Рудный қаласындағы №19-шы мектепте «Діни сауатсыздықтың зардабы» атты тақырыпта кездесу өтті. Онда ақпараттық түсіндіру жұмысы баяндалды.
Басқосуға қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметкері, мектеп директоры, ұстаздар мен жоғары сынып оқушылары қатысты.
Бас имам Бектұрсын Торғайбайұлы білімнің құндылығы жөнінде айта келіп, жас өрендерге имандылықты арттырып, өнегелі өмірді қалыптастыруға септігі тиетін жайларға кеңінен тоқталды. Қазіргі таңда белең алып тұрған жат ағымдардың да қоғамға зияны туралы айта келіп, жастарды одан аулақ болуға шақырды.
Кездесу барысында оқушылардың ой-пікірлері, көзқарастары тыңдалып, сұрақтарға нақты жауап берілді.
Өткен боранды күндері облыстық мешіттің арнайы тапсырмасы негізінде өңіріміздің барлық мешіттерінде «Қайырымды жұма» акциясы ұйымдастырылды.
Осы сөзіміздің нақты дәлелі ретінде азаматтардың белсенділігі арқасында мешіттерге келген жамағатты үйлеріне жеңіл көліктермен үйлеріне тегін тасыды.
Мұндай құрметке ие болған кісілер оларға жүректеріне шыққан шынайы алғысын білдірді.
Мәселен, Рудный қалалық «Нұр» мешітінің жаңадан тағайындалған Бас имамы Бектұрсын Уәлиевтің тікелей ұйытқы болуымен «қайырымды жұма» акциясы да жергілікті халыққа ұмытылмас әсер қалдырды. Мешіт жамағатынан құрылған еріктілер тобы 25 автокөлікпен намаздан кейін жамағатты үйлеріне жеткізіп салды.
Сондай-ақ мешіт ауласында арнайы ыстық палау әзірленіп, барша келуші үлкенді-кішілі қауымға таратылды.
Меңдіқара аудандық «Зұлқарнай Мұса қажы» мешітінің Бас имамы Қошан Еркебұланның да ұйымдастыруымен және демеушілердің қолдаумен мұқтаж жандарға ет азығы үлестірілді.
Негізі осындай игі істермен жарысу өте жақсы іс. Ал оны әрбір азамат Алла тағаланың ризалығын алу мақсатында жасаса сауаптан болады.
Облысымыздың бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы Денисов ауданында іс – сапармен болды. Оны аудан аудан әкімі Бахыт Мирасұлы қабылдап, маңызды мәселе жайлы әңгімелесті.
Содан кейін аудандық «Әлем» мәдениет үйінде өткізілген Мәуліт мерекесіне қатысты. Онда облыстық мешіттің найб имамы Әлішер Ертайұлы құран оқып, Бас имам Бахытбек қажы Нұрғабылұлы тағылымды уағыз – насихат айтты. Онан соң Лисаков қаласының бас имамы Сабыржан қажы Зейнелгабиденұлы ресми тілде пайғамбарымыз жайлы баяндады.
Мәдениет үйінің қызметкерлері ана, ниетке байланысты арнайы қойылымдарды жұртшылық назарына ұсынды. Іс – шара соңында ауданның бас имамы Руслан Маратұлы сөз сөйлеп, өзінің ізгі тілегін білдірді.
Соңынан Мәуліт мерекесінің құрметіне мешіт асханасында дастарқан жайылып ас берілді.
Онан соң аудандық мұражайда құрметті қонақтарға өлкенің тарихы жайлы таныстырылып, Бақытбек қажы арнайы кітапқа өзінің тілегін жазды.
Ал жұма күні аудандық орта қазақ мектебінде мектеп оқушылары және мұғалімдерімен кездесуде «Ата – ана қадірі» жайында тағылымды насихат айтты. Белгілі дін қайраткерінің сапары ауданның Фрунзе ауылында жалғасты.
Бас имамның уағыздары көпшіліктің жүректерін қозғағаны соншалықты, жергілікті халық дән риза болып ризашылығын білдірді.
Жоспарға сәйкес Қостанай облысының жергілікті ақпараттық насихат тобының мүшесі, Рудный қалалық Нұр мешітінің Бас имамы Азамат Мурзаканов Қарабалық ауданына іс сапарда болды.
Ол алдымен бесін намазынан кейін мешіт жамағатымен кездесіп, «Шынайы мүміннің келбеті» тақырыбында жиналғандарға уағыз- насихат айтты.
Одан кейін дін қайраткері «Агротехникалық колледжде» оқытушы- ұстаздарменжүздесті. Мұнда «Дін және қоғам» деп аталатын тақырыптаәңгімеледі. Қойылған сұрақтарға нақты жауап берді.
Азамат Серікбайұлы осы сапарында аудандық ішкі істер қызметкерлерімен де кездесіп, өзекті мәселе «Экстремизм және терроризм» хақында жан-жақты айтып берді.
Қостанай облысы Жітіқара ауданында «Қара бүркіт» аталатын УК 161/3 санды Түзету мекемесі орналасқан. Алайда бұл жердегі жазасын өтеушіоер өмір бойы бас бостандығынан айрылғандар. Олардың ішінде намазхандар да бар.
Мешіт тарапынан аалмыш мекемеде имандылық дәрістері жүргізілуі бір жүйеге қойылған. Себебі «тарс» жабылған темір тор, сұрланған қабырға, бозарған жүзді Ислам діні ғана нұрландырары хақ.
Осындағы жандардың жанына жылық ұялату мақсатында және 2020 жыл «Мүфтияттың құрылғанына 30 жыл» мерейтойына орай Жітіқара мешітінің бас имамы М. Бердіғожин футболдан жарыс ұйымдастырды.
Онда мешіт жамағаты, жазасын өтеушілер және әскери қызметкерлер мен полиция өкілдері арасындағы командалар қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлдегерлерге «Алғыс хат» пен марапат табысталды.
Қазіргі таңда Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлының ұйымдастыруымен діни сауат ашу курсы жүргізілуде.
Мәселен, 2019 жылдың желтоқсан айының 18-нен бастап 2020 жылдың қаңтар айының 25-і аралығында курсы облыстық мешітте өтті.
Ислам діні кімді болсын білім-ғылымға, ұлағатты тәрбиеге үндейді. Сондықтан да мұсылмандық негізде әрі ұлттық сипаттағы тәлім-тәрбиемізге орасан зор көңіл бөлінеді. Мешітте жамағатқа Құран әліппесі, Құран ережесі (тәджуид), фиқһтан сабақтар берілді.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, «Сарыағаш медресе» колледжінің бітіруші түлектері Бекзат Бейсенбайұлы ерлерге, ал әйел-қыздаржамағатына Сәуле Мәжитқызы ұстаздық етті.
Жалпы Қостанай облысы бойынша мешіттерде діни сауат ашу курстары жұмыстары барынша жандануда.
Таяуда Алтынсарин ауданындағы Сатай ауылдық мектебінде «Дін және құқық» тақырыбында осы аудандық ақпараттық түсіндіру тобының жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында мектеп оқушылары және мұғалімдердің қатысуымен семинар өткізілді.
Семинарда жоғарыда аталған топтың мүшесі, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дархан Кикимов,аудандық «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің бас имамы Ерік Ыбырай болды.
Онда көпшілікке топ мүшелері тарапынан діндегі адам құқығы, дін мен құқықтың бір-бірімен байланысы және басқа да маңызды мәселелер түсіндірілді.
Денисов аудандық мешітінің бас имамы Руслан Маратұлы аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып, ішкі істер бөлімінде маңызды кездесу өткізді.
Бұл кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Даргүл Батырханқызы және ішкі істер бөлімінің қызмеркелері қатысты. Ішкі саясат бөлімінің басшысы терроризм және экстремизмнің алдын алу жайлы әңгіме өрбітті.
Бас имам Руслан Маратұлы терроризм және экстремизм ислам дініне жат екендігін айта келіп, жат пиғылды деструктивті діни ағымдар жайлы баяндама жасады.
Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері елімізде тұрақтылықты сақтау үшін аянбай еңбек етіп жатыр. Алдағы уақытта да ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып,осындай тағылымды семинарлар өткізе бермек.
Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде кезекті «Екі айлық сауат ашу» курсы аяқталды. Аталмыш курсқа қатысқан шәкірттер «Фиқһ», «Ақида», «Құран» және «Тәджуид» пәндерінен білім алды.
Онда наиб имамдар Мейрамбек Жетесов, Нұрлан Сейдагалиев, Бақберсін Ізбасаров, Дархан Қосылбаев оқу барысында шәкірттерге тиянақты білім берді.
Осы мешіттің бас имамы Шоқан Әмірханов түлектерге арнайы сертификаттарды салтанатты түрде табыс етті.
«Екі айлық сауат ашу» курс барысында шәкірттер мешіт асханасында 3 мезгіл тамақтанды, тегін жататын орынмен қамтамассыз етілді. Енді олар алған білімдерін ел игілігіне жұмсайтын болады.
Алтынсарин ауданына қарасты Щербаков ауылындағы Мәриям Хакімжанова атындағы мектептің акт залында ауыл тұрғындары, мектеп ұжымы және осындағы 10-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Осы жиынға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Нұр Отан партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық Алдиярұлы Жанұзақ мешітінің бас имамы Ерік Ыбырай қатысты.
Бас имам өз сөзінде мемлекетіміздің негізгі ұстанатын діні Ислам екендігін. Ал бідің дініміз тек бейбітшілік пен ынтымақты насихаттайтынын жан-жақты түсіндірді. Оларды жат ағымдардан аулақ болуға шақырды. Ал дңнге қатысты сұрақ туындап немесе білім алуды қаласа Қазақстан мұсылмандары басқармасы бекіткен кітаптарды оқулары қажеттігін еске салды.
Сондай-ақ Ерік Ыбырай жиналғандардыңсұрақтарына жауап берді.