Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы жыл сайын «Балаларды қорғау» күніне орай берері мол игі шаралар ұйымдастырып келеді.
Биыл осы мерекеде бүлдіршіндерге арналған «Ал қанекей балалар» атты спорттық ойындар өз деңгейінде өткізілді. Олар бұл шарадан үлкен әсер алды. Жиналған балдырғандарға сый-сияпат жасалып, тәтті тағамдар үлестірілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Рудный қалалық Нұр» мешітінің ұжымы бірқатар есте қаларлық шаралар ұйымдастырды.
Ерекше тоқтала кетер жай, имандылық ордасы үстіміздегі жылдың маусым айынан жазғы сауат ашу курсыныңжұмысын бастады. Мұнда дәріс алуға алпысқа жуық бүлдіршін ниет білдірді.
Ер балалар мен қыз балалар екі топқа бөлінді. Олар мешіт ғимараты және ұстаздарымен жете танысты. Дәрістен соң мешіт ауласында арнайы шақырылған аниматорлар балалардың көңілін көтеретін түрлі ойындар өткізді.
Мерекенің құрметіне шәкірттерге тәттілер мен балмұздақтар таратылды. Сол сәтте бүлдіршіндердің жүздері бал-бұл жайнап, шексіз қуанышқа бөленді. Осындай игі істерге ата-аналар да риза болып, алғыстарын жаудырды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Cылманның ортақ парызы. Әсіресе, қамкөңіл жандарға сүйіспеншілік танытудың сауабы мол болады. Биылғы жыл Президент Жарлығымен «Балалар жылы» деп бекітілген соң Ұзынкөл ауданында мектеп оқушыларына мерекелік көңіл-күй сыйлауды жоспарлап едік. Мерекені ұйымдастыруға қолдау білдірген жақында кіші қажылыққа барып келген бауырымыз Төрехан Мұқашев пен Киев жалпы білім беру мектебінің ұстазы Темірхан Аязбай сияқты азаматтар азды-көпті көмек қолдарын созып, міне, бүгін балғындардың шаттыққа толы жанарын көріп, қуанышты сәттеріне куә болып отырмыз,-дейді Балықты мешітінің бас имамы Есенгелді қажы Сақтағанұлы.
-Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған бұл шара балалар мен жасөспірімдерді де қамтиды. Шарашы өткізудегі мақсатымыз-жас буын өкілдерінің бос уақыттарын тиімді әрі белсенді өткізуін насихаттау. Әрбір ата-ана өз баласының болашағына алаңдайды. Кішкентайынан осындай белсенді іс-қимылға әуестенген балалар болашақ өмірде де салауатты өмірді ұстанады деп ойлаймыз, — Киев жалпы білім беру мектебінің ұстазы Темірхан Аязбай
Балаларды қорғау күні аясында мешіт аумағында алуан түрлі іс-шаралар өтті. Барлық балдырғандарға арналып, спорт жарыстары ұйымдастырылды. Мешіт ұжымы ұйымдастырған мерекелік бағдарлама 4 бөліктен тұрады. Бірінші кезекте мектеп оқушылары шахмат және тоғызқұмалақ ойнап өздерінің алғырлықтарын таныта білді. Екінші кезекте топ-топқа бөліген оқушылар мешіт ішінде орналасқан Музеймен танысты. Үшінші бөлігінде мерекенің қызықты жері арқан тартысу болды. Балалар мен қоса үлкендерде бірге ойынға қатысты. Бұл күні балалар үшін өте қызықты әрі әсерлі болды.
-Мен бүгінгі күнді ешқашан ұмытпайтын боламын. Расында, Балалар жылы аясында көптеген шараға қатысып жүрміз. Бірақ бүгін «Балықты» мешітіне қонаққа келу көптен бергі арманым еді. Сол арманым орындалды. Бұл мен сияқты балалардың бәрәнәің де арманы деуге болады. Сондықтан шараны ұйымдастырған және демеуші болған Төрехан Мұқашев бастаған ағаларға шын жүректен алғыс айтамыз. Мен де өскенде Төрехан ағам сияқты қажы болғым келеді. Егер сол арманым орындаса, балаларға қуаныш сыйлайтын шараларды жиі ұйымдастырып тұратын боламын,-дейді мектеп оқушысы Виктор Кирпиченко.
Мерекенің соңғы бөлігі хатымханада ұйымдастырылған дастархан басында жалғасын тапты. Мешіт ұжымы мен демеушілер қолдауымен балаларға көл-көсір мерекелік дастарқан жайылып тәтті тағамдар мен палау берілді.
Мерекелік кеште балалар арасында түрлі сайыстар ұйымдастырылып, ойындар ойналды. Жасы үлкен тәрбиеленушілер арасында би жарысы өткізілді. Осылай бір күнді көңілді өткізген балалар қимастықпен үйлеріне қайтті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Н.Дәулетова атындағы Сарыкөл аудандық орталықтандырылған кітапхананың оқу залында 31 мамыр - Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай іс-шара өтті
Шараға ауданның бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек, белгілі ақсақал Уәлихан Айғұлақов және саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, мұғалімдер мен жас ұрпақ қатысты.
Қонақтар сөз сөйлеп, ата-бабаларымыздың нәубат жылдардағы қиыншылықтарын еске ала отырып, Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін cаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және есте сақтау қасиетті парыз екенін атап өтті. Сондай-ақ, олар елімізде бейбітшілік пен бірлік болуын, жас ұрпақтың жақсы азамат болып, халыққа адал еңбек етуін насихат етіп, айтты.
Шараның басты мақсаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің , жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу.
Иә, өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес. Сондықтан 1927-1953жж. ақтаңдақтар ақиқатын түсіндіруге ұмтылу керекпіз. Осы орайда Қазақстанда 1997 жылдан бері жыл сайын 31 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қостанай ауданындағы Жамбыл елді-мекенінде ауданға қарасты мешіттер арасында спорттың волейбол, садақ ату, асық ату және арқан тарту бойынша жарыстар ұйымдастырылды.
Оған «Маңдай батыр» мешіті, Қостомар, Алтын дала, Жамбыл ауылдары намазханаларының жамағаттары және Жамбыл орта мектебі оқушыларының командасы қатысты.
Жарыс өтте тартысты өтті. Жүлделі бірінші орынды Алтын дала ауылының, екінші орынды «Маңдай батыр» мешітінің, үшінші орынды Жамбыл ауылының жамағаттары иеленді.
Аталмыш командаларға кубоктар мен медальдар, грамоталар тапсырылды. Сайыс соңында жергілікті мешіт асханасында қонақтарға дастархан жайылып, уағыз-насихат айтылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қалың жұртшылыққа Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет спорт десе ішкен асын жерге қоятын қайсар да батыл азамат ретінде белігілі.
Ол елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында спорттың «Джиу-джитсу» жекпе-жегі бойынша ересектердің арасында ұйымдастырылған Халықаралық турнирге қатысып, облыстың құрамасында жүлделі екінші орынға ие болды.
Өңірдегі барша мұсылмандар қауымы атынан оны осы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Оған алдағы уақытта да биік шыңдарды бағындыра беруіне тілектестігімізді білдіреміз.
Қостанайоблыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Алтынсарин ауданында болды.
Ол сапар барысында жергілікті «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Жоспар бойынша үстіміздегі жылдың қазан айында мешіт пен асхана толық аяқталып, аудан жұртшылығына есігін айқара ашпақ.
Иә, өңірімізде тәуелсіздіктің арқасында қаншама осындай киелі орындар бой көтеріп, жерлестерімізге қызмет көрсетіп жатқаны белгілі. Жаңа мешіттің де құрылысы біткен соң, асыға күтіп отырған мұсылман бауырларымызды үлкен қуанышқа кенелтеді деген үміттеміз.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында Амангелді аудандық «Сатыбалды ишан» мешітінің бас имамы Жандарбек Әмірхамзин Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімінде осы сала қызметкерлерімен «Адал еңбек – адал табыс» тақырыбында әңгіме өткізді.
Басқосу барысындаимандылықты ұстанып, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну - әрбір азаматтың басты міндеті екендігі айтылды. Қатысушылар көтерілген мәселе бойынша өз ойларын ортаға салды.
Өрт сөндіру қызметкерлері бас имамға мазмұнды насихаты мен кездесуге мұрындық болғаны үшін шынайы алғыстарынбілдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жуырда Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан Асанұлы және жергілікті әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Азамат Маратұлы политехникалық колледждің студенттерімен «Ағымдардан сақтану жолдары» деген тақырыпта кездесу өткізді.
Жүздесу барысында бас имам қазіргі таңдағы өзекті мәселе жат ағымдардан сақтану жолдарына жан-жақты тоқталды. Дінге қатысты сауалдарға тек мешіт қызметкерлері жауап беретіндігін тілге тиек етті.
Басқосу соңында кездесуді ұйымдастырушылар мен студенттер Нұрхан Асанұлына шынайы алғыстарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы Денисов ауданында болғанда жергілікті Мәдениет үйінде «Ислам - ынтымақ және бірлік діні» тақырыбында насихат айтып, қатысушылардың сұрақтарына нақты жауап берді.
Ал, облыстық мешіттің найб имамы Абзал Бейсекеев аудандық полиция қызметкерлерімен кездесіп, қазіргі таңдағы аса маңызды жұртшылықты бірлік пен татулыққа шақыратын сөздерімен жылы әсер қалдырды.
Бас имамның аудандағы сапары іскерлік жағдайда өтіп, өңірде діни ахуалдың жылдан - жылға жақсарып келе жатқандығын көрсетті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі