Ислам дініне құрметпен қарайтын азаматтар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы «Халал даму» бөлімі құрылғаннан бері біздің солтүстік өңірде де таза өнім өндіретін яғни онымен шұғылданатын мекемелер, кәсіпорындар және дәмханалар қызуғышылық танытып келеді.
Осы орада сөзіміз жалаң болмасы үшін нақты мысылдарға жүгініп өтелік. Қазіргі таңда астықты аймақ Қостанай облысында да «Халал дамуға» байланысты сертификат алушылар қатары арта түскенің айтып өткен абзал.
Мәселен, өңірдегі «Халал даму» бөліміне жетекшілік ететін Әлішер Ертайұлы қаншама игі істерге ұйытқы болып, жұмысты барынша жандандыра түсуде.
Мәселен жуырда облыстағы «Хан сарай» дәмханасы, «Agro trade 10» асханасы жаңадан сертификатқа ие болды. Сондай ақ «Ару ана 2010» диірмені, «Север ет» қасапханасы сертификаттарын жаңартты. Бір тәжірибелі қасапшы осындай маңызды құжатқа ие болды.
Міне, өткен апта бойы Әлішер Ертайұлы осы ұжымдардың басы-қасында болып, оларға сертификаттарды табыс етіп, халық игілігі жолындағы қызметтерінде толағай табыс тіледі.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі