Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің қызметкерлері «Имани жаз» атты діни курсын қорытындылап, тәлім алған балаларға сертификат тапсырды.

Бас имам Нұрхан Асанұлы шәкірттерге ұлағатты уағыз-насихат айтып, дастархан жайды. Бұл тағылымды шараға қала әкімінің орынбасары Ерлан Рыскелдин қатысып, оларға ең ізгі тілегін білдірді.

Сертификат алған бүлдіршіндер дән риза болды. Енді лагерь аяқталғанымен жазғы сауат ашу курсы одан әрі жалғасын таба бермек.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Қарабалық ауданының Бөрлі ауылында 1995 жылы мешіт ашылған болатын. Содан ол үш жылдай жұмыс істеп, аудан орталығында мешіт ашылған соң сонда көшірілген-ді.

Алайда арада 23 жыл өткеннен кейін яғни былтыр есігі қайта айқара ашылып, намазхана ретінде пайдалануға берілді. Намазхана тек құлшылық орны ғана емес, рухани ордаға айналды.

Мұнда барлық діни рәсімдер өткізілуде. Соның бір айғағы жуырда бір күнде ғана үш адам Ислам дінін қабылдады. Ауданның бас имамы Серік Темірбекұлы екі жұптың некелерін қиып, оларға куәліктерді табыс етті.

Имандылық ордасында алдағы уақытта да осындай игі мақсаттағы істер жалғасын таба береді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 13 Июнь 2022 17:52

Б.Майлин: Сүндет той

Жуырда Б. Майлин ауданының «Әйет» мешітінің ұжымы үлкен әрі сауабы мол ізгілікті шара «Сүндет-2022» рәсімін жүзеге асырды.

Имандылық ордасының тікелей ұйымдастыруымен 6 бала сүндетке отырғызылды. Бұл орайда жергілікті аурухананың оташы-дәрігері Мақсат Жақсылықұлының біліктілігін атап өткен жөн.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 13 Июнь 2022 17:50

Түйемойнақ: 20 отбасыға көмек

Денисов аудандық «Жұма» мешітінің ұйымдастыруымен «Қайырымды жұма» акциясы өткізілді. Аталмыш қайырымдылық іс-шара көмекке мұқтаж жандарға тек Исламдағы қасиетті жұма күндері көрсетіледі.

Жуырда жүзеге асырылған акцияның тиісті деңгейде өтуіне беделді кәсіпкер Қаламқас Жоқышқызы мұрындық болды. Жиында 20 отбасыға ет таратылды.

Алдағы уақытта қолдауға зәру шаңырақ иелері жұмада ғана мешітте бас қосатын болады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Пятница, 10 Июнь 2022 14:05

Арқалық: Тасаттық

Тасаттық ежелден келе жатқан діни рәсім екендігі белгілі. Мұсылман бауырларымыз оны жауын-шашын көп болып, ел ырыздығы егін бітік шықсын деген игі ниетпен жүзеге асырады.

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан Асанұлы және жергілікті әкімдіктің ұйымдастыруымен, ауылшаруашылық саласы өкілдерінің демеушілігімен ірі қара мал құрбандыққа шалынып, құран оқылды.

Бас имам және мешіттің ұстазы Бақытбек Сәндібекұлы жиналған жамағатқа «Алладан кешірім сұрау» және «Дұғаның маңыздылығы» жайында тағылымды уағыз айтты.

Жиында қала әкімі Әмірхан Асанов сөз сөйлеп, бүгінгі елдің тілегі қабыл болсын, жаңбыр жиі жауып, егін бітік шықсын деген ізгі тілегін білдірді.

Тасаттыққа шаһар тұрғындарымен қатар, қала мен оған қарасты ауылдардан әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы мүшелері шақырылды.

Жайылған дастархан басында 86 жастағы Кәки Шәріпұлы ақсақал бата жасады. Содан кейін аруақтарға құран бағышталды.

Шаһар басшысы он көпбалалы анаға азық – түлік қоржынын табыс етті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Пятница, 10 Июнь 2022 12:44

Тәні саудың жаны сау

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде «Имани жаз» атты жазғы діни дәрісінде оқып жүрген балалардың салауатты өмір салтын ұстанып, шымыр болып өсулеріне де жете көңіл бөлінеді.

Осы ретте шәкірттер сабақтан тыс кездерінде спорттық шараларға да белсене қатысады. Әсіресе, ер балалар футбол ойынына құштар.

Сіздер суреттегі көріністерге қарап отырып, біраз жайға қанығасыздар. Олар спорттың осы түріне ден қойғандықтан, алдағы уақытта шеберліктері шыңдала түсетіндігі күмән тудырмайды. Атамыз қазақ «Тәні саудың - жаны сау» деп бекер айтпаса керек.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Пятница, 10 Июнь 2022 11:00

Шәкірттер музейде

Оқы да біл, ойна да күл демекші. Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде «Имани жаз» атты жазғы дәрісі кезінде шәкірттер жан-жақты болуына аса мән берілуде. Осы ретте олар сабақтан тыс уақытта әртүрлі танымдық ойындар ойнатылып, музейге де саяхаттауда.

Оның жарқын мысалы, «Дарқан дала» экспедициясы бойынша балалар облыс орталығындағы Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде болды. Онда ұлы ағартушының мағыналы ғұмыры мен елге сіңірген еңбегінен мол мағлұмат алып, үлкен әсерге бөленді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Среда, 08 Июнь 2022 11:57

Облыста 763 отбасы

Қостанай облыстық мешіті жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының қызметкерлері өткен шуақты мамыр айында өз жұмыстарын барынша ширата түсті.

Мысалы, аталған кезеңде өңірде 45 іс-шара өткізіліп, көмекке мұқтаж 763 отбасы қамтылды. Осы қайырымдылық мақсатқа 4 млн 154 320 теңге жұмсалды. Демеушілер мүмкіндіктері келгенше қолдауға тырысты.

Бізге осы мәліметтерді берген наиб имам әрі жоғарыда аталған қор жетекшісі Бақытжан қажы Икрам алдағы жаз айларында да өз міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарап, халықтың алғысына бөлене бермек.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 06 Июнь 2022 15:00

Қостанай: Жазғы дәрістер

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде үстіміздегі жылдың 2 маусымынан «Имани жаз» атты жазғы діни дәрістер басталды.

Мұнда талапкер ер балалардың алаңсыз әрі тиянақты білім алуына барлық жағдайлар жасалған. Ұстаздар бекітілген мерзім ішінде шәкірттерінің рухани жан-дүниесін байытып, діни сауаттарын ашатындығы даусыз.

Олар болашақта еліміздің тірегі болар, халықты бірлік пен ынтымаққа үндейтін парасатты азаматтар болуына тілектеспіз!

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Пятница, 03 Июнь 2022 11:37

Балалар үйінде

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы қашан да қайырымдылыққа ерекше көңіл бөледі.

Шоқан қажы Әмірханов басқаратын имандылық ордасының қызметкерлері Рудный шаһарындағы балалар үйіне арнайы барды. Ондағы балдырғандардың жазғы лагерьде демалуларына байланысты жататын бөлмелеріне төсейтін кілемдерді тарту етті.

Дін қызметкерлерінің өздеріне деген ыстық ықыласына бүлдіршіндер мен олардың тәрбиешілері шынайы алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником