Жуырда Сарыкөл аудандық «Аққозы қажы» мешітінде аталмыш ұжымның алқа мүшелері мен белсенді жамағаттары бас қосты.
Ол Бас имам Нұрбол Балахметовтың осы мешіттегі бір жылда атқарған қызметіне арналды. Яғни 2019 жылдың қыркүйегі мен үстіміздегі жылдың қыркүйек арасы. Жиында белгілі дін қайраткері осы кезең ішінде халық игілігі үшін атқарған жұмыстарына жан-жақты тоқталып есеп берді.
Оның айтуына қарағанда, бір жыл ішінде қаншама кейінгі жастарға үлгі-өнеге боларлық істер жүзеге асырылды. Жұртшылықты имандылыққа баулу мақсатындағы тындырылған жұмыстар да аз емес.
Осы басқосуда мешіттің есепшісі Сабира Шоқановада өзінің қызметі жайлы да әңгіме өрбітті. Түскен қаржының қандай мақсаттарға жұмсалғандығы жайлы толық баяндады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі