Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет қасиетті жұма күні Арқалық шаһарында іс-сапармен болды. Онда ол жергілікті «Мухтасиб Әл-мұхаммед» мешітіне атбасын бұрып, жамағатпен кездесті.
Жүздесуде кадрлық мәселе қаралды. Осы кезге дейін Бас имам болып қызмет атқарған Дархан Қосылбаевқа атқарған жүмыстары үшін алғысын білдіріп, иығына шапан жапты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиінің бұйрығымен Арқалық қаласының Бас имамы Бақтыбай Нұрхан Асанұлына жамағатқа таныстырылды.
Сонымен қатар Бахытбек Нұрғабылұлы шаһардың әкімі Асанов Әмірханға жаңадан тағайындалған Бас имамды таныстырып, қаладағы діни ахуал туралы сөйлесті. Өз кезегінде қала әкімі жауапты қызметке кіріскен Нұрхан имамға жергілікті халықпен тіл табыса отырып, сенім биігінен көріне беруіне тілектестігін жеткізді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі