Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар

«АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» ҚҰЖАТЫ ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)

Бүгін елордада өткен «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында «Ас беру мәдениеті» құжаты қабылданды.

Форумда аталған құжатты жан-жақты таныстырып, баяндама жасаған наиб мүфти Ершат Оңғаров: «Аталған құжат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің бірнеше мәжілісінде талқыланып, бекітілгенін баса айтып кеткім келеді. Бұл құжатты қабылдаудағы негізгі мақсат – еліміздің барлық аймағы бойынша құдайы астарды шариғат шеңберінде, салт-дәстүр аясында өткізу. Сонымен қатар, кейбір отбасылардың әлеуметтік жағдайына салмақ салмайтын, ысырапқа жол бермейтін ас беру мәдениетін қалыптастыру және оны насихаттау.

Құжатта құдайы ас берудің тарихи мәні, анықтамасы, дін мен дәстүрдегі орны, өзектілігі жан-жақты сараланып, тәптіштеп түсіндірілді. Қолыңыздағы құжатта құдайы ас беру мәдениетінің негізгі жеті тірегі ұсынылды. Жеті тірек ішінде шынайы ниет ету, құдайы асқа жиналу, Құран оқу, бата беру және дұға жасау, ысырапқа жол бермеу, құдайы аста уағыз-насихат айту, марқұмды еске алу және қаралы отбасын жұбату, құдайы аста қарапайымдылықты сақтау сынды  тақырыпшалар қамтылды» деп атап өтті.

Сонымен қатар мемлекет және қоғам қайраткерлері – Мырзатай Жолдасбеков, Әділ Ахметов құжат туралы пікір білдіріп, ойларын ортаға салды.

Published in Жаңалықтар

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫНА ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ БЕРІЛДІ

Елордада өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына арналған «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ел Президентінің жоғары марапаты Наурызбай қажы Тағанұлына елімізде дәстүрлі исламды дамыту, діни қызметті үйлестіру саласындағы жемісті еңбегі және қоғамда тұрақтылық пен татулықты сақтауға қосқан үлесі үшін берілді.

Марапатты Бас мүфтиге Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев табыстады.

Published in Жаңалықтар

ЕЛБАСЫ ИМАМДАР ФОРУМЫНА ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ (ФОТО)

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай өтіп жатқан «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумына Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау хатын жолдады.

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Елбасының ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына жолдаған құттықтау сөзін оқып берді.
Елбасы форумның жыл сайын өткізілуі қоғамда жақсы дәстүрге айналып келе жатқанына ерекше мән беріп, мемлекет тарапынан әрқашан дін саласына ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді.

Айта кетсек, форум мақсаты – мұсылман қауымы арасында ұлттық рухани дәстүрлерге негізделген діни рәсімдер мен жоралардың мәдениетін қалыптастыру және зияткер имам мәртебесіне лайықты дін қызметкерлерін іріктейтін құжаттар қабылдау.

Форум қорытындысы бойынша «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті», «Зияткер имам» құжаттары қабылданады. Аталған құжаттар жұртшылық арасында орындалатын діни рәсімдерді бірізділікке келтіруге және зияткер имам мәртебесін беруге лайықты дін қызметкерлерін іріктеуге оң ықпалын тигізбек.

Published in Жаңалықтар

БАС МҮФТИ: ДІНИ БАСҚАРМА 30 ЖЫЛДА РУХАНИ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛДЫ (ФОТО)

Елордада «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» тақырыбында өтіп жатқан имамдардың IV республикалық онлайн-форумында негізгі баяндама жасаған ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.

«2020 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толды. Бұл – еліміздегі барша исі мұсылманның ортақ мерейтойы. Құдайға шүкір, ширек ғасырдан астам шежіресі бар Діни басқарма санаулы жылдар ішінде мұсылман жамағатының рухани өмірінде маңызды орын алатын орталыққа айналды.

Бүгінде қоғамда діни салаға қатысты терең мәселелер мен өзекті сұрақтар бойынша мүфтияттың пәтуасы мен шешімі маңызды рөлге ие. Халыққа айтылып жатқан насихат жұмыстарының сапасы артты. Дін мен дәстүр сабақтастығы жан-жақты дәріптелуде. Діни оңалту жұмыстарына серпін берілді. Қайырымдылық шаралары жаңаша сипат алды» деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Published in Жаңалықтар

ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ (ФОТО)

Елордада өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына арналған «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында Діни басқарманың алты қызметкері мемлекеттік марапатқа ие болды. Марапатты иелеріне Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев табыстады.

Алматыдағы «әл-Хамид» мешітінің бас имамы Асылхан Аманқұлов, Шымкент қаласындағы «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің бас имамы Бекайдар қажы Әміре, Алматыдағы «Қалқаман» мешітінің бас имамы Кенжеәлі Мырзабаев Қазақстан Президентінің Жарлығымен «Шапағат» медалімен марапатталды.

Сондай-ақ Түркістан облысындағы «Сарыағаш» медресе-колледжі директорының кеңесшісі Әбдіжаппар Сманов, Алматыдағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің директоры Құлмұхаммед Маханбет және «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәліп Дәуренбеков Қазақстан Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.

Published in Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ИМАМДАР ФОРУМЫНА ҚҰТТЫҚТАУ ЖОЛДАДЫ (ФОТО)

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай өтіп жатқан «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау жолдады.

Президенттің құттықтау сөзі LED экранда бейне жазбада берілді. Мемлекет басшысы ең алдымен форум қатысушыларын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, IV республикалық имамдар форумы мүфтияттың ұйымдастырушылық қызметін жаңа бір белеске көтеріп, рухани бастамаларға тың серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар форум жұмысына жаңа жетістіктер тіледі.

Айта кетсек, форум мақсаты – мұсылман қауымы арасында ұлттық рухани дәстүрлерге негізделген діни рәсімдер мен жоралардың мәдениетін қалыптастыру және зияткер имам мәртебесіне лайықты дін қызметкерлерін іріктейтін құжаттарды қабылдау.

Форумның қорытындысы бойынша «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті», «Зияткер имам» құжаттары қабылданады. Аталған құжаттар жұртшылық арасында орындалатын діни рәсімдерді бірізділікке келтіруге және зияткер имам мәртебесін беруге лайықты дін қызметкерлерін іріктеуге оң ықпалын тигізбек.

Published in Жаңалықтар

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай мүфтият ғимаратында «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» тақырыбында имамдардың IV республикалық онлайн-форумы басталды.

Форумға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Діни басқарманың өңірлердегі бас имамдары, сондай-ақ онлайн режимде 1000 дін қызметкері қатысуда.

Форум мақсаты – мұсылман қауымы арасында ұлттық рухани дәстүрлерге негізделген діни рәсімдер мен жоралардың мәдениетін қалыптастыру және зияткер имам мәртебесіне лайықты дін қызметкерлерін іріктейтін құжаттар қабылдау.

Форумның қорытындысы бойынша «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті», «Зияткер имам» құжаттары қабылданады. Аталған құжаттар жұртшылық арасында орындалатын діни рәсімдерді бірізділікке келтіруге және зияткер имам мәртебесін беруге лайықты дін қызметкерлерін іріктеуге оң ықпалын тигізбек.

Published in Жаңалықтар

Қостанай облысы бойынша өкілдігі үстіміздегі 2020 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Өз кезегінде облыстың Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының және Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің тапсырмасы аясында жасалған жұмыстар туралы баяндады.

Дініміздің негізгі төрт бағыттары болып табылатын, уағыз насихат, қайырымдылық, жат ағыммен күрес, сауат ашу курстарын жандандыру бойынша жасалған жұмыстар туралы аталып өтті.

Сонымен қатар, еліміздегі карантин жағдайында жұмыс жасауды жанандыру және діни рәсімдерді атқару туралы жоспар талқыланып, әр қалалар мен аудандарға аталған бағытта жұмыстарды жандандыру бойынша берілді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы 
өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Биыл қазақтың маңдайына біткен бір туар азамат, ақын, жазушы, көрнекті көсем сөзшебері Міржақып Дулатұлына 135 жыл толды. Ол Алаш қайраткерлерінің алдыңғы сапында жүріп, ұлтымыздың сауаттануына, рухани, мәдени тұрғыдан дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Әсіресе, оқу-ағарту саласында сіңірген еңбегі ерекше. Бүкіл саналы ғұмырын ұлтының жарқын болшағына арнады. Осынау дара тұлғаның мерейтойы қарсаңында Рудный қалалық «Нұр» мешіті мектеп оқушылары арасында «Арқаның саңлағы – Міржақып» атты байқау өткізді. Оған 39 оқушы қатысты. 7-10 сыныптардағы шәкірттер арасында ақынның шығармалары жатқа оқылып, мағынасына қарай суреттер салынды. Аталмыш шарада оқушылар көсемсөз шеберінің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін көрсетті. Балалар өздерінің тиянақты дайындықпен келгендігін танытты.

- Байқаудың негізгі мақсаты – жастарға патриоттық тәрбие беру, көркемсөз оқу жөніндегі шеберлігін дамыту және ұрпақтар сабақтастығын нығайту. Сонымен қатар, балаларға Міржақып бабамыздың өлмес мұраларымен жан-жақты танысуына мүмкіндік туды -дейді мешіт имамы Бектұрсын Уәлиев.

Әділ қазылар алқасы оқушылардың білімін сарапқа салып, жеңімпаздарды анықтады. Шығармаларды мәнерлеп оқудан Бас жүлдені Б.Майлин мектебінің оқушысы Жамбыл Тоққажаев, сурет салудан 1-ші орынды Кәрім Рахимов иеленді.

Жүлде қоры 100 мың теңгені құрады. Жалпы 16 оқушыға ақшалай сыйлық пен М.Дулатұлының «Оян, қазақ» атты кітабы тапсырылды. Байқауға «Адлет-Т» ЖШС төрағасы Бақберген Қасымұлы демеушілік етті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Вторник, 17 Ноябрь 2020 14:05

Кәсіпкерлер марапатталды

Быйылғы жылы облысымыздың Денисов ауданына қарасты Фрунзе ауылындағы «Аят» намазханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Онда намазхананың кәріз жүйесі жаңартылып, дәрет алатын орын жасалынды.

Сондай-ақ аталған намазхананың ауласы қоршалып, асханаға қажетті бұйымдар алынды. Әрине, мұндай игілікті істердің қасында жанашыр азаматтар қолдау білдіріп, сауапты іс жасалды.

Осы орайда ауданның бас имамы Руслан Маратұлы демеушілік көрсеткен кәсіпкерлерге шынайы алғыс хат тапсырды.

Халқымызда «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші «Аят» намазханасының молдасы Болат Кәрімжанұлыда демеушілік көрсеткен азаматтарға жұмыстарында толағай табыстарға жете беруіне тілектестігін білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником