаулысына сәйкес 25 желтоқсаннан бастап аймақтағы барлы мешіттердің есігі қалың жұртшылыққа айқара ашылды.

Қалалар мен аудандар, кенттердегі имандылық ордаларында мұсылман бауырлар Құран оқытып, садақаларын беріп, көкейдегі сұрақтарын діни мамандармен кеңесе де алады. Алайда, әлі де болса бетперде тағуды ұмытпай, әлеуметтік қашықтықты сақтаған жөн.

Бұл қиын күндер де артта қалар. Өзімізді, айналамыздағы кісілерді қауіпті дерттен аман алып қалу үшін қолдан келген көмегімізді аямайық. Мешіт имамдары сіздерге қызмет көрсетуге әрқашан да дайын.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Вторник, 22 Декабрь 2020 12:45

Жастардың лайықты үлесі

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Жастар ісі секторы» тапсырмасымен «Қолыңнан келсе қолғабыс бол» деп аталатын акция басталды.

Аталған шараның басты мақсаты – ауа-райының қыс айларындағы қолайсыздығына қарамастан далада тазалық сақтау мақсатында уақытпен санаспай жұмыс істеп жүрген азаматтарға мейлінше көмек көрсету.

Мысалы, осы таяуда ғана Қостанай облысына қарасты Арқалық қаласы, Рудный қаласы, Тобыл қаласы мен Ұзынкөл ауданында жоғарыда аталған акциясы жүзеге асырылды. Онда желдің өтінде, аязды күндері дамыл таппай ел игілігіне қызмет атқарып жатқан кісілерге ыстық шәй мен құнарлы тамақ берілді.

Жиналған еріктілер де өздерінің лайықты үлесін қосты. Олар да қолдан келген көмегін аяған жоқ!

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 21 Декабрь 2020 14:18

Аудандық мешітте асхана ашылды

Жуырда өңіріміздегі Амангелді ауданы «Сатыбалды ишан» мешітінің жанынан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына орай яғни қазақ халқы үшін баға жетпес құнды мерекеміз тәуелсіздік күнінің қарсаңында жоғарыда аталған мешіт асханасының ашылу салтанаты болып өтті.

Рәсімге пандемия талаптарын сақтай отырып, аудан әкімі Әмірхан Біркенұлы, Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет және елге сыйлы қонақтар қатысты.

Жиында ауданның басшысы Әмірхан Біркенұлы осы асханаға атсалысқан барша жерлестеріне, мекеме, ұйым жетекшілеріне шын жүректен шыққан шынайы алғысын жеткізді.

Сондай - ақ айтулы рәсімге арнайы келген Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбеттің сөзі Амангелділік бауырларымыз бен сыйлы қонақтарға үлкен әсер етті. Ол аудан халқын тәуелсіздік күнімен және асхананың ашылуымен құттықтап, олардың отбасына бақыт, зор денсаулық тіледі.

Салтанат барысында аудандағы ардақты ақсақалдардың бірі - Балға Нұрғожин барлық қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын жаудырып, жерлестеріне ең ізгі тілегін білдірді.

Бұл басқосуда мешіт асханасының салтанатты ашылу лентасын Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет пен Сатыбалды ишанның ұрпағы Әскербек Мурзин қиды.

Ал асхана құрылысына көмегін тигізген аудан әкіміне, ұжымдар мен азаматтарға облыс және ауданның бас имамының атынан алғыс хат тапсырылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Воскресенье, 20 Декабрь 2020 14:03

Қайырымдылық көмек көрсетілді

Үстіміздегі жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен елімізде «Қайырымдылық керуені» акциясы жалғасын табуда.

Осынау игілікті мақсатқа арналған шара Қостанай облысының көптеген қала, аудандарында қолдау тауып жүзеге асырылуда. Оны көпшілік қауым басылымдардан оқып, көңілдеріне тоқып та жатқан болар.

Енді міне жақында ғана өңірдегі Федоров ауданыдық «Жиентай қажы» мешітінде акция ұйымдастырылып, жұртшылықтың үлкен алғысына ие болды. Мешітте көмекке мұқтаж 30 отбасына және көп балалы аналарға азық-түлік қоржыны табыс етілді.

Мұндай қамқорлыққа кенелген бауырларымыз шексіз қуанышқа бөленіп, мешіт қызметкерлері мен демеушілерге жүректен шыққан шынайы лебіздерін білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

БАС МҮФТИ БАРША ДІН ҚЫЗМЕТКЕРІН ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Тәуелсіздік күні мерекесіне орай онлайн режимде жиналыс өткізді. Жиналысқа ҚМДБ Орталық аппарат қызметкерлері мен облыс имамдары қатысты.

Мәжілісте Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ қызметкерлерін тәуелсіздік мерекесі күнімен құттықтап: «Баршаңызды Алла Тағаланың халқымызға берген теңдессіз сыйы – тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Мерейлі мерекеміз құтты болсын! Отбасыларыңызға бақ пен береке, бірлік пен татулық тілеймін.

Халқымызда «Егеменді ел көрікті, бетегелі бел көрікті» деген нақыл сөз бар. Аллаға шүкір, тәуелсіздігіміздің арқасында мешіттеріміз ашылып, медреселеріміз бой көтерді. Құрбан айт құрметіне демалыс жарияланып, құлшылық жасауға еркіндік алдық. «Тәубенің зоры – Тәуелсіздік» деген тәлімді сөздің тағылымы осында жатса керек. Алла Тағала еліміздің өркендеуі мен жеріміздің көркеюі жолында ауызбіршілік танытуда баршамызға табандылық пен тұрақтылық нәсіп еткей. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!» деген мерекелік лебізін жеткізді.

Жиналыс соңында облыстың бас имамдары мерекелік тілегін арнады.

Published in Жаңалықтар
Пятница, 11 Декабрь 2020 11:37

Арқалықтағы қайырымдылық

Баршаға мәлім, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен республикалық деңгейде «Қайырымдылық керуені» акциясы өткізіліп жатыр.

Қостанай облысы бойынша жасалып жатқан осынау шара Арқалық қаласында жалғасын тапты. Онда қаладағы 30 мұқтаж отбасына және көпбалалы аналарға азық-түлік қоржыны табыс етілді.

Осы игі шараға демеушілік жасаған жомарт жандарға «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Дархан Исламбекұлы шын жүректен шыққан шынайы алғысын білдірді. Оларға мықты денсаулық, отбастарына бақыт, шадыман-шаттық тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

«ЗИРАТ ЖӘНЕ ЗИЯРАТ» МӘДЕНИЕТІ ҚҰЖАТЫ ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)

Бүгін елордада өткен «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында «Зират және зиярат» мәдениеті құжаты қабылданды.

Форумда аталған құжатты жан-жақты таныстырып, баяндама жасаған ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров: «Зират және зиярат мәдениеті» құжаты екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде зират көтерудің үкімдері, зират көтеру мәдениеті, теңдік ұстанымы, құлпытас қою мәдениеті, зират құрылыстары мен кесене салу түрлері қамтылған. Ал екінші бөлімде зиярат жасаудың әдебі, марқұмдарға сәлем беру, Құран оқу, зиратта көңіл бөлінетін жайттар, кесенелерді зиярат жасау, әйелдердің зиярат жасауы сынды бірқатар мәселелерге айрықша мән берілген. Бүгінде зиярат жасауды бір тәртіпке келтіріп, жалпыға ортақ мәдениетті қалыптастыру – аса маңызды істің бірі. Құжат осы мақсатты көздейді» деп атап өтті.  

Published in Жаңалықтар

«ЗИЯТКЕР ИМАМ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

Бүгін елордада өткен «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында «Зияткер имам» тұжырымдамасы бекітілді.

Форумда аталған құжатты жан-жақты таныстырып, баяндама жасаған ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республика бойынша мешіттерде қызмет ететін имамдар арасынан білімі мен біліктілігіне, іскерлігі мен жауапкершілігіне сәйкес жоғары санатқа іріктеу үшін дін қызметкерлеріне қойылатын бірқатар талаптар мен ережелер қамтыған «Зияткер имам» құжатын әзірледі. «Зияткер имам» тұжырымдамасы заман талабына сай зияткер имам деген мәртебеге лайықты дін қызметіндегі мамандарды іріктеу мен оларға мәртебе беруді көздейді. Сонымен қатар мешіттерде қызмет жасайтын имам-ұстаздардың жасампаз, діни мәселелерді үйлестіруді шебер меңгерген білімді, білікті, үлгілі, іскер, діни ағартушы маман болуын мақсат етеді» деп атап өтті.

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником