Мына тіршілікте балалардың жүздері бал-бұл жанып, қуанып, шаттанғандарына ештеңе жетпейді. Мұны дін саласында жүрген азаматтар да жақсы түсінеді. Сондықтан болар, Қостанай облыстық мешітінің ұжымы жылда қалыптасқан дәстүр бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын биыл да тиісті деңгейде ұйымдастырды.
Жалпы быйылғы жылғы аталмыш шарасы аясында өңір бойынша 1000 балаға мектепке киетін киім-кешек, сабақ барысында қолданатын қажетті құрал-жабдықтар мен сөмекелері берілетін болатынын облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет атап өтті.
Облысымыз бойынша барлық мешіттерде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына қайырымдылық көмегін көрсете отырып, жаңа оқу қарсаңында табыс тіледі.
Өз кезегінде ата-аналар қауымы «Бар жақсылық - балаларға» деген қағиданы берік ұстанып, қашан да қол ұшын беруге дайын тұратын мешіттің Бас имамы мен барша қызметкерлеріне, “Зекет және қайырымдылық” қорының өкілдеріне шын жүректен шыққан шынайы алғысын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі