Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал даму» бөлімінің басшысы Айбек Асқарбекұлы арнайы іс-сапармен Қостанай өңіріне келді.
Елімізге танымал білікті маман жұмыс барысында алдымен Ресеймен шекаралас жатқан Қарабалық ауданындағы «TERRA MEAT» қасапханасының тыныс тіршілігімен танысты.
Содан кейін Рудный шаһарындағы «Жас Қанат – 2006» құс фабрикасына ат басын тіреді. Бұл ұжымның атқарып жатқан жұмыстарына өзінің оң бағасын берді. Онымен бірге Қостанай облыстық мешітінің найб имамы, «Халал дамуға» тікелей жауапты Әлішер Балахмет болды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі